Кейінгі палеолит кезеңінде адамдар арасындағы түсінісу қабілетінің басты құралы-тіл өз дамуында белгілі бір дәрежеге жетті. Неандертальдықтардың дыбысты белгілерінен “жаңа адам” сөйлеудің алғашқы сатысында көшті. Алғашқы адамдардың қараңғы үңгірлерде тұруы дыбыс белгілерін жетілдіруді қажет етті. Өмірдің қиын-қыстау жағдайлары мен қауіп-қатерлерден сақтандыру және тіршілік жағдайларынан туындайтын түрлі сәттер тілдің қалыптасып-даму процесін жеделдете түсті.
Кейінгі палеолит дәуірінің аңшыларында бұйрық беру тілі қалыптасты, өйткені аң аулау кездерінде түсінікті дыбыс белгілерін беру олар үшін ауадай қажет болатын. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы сөздік атауларды жануарлар алғанға ұқсайды, ал басқа заттардың атаулары кейіннен пайда болған. Алғашқы қауым адамдардың бұл заңды талпынысы адамзат дамуының келесі сатысында, мезолит дәуірінде өз жалғасын тапты. Бұл кезеңде туындаған мәселелер де қоғам дамуының барысында өз шешімін тауып жатты.
Достарыңызбен бөлісу: |