Ќаракеткен ауылдыќ округі јкімі Ќ



жүктеу 48,32 Kb.
Дата23.05.2018
өлшемі48,32 Kb.
#16608

Қаракеткен ауылдық округінің әкімі Қ.Өлментайдың 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы

ЕСЕБІ

Ауылдық округ бойынша 291 отбасы бар. Қаракеткен-222, Далдабай елді мекенінде-69. Есепте-1592 жан тұрады. Оның ішінде: Қаракеткен-1158, Далдабай елді мекенінде-434. Осы халықтың 458 тұрақты жұмыспен қамтылғандар. Округ қамтуында 1 ЖШС,14 ШҚ тіркелген. Оның 11-і жұмыс істеуде.

2 мектеп: №114 орта мектеп және №115 негізгі мектеп,150 орындық 2 клуб үйі, 1 фельдшерлік-акушерлік пункті, 1 аурухана, 1 фельдшерлік пункт, 22 300 дана кітап қоры бар кітапхана.

190 нүктелік АТС, оның ішінде интернет байланысына қосылғандар-100, 1 почта бөлімшесі, 1 тірек пункті бар. Ауыл тұрғындарының жеке меншігінде 2017 жылдың қорытындысымен мүйізді ірі қара–2803 бас, қой - 2157, ешкі - 1410 бас, жылқы – 821 бас, түйе-7 бас, құс-285 тіркеліп есепке алынған.


Әлеуметтік сала

Ауыл округі бойынша 2017 жылы 18 жасқа дейінгі балалар жәрдем ақысын алғандар –33 отбасы 1 млн 826,6 мың алған. Тұрғын үй көмегін алғандар-1 отбасы 47,7 теңге алған.

2017 жылы жұмыссыз ретінде 39 адам тіркеліп, оның 21-і ақылы негізді қоғамдық жұмысқа, 4-і жастар практикасына, 8-і уақытша жұмысқа, 6-ы тұрақты жұмысқа орналасты.
Көркейту-көгалдандыру және тазалық жұмыстары

Көркейту-көгалдандыруға 369,5 мың теңге қаржы қаралып, оның 50 мыңы билборд жаңалауға жұмсалды. Санитарияға 226 мың теңге бөлініп ауыл ішіндегі күл қоқыстар тазартылды.


Кәсіпкерлік саласы

Ауылдық округ бойынша 56 кәсіпкер тіркеліп, оның ішінде нақты жұмыс жасап тұрғандары – 45.

«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-нің «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер Е.Умирсериков «Қабырға құрылыс блогын жасау» жобасы 18,0 млн теңгеге қаржыландырылды.Жобаны жүзеге асыру үшін ауыл шетінен 0,1 гектар жер телімі табысталған.

«Ауыл» несие серіктестігі арқылы жеке кәсіпкер Нұрмаханов Ерлан 4 млн теңге несиеге прес басатын ауыл шаруашылығы техникасын алып, ауыл тұрғындарына қол жетімді бағамен 30 мың прес сатылды.

«Ханшайым» ШҚ-ның төрағасы Әбуов Самат жеке қаражат есебінен 1000 басқа арналған мал бордақылау аланың құрылысын салды. Жобаның жалпы құны 100,0 млн теңге. Жобаны жүзеге асыру үшін Итемген аймағынан жер телімі табысталды. Қазіргі таңда 40 бас МІҚ, 100 бас қой алынып, бордақылануда.

Білім саласы

Қаракеткен ауылындағы №114 орта мектебінде 199 оқушы білім алып, 49 мұғалім, 48 тех. қызметкер, Далдабай елді мекеніндегі №115 негізгі мектепте 79 оқушы білім алып, 24 мұғалім, 41 тех.қызметкер жұмыс атқаруда. 2017 жылы №114 орта мектептен 12 оқушы бітіріп, ҰБТ-ға 7 мектеп бітіруші қатысып, орташа бал 94,8 балды құрап, аудан бойынша 2 орынға ие болды. Олардың 6 жоғарғы оқу орындарына 5 оқушы арнаулы оқу орнына түсіп білім алуда.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық округке еңбек жолын бастаған 6 жас маман барлығы 16 млн 563 мың несие алды.

№114 орта мектептің жанынан ашылған шағын орталықта 15 бала тәрбиеленуде. Қызметкерлер саны – 8.

№ 115 негізгі мектеп жанынан ашылған шағын орталықта 25 бала тәрбиеленуде, 6 қызметкер жұмыс атқаруда.

«Қарақат» жеке балабақшасында 50 бала тәрбиеленуде.
Денсаулық сақтау саласы

Қаракеткен ауыл орталығында күндізгі бөлімде фельдшерлік-акушеркілік пункті, бір бөлігі аурухана болып халыққа қызмет көрсетуде. Қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп, науқастардың емделуіне толық жағдай жасалған. Жоғары білімді 1 дәрігер, 13 медбике, 16 техникалық қызметкер жұмыс істейді. Бір жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етілген. 2017 жылы күндізгі бөлімде 150 адам, ауруханада 189 адам ем қабылдады.

Далдабай ауылында 1 фельдшерлік пункт жұмыс атқаруда.
Мәдениет саласы

Ауылдық округі бойынша 100 орындық 1 клуб үйі, Далдабай елді мекені бойынша 50 орындық 1 клуб үйі, округ бойынша 2 клуб үйі халыққа қызмет етеді.

Ауылдық округ бойынша 2 кітапхана бар, олар клуб үйлерінде орналасқан. Ауылдық округ бойынша 22 300 дана кітап қоры бар. Ауылдық клубтарда әр түрлі шаралар, кештер, кездесулер, көркемөнерпаздар концерті өткізіліп тұрады. Қаракеткен ауылдық клубында 3 үйірме қалыпты жұмыс жасайды. Үйірмелерге 47 ауыл өнерпаздары қатысады. 2017 жылы 39 іс-шара ұйымдастырылып, 5800 адам қатысты. Далдабай ауылдық клубында–3 үйірме жұмыс жасауда. Үйірмелерге 30 ауыл өнерпаздары қатысады. 2017 жылы 36 іс-шара ұйымдастырылып, 2626 адам қатысты.
Спорт саласы

Аудандық спорт мектебінің ауылдан ашылған филиалында күрестің дзюдо және бокс түрінен мектептің спорт залында спорт секциясы жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта 60 бала секцияларға қатысады.

Дене шынықтыру және спорт бөлімі арқылы 1 спорт нұсқаушы жұмыс атқарады. Айына спорттың 4 түрінен үйірме жұмыстары жүргізіледі. 2017 жылы ауыл спортшылары бокстан жасөспірімдер арасындағы Республикалық чемпионатта 2 орын, облыстық тоғызқұмалақ жарысынан жүлделі 2, 3 орындарды иеленсе, аудандық «Біз нашақорлыққа қарсымыз» атты үлкен футбол турнирінде жүлделі 3 орын иеленді.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының орындалуы

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында ауыл тұрғындары Сулейменова Бакыткул 6 млн, Ибрагимов Мырзабек 3 млн теңге құрайтын «Мал шаруашылығы» жобасымен бизнес-жоспары дайындалып, несие алу үшін құжаттары «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалына өткізілді.

Почта – байланыс саласы

Ауылдық округі бойынша 1 почта қызметкері, 1 АТС қызметі халыққа қызмет жасайды. Елді мекендегі жеке үйлерге, мектеп, мекемелердің интернет жүйесіне толық және қиындықсыз қосылуына мүмкіндіктер алды.


Ауыз су саласы

2017 жылы Қаракеткен ауылының ауызсу жүйесін қайта жаңғыртуға 217 млн 727 мың теңге бөлініп, ауылдың барлық тұрғын үй аулаларына ауыз су кіргізілді.


Салық базасы

2017 жылы жергілікті салықтардың орындалуы бойынша барлығы 1 млн 31 мың теңге жиналып, бюджетке өткізіліп, салық 100 пайызға орындалды.


2017 жылғы есеп беру кездесу кезінде ауыл тұрғындары

тарапынан түскен ұсыныс-пікірлер туралы

- Ақшонық Шаменова көшесі бойына электр бағаналарын орнату:

Орындалуы:

Аталған көшеге 5 бағана орнатылып сымдары тартылған. Ендігі кезекте қосымша екі бағана орнату қажет. Бұл жұмыстар 2018 жылдың 1 тоқсанында орындалатын болады.


2018 жылға арналған жоспар

- көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жоспарға сәйкес атқару;



- «Далдабай» елді мекеніне ауызсу жүргізудің жоба сметалық құжаттарын дайындау;

- жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстарды үйлестіру.
жүктеу 48,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау