Клиникалык көрінісі. Экстрасистолалардың сезілу—сезілмеуі нерв жүйесінің сезімталдығына тәуелді. Әдетте, функциялык экстрасистолалар сезіледі, органикалықтар сезілмейді. Экстрасистоладан кейінгі үзіліс жүрек “тоқтап қалғандай”, ал одан кейінгі бірінші соғуы “жүрек түртіп калғандай” сезіледі. Жүрекшелер мен қарыншалардың аса толу кезінде жүрек “шаншып кеткендей” болады. Бигемения бөлса — жүрек соғуы. қысылуы тәрізді сезінулер байқалады. Тексеруде табылатын белгілер: экстрасистоладан кейін мойын веналарынын бүлк ете түсуі; пульс дефициті; жүректі тыңдағанда —ырғақ бұзылысы болуы, экст-расистолалық тонның әлсіздігі ( шаққа естілуі), ал одан кейінгі соғудың I тонының ерекше каттылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |