Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқУ Үдерісінде қолдану



жүктеу 200,96 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.11.2018
өлшемі200,96 Kb.
#22081


АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 

ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ҚОЛДАНУ 

 

Жұмашева Жадыра Тоқанқызы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент    



Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,   

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Zhadyra_14@mail.ru 

 

  Еліміздегі  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер  мен  бүкіл  өркениетті  елдердегі 



ақпараттық  даму  білім  берудің  дәстүрлі  қалыптасқан  жүйесін,  әдістері  мен  технологиясын 

қайта қарауды талап етуде. 

  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру  жүйесінің  басты 

міндеті  –  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері 

негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіптік  шыңдауға  бағытталған 

сапалы  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау;  оқытудың  жаңа  технологияларын, 

кредиттік,  қашықтан  оқыту,  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  енгізу  және 

тиімді  пайдалану;  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық 

желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді  [1]. Осындай 

алға  қойған  басты  міндеттерді  шешу  үшін  дәстүрлі  оқыту  жүйесінен  біртіндеп  қарқынды 

даму  шеңберіне  жеткізе  алатын  жаңа  оқыту  технологияларын  қолдану  қажет.  Осыған 

байланысты, бүгінгі таңда ақпараттық және коммуникациялық технологияларды игеру әрбір 

жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналуда.   

Қазіргі  ақпараттық  қоғамда  дамудың  негізгі  құралы  болып  ақпараттық  ресурстардың 

қажеттілігі  көрінеді.  Сондықтан  білім  беру  саласы  да  өзінің  дамуы  үшін  жаңа  қадамдарға 

баруда.  Осыған  байланысты  адамдарға  ақпараттар  кеңістігінде  дұрыс  бағытты  таңдауға 

мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.     

Соңғы  жылдары  қоғамдық  және  әлеуметтік  өмірде  болып  жатқан  елеулі  өзгерістер, 

ғылыми-техникалық  ақпараттар ағынының бұрын-соңды болып көрмеген қарқыны, адамзат 

баласының  талап-талғамының  өсуі,  электронды  құралдардың  күнделікті  өмірде  кең 

қолданылуы  оқу-ағарту  саласында  оқытудың  ақпараттық  технологияларын  енгізе  отырып, 

оқу үдерісіне елеулі жаңалықтар енгізуді, оқыту әдістемесін жетілдіре түсуді көздейді. 

  Қоғам  өмірін  ақпараттандыру  және  онымен  байланысты  ақпараттық  технология 

құралдарын  жан-жақты  дәріптеу,  білім  беру  жүйесінің  дамуына  айтарлықтай  ықпал  етеді. 

Оқу-тәрбие  үдерісіне  қажетті  жаңа  техникалық  құралдардың  жеткілікті  болуы  білім  беруге 

және оны меңгертуге қажетті ақпараттық жүйені жасауға ынталандырады.  

  Ақпараттық  технологиялар  қоғамның  барлық  саласында  және  ғылыми-техникалық 

зерттеулерде  кеңінен  қолданылуда,  қазіргі  ғылыми  дүниетанымда  жаңа  технологиялардың 

орны  ерекше.  Ақпараттық  технологияларды  қолданып  оқыту  арқылы  жалпы  интеллекттің 

артуына  ықпал  жасаймыз.  Бүгінде  ғылымның  әр  саласын  дамыту  ақпараттық  жаңа 

технологияларды игерумен тығыз байланысты.  

Жаңа  технологияларды  оқу  үдерісінде  қолдануда  жаңа  оқу  пәндерінің  пайда  болуы, 

оқытудың  жаңа  формалары  мен  тәсілдерін  қарастыру  бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесі  болып 

отыр.  Көп  жылдан  бері  қалыптасқан  дәстүрлі  сабақ  беру  әдісіне  компьютердің  жаңаша 

өзгеріс пен жаңа идеялар қосқаны баршаға мәлім. 

 

Бүгінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі ақпараттық-коммуникациялық 



технологиялардың  қарқынды  дамуына  байланысты  өзгерістерді  бастан  кешіріп  жатыр. 

Сондықтан білім беру формалары мен әдістеріне деген көзқарас өзгере бастады. Қазіргі кезде 

қоғамның ақпараттық сипатқа ие болуы негізінде ғаламдық ақпараттық үдерістерге ілесуінің 

мәні өте зор болып отыр.        

 

Сөздіктерде  берілген  анықтамалар  бойынша  «технология»  сөзінің  мағынасы  грек 



тілінен аударғанда «techne» «шеберлік, өнер» туралы ғылым деп берілген. 

Состояние, проблемы и задачи информатизации в Казахстане: Сборник трудов Третьей Международной 

научно-практической конференции, посвященной 80-летию КазНТУ имени К.И. Сатпаева и 20-летию 

Международной Академии Информатизации. - 2014. - № 2. - С. 46-55




 

Соңғы  жылдары  білім  беру  аясы  жүйесінде  компьютерлік  техниканы  пайдалану 

белсенді  түрде  жүзеге  асырылуда.  Білім  беру  жүйесіндегі  жаңа  ақпараттық  технология 

дегеніміз  –  оқу  және  оқу-әдістемелік  материалдар  жинағы,  оқу  қызметіндегі  техникалық 

құралдар,  олардың  рөлі  мен  орны  туралы  ғылыми  білімнің  жүйесін  және  оқытушылар 

еңбектерін  жүзеге  асыру  үшін  оларды  қолдану  формалары  мен  әдістері  деген  анықтама 

беруге  болады.  Яғни,  ақпараттық  технология  –  білім  беру  ұйымдары  мамандарының 

жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және студенттерге білім беруші құрал. 

 

Бүгінгі  күні  ақпараттық-коммуникациялық технологиялар өндірісте, кәсіпорындарда, 



құжат  өңдеу  іс-әрекеттерінде  кеңінен  қолданылуда,  оның  қамтитын  іс-әрекет  саласы  зор 

қарқынмен  өріс  алуда.  Бүгінде  ақпараттық  технологиялар  білім  саласында  да  кеңінен 

пайдаланылуда. 

 

Қазіргі  уақытта  көптеген  білім  ошақтарында  сабақ  барысында  электрондық 



интерактивті  тақта  қолданылады.  Оның  кәдімгі  бормен  жазатын  тақтаға  қарағанда  шексіз 

мүмкіндіктері бар. Интерактивті – «inter» өзара, «akt» - әрекеттесу деген мағынаны білдіреді. 

Интерактивті  тақта  –  бұл  компьютердің  қосымша  құрылғыларының  бірі  және  де  дәріс 

оқушыға немесе баяндамашыға екі түрлі құрылғыны: ақпаратты кескіндеуге арналған экран 

және  қарапайым  маркер  тақтаны  біріктіруге  мүмкіндік  беретін  құрылғы.  Мұндай 

бағдарламалық-техникалық  кешенді  сабақты  қызықты  және  динамикалық  түрде  оқуға 

мүмкіндік  беретін  визуалды  қор  деп  те  атауға  болады.  Сабақты  түсіндіру  барысында 

оқытушы  тақта  алдында  тұрып  бір  мезетте  мәтіндік,  аудио,  бейне  құжаттарды  DVD,  CD-

ROM  және  интернет  ресурстарын  қолдана  алады.  Ал  аудио  және  видео  ақпаратты  бір 

мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 пайызға дейін арттырады. Сонымен қатар, интернетке 

қосылған интерактивті тақта арқылы басқа қаладағы, басқа мемлекеттегі оқытушылардан да 

дәріс  алуға  мүмкіндік  бар.  Зерттеу  барысында  білімгерлер  үшін,  оқытушылар  үшін 

интерактивті тақталар тапсырмаларды тартымды ететінін, әртүрлі ресурстарды пайдалануға 

болатынын  және  ынтасын  жақсартатынын  байқауға  болады.  Интерактивті  тақта  әртүрлі 

бағытта  оқытуды  және  сабақ  беруді  өзгертуі  мүмкін.  Олар  білімгерлердің  зейінін  аударуға 

және  ынталандыруға,  ақпараттарды  көрсетуге,  уақытты  тиімді  пайдалануға  өте  қолайлы. 

Интерактивті тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет 

ақпаратты  өңдеу  арқылы  жалпыланған  ақпараттық  біліктілікті  қалыптастыратын  тиімді 

құрал  болып  табылады.  Алдын-ала  дайындалған  оқу  материалдары  –  презентациялар, 

мәтіндік,  графикалық  ақпараттық  объектілер  –  сабақтың  жақсы  өтуін  және  барлық  ақпарат 

түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді.                                    

Интерактивтік  электрондық  тақтаны  қолдану  жаңа  технологияларды  пайдалану 

жолымен  білім  беру  сапасын  арттыруға  ықпал  етеді.  Білім  беру  сатысына  қарамастан 

интерактивтік  тақта  білім  беру  үрдісін  жаңа  деңгейге  көтереді.  Интерактивтік  тақтаның 

мүмкіншіліктері  бейнелер  мен  белгілеулерге  кез-келген  өзгертулер  енгізіп,  оны 

компьютерлік  файл  түрінде  сақтауға,  редакторлеуге,  принтерден  басып  шығаруға,  факс 

немесе  электрондық  пошта  арқылы  жіберуге  болады.  Интерактивтік  тақтада  тек  қана 

электрондық  қарындашпен  жұмыс  жасау  мүмкіндігінен  басқа,  саусақпен  жазбаларды 

енгізуге  болады.  Баяндамашы  арнайы  маркерді  қолына  ала  отырып,  экрандағы  бейнемен: 

оны белгілеп, астын сызып, сызбалар салып немесе оларды реттеп, мәтінге өзгерістер енгізу 

сияқты жұмыстарды жасай алады. 

Интерактивті  қалам  –  бұл  меңзерді  басқару  құрылғысы  және  компьютер  мен  тақта 

арасындағы байланысты іске асырушы құрал болып есептелінеді.  

Интерактивтік  тақтаны  қосымша  интерактивтік  жабдықтарымен  қолдана  отырып, 

оқытушылар аудиторияның назарын жоғары деңгейде ұстап тұра алады. Сабаққа дайындалу 

үшін  ресурстардың  кең  көлемді  кітапханасын  қолдана  аласыз.  Сонымен  қатар,  жергілікті 

немесе ауқымды желілер арқылы басқа университеттермен байланыс жасап, басқа елдермен 

байланыс  жасауға  мүмкіндік  беретін  видеоконференция  ұйымдастыруға  болады. 

Технологиялық  шешімдерді  қолдана  отырып,  оқытушылар  өздерінің  сабақтарында 

интерактивтік оқытудың мүмкіндіктерін аша алады. 




 

Білім-беру  жүйесін  ақпараттандыру  дегеніміз  –  ақпараттық  технологияларды  оқыту 

үдерісінде  тиімді  пайдалана  білу  және  меңгеру.  Білім  беру  жүйесінде  ақпараттық 

коммуникациялық технологиялар білім алудың нәтижесін арттырады және мультимедиялық 

жабдықтарды қолдану студенттердің қабылдау қабілеттерін дамытады.  

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар деп, жергілікті, аймақтық, бүкіл әлемдік 

желілерде  ақпарат  алмасуды  жүзеге  асыратын  қазіргі  заманғы  байланыс  құралдарының 

барлық  түрін,  бағдарламалық  жүйелер  мен  кешендерді,  мультимедиялық  құрылғыларды, 

телекоммуникацияны, виртуалды ақпараттар жиынтығын айтамыз. 

Ақпараттық–әдістемелік  материалдар  коммуникациялық  байланыс  құралдарын 

пайдалану  арқылы  білім  беруді  жетілдіруді  көздейді  және  компьютерді  пайдалануға, 

модельдеуге,  электрондық  оқулықтарды,  интерактивті  құралдарды  қолдануға,  интернетте 

жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. 

Ақпараттық  технологияның  келешек  ұрпақтың  жан-жақты  білім  алуына,  іскер  әрі 

талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық 

жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. 

Болашақ 

мамандардың 

кәсіби  құзырлылығын 

қалыптастыруда 

ақпараттық-

коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  ақпараттық  қоғамның  қазіргі  дамуында 

жоғары оқу орындарына қойылатын негізгі  талаптардың бірі  болып табылады.  Ақпараттық 

қоғам  еңбек  мазмұнының  өзгеруіне  сәйкес  жылдам  бейімделетін,  жаңа  білімдерді, 

біліктіліктерді  және  дағдыларды  қысқа  мерзімде  игеру  қабілетіне  ие  болатын  мамандарды 

қажет етеді. 

Қазіргі 

кезде 


студенттерді 

оқыту 


үдерісінде 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды пайдалану жүйесін қалыптастырудың жолдары жетілдірілуде.       

Әлем ақпараттық қоғамға аяқ басқан қазіргі заманда ақпараттық мәдениет деңгейі кез-

келген  мемлекеттің  дамуының  басты  дәлелі  болып  отыр.  Еліміздің  білім  беру  жүйесінің 

басты  міндеттерінің  бірі  –  білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  болып  табылды.  Аталған 

бағытты  жүзеге  асыру  үшін  жаңа  буын  оқулықтарын  электрондық  нұсқаға  аудару  қажет 

болды.            

Электрондық  оқулық  –  курстың  теориялық  материалын  өз  бетінше  оқуға  негізделген 

және  жеке  білім  беру  траекториясымен  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  беретін  гипермәтіндік 

негізде  құрылған.  Ол  құрылымданған  оқу  материалынан  тұрады,  білімгерге  интерактивті 

бейнелердің  тізбектілігі  түрінде  ұсынылады,  тек  қана  мәтіннен  емес,  сонымен  қатар, 

мультимедиялық  қосымшалардан  да  тұрады.  Электрондық  оқулықта  оқытушыға  әрі  қарай 

талдау  жүргізуге  мүмкіндік  болатындай  білімгердің  іс-әрекетін  хаттамалау  мүмкіндігі 

қарастырылуы мүмкін. 

Электрондық оқулық – бұл бағдарламалы–әдістемелік кешен, компьютердің көмегімен 

дидактикалық  әдіс-тәсілдер және  ақпараттық  технологияны қолдануға негізделген ғылыми-

педагогикалық  құрал.  Электрондық  оқулықтарды  пайдалану  студенттердің  танымдық 

белсенділігін  арттырып  қана  қоймай,  ойлау  жүйесін  қалыптастыруға,  шығармашылықпен 

жұмыс  жасауға  жағдай  жасайды.  Электрондық  оқулықтың  мазмұны  студенттердің 

интеллектілік ойлау қабілетін дамытуға бағытталуы қажет.  

Қазіргі  заманғы  жаңа  технологияларды,  соның  ішінде  электрондық  оқулықтарды 

пайдалану  студенттердің  ақпаратпен  жұмыс  істей  білуін  қалыптастырады.  Электрондық 

оқулықтар  жоғары  ғылыми  және  әдістемелік  деңгейде  жасалынады.  Электрондық  оқулық 

арқылы  түрлі  суреттер,  анимация,  гиперсілтеме,  бейнекөріністер,  дыбыс  және  музыка 

тыңдатып  көрсетуге  болады.  Бұл,  әрине,  оқытушының  тақтаға  жазып  түсіндіргенінен 

әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Электрондық оқулықтардың тиімділігі: 

-

теориялық материалды өз бетімен оқып үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді; 



- сабақты иллюстрациялық материалдармен жабдықтауға көмектеседі; 

-  сабақта  және  сабақтан  тыс  уақытта  өз  бетімен  әртүрлі  деңгейлі  шығармашылық 

тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді.        



   Қазіргі  ақпараттандыру  дәуірінде  студенттердің  жеке  тұлғасын  қалыптастырып, 

ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім 

қабылдауына  қажет  ақпараттық  технологияларды  таңдап  алу  және  оларды  қолдану 

қабілеттілігін қалыптастыруда Интернет көздерін қолданудың маңызы зор. 

Онлайн  шаралары  да  бүгінгі  күндегі  ақпарат  алудың  тиімді  тәсілі.  Мысалы, 

қашықтықтан оқыту және онлайн конференциялар және т.б.                       

 

Соңғы  уақытта  қашықтан  оқыту  түрі  біршама  сұранысқа  ие.  Қазақстанда  қашықтан 



оқыту  жүйесіне  қызығушылық  өсуде.  Қазіргі  уақытта  қашықтан  оқыту  жүйесін 

республиканың  білім  беру  саласында  кеңінен  қолдану  оқытуды  жандандыруға  мүмкіндік 

беріп отыр. Қашықтан оқытуда көбіне интернет желісі қолданылады.  

 

Қашықтықтан  оқыту  -  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  көмегiмен 



тұрғылықты  жерінен  немесе  уақыттан  тәуелсiз  оқыту,  үйренушi  және  қашықтықтағы 

оқытушының өзара байланысты қатынасы негiзінде жүзеге асырылатын бiлiм беретін үрдіс. 

Қашықтықтан  оқыту  –  ол  студентті  өз  бетінше  оқытуға  үйрететін  оқу  үдерісінің  жаңа 

технологиясы.  Қашықтықтан  оқыту  жүйесі  студентке  оқып  жатқан  курсты  өз  бетімен 

электронды тасымалдауыштар арқылы меңгеруге, оқытушымен қосымша сабақтарды немесе 

диалогты интернет немесе электронды пошталар арқылы жүргізуге мүмкіндік береді. 

 

Қашықтықтан  оқыту  –  оқулық  материалды  жеткізу,  оны  өз  бетімен  оқып-үйрену, 



оқыту үрдісі қандай-да бір нақты оқу орнының орналасқан жеріне тәуелсіз болған жағдайда 

оқытушы мен білімгерлер арасындағы сұхбатты ұйымдастыру үшін қолданылатын дәстүрлі 

және  жаңа  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалануға  негізделген 

оқытудың интеграциялық нысаны.  

      

ҚазҰТУ-да  қашықтан  оқу  үрдісін  басқару  жүйесi  университеттiң  меншiктi  өңдеуi 



болып  табылатын  және  Moodle  жүйесiмен  интегралданған  ҚазҰТУ  бiлiм  беретiн  порталы 

негiзiнде құрастырылған. 

      

Қашықтан  білім  беру  институтының  барлық  студенттеріне  арналып  серверден 



виртуалды  "дербес  кабинеттер"  ашылған.  Осы  кабинеттер  арқылы  кез-келген  уақытта 

оқытушының  дәрістері  мен  әдістемелік  оқулықтарын  ашып  қарау  мүмкіндігі  бар.  Сонымен 

қатар  ұсынылған  тапсырмаларды  орындап,  қайтадан  жіберуге,  жеке  оқу  жұмыс  жоспарын 

алуға,  өзінің  оқу  траекториясын  құруға,  анықтамалық  мәліметтерді,  on-line  дәрiстері  мен 

емтихандардың кестелерiн ала алады. 

 

Серверде  интерактивті  бiлiм  беретiн  сандық  қорлар  базасы,  сонымен  қатар 



оқытушылардың дәрiстерiнің бейне курстары бар. 

      


Қазіргі уақытта вебинар қашықтан оқыту жүйесі шекарасында қолданылады.  

Вебинар мүмкiндiктері күндізгі оқитындардың мүмкіндігімен бірдей, көзбе-көз on-line 

арқылы оқытушымен қарым-қатынас бұл технологияны тiптi тартымды етері сөзсіз. 

 

«Вебинар» термині бізге ағылшынның «webinar» (web + seminar) сөзінен келген. 



 

Вебинар  –  Интернет  желісі  арқылы  қашық  режімде  сәйкесінше  техникалық 

құралдардың қолданылуымен жүзеге асырылатын семинар. 

 

Қажетті  техникалық  құралдарға  мыналар  жатады:  вебинарларды  жүргізуге  қажетті 



программалық  қамтамасыз  ету,  сонымен  қатар,  наушниктер  және  микрофон.  Сондай-ақ, 

вебинарларға  арналған  программалық  қамтамасыз  ету  веб-камераларды  пайдалануды 

қолдайды.  Веб-камералар  арқылы  қатысушылар,  мысалы,  оқытушы  мен  білімгерлер  бірін-

бірі көрулеріне мүмкіндік туады.      

Еліміздің  орта  білім  беру  жүйесінде  E-learning  электрондық  оқыту  жүйесі 

қолданылады. E-learning (ағылшын тілінен Electronic Learning қысқартылған) – электрондық 

оқыту  жүйесі,  электрондық  оқыту,  қашықтықтан  оқыту,  компьютердің  көмегімен  оқыту, 

желілік  оқыту,  виртуалды  оқыту,  ақпараттық,  электрондық  технологиялардың  көмегімен 

оқыту  терминінің  синонимі

E-learning  –  Интернет  және  мультимедиа  көмегімен  оқыту.



 

E-

learning  негізгі  элементтерінің  бірі  ретінде  LMS  (Learning  Management  System)  немесе 



қашықтықтан оқыту жүйесі

 

қарастырылады.  




Қазіргі  кезде  елімізде  «интерактивтік  трибунаны»  қолдану  жүзеге  асырылуда. 

Интерактивтік  трибуна  –  бір  корпуста  жинақталған  қазіргі  заманғы  интерактивті 

технологиялар  мен  жабдықтардың  жиынтығы.  Ол  әрбір  адамға  жоғары  деңгейде  дәріске 

дайындалуға,  жүргізуге  және  баяндама  жасауға  мүмкіндік  береді.  Интерактивтік  трибуна  – 

компьютер немесе ноутбуктен, микрофон, дауысты күшейткіш аппаратурадан, кең форматты 

сұйық  кристалды  интерактивті  планшетті  монитордан,  құрастырылған  контроллердан  және 

т.б.  тұрады.  Интерактивтік  трибуна  –  оқу  үдерісіне  және  дәрістерді  жүргізуге  арналған 

қазіргі заманғы, мобильді инструмент болып табылады.       

Республикамыздың  білім  беру  жүйесінде  білім  сапасын  арттыру  мақсатында  оны 

инновациялық  технологиялармен  байытуға,  оқытудың  интенсивтілік  сипатын  арттыруға 

мүмкіндік  беретін  құралдар  мен  әдіс-тәсілдерін  анықтауға  және  оқытудың  нәтижеге 

бағдарлануына, сөйтіп жеке тұлғаның дамуын қамтамасыз етуге жағдай туғызатын әлемдік 

тенденцияларға назар аударылуда. 

Ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  студенттердің  ғылыми-

танымының  қалыптасуына,  олардың  ойлау  мүмкіндіктерінің  дамуына,  мамандыққа 

даярлығын жетілдіруге үлкен септігін тигізеді.         

Қазіргі  қоғам  –  жаңа  ақпараттық  технологиялар  дәуірі.  XXI  ғасыр  –  бұл  ақпараттық 

қоғам  дәуірі,  технологиялық  мәдениет  дәуірі.  Қоғамның  ақпараттануы  бүкіл  дүние  жүзінде 

шексіз ақпараттық  кеңістік қалыптастыра отырып, өндірісті, білім беруді  және адамдардың 

тұрмыс-тіршілігін  түбегейлі  өзгертуде.  Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  және 

ғаламдық Internet желісінің дамуы еліміздің халық шаруашылығының барлық салаларындағы 

қызметтің тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік беріп отыр.                  

Ақпараттық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және 

оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие 

болып отыр.    

Қорыта айтқанда, оқу үдерісінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды 

қолдану  оқыту  мүмкіндіктерін  кеңейтеді,  жаңа  технологияларды  пайдалану  білім  беру 

сапасын арттыруға ықпал етеді, білім беру үрдісін жаңа деңгейге көтереді.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

 

1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 2007 жылғы 27 шілде, N 319. 



2.  Жұмашева  Ж.Т.  Онлайн  режімінде  вебинар  форматында  дәріс  сабақтарын  жүргізу/ 

«Садықов оқулары: білім беру кеңістігіне инновациялық технологияларды енгізу мәселелері 

және  жолдары»  тақырыбындағы  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция 

материалдары. 26-28.09.2013, Алматы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 2013, б.316-317.    



 

 

 



 

 

жүктеу 200,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау