Ќараѓанды Мемлекеттік Медицина Академиясы



Дата29.03.2022
өлшемі36 Kb.
#37954
8 Ішкі мүшелер туралы оқуға кіріспе-1


Ф КГМА 1-8-21/02

МУ «Организация методической

работы в соответствии

с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы

Анатомия кафедрасы



ДӘРІС
Тақырыбы: Ішкі мүшелер туралы оқуға кіріспе. Ас қорыту жүйесі мүшелері құрылысының және дамуының ерекшеліктері.

Пәні: Анатомия - 1

Мамандығы: 051301 « Жалпы медицина»

Курс: І

Уақыт (ұзақтығы): 50 минут

Қарағанды 2011

Тақырыбы: : Ішкі мүшелер туралы оқуға кіріспе. Ас қорыту жүйесі мүшелері құрылысының және дамуының ерекшеліктері.

Мақсаты: Студенттерді ішкі мүшелердің жалпы құрылысымен таныстыру. Ас қорыту мүшелерінің ерекшеліктеріне сипаттама беру, олардың дамуына, құрылысына, ауытқуларына тоқталу.

Дәріс жоспары: 1.Ішкі мүшелерінің жалпы сипаттамасы және олардың маңызы.

2.Ішкі мүшелердің қабырғаларының құрылысыны жалпы жобасы.

3. Ас қорыту мүшелерінің дамуы

4. Ас қорыту мүшелерінің даму ауытқулары

Ішкі мүшелер туралы ілім спланхнология деп аталады.

Егер ішкі мүшелердің адам организмі үшін маңызын ойлап қарасақ, олардың ең маңызды процессі – зат алмасу процессін қамтамасыз ететіндігін көруге болады. Бұл ассимиляция (синтездеу) және диссимиляция (ыдырату) процестерінен тұратын күрделі процесс.Ішкі мүшелердің құрылысының жалпы принциптері.



Қуысты мүшелер көп қабатты қабырғадан тұрады.Оларда кілегейлі, кілегей асты бұлшықетті, сірлі немесе дәнекер ұлпалы қабықтан тұрады. Кілегей қабық, ішінен эпителимен жабылған дәнекер ұлпалық қабаттан тұрады. Ол әр бөлікке әртүрлі кілегей қабық қатпарлар түзеді, ал ащы ішекте сонымен қатар бүрлер бар. Ащы ішекте4 млн жуық бүрлер бар. Қатпарлар, бүрлер және микробүрлер ішектің сору бетін ұлғайтады. Ішектің кілегей қабығында ішектің сөл бөліп шығаратын бездер бар. Сөл ішектегі ас қорыту процесіне қатысады. Лимфалық ұлпа жекелеген фолликулалар және олардың жиынтығы түрінде орналасқан, олар иммунды жүйеге кіреді. Кілегей қабықтан кейін кілегей асты қабық орналасады. Осының арқасында кілегей қабық қатпарлар түзеді, ол қан тамырлары, лимфатикалық торлар және нерв өрімдеріне бай.

Бұлшықетті қабық. Ол өзінің автоматизмімен ерекшеленетін жазық салалы бұлшықеттер тұрады. Бұл бұлшықет өзінің еңбекке жарамдылығы және созылғыштығымен ерекшеленеді. Жазық салалы бұлшықет клеткалары екі қабат жасап орналасады: сыртқы – ұзына бой және ішкі – қоршама (циркулярлыЕң сыртқы қабық – сір қабық немесе дәнекер ұлпалы, сыртынан мезотелий қаптап жатады. Ол мүшелерді әртүрлі жабады. Кейбір мүшелер барлық жағынан интраперитонеальды орналасқан, екіншілері үш жағынан жабылған (мезо перитонеальды орналасқан), ал үшіншілері бір жағынан ғана жабылған (экстраперитонеальды орналасқан). Сір қабық жоқ жерлерде мүшелер, оларды көрші мүшелермен байланыстыратын, дәнекер ұлпалық қабық – адвентициямен жабылған. Кеуде қуысындағы сір қабық плевра деп, ал құрсақ қуысында – іштік деп аталады.

Паренхиматозды мүшелер.Оларға әсіресе үлкен бездер жатады.Паренхима дегеніміз меншікті маманданған ұлпадан тұратын безді мүшелер. Паренхиматозды мүшелер анатомиялық бірліктерден деп аталатын бөлімдер және бөліктерден тұрады. Кейбір мүшелерде сегменттер деп аталады.

Мүшелердің топографиясын білу өте маңызды. Сондықтанда олардың топографиясын қарастырған кезде, мынадай түсініктерді білу қажет.



Голотопия - мүшелердің дененің аймақтарына түскен кескіні.

Скелетотопия - мүшелердің қаңқаға байланысты орналасуы.

Синтопия - белгілі бір мүшнің көршілес жатқан мүшелерге байланысты орналасуы.

Ішкі мүшелердің орны пішіні, құрылсы жеке өзгешіліктермен байланысты болады. Бұл

өзгешілік жастық, жыныстық, ерекшеліктерге, адам дене бітісіне де байланысты болады..

Көрнекі құралдар: плакаттар, таблицалар, планшеттер, слайдтар, муляждар.

Әдебиеттер:

А) Негізі әдебиеттер

1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы І,II том 2004

2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,II том. Алматы: «Кітап», 2006.

3. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,II, III, IV том. Астана: «Фолиант», 2005.

Б) Қосымша әдебиеттер

1. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қарағанды, 1993.

2. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы, 2007.



Бақылау сұрақтары.

  1. Ішкі мүшелерді зерттейтін ілім қалай аталады?

  2. Ішкі мүшелердің қабырғасының қабықтарын атаңыз?

  3. Жіктелуіне байланысты қандай мүшелер болады?

  4. Қандай паренхиматозды мүшелерді білесіз?

  5. Скелетотопия дегеніміз не?

  6. Синтопия дегеніміз не?

  7. Голотопия дегеніміз не?


Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау