Арнайы тарихи пәндер және оқыту технологиясы кафедрасының магистратура бойынша емтихан сұрақтарының бағдарламасы



жүктеу 444,13 Kb.
Pdf просмотр
Дата13.11.2018
өлшемі444,13 Kb.
#19234
түріБағдарламасы


 


Қабылдау емтиханының бағдарламасы: 

 

  Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы; 



  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы 

№  261  бұйрығымен  бекітілген  магистратура  мен  докторантураға  қатысты  «Қазақстан 

Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты; 

  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылдың  19  қаңтарындағы  №  109  қаулысымен 

бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру 

ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі; 

  ҚР  БжҒМ  2013  ж.  10  сәуіріндегі  «Жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру 

мамандықтары  бойынша  үлгілік  оқу  жоспарларын  бекіту  туралы»  №  158  бұйрығымен  бекітілген 



«6M011400–Тарих» мамандығының үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды. 

 

 

 

 

 

Құрастырушылар: 

т.ғ.д., профессор Төлекова М.К. 

 

 

 



 

т.ғ.д., профессор Сүтеева Қ.А. 

т.ғ.к., профессор Нұрманбетқызы Ж. 

т.ғ.к., аға оқытушы Нұрман Ш.Т. 

  

 

 



 

т.ғ.к., аға оқытушы Тілеубаев Ш.Б.                                      

 

 

 



 

 

Бағдарлама Тарих және құқық институтының Ғылыми кеңесімен бекітілген.  



 «12» маусым  2018 ж., № 11 хаттама. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ»  ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

І Бөлім 

ЕЖЕЛГІ  ҚАЗАҚСТАН 

 

Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихының  негізгі тарихи деректеріне сипаттама.  



Қазақстан  тарихының  деректеріне  жалпы  түсініктеме.  Ежелгі  және  ортағасырлық  Қазақстан 

тарихының негізгі тарихи деректеріне  сипаттама. ІХ-ХІІІ ғ.ғ. араб және парсы деректері. ХІ-ХІІІ 

ғ.ғ.  Шығыс  Европа  және  Алдыңғы  Азия  деректері.  Грек  –Қытай  және  т.б.  деректер.  Х-ХІІІ  ғ.ғ. 

тарихи шығармалар.  

Қазақстан  аумағындағы  тас  ғасыры.    Дәуірлерге  бөлу.  Қазіргі  археологиялық  зерттеулер 

және  олардың  нәтижелері.  Оңтүстік,  Солтүстік  –Шығыс  Қазақстандағы  палеолит  ескерткіштері. 

Қазақстан  территориясындағы  Мезолит  және  Неолит.    Ежелгі    адамның    шаруашылық  және 

қоғамдық  өмірінің  эволюциясы. 

Қазақстан  аумағындағы  сақ  тайпасының   одақтары. Орта Азиядағы біріккен сақтардың, 

сарматтардың  және  басқа  автохтонды  тайпалардың  этногенезі  жайлы  тарихи  деректер. 

Қоныстануы. Шаруашылық  және қоғамдық құрылысы. Сақтардың көрші мемлекеттермен қарым-

қатынасы. (Иран, Қытай) Сақ мәдениеті. Әлем тарихындағы көшпенділердің ролі. 

Үйсіндердің    ерте    мемлекеттік    бірлестігі.  Үйсіндер  жайлы  деректер  (Қытай  деректері). 

Үйсіндердің  пайда  болуы  жайлы  пікірлер.  Үйсіндердің  қоныстану  территориясы.  Әлеуметтік-

экономикалық тарихы және әскери – саяси ұйымы. Үйсіндер  «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНДА». Үйсін 

мәдениеті.  

 

ІІ  Бөлім 

ҚАЗАҚСТАН  ОРТА  ҒАСЫРЛАРДА 



 

Ежелгі  түрік  мемлекетінің  құрылуы.  Қазақстан  тарихындағы  Түркі  дәуірі  және  оның 

тарихтағы  маңызы.  Түркілер  мемлекеттілігінің  құрылуы.  Қоғамдық  құрылымы  және 

шаруашылығы. Қағанаттар дәуірі. Қағанаттардың әлеуметтік-этникалық тарихы. 

Қыпшақ  хандығы.  «Дешті  қыпшақ».  Қыпшақтардың  этникалық  тарихының  негізгі 

кезеңдері.  Шығу  тегі  және  ішкі  этникалық  құрамы,  қоныстануы.  Қыпшақтардың  Орталық  Азия 

және  Оңтүстік-Шығыс  Европаның  көршілес  халықтарымен  саяси  қарым-қатынасы.  Моңғол 

жаулап  алуына  дейінгі  кезеңдегі  қыпшақтардың  қоғамдық  құрылысы  мен  мемлекеттілігік 

формасы. Қыпшақтардың қазақ халқының қалыптасуындағы ролі.  

Қазақстан  Алтын  Орда  құрамында.  Алтын  Орданың  этникалық-саяси  құрылымы  және 

мемлекеттік-әкімшілік  құрылысы.  Алтын  Орда  мемлекеттеріндегі  ұлыстық  жүйенің  қалыптасуы. 

Тақ  үшін  талас.  Алтын  Орданың  халықаралық  байланыстары.  Алтын  Орданың  Евразиядағы 

тарихи оқиғаларға әсері. 

XIV-XVғғ.  басындағы  Қазақстанның    саяси    дамуы.    Ақ  Орда.  ХҮІ-ХҮ  ғғ.  Қазақстан 

аумағындағы  мемлекеттер.  Шығыс  Дешті  Қыпшақ  пен  Жетісудағы  саяси  жағдай,  этникалық-

мәдени даму. ХІҮ ғ. Ақ Орда. Ақ Орданың мемлекеттік және әкімшілік құрылысы.  

Қазақ   хандығының  және  халқының  қалыптасуы: кезеңдері,    ерекшеліктері,  проблемалар. 

Қазақ  мемлекеттілігі  туралы  қазіргі  пікір  таластар.  Жәнібек  пен  Керей  хан  ұлысының  Жетісуға 

көшіп  келуі  (1459).  Қазақ  мемлекеттілігінің  құрылуы.  Жәнібек  пен  Керей  билігінің  өзбек-қазақ 

ұлысында беки түсуі. 

Қазақ  халқының  құрамына  енген  этникалық  компоненттер.  Мырза  (Мұхаммед)  Хайдар 

Дулатидың  (1500-1551)  «Тарихи  Рашидиі»  Қазақ  хандығының  ерте  тарихы  жөнінде.  Тарихи 

әдебиеттегі  «қазақ»  этнонимі.  Өтеміш  қажының  «шыңғыс-наме»  шығармасы  қазақ  халқының 

қалыптасуы тарихын зерттеудегі негізгі дерек. 

Тәуке хан  басқарған   дәуірдегіқазақ  хандығының   нығаюы. Тәуке ханның заңдары (1680-

1715).  «Жеті    Жарғы». Тәуке  хан  тұсында  билердің  ықпалының  күшеюі. Тәуке  ханның  үш жүзді 

біріктіру әрекеті. Қазақстанның Орта Азия, Сібір хандықтарымен қарым-қатынасы. Қазақстанның 

Ресеймен дипломатиялық байланыстары. 

 

ІІІ  Бөлім 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСЕЙ  ИМПЕРИЯСЫНЫҢ  ҚҰРАМЫНДА 



 


XVIІ-XVIII  ғғ.  бірінші    ширегіндегі      жонғар  басқыншылығына  қарсы  қазақ    халқының  

азаттық  күресі.  Қазақ-жоңғар  қарым-қатынасының  тарихнамасы.  Жәңгір  ханның  (1628) 

Жоңғариямен азаттық үшін соғысуы. ХҮІІІ ғ. басында қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі. 

20-40  жж.  жоңғарлардың  Қазақстанға  басып  кіруі.  «Ақтабан  шұбырынды,  Алқакөл  сұлама» 

жылдары.  Оңтүстік  қалалардан  айрылу.  Ордабасындағы  съезд.  Қазақ  халқының  жоңғарларға 

қарсы азаттық күресі. Аңырақай шайқасы. 

Абылай    хан    -  саясаткер  және  дипломат.  Абылайдың  (Әбілмансұрдың)  әскери  және 

мемлекеттік  қызметінің  басталуы.  Оның  ішкі  және  сыртқы  саяси  ұстанымдары.  Абылай  – 

мәмлегер.  Жоңғариямен,  Қытаймен,  Ресеймен  қарым-қатынастары.  Жоңғарияның  талқандалуы. 

Шығыс  Қазақстан  мен  Іле  өңіріндегі  тарихи  қазақ  жерлерінің  қайтарылуы.  Қазақстанның 

тәуелсіздігі жолындағы күресте Абылайдың тарихи орны. 

Кенесары  Қасымұлы  басшылығымен    болған  қазақтардың  отаршылдыққа  қарсы    күресі.  

Қазақтардың 1837-1847 жж. Кенесары Қасымұлы басқарған көтерілісі: қозғаушы күштері, барысы, 

негізгі  кезеңдері  және  жеңілу  себептері.  Біртұтас  мемлекеттілікті  қайта  қалпына  келтіру 

жолындағы күрес. Кенесары хан тарихи әдебиетте. 

Қазақстанның    Ресейге  қосылу      мәселесі:  процестің    мәні,    мәселеге  жаңаша  көзқарас. 

Қазақстанның    Ресейге  қосылуының  тарихнамасы.  Ресей  империясының  бейбіт  және  әскери 

отарлау  әдістері.  Отарлаудың  экономикалық,  әскери,  дипломатиялық,  рухани  қырлары  мен  іске 

асу барысы. Ресейдің Қазақстандағы ықпалының нығаюының салыстырмалы талдауы.    

Патшалық  биліктің  қоныс    аудару    саясаты.  Жергілікті    халықтың  жерін    тартып    алу. 

Қазақ  жерін  Ф.Щербина,  В.Кузнецов,  П.Румянцев  экспедицияларының  тексеруі.  Қоныс  аудару 

туралы заңдар және оның сипаты. «Село тұрғындары мен мещан-жер өңдеушілерді қоныстандыру 

туралы» Уақытша ережелердің (6 маусым 1904 ж. Және 9 шілде 1919 ж.). «Ақмола, Семей, Торғай, 

Орал  облыстарындағы  қоныстанушыларға,  сондай-ақ  мемлекеттік  қажеттіліктерге  арналған 

мемлекеттік  жер  қорын  анықтау  тәртібі  жөнінде»  деген  заңдардың  мазмұны.  Столыпиннің 

аграрлық  реформасы  және  Қазақстандағы  «жерден  ығыстыру»  саясатының  жүзеге  асырылуы, 

оның  қазақтардың  шаруашылығының  дәстүрлі  тәсіліне  ықпалы.  Қазақстандағы  қоныстандыру 

қозғалысы тарихи әдебиетте.  

XIX ғ. екінші  жартысы - XX ғ. басындағы Қазақстандағы  халыққа білім берудің  дамуы. 

1867-1868  жж.  реформадан  кейінгі  халық  ағарту  ісінің  жағдайы.  Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин 

және  А.Құнанбаевтың ағартушылық  қызметі.  Мектеп  жүйесінің  дамуы.  Орта  арнаулы  және  діни 

оқу орындары.  Қазақ жастары Ресей және Европа жоғары оқу орындарында. 

Ұлттық – демократиялық интеллигенцияның  патшалықтың отаршылдық  саясатына қарсы  

күресі  (1905-1910жж).    Ұлттық-демократиялық  қозғалыстың  өрістеуі  және  Қазақстандағы 

әлеуметтік  қарама-қарсылықтың  шиеленісуі.  Қазақстардың  алғашқы  съездері  және  қазақ 

зиялыларының  қызметі.  Қазақтың  саяси  баспасөзінің  дүниеге  келуі.  «Айқап»  журналы  мен 

«Қазақ» газетінің идеялық-саяси мазмұны. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтың қызметі. 

Марксистік,  либералдық-демократиялық,  кадеттік  топтар  мен  ағымдардың  пайда  болуы.  «Үш 

жүздің» бағдарламасы. Мемелекеттік Думаға сайлауға қазақтардың қатысуы. 

1916 ж. Қазақстандағы  ұлт- азаттық  көтеріліс. 1916 ж. 25 маусымдағы Жарлық. 1916 ж. 

Көтеріліс,  оның  себептері,  қозғаушы  күштері,  басталуы,  барысы  және  негізгі  кезеңдері. 

Көтерілісшілер  әскерін  ұйымдастырушылар  А.Иманов,  Т.Бокин,  Б.Әшекейұлы,  К.Көкімбайұлы, 

Ә.Жанбосынұлы және т.б. қызметі. Үкіметтін жазалау шаралары. Көтерілісшілердің әскери өнері. 

Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы. Қазақтардың Қытайға, Ауғанстанға ауа көшуі

1916 ж. көтеріліске қазақ зиялыларының көзқарасы. Қазақстанның тарихнамасындағы 1916 

ж. көтеріліске баға берудегі жаңа көзқарастар. 

«Алаш»  партиясының  құрылуы  және  оның  қызметі.    «Алаш»  тарихнамасы.  Бірінші 

жалпықазақ  съезі  және  «Алаш»  партиясының  құрылуы.  Партияның  бағдарламалық  қағидалары. 

«Алаш» партиясының белді қайраткерлері және оның қызметі. 

 

ІҮ Бөлім 

ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН 

 

Қазақстанда    Кеңес    өкіметінің    орнауы  және  оның    ерекшеліктері.  Қоғамдағы  Қазан 

революциясының  әлеуметтік  базасы  және  қозғаушы  күштері  туралы  пікір  таластар.  Өлкедегі 

әлеуметтік-саяси ахуал. Азаматтық қарсы тұру.  ІІ Жалпықазақ съезі және оның автономия туралы 




шешімі.  Алаш»  партиясы  –  саяси  күрес  факторы.  Кеңестің  алғашқы  қадамдары  және  қоғамның 

оларға көзқарасы

Қазақстан  Азамат  соғысы  жылдарында:  соғыс  майдандарының  құрылуы,  күштердің 

арасалмағы.  Қазақстанның  оңтүстігінеде,  солтүстік-шығысында  Кеңес  өкімеиінің  құлатылуы. 

Қазақстан  әскери  қимылдар  жылдарында.  Өлкенің  батысы  мен  оңтүстігіндегі  оқиғалар.  Жетісу, 

Орал,  Ақтөбе,  Түркістан  майдандарының  құрылуы.  «Ақ»  және  «қызыл»  террор.  Соғыс  кезіндегі 

саяси  партиялар  мен  қозғалыстар.  Жергілікті  жерлердегі  «ақтар»  мен  «қызылдардың»  

идеологиясы, саясаты. Азамат соғысының әлеуметтік-экономикалық, саяси нәтижелері. 

1920-1930  жж.  Казақстандағы    ұлттық-мемлекеттік  құрылыс.  Революциялық  комитеттің 

құрылуы  және  оның  қызметі.  Ревкомнан  Кеңестерге  өту.  1920  ж.  26  тамызда  ҚазАКСР-інің 

құрылуы. Өлкедегі кеңестік мемлекеттік құрылыс. ҚАКСР-нің құрамына қазақ жерлерін біріктіру 

және  осы  жөніндегі  айтыс-тартыстар.  Территориялық  әкімшілік  бөлініс.  Демографиялық  ахуал. 

1926 ж. санақ нәтижелері. 

1930-шы  жылдардағы  Қазақстанның  қоғамдық-саяси  өмірі.  Жергілікті      халықты  

отырықшылыққа    күштеп    көшіру    туралы  сталиндік    саясат,    ірі  «бай-феодалдардың» 

шаруашылығын тәркілеу. 1932-1933 жж. Қазақстандағы  ашаршылық. XX ғ. 30-шы жылдарындағы 

Қазақстандағы  шаруалардың қарсыласу қозғалысы: нәтижелері, салдары, көлемі мен аумағы. 

Қазақстанға  халықтардың  күштеп  көшірілуі  (депортациялануы).  Ұлы  Отан  соғысы 

қарсаңындағы  халықтарды  Қазақстанға  депортациялау.  Идеологиялық  саяси  террордың  одан  әрі 

қанат жаюы. Қуғын-сүргінге ұшыраған халықтардың Қазақстанға күштеп көшірілуі және  оларды 

орналастыру.  30-шы  жылдардың  екінші  жартысынан  адамдарды  этникалық  тегіне  қарай 

депортациялаудың  орын  алуы.  Қазақстандағы  поляктар:  орналасқан  жерлері,  саны,  көшіру 

этаптары.  Кәріс  халқан  депортациялау.  Әзірбайжан,  күрд,  түрік,  армяндарды  1937-1939  жж. 

көшіріп  алып  келу.  Қазақстанның  халық  саны  мен  этникалық  құрамының  өзгерістері.  1939  ж. 

санақ.   

Ұлы Отан соғысы  жылдарында Қазақстанда әскери бөлімдер мен құрамалардың құрылуы. 

Ұлттық  әскери  құрамаларды  құру.  Қазақстан  жерінде  құрылған  195  және  196-ны  атқыштар 

дивизиясы  және  оның  жүріп  өткен  әскери  жолы.  310  мен  314  атқыштар  дивизиясы.  38  кейіннен  

73-ші  гвардиялық  дивизиясы  және  т.б.  Ұлттық  әскери  бөлімдер  мен  құрамалардың  соғыс 

жылдарындағы ерлігі мен маңызы. 

Қазақстандағы  тың  және тыңайған  жерлерді игеру: әлеуметтік-  экономикалық салдары. 

Шауашылықтағы  жағдай.  Тыңайған  жерлерді  игеруге  бағыт  алу.  Қазақстандағы    тың    және 

тыңайған    жерлерді  игеруге  қазіргі  тарихи  баға  мен  көзқарас.  Тыңды  игерудің  экономикалық, 

экологиялық, этнодемографиялық салдарлары. 

1986  жылғы    желтоқсан  көтерілісі:  себептері    және  салдары.  Демократияландыру  мен 

жариялылық.  Қайта  құрудың  басталуы,  оның  сипаты.  Республикадағы  қоғамдық-саяси  ахуал. 

Алматыдағы  Желтоқсан  оқиғалары  (1986)  оның  себептері  мен  салдарлары.  Желтоқсан  оқиғасы 

төңірегіндегі пікір таластар. 

Қазақстан  Республикасы      -  егеменді    тәуелсіз  мемлекет:    проблемалар,    дамудың  

бағыттары.  Қазақ  КСР-інің  әтуелсіздігі  туралы  декларацияның  қабылдануы.  Президенттік 

басқаруды  енгізу.  Заң  шығару  билігі.  ҚР  Конституциясы.  Экономикалық,  әлеуметтік  даму 

мәселелері  мен  проблемалары.  Сыртқы  саясатты  қалыптастыру.  ҚР  халықаралық  байланыстары. 

Дамудың басым бағыттарын анықтау мен оларды іске асыру барысы. 

Қазақстан халықтары  Ассамблеясының қазіргі кезеңдег ролі мен маңызы. Қазақстандағы 

ұлттық саясат. ҚР – көп ұлтты және көп концессиялар өмір сүретін мемлекет факторын қабылдау 

және  жүзеге  асыру.  1995  ж.    Қазақстан  халықтары    Ассамблеясының  құрылуы.  Ассамблеяны 

құрудағы  мақсат  және  оның  Ережесі.  Ассамблеясының  сессиялары.  Жалпықазақстандық 

отансүйгіштік сезімін қалыптастыру барысы. Қазақстан халықтарының мәдени дамуы. 

Қазақстан Республикасының  2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуы. «Қазақстан – 2030» 

стратегиялық  жоспарының  көздері,  мәні,  мазмұны  мен  ерекшеліктері.  Осындай  стратегиялық 

жоспарлардың әлемдік аналогтары.  

 

 



 

 

 

 


«ЖАЛПЫ ТАРИХ»  ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

Әлем  тарихының  кезеңдері  және  оған  сипаттама  беру.    Әлем  тарихының  кезеңдерге 

бөлінуі, оның заңдылықтары мен дамуына сипаттама беру. Алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, 

феодалдық  құрылыс  және  капиталистік  қоғам,  олардың  дамуындағы  ерекшеліктер.    Адамзат 

дамуының негізгі кезеңдері.  Алғашқы қауымдық  құрылыс және оның  даму кезеңі мен шеңбері. 

Әлем  тарихын  кезеңдерге  бөлу  туралы  жаңа  көзқарастар.  Ежелгі  дүние  тарихы.  Орта  ғасырлар 

тарихы. Жаңа және қазіргі заман тарихы.  

Тарихи процестерді формациялық тұрғыдан зерттеу. «Формация» деген сөздің түсінігі. 

Қоғамдық  формациялар,  олардың  түрлері,  дамуы  мен  ерекшеліктері  және  әр  формацияның  өзіне 

тән  қасиеті  мен  бір  формациядан  екіншіге  өту.  Қоғамдық-экономикалық  формация  түсінігі.  К. 

Маркс  пен  Ф.  Энгельс    және  олардың  «қоғамның  дамуы  экономикалық  дамуға  байланысты»  - 

деген концепциялық көзқарастары. Тарихи процестерді қоғамдық-экономикалық формациялардың 

ауысуы ретінде түсіну.  Бір қоғамдық-экономикалық өркениеттен екіншіге ауысу мәселесі.  



«Өркениет»  термині  және  оның  маңызы.    «Өркениет»  дегеніміз  не?  Өркениеттің 

түрлері. Ежелгі өркениет, орта ғасырлық өркениет, жаңа және қазіргі заман өркениеттерінің даму 

заңдылықтары,  ерекшеліктері  мен  ұқсастықтары.  «Өркениет»  термині  және  оның  маңызы. 

Өркениеттің  түрлері,  олардың  даму  заңдылықтары.  Өркениеттің  дамуына  әсер  ететін  жағдайлар 

мен оның критерийлеріне сипаттама беру.   

 

Қазіргі өркениетке Ежелгі Шығыс өркениетінің қосқан үлесі. Батыс пен Шығыс 

өркениеті арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер. Ежелгі қоғамнан бастап қазіргі кезге дейінгі 

өркениеттің қалыптасуы мен даму заңдылығы, ұқсастықтары мен ерекшеліктері. Ежелгі Шығыс 

өркениеті - дүниежүзілік өркениеттің құрамдас бөлігі және оның ортақ өркениетке қосқан үлесіне 

сипаттама беру, маңыздылығы мен қалдырған ескерткіштер мен ежелгі қоғамның мұраларына 

тоқталу. 

Тарихи  процестерге  өркениет  тұрғысынан  қарау.  Тарихтың  даму  заңдылықтары. 

Адамзат  қоғамының  қалыптасуынан  бастап  бүгінгі  күнге  дейінгі  даму  кезеңіне  сипаттама  беру. 

Формациялар  және  олардың  арасындағы  байланыстар  мен  ерекшеліктер.  Даму  заңдылықтары, 

қалыптасуы,  дамуы,  құлдырауы  және  қайта  өрлеу.  «Өркениет»  түсінігі.   Тарихи  даму  процесінің  

өркениеттердің  ауысуы  ретінде  түсіндіру.      Адамзаттың  дамуы    өркениеттердің  бір-бірімен 

алмасуы. Даму, өркендеу, және өркениеттің құлдырау кезеңдері.  



Ежелгі Шығыс өркениетінің саяси белгілері. Ежелгі Шығыс өркениетінің ерекшеліктері 

мен  маңызы.  Өркениеттің  қалыптасуы  мен  дамуы.    «ЕжелгіШығыс»  деп    қай  мемлекеттерді 

айтамыз.  Олардың  қалыптасуы  мен  дамуы.  Мемлекеттің  пайда  болуы  мен  өркендеуі.  Шығыс 

елдеріндегі  мемлекеттік  құрылыс.  Ежелгі  Шығыс  халықтарының  тілі,  шаруашылығы,  діні, 

қоғамдық  құрылысы  мен  мәдениеті.  «Шығыс  деспотизмі»дегеніміз  не.  Ежелгі  Шығыс 

өркениетінің  ескерткіштері,  ежелгі  Шығыс  өркениеті  дүниежүзілік  өркениеттің  бір  құрамдас 

бөлігі.  Шығыс  пен  Батыс  өркениеті.  Өркениеттің  түрлері  оның  ішіндегі  Шығыс  өркениеті.  

Өкіметтің деспоттық белгісі. Өкімет билігінің билеуші қолына       жинақталуы. Өкіметті мұралық 

жолмен билеудің орнауы. Билеуші өкімет орындарының қалыптасуы. Коп санды әскери күштердің 

қалыптасып дамуы.  Заң шығарушы өкімет орындарының пайда болуы.  



Ежелгі антикалық қоғам өркениетінің белгілері.  Антикалық өркениет. Оның белгілері 

мен  ерекшеліктері,  дамуы.  Антикалық  қоғам-Греция  мен  Рим  мемлекеттерінің  қалыптасуы  мен 

даму заңдылықтары. Демократия.Республика. Полистер. Мемлекеттік билік. Антикалық қоғамның 

өзіне тән белгілері. Антикалық мәдениет және оның мұралары. «Антикалық қоғам» оның белгілері 

мен  ерекшеліктері.  Греция  мен  Рим  мемлекетінің  мемлекеттік  құрылысы,  саяси,  экономикалық, 

әлеуметтьік  және  мәдени  дамуына  кешенді  түрде  сипаттама  беру.  Демократия,  халық  билігі,  сот 

істері, заңдар және оларды жүзеге асыру. Сыртқы және ішкі саясаты. Антикалық өркениеттің өзіне 

тән белгілері мен ерекшелігі. Антикалық өркениет ес керткіштері, мұралары. 



Антикалық дүниенің саяси белгілері. Демократия мен республикалық биліктің алғашқы 

белгілерінің  пайда  болуы.  Азаматтық  құқық  пен  сот  жүйесінің  негіздерінің  қалыптасуы.  

Коллективтік өкімет билігі принципінің пайда болуы. Мемлекеттегі соғыс ұйымдарының дамуы.   

Жеке  адамның  тарихтағы  орны  (Ю.Г.Цезарь,  П.К.Тацит).  Жеке  адамның  тарихи 

дамудағы  орнына  сипаттама  беру.  Қоғамдық  қызметі,  қоғамға  сіңірген  еңбегі,  творчествалық 

табыстары. Қолбасшылық, саясаткерлік және мемлекет қайраткері ретінде қоғамдық дамуға әсері. 

Ю.Г.Цезарь,  П.К.Тациттің  өмірі  мен  қызметіне  және  қоғамдағы  алатын  орнынна  тоқталу,  жеке 

тұлға ретінде портретін жасау.   



Жеке  адамның  тарихтағы  орны  /Александр  Македонский,  Ганнибал/.  Жеке  адамның 

тарихтағы  орны  туралы  Александр  Македонский  мен  Ганнибалдың  портреттерін    ала  отырып 

түсіндіру.  А.Македонский  (б.э.д.356-323  жж.),  Ганнибал(б.э.д.247-183  жж.).    Көзқарастарының 

қалыптасуы,  идеялары  мен  олардың  қызметі  және  қоғамдағы  орны.  Қоғамның  дамуына  қосқан 

үлесі мен оның кезеңіне сипаттама.  

Жеке адамның тарихтағы орны/ Аттила,  Шыңғысхан). 

 

Тарихтағы  жеке  адамның  орны  туралы.  Аттила  мен  Шыңғысханның  қызметі,  табыстары, 



қоғамның дамуына қосқан үлестері. Әскери қолбасшы, мемлекеттік және саяси қайраткер ретінде 

қоғамның дамуына ықпалы.  



Қалалар-экономикалық, саяси және мәдени даму орталығы.  Қалалардың қалыптасуы 

мен  дамуы.  Орта  ғасырлық  қалалар.  Қала  құрылысы.  Қала  мәдениеті.  Қаладағы  қолөнер  мен 

мәдениеттің дамуы. Қала архитектурасы.  

Орта  ғасырлар  тарихының  кезеңдеріне  сипаттама  беру.  Орта  ғасырлар  тарихының 

кезеінің  қалыптасуы  мен  даму  ерекшеліктері.  Саяси,  экономикалық  және  әлеуметтік  құрылысы. 

Орта  ғасырдағы  қалалар.  Орта  ғасыр  мәдениеті.  Орта  ғасырдағы  мемлекеттің  қалыптасуы  мен 

дамуы. Сыртқы және ішкі саясаты. Орта ғасырдағы ғылым мен білім.  



Феодалдық  қарым-қатнастар,  феодалдық  дамудың  жолдары.  Феодализмге  сипаттама 

беру.  Феодалдық  қоғамдық  құрылыс,  оның  саяси,  экономикалық  және  әлеуметтік  дамуы. 

Феодалдық шаруашылықтар мен оның түрлері. Алым-салықтар. Феодалдық қарым-қатнастар және 

оны  реттеу.  Сауда,  қолөнер,  сыртқы  байланыстар.  Соғыстар  және  олардың  нәтижелері  мен 

салдары. Феодалдық шиеленістер және оның мәні мен мақсаты. Феодалдық қоғамның құлдырауы.  

Дін  мен шіркеудің  ортағасырлық  қоғамдағы  орны.  Діни  көзқарастардың  қалыптасуы. 

Дүниежүзілік  діндер,  олардың  қоғамдағы  орны  мен  мәні.  Дінмен  шіркеу  арасындағы  қарым-

қатнастар.  Шіркеулік  реформалар  мен  олардың  нәтижелері.  Орта  ғасырдағы  діни  ағымдар  және 

олардың  өкілдері  мен  көзқарастары.  Қоғамдық  қарым-қатнастардың  дамуына    дінмен  шіркеудің 

әсері.  

Батыс  Европалық  елдердегі  феодалдық  даму  және  оның  Шығыстан  ерекшеліктері

Феодалдық    қоғамның  қалыптасуы  мен  дамуы.  Феодалдық  шаруашылықтар.  Феодалдық  рента. 

Батыс  Европалық  елдердегі  феодалдық  қатнастардың  Шығыс  елдеріндегі  феодалдық  қоғамнан 

ерекшелігі мен ұқсастығы. 



Дипломатияның  тарихи  түрлері.  Сыртқы  саясат  түсінігі  және  дипломатия.  

Дипломатияның  пайда  болуы.  Құлиеленуші  қоғамның  дипломатиясы.    Феодалдық  қоғамның 

дипломатиясы.    Буржуазиялық  дипломатия.    Социалистік  дипломатия.    Дамушы  елдер 

дипломатиясы.  



ХУІ-ХУІІ  ғғ.  Европалық  елдердің  сыртқы  саясат  пен  дипломатиялық  саясатының 

басты  бағыттары.  Европаның  ХУІ  ғ.  Саяси-географиялық  ерекшелігі.    Дипломатияда 

мемлекеттік    мүддені  сақтау  принципі.  ХУІ  ғасырдағы  Испания,  Франция,  Англия  және  Ресей 

дипломатиясы.  Испандық үстемдік кезеңі. 

         Европада ХУІІ ғасырда мемлекеттердің бірінші орынға шығу үшін таласы және дипломатия. 

Генрих  ІУ  пен  Ришельдің  дипломатиясындағы    «негізгі  шекара»  және  «саяси  тепе-теңдік» 

принциптері.  1648  ж.Вестфаль  бейбіт  келісімі.  ХУІІ  ғ.  Екінші  жартысындағы  Людовик  ХІУ 

дипломатиясы. Француздардың үстемдік кезеңі. 

Вена  конгресі  және  ұлы  державалар  дипломатиясы.  Конгрестің  мақсаты.    Оған 

қатысушылар  арасындағы  қатынастар.  Конгресті  ұйымдастыру.  Поляк-саксон  мәселесі.  Герман 

мәселесі.  Италяндық  мәселе.  Негізгі  қатысушылар  арасындағы    қарама-қарсылықтар.  1815ж.3 

қаңтардағы  келісім.  Вена  конгресінің  шешуші  кезеңі.  Вена  жүйесі  және  оның  қарама-

қайшылықтары мен салдары.    

ХІХ ғасырдың аяғы –ХХ ғ. Басындағы соғыс-саяси одақтарының     құрылуы. 

1879  ж.  Австро-герман  одағы.  1882  жылғы  Үштік  Одақтың  құрылуы.        Франко-орыс  одағының 

құрылуы  (1891-1893  жж.).  1902  ж.  Англо-жапондық  одақ.  Антантаның  құрылуы(1904ж.).    1907 

жылғы ағылшын-орыс келісімі. Үштік Антантаның құрылуы. 



«Қырғи-қабақ 

соғыс 

саясаты» 

жылдарындағы 

ірі 

державалардың    

дипломатиясындағы негізгі бағыттар. 

 Европаның  бөлшектенуі  /Маршалл  жоспары,  ФРГ  мен  ГДР  құрылуы/.          Әскери-саяси 

блоктардың  құрылуы:  НАТО,    АНЗЮС,    СЕАТО,   СЕНТО,       Бағдат  пактісі,  ОВД.    Бейбітшілік 

мәселесі  және  Европалық  бірлестік            (СЪСЕ).    Атом  бомбасын  қолданбау  мәселесі,    60-80 

жылдардағы     қарулануды шектеу және жаппай қарулануды тоқтату мәселесі. 




Қоғамдық прогресс және оның тарихи процеске әсері.  Прогрестің     критериі. 

 Қоғамдық  прогресс  түсінігі.    Нақты  тарихи  жағдайларда  оның  көрініс    беруі,  пайда    болуы. 

Прогресс критериі.  



«Қырғи-қабақ соғыс саясаты» және оның салдары. 

 «Қырғи-қабақ  соғыс  саясатыынң  басталуы  және  оның  кезеңдері.        Қоғамның  қарама-қарсы  екі 

қоғамдық-саяси жүйеге бөлінуі. Екі жүйе  арасындағы бақталастық пен жаппай қарулану саясаты.  

АҚШ  пен  КСРО  арасындағы  шиеленістер  және  екі  мемлекет    арасындағы  қарым-қатнастың 

европалық  елдерге  тигізген  әсері.  «Қырғи-қабақ  соғыс  саясаты»  кезіндегі  КСРО-ның  сыртқы 

саясаты.   КСРО-ның ыдырауы. «Қырғи-қабақ соғыс саясатының» жойылуы. 

БҰҰ құрылуы және оның дүниежүзілік саясаттағы рөлі. 

БҰҰ  құрылу  себептері.    Оның  ұйымдастырушылық  принциптері.  БҰҰ-    ның  халықаралық 

ұйымдары:  ЮНЕСКО,  МВФ,  МАГЭТЭ.    БҰҰҰ-ның      халықаралық  шиеленістерді  шешу 

барысындағы рөлі. 



Таяу Шығыстағы шиеленістер оны шешу жолдары. 

Таяу Шығыстағы шиеленістердің пайда болуының негізгі себептері мен сипаты. Оның негізі. Оны 

шешу жолдары. Таяу Шығыс шиеленісін  болдырмау бағытындағы атқарылып жатқан істер. 

Тарих және қоғам. 

 Гуманитарлық  ғылымдардағы  тарихтың  алатын  орны.  Қоғамдағы  тарихтың  алатын  орны. 

«Қоғам» түсінігі. Адам және қоғам. Тарих пен қоғамның қарым-қатынасы.  

О.Шпенглер мен А.Тоинбидің локальдық өркениет термині. 

О.Шпенглер  мен  А.Тоинби-  дүниежүзілік  тарихты  оқытуда  өркениет      тұрғысынан  қарау 

теориясының  негізін  салушы  көрнекті  қайраткерлер.      Өркениет  тұйық  түрде  дамиды,  олардың 

арасындағы  қатынастар  ол  өркениеттерді  өзгеріске  әкелмейді.  Қоғам  өзгеріссіз  қалады:А.Тоинби   

айтуы бойынша- әрбір өркениеттің негізгі міндеті –дүниежүзілік дінді  шығару. 

 

Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелері. 

Қазіргі  кездегі  экологиялық  проблема.  Халықаралық  терроризм  мәселесі.  СПИД.  Қайыршылық 

пен саяси құқықтың бұзылуы. Демография. Жұмыссыздық. Наркомания.  

Исламдық фундаментализм проблемасы. 

Исламдық  фундаментализмнің  қалыптасуының  негізі.    Оның  негізгі  ағымдары  мен  бағыттары. 

Исламдық фундаментализммен күресудің жолдары. 

Халықаралық  қатынастардың  жүйелік  тарихы.  Халықаралық  қатынастардың 

Вестфальдік  жүйесінің  құрылуы  мен  ыдырауы.  Халықаралық  қатынастардың  Веналық  жүйесінің 

құрылуы  мен  ыдырауы.  XIX  ғ.  екінші  жартысындағы    ұлы  державалардың  экспансиясы.  XIX  ғ. 

аяғы  –  ХХ ғ. басындағы  блоктық жұйенің қалыптасуы. Бірінші дүниежүзілік соғыс барысындағы 

халықаралық  қатынастар.  Халықаралық  қатынастардың  Версаль-вашингтондық  жұйесінің 

құрылуы.  Екінші  дүниежүзілік  соғыс  барысындағы  халықаралық  қатынастар.    «Қырғи-қабақ 

соғысының»  басталуы.  1960-шы  жж.  дағдарыстар.  1970-ші  жж.  халықаралық  қатынастардағы 

қарсыластықтың  бәсеңдеуі(разрядка).  «Қырғи-қабақ  соғысының»  аяқталу  кезіндегі  халықаралық 

қатынастардың  дамуы.    1990-ші  жж.  халықаралық  қатынастар.  2000-ші  жж.   халықаралық 

қатынастардың негізгі проблемалары. 



 

 

«ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

І бөлім 

Тарихты  оқыту  әдістемесінің  негізгі  қалыптасу  және  даму  кезеңдері.  Оқыту 

әдістемесінің  теориялык-методологиялық  кезеңдері.  Тарихты  оқыту  әдістемесінің  негізгі 

қалыптасу  және  даму  кезеңдері.  XIX  ғ.  Қазақстандағы  тарихи  білім.  XX  ғ.  басындағы  тарихты 

оқыту  әдістемесі.  XX  ғ.  Қазақстандағы  мектептегі  тарихи  білім.  Қазіргі  кезеңдегі  тарихи  білім. 

Тарих  білімінің  құрылымы.  Мектеп  бағдарламалары.  Тарих  білімінің  мемлекеттік  стандарты. 

Методика-әдістеме сөзінің шығу тарихы мен түсініктемесі. Әдістеме  пәнін оқытудың мақсатына, 

мазмұнына, формасына, әдістеріне, тәсілдеріне және процесті жабдықтауға қойылатын  талаптар. 

Оқыту  әдістемесі-пәнді  оқытудың  ғылыми  дәлелденген  әдістер,  ережелер,  тәсілдер  жүйесі  және 

оқыту  теориясын  қолдануы.  Әдістеме-оқыту  мен  үйрету  әдістерінің,    іс  жүзінде  орындау 

әдістерінің  жиынтығы.  Әдістеменің  мақсаты.  Тарихты  оқыту  әдістемесі  тарих  пәнін  оқытудың 




мақсатын, мазмұнын, формасын, әдістерін, тәсілдерін, талаптарын, оқыту құралдарын анықтайтын 

ғылыми педагогикалық пән ретінде. Тарихты оқыту әдістемесінің міндеттері.  

Әдістеменің  негізгі  практикалық  мәселелері.  Тарихты  оқытуды  ұйымдастыру.  Тарихты 

оқыту үрдісіне басшылық жасау. Тарихты оқытуды жетілдіру.  



 

ІІ бөлім 

Тарихты  оқытудағы  әдістер  мен  тәсілдер.  Тарихты  окытудың  әдістері  мен  тәсілдері. 

Тәсіл  қызмет  түрі  ретіңде.  Тарихи  материалдың  құрылымы  және  оны  оқып  үйренудің  тәсілдері. 

Тарихты оқытудағы деректердің маңызы. Тарихи түсінік, ұғым, терминдерді окытудың әдістемесі. 

Басты тарихи деректерді мазмұндау тәсілдері. Әңгімелеу тәсілдері. Бейнелеу тәсілдері. Теориялык 

оқу  материалын  оқып-үйрену.  Түсіндіру,  пікір,  сипаттама  беру,  дәлелдеу.  Тарихты  оқытудағы 

өзекті  мәселе  қою.  Ақыл-ой  тәсілдері  мен  дағдылары.  Теориялық  материалды  оқып-үйренудегі 

оқушылардың  әрекеті.  Кестелер,  қисынды  сұлба,  жаднама.  Тарихты  оқытудағы  көрнекілік. 

Оқытудың  көрнекі  кұралдарының  түрлері.  Шартты-графикалық  (кескіндемелік)  көрнекілік. 

Сабақта  оқу  картасы,  карта  сұлба,  кескін  картаны  колдану.  Тарихи  құжаттар  мен  тарихи 

деректерді  окып  үйрену.  Хронология  оның  мақсаттары  мен  міндеттері.  Оқыту  және  еске  сақтау 

әдістері.  Хронологиялық  дағдылар  қалыптастырудағы  ойындар  мен  тапсырмалар.  Тарихи 

құжаттар.  Мұғалім  мен  оқушылардың  тарихи  құжаттармен  жұмысы.  Тарихи  деректерінің 

конспектісі мен тезистерін дайындау. Тарихты оқытудағы көркем әдебиет. Оқулық-маңызды білім 

көзі  және  оқу  құралы. Тарих  бойынша  оқулық  кешені. Тақырыптық  және  әр  сабақты жоспарлау. 

Мектеп  оқулыгы  және  оның  бөлімдері.  Мектеп  оқулығының  сипаттамасы.  Тарих  сабақтарында 

оқулыкпен  жұмыс  істеу  жүйесі.  Оқулықпен  жұмыс  істеудің  бастапқы  дағдылары.  Оқулық 

бойынша тапсырма. Оқулық иллюстрациясымен жұмыс істеу. Қорытынды дағдылар. 

 

ІІІ бөлім 

Тарих  пәні  бойынша  сабақ  түрлері  мен  формалары.  Тарих  сабағы.  Тарих  сабағын 

дайындау  және  өткізу.  Сабақ  типтері  және  оларды  топтау  Кіріспе  сабақ  және  жаңа  материалды 

игеру  сабағы.  Аралас  сабақ  және  оның  бөлімдері.  Білімді  тексеру,  есепке  алу  және  бақылау 

сабағы. Қорытынды қайталау сабағы. Жоғары сыныптардағы оқу сабақтары. Семинар сабақтары, 

мектеп  дәрісі.  Баяндамалар  мен  рефераттар.  Оқытудың  эвристикалық  түрлері.  Ықпалдастыру 

сабақ,  байқаулар.  Оқытудағы  сынақ  жүйесі.  Сабақтың  жоспары  мен  конспектісі.  Сабақты 

дайындау  функциялары.  Тарихты  оқытудағы  жаңашылдықтар.  Тірек  конспектілері.  Сабакта 

конспектімен жұмыс істеу әдістемесі. Тірек конспекты дайындау. Модульдік оқыту технологиясы. 

Модульдік  оқыту  технологиясының  ерекшелігі  мен  сипаттамасы.  Модульдік  технологияның 

құрылымы. Аралас сабақ. Сабақты өткізу түрінің сипаттамасы. Аралас сабақтың негізгі кезеңдері. 

Ақпараттық материалды іріктеудегі ұсыныстар. Жылдық жоспар. Жылдық жоспардың құрылымы, 

оның  ерекшелігі  және  маңыздылығы.  Оқушылдардың  танымдық  мүмкіншілігі  мен  оқу  қабілетін 

ескере  отырып  жылдық  жоспарлау.  Жаңа  оқыту  технологиялары  және  білімді  бақылау.  Дәріс-

әңгімелесу,  мектеп  семинарын  өткізудегі  әдістемелік  аспектілер.  Тарих  бойынша  брейн-ринг. 

Сабақтағы  пікір-талас,  сабақ-жарыс  және  т.б.  дәріс-әңгімелесу.  Білімді  бакылау  үшін  тапсырма 

беру:  ассоциацияға  байланысты  тапсырмалар;  ой-қабілетін  байланысты  тапсырмалар;  «талдау 

және түсіндіру» проблемалық тапсырмалар, эссе кұру, аналитикалық әңгімелесу. 

Тарихты  оқыту  әдістемесі  пәні  және  оның  міндеттері.    Тарихты  оқыту  әдістемесі 

пәнінің  мақсаты  мен  міндеттері,  фунциялары.  Тарихты  оқытудың  әдістемелік  жүйесін  жасау.  

Тарихты  оқыту  әдістемесінің  ғылыми  статусы:  пәннің  зерттелуі  мен  обьекті,  міндеттері, 

ғылымилығы,  әдіснамалық  негіздері,  педагогикалық-психологиялық  және  басқа  ғылымдармен 

байланыстылығы.  Тарихты  оқыту    үрдісі,  компоненттері  мен  зерттеу  әдістері,  мектептегі  тарих 

курстарының мақсаты мен мазмұны, оқыту әдістері, тәсілдері мен құралдарын анықтау. Тарихты 

оқыту әдістемесінің педагогикалық пәндер жүйесіндегі орны. Тарихты оқыту әдістемесінің негізгі 

міндеттері.  Педагогика  ғылымының  бір  саласы  ретіндегі  тарихты  оқыту  әдістемесінің 

қалыптасуын  анықтаушы  факторлар.  Мектептегі  тарих  курсының  теориялық  және  әдіснамалық 

негіздері. «Тарихты оқыту әдістемесінің» өзекті теориялық және әдістемелік  мәселелері. 



Қазақстанда  тарихты  оқыту  әдістемесінің  пайда  болуы  мен  дамуы.  Тарихты  оқыту 

әдістемесінің  пайда  болуы  мен  дамуы.  Тарихты  оқыту  әдістемесі  мәселелерін  тарихи  тұрғыдан 

қарастыру  қажеттілігі.  ХIХ  соңы-ХХ  ғғ.  басындағы  тарихты  оқыту  әдістемесінің  дамуы.  20-30 

жылдарда  Қазақстанда  тарих  пәнін  оқытудың  жәйі.  40-50  жылдары  Қазақстан  мектептерінде 

тарихты оқыту  мәселелері.  



60-90 жылдардың басында Қазақстанда мектептерде тарихи білім беру мен тарихты оқыту 

әдістемесінің  дамуы. Тарихи  білім  беруге  сипаттама:  мақсаты,  міндеттері,  негізгі  бағыттары  мен 

жүзеге  асыру  жолдары.  Тарихи  білім  берудің  мазмұны  мен  құрлымы.  Тарих  пәнінің 

бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендері.  

Жалпы білім беретін мектептің оқу жоспарына «Қазақстан тарихының» жүйелі курсының 

енгізілуі. Қазақстан тарихын оқытудың әдістемесін зерттеудегі жаңа ізденістер. 



Қазақстан  Республикасында  тарихи  білім  берудің  дамуының  қазіргі  стратегиясы. 

Қазақстан  Республикасының  президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  дәстүрлі  жыл  сайынғы  жолдаулары 

мен  үндеулері.  Қазақстан  Республикасында  тарихи  білім  берудің  қазіргі  жүйесі.  Қазақстан 

Республикасындағы тарихи білім беру  реформалары.  

   Қазіргі  кезеңдегі  тарихи  білім  беруге  сипаттама.  Тарихи  білім  берудің  мақсаты, 

міндеттері,  негізгі  бағыттары  мен  іске  асыру  жолдары.  Тәуелсіз  Қазақстан  жағдайындағы  тарих 

пәнін  оқытудағы  оқу-әдістемелік  кешен.  Қазақстан  тарихы  мектепте  оқылатын  пән.  Қазақстан 

тарихы  курсының  ғылыми  негіздерінің  құрылуы.Тарихи  білімнің  тұжырымдамалық  бағдарлары 

мен  эволюциясы:  тұжырымдама,  стандарт,  оқу  бағдарламалары  мен  оқулықтар,  оқу  құралдары. 

Тарихты оқытудағы құзіреттелік, нәтижеге бағытталуы.  Қазақстан  Республикасында 12 жылдық 

мектептің тарихи білім беру тұжырымдамасы.  

Тарихты  оқыту  үдерісінде    оқушылардың  танымдық  әрекетін  ұйымдастыру. 

«Танымдық    әрекет»,  «танымдық  қызығушылық»  ұғымдарына  анықтама.  Тарихты  оқыту 

әдістемесінде оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін оқып үйрену мәселесі. Тарихты оқытудағы  

негізгі  таным  үрдісіне  қысқаша  сипаттама.  Оқушылардың  тарихқа  деген  танымдық 

қызығушылығының  ерекшеліктері.  Тарихты    оқытуда  оқушыларды  дифференциалдық  тұрғыдан 

оқыту мәселелері. 



Тарихты  оқытуда    тарихи  білімнің  қалыптасуы.Тарихты  оқыту  үрдісінде  тарихи  

түсініктерді  қалыптастыру.  Тарихты  оқыту  үрдісінде  тарихи    ұғымдардың  рөлі    мен  олардың 

қалыптасуының әдістемелік жолдары. Тарихты оқыту үдерісіндегі тарихи білім көздері. Тарихты 

оқыту  үрдісіндегі  білімнің  қалыптасу  кезеңдері.  Тарихты  оқыту  үрдісіндегі  тарихи  ұғымдарды 

қалыптастыру.  Тарихи  үдерістің  заңдылықтарының  сипаттамасы.  Оқушыларда  тарихи  үдерістің 

заңдылықтарын  түсінуін  қалыптастыру.  



Тарихты  оқытуда  білік  пен  дағдының  қалыптасуы.  Дамыта  оқыту  ұғымы  және  оның 

тарихты  оқыту  үрдісіндегі  маңызы.    Дидактика  мен  тарихты  оқыту  әдістемесінде  біліктердің 

жіктелуі. 

Тарихты  оқыту  үдерісінде  арнайы  оқу  біліктерді  қалыптастыру  және    оның  сипаттамасы.  

Оқушылардың ойлау және интелектуалдық біліктерін  қалыптастыру әдістемесі.  

Мектептегі  тарих  курсында  тарихи  ұғымды  қалыптастыру  әдістемесі.  Тарихи 

ұғымдардың тарихты оқытудағы рөлі. Тарихи ұғымдардың жіктелуі және оларды оқыту үрдісінде 

пайдалану. Тарихи  ұғымдарды  қалыптастырудың    тәсілдері  мен  құралдары. Тарихи  ұғымдардың  

қалыптасуына  тиімді  әсер  етуші  әдістемелік  шарттар.  Тарихи  фактілер  мен    тарихтың    даму 

заңдылықтары және оны оқытудың құралдары. 

Тарихты оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдері.  Оқыту әдістері ұғымы. Тарихты 

оқыту әдістерінің жіктелуі туралы түрлі көзқарастар. Оқыту әдістерінің  жіктелуі. 

Оқыту  әдістерін  таңдаудағы  оңтайлы  өлшемдер.  «Оқыту  әдісі»  мен  «әдістемелік  тәсіл» 

ұғымдарының  ара  қатынасы.  Тарихты  оқыту  үдерісіндегі  әдістер  мен  тәсілдердің  танымдық, 

тәрбиелік  және  дамытушылық  рөлі.  Ауызша  оқыту  әдісі,  оқытудың  көрнекілік  әдісі,  оқытудың 

практикалық әдісі. Материалды ауызша баяндаудың рөлі: әңгіме, конспектілік,  образды, сюжетті 

әңгімелеу,  картиналық  және  аналитикалық  суреттеу,  сипаттама,  түсіндіру,  мектеп  дәрісі. 

Оқытудың  әдістемелік  құралдары:  макеттер,  материалдық  заттың      формасын  дәл    беретін 

бедерлер, есте сақталған тарихи оқиғалардың орны, мүсін, фотосуреттер және ауызша портреттер, 

карикатуралар және т.б. 

Түсіндірмелі-иллюстративті және проблемалық оқыту әдістері. Тарихты оқытудағы әңгіме 

әдісінің рөлі.  



Тарихты  оқытуда  көрнекілік  құралдарды  пайдалану.Тарихты  оқытудағы  көрнекілік 

құралдарды пайдаланудың маңызы мен функциялары. Тарих сабағында оқу картинасымен жұмыс 

істеу  тәсілі.  Тарих  пәнінің  оқулығындағы  иллюстрациялармен  жұмыс  әдістері.  Тарихты 

оқытудағы шартты графикалық көрнекілік: карта, кесте, схема, диаграмма. Пәндік көрнекілік және 

оның  танымдық  құндылығы.  Суретті  көрнекілік  және  оның  эстетикалық  құндылығы.  Шартты 

графикалық  көрнекілік  пен    шартты  белгілердің    оқушылардың  ойлауын  дамытудағы,  есте 




сақтауындағы  рөлі.  Тарихтан  оқу  картиналарының  жіктелуі.  Тарихи  карта.  Картамен    жұмыс 

әдістемесі. Түрлі шартты белгілерді білу.    



ТҚЖ пайдалану және компьютерлік техниканының мүмкіндіктері.  ТҚЖ-дың тарихты 

оқытуда  пайдаланудың  мәні  мен  рөлі.  Тарихта  оқытуда  техникалық  құралдарды  пайдалану: 

аудиофильмдер,  диафильмдер,  электронды  оқулықтар,  интернет,  интерактивті  тақта  т.б. 

Оқушыларға тарихи білім берудегі компьютердің  рөлі. Тарихтан компьютерлік  бағдарламаларды 

құру. Моделдеу.  

Тарихи  құжаттар  мен  деректерді  тарих  сабақтарында  қолдану.Тарихты  оқытудағы 

құжаттардың рөлі мен мәні. Тарихта оқытуда қолданылатын құжаттық-материалдың негізгі түрлері. 

Окушылардың  тарихи  құжаттар    және  деректермен  жұмыс  істеу  тәсілдері.  Құжаттық  материалдың 

жіктелуі. Актілік құжаттар, баяндаушы-сипаттаушы құжаттар, көркем сөз естеліктері. Тарихи құжаттар 

мен мәліметтерді оқып үйрену әдістемесі.  Деректі  конспектілеу.Тарихи деректің сипаттамасы. 

Тарихты 

оқыту 

жұмыстарын 

ұйымдастыру 

формалары. 

Сабақ–оқытуды 

ұйымдастырудың  негізгі  формасы  ретінде.  Сабақтың  курстың,  бөлімнің,  тақырыптың  тарихи 

мазмұн  жүйесіндегі    орны.  Сабақ  мұғалім  мен  оқушының  іс-әрекеті,  әдістемелік  тәсілдері  мен 

мазмұнының  бірлігі  ретінде.    Қазіргі  тарих  сабағына  қойылатын    талаптар. Тарих  сабақтарының 

білімдік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерінің  тиімділігін арттыру. 

Тарих сабақтарының түрлері мен типтері. Оқыту үрдісінің барлық звеноларын қамтамасыз 

етуші,  аралас  сабақты  өткізудің  ерекшеліктері.    Мұғалімнің    баяндауымен  жаңа  оқу  материалын 

оқып үйрену сабақтары. Білімді пайдалану мен білік пен дағдыны қалыптастыру сабақтары. Білім 

мен білікті тексеру сабақтары. Семинар сабақтары. Кіріктірілген сабақтар. Дәстүрлі және дәстүрлі 

емес  сабақтар.  Жалпы  сипаттамасы.  Тарих  сабағын  дидактикалық  жабдықтау.  Тарих  сабағына 

мұғалімнің  дайындалуы.  Тақырыптық    және  күнделікті  сабақты  жоспарлау.  Сабақтың  жұмыс 

жоспары мен оның негізгі компоненттері. Сабақты бағалау өлшемдері. Жоғары сыныптардағы дәріс, 

семинар және практикалық сабақтар. Оқу экскурсиялары, кеңес беру, сынақтар.  



Тарихты  оқытуда  интерактивті  және  инновациялық  әдістерді  қолдану.  Интерактивті 

әдістеменің  міндеттері  мен  функциялары.  Оқытуда  интерактивті    әдістерді  қолданудың  мәні. 

Интерактивті  әдістерді  сабақта  қолдануды  басқару  мен  ұйымдастыру.  Интерактивті  әдістерді  

қолданудың  жолдары. 

Тарихты оқытуда ойын  түрін пайдаланудың әдістемелік аспектілері.Іскерлік ойындар, тарихи 

пікірсайыстар,  театрлік  қойылымдар  мен  байқаулар.  Жарыс  сабақтары,  саяхат  сабақтары, 

кіріктірілген  сабақтар,  өлкетану  ойындары.    Тарих  сабақтарын  өткізуде    тірек  сигналдар  мен 

белгілерді  дайындау.  Оқыту  үрдісінде  ойын  түрін  жүзеге  асыру  технологиясы.    Мұғалімнің 

алгоритим әрекеті, оқушының алгоритм қызметі.  Сабақты өткізудің жаңа түрлерін ұғыну, мазмұны, 

құрылымы,  ұйымдастыруы.  Тарихты  оқытудағы  ойын-оқушылардың  танымдық  қызметінің 

белсенділік әдісі ретінде. 

Тарихты  оқытуда  педагогикалық  технологияны  пайдалану.  «Технология»  ұғымы. 

Педагогикалық  технология  пәні,  міндеттері  мен  функциялары.  Педагогикалық  технология  мен 

әдістемені салыстырмалы талдау.  Педагогикалық технологияның  кезеңдері мен түрлері. 

Педагогикалық  технология-оқушылардың  белсенді  іс-әрекетін  қалыптастырудың   әдістері 

мен  үдірістердің  жиынтығы  мен  бірізділігі  ретінде.  Педагогикалық  технология  оқушыларды 

оқытуға, дамытуға, тәрбиелеуге, өзін-өзі іске асыруға, жетілдіруге бағытталған. Тарихты  оқытуда 

педагогикалық технологияны пайдаланудың жолдары.  

Тарихи  пәндерді  оқытуда  оқушылардың  өзіндік  жұмысы.«Өзіндік  жұмыс»  ұғымы. 

Оқушылардың  өзіндік  жұмысының  мақсаты,  міндеттері.  Өзіндік  жұмыстың  түрлері.  Өзіндік 

жұмыс  үрдісінде  әр түрлі деректерді пайдалану.  Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың мәні. 

Оқыту  нәтижесін  тексеру.  Оқыту  нәтижесін  тексерудің    міндеттері  мен  әдістемелік 

ұстанымдары.  Тексерістің  мазмұны.    Оқыту  нәтижесін  тексеруді  ұйымдастыру,  формалары, 

түрлері  мен  әдістері.  Оқыту  сапасының  мониторингі.  Оқыту  сапасын    бағалау  механизмі. 

Оқушылардың  білімін  бағалау  әдістері  мен  әдістемесі.  Тарихты  оқытудың  нәтижесі,  оларды 

бағалау мен диагностикасының құралдары. 

Қазақстан  тарихы  курсының  тәрбиелік  мүмкіндіктері.  Қазақстан  тарихын    оқыту 

үрдісіндегі тәрбиелік мүмкіндіктерді жүзеге асырудың шарттары. 

Мектептегі  Қазақстан  тарихы  курсының  тәрбиелік    потенциалы.  Тәрбиелік  міндеттерді 

шешудің  мәселелерін  таңдау.  Сенім    нәтиже  мен  педагогикалық  ықпал  құралы  ретінде.  Тарих 

сабағында  білім құндылығын ашып көрсету.  

 Қазақстан тарихы  сабақтарында оқушылардың оқу әрекетінің тәрбиелік маңызы.  




Тарихты  оқытудағы  пәнаралық  және  курсаралық  байланыс.  Тарихты  оқытудағы 

пәнаралық  және  курсаралық  байланыстың  дидактикалық  мәні.  Оның  жүйелі  білім 

қалыптастырудағы, көзқарастық идеяларды  түсінудегі және игерудегі рөлі. Пәнаралық байланыс  

оқу  пәнінің  бағдарламасының  компоненті  ретінде.  Тарих  курсындағы  пәнаралық  байланыстың 

мазмұнының негізгі аспектілері. Ретроспективті, үйлесімді, перспективті пәнаралық байланыстар. 

Қазақстан 

Республикасының 

мемлекеттік 

нышандарын 

оқыту. 

Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  нышандарын  оқытудың  мақсаты,  міндеттері.  Қазақстан 

Республикасының Мемлекеттік нышандарын оқытудың әдістемелік  тәсілдері мен жолдары. 



Шет елдердегі тарихты оқыту тәжірибесінен. Шет елдердегі тарихи пәндерді оқытудың 

мақсаты, міндеттері. Стандартттың мазмұны мен ерекшеліктеріне, нормативтік құжаттар мен оқу 

– әдістемелік кешенге сипатттама. 

Аймақтық  және  өлкетану  материалдарын  пайдалану.Аймақтық  және  өлкетану 

материалдарын  пайдаланудың  мақсаты  мен  міндеттері,  пайдалану  әдістері.  Тарихты  оқыту 

үрдісіндегі  аймақтық  және  өлкетану  материалдарын  пайдаланудың  білімдік,  тәрбиелік  және 

дамытушылық  мүмкіндіктері.    Аймақтық  және  өлкетану  материалдарын  пайдаланудың    тиімді 

әдістемелік  жолдары. 

Тарихтан  сабақтан  тыс  жұмыстар.  Тарихтан  сабақтан  тыс  жұмыстардың  міндеттері. 

Сабақтан тыс  жұмыстардың жалпы  сипаттамасы. Қазақстан тарихынан сабақтан тыс жұмыстар. 

Тарихтан    сабақтан  тыс  жұмыстардың    білімдік-тәрбиелік  маңызы.  Сабақтан  тыс  жұмыстардың 

оқушылардың  білімін  тереңдетудегі,  танымдық  қабілеттерін  дамытудағы  рөлі.  Пән  бойынша 

сабақтан тыс жұмыстың  мазмұны, әдістері мен формалары.  

Тарихты  сабақтан  тыс  оқытуды  ұйымдастыру  формалары-  факультативтер,  тарихи 

үйірмелер,  тарихи  олимпиадалар,  "КӨО"  (көңілді  өнертапқыштар  отауы),  конференциялар, 

пікірсайыстар. Қазақстанда болған тарихи оқиғалардың куәгерлерімен кездесу ұйымдастыру. 



Қазіргі  тарих  пәнінің  мұғалімі.  Тарих  пәні  мұғалімінің  тұлғалық  және  кәсіптік 

кұзыреттілігі. Тарихты оқыту, мұғалімнің шығармашылық қызметі ретінде. Тарих  пәні мұғалімнің  

іс-әрекетінің  мазмұны  мен  құрылымы.  Тарих  пәні  мұғалімінің  тәрбиелік  рөлі.    Тарих  пәні 

мұғалімінің  педагогикалық  қызметіне  өзіндік  бағалауы  мен  өзіндік  талдауы.  Үздіксіз  өз  бетінше 

білім алу-тарих пәні мұғалімінің кәсіби біліктілігін арттырудың негізі. 

 

 



жүктеу 444,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау