4. Ақпараттық жүйелерді талдау мен жобалаудың негіздері. Жобалаудың негізгі қағидалары.
АЖ-дің жобасының негізін құраушылар:
жобалаудың әдістері.
Жобалаудың технологиялары.
Жобалаудың аспаптық құралдары(CASE құралдары)
АЖ-ді жобалаудың әдістері және технологиялары.
Жобалау әдістері мен инструменталды құралдары (CASE-құралдары) АЖ-нің жобасын орындаудың формальданған пәнінің орталық бөлігін құрайды.
АЖ-ді жобалаудың әдісі дегеніміз нақты анықталған нотацияларды қолданып әзірленетін жүйенің әртүрлі аспектілерін сипаттайтын модельдерді жасаудың процестерінің жиынтығы.
Әдіс мынандай құраушылардың жиынтығы ретінде анықталады.
1)Концепциялар және теориялық негіздер.Бұндай негіздер ретінде құрылымды немесе объектіге бағытталған тәсіл қарастырылады;
2)Жобаланатын жүйенің тәртібінің динамикасының және статикалық құрылымының модельдерін тұрғызуда қалданылатын нотациялар; әдетте нотациялар ретінде графиктік диаграммалар қолданылады, себебі олар неғырлым көрнекті және қабылдауға қарапайым.
(Мысалы: мәліметтер орнының диаграммалары, “мән-байланыс” диаграммасы-құрылымдық тәсілде, ал 0-ге бағытталған тәсілде қолдану қолдану нұсқаларының диаграммалары, кластар диаграммасы).
3) Әдістің практикалық қолданысын анықтайтын процедуралар: модельдерді тұрғызу тізбектілігі және ережелері, нәтижелерді бағалауда қолданылатын критерийлер.
Жобалаудың технологиясы төмендегі құраушылардың жиынтығы ретінде анықталады:
Жобалаудың технологиялық амалдарының тізбегін анықтайтын қадамдық процедуралар;
технологиялық амалдарыдың орындалу нәтижесін бағалауда қолданылатын критерийлер мен ережелер;
Жобаланатын жүйені сипаттау үшін қолданылатын графикалық және мәтіндік құралдар;
Ақпараттық жүйелерді жобалаудың модельдері мен әдістері
Қолданбалы программа пакеті базасында компьютерлік ақпаратты және жүйені басқарушыны құрастыру. БАӨКЖ–ді құрудың іріленген тобырлар: жоба алдындағы тексеру, ТЭН есептеу, техникалық тапсырманы өңдеу; жобаларды өңдеу – техникалық жобалау, жұмыстық жобалау; қолдануға енгізу – жұмыстың жобасын өңдеу, тәжірибелік қолдану, өндірістік қолдану. БАӨЖК–дің күтілген экономикалық тиімділікті есептеу.
БАӨЖК–ді өңдеудің индустиальды әдістері: объектілік, элементті, ішкіжүйелік және модельді.
ОЦ-дің моделі дегеніміз ОЦ барысында орындалатын міндеттер мен әрекеттердің, процестердің орындалудың және өзара байланысының тізбегін анықтайтын құрылым. ОЦ-дің моделі АЖ-дің ерекшелігіне байланысты.
Қазіргі кезде ОЦ-дің екі моделі кеңінен тараған:
1)каскадты модель(70-85ж)
2)спиральді модель(86-90ж)
Каскадты модельдің негізгі мінездемесі АЖ-ні әзірлеуді кезеңдерге бөлу, бір кезеңнен екінші кезеңге өту ағымдағы кезеңдегі жұмыс толығымен аяқталғанда ғана жүреді. Әрбір кезең АЖ-ні әзірлеу әзірлеушілердің басқа командасына тапсырылатындай құжаттардың толық жинаымен аяқталады.
Каскадты модельдің жағымды жақтары:
әрбір кезеңде аяқталған жобалау құжаттарының пакеті қалыптасады.
Логикалық тізбектегі жұмыс кезеңдері барлық ...
Каскадты тәсіл АЖ-ні әзірленудің басында әзірленушілерге барлық талапларды толық және дәл қоятындай АЖ-ді тұрғызуда өте ыңғайлы.
Негізгі кемшілігі: нәтижелерді алудың көп кешіктірілуі
Корпоративті ақпараттық жүйелерді жобалаудың технологиясы
Мультикомпонентті ақпараттық және басқарушы жүйелерді жобалау әдістері. «Дуализм» және көпкомпонентті принциптері.
Өндірістік кәсіпорындардың корпоративті ақпараттық жүйелері. Жаңа автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді жобалау кезеңдері: Бизнес–модель жасау және талдау. Бизнес–модельде формализациялау, бизнес–процестердің логикалық моделін жасау. Лингвистикалық қамтаманы таңдау, программалық қамтама жасау. ААЖ–ді тестілеу және іске асыру. Жүйелерді эксплуатациялау, іске қосу және бақылау.
Соңғы уақыттарда мекемелерде корпоротивті ақпараттық жүйелерді тұрғызу маңыздылығы қазіргі таңдағы шарттарда бизнесті басқарудың қажетті инструменті ретінде қарастырылып отыр. Корпоративті ақпараттық жүйелер – бағдарламалық қамтамасыздандыру орнатылған және бапталған арнайы бағдарламалық өнім және есептегіш аппараты платформаның жиынтығы.
Корпоротивті ақпараттық жүйелерге маңызды әсер ететін 3 факторды ерекше атауға болады;
мекемені (кәсіпорынды) басқарудің әдістемесін дамыту;
компютерлік жүйелердің жалпы мүмкіндіктері мен өнімділігін дамыту;
ақпараттық жүйелердің элементтерінің техникалық және бағдарламалық жүзеге асырылу тәсілдерін дамыту;
Әр факторды жекелей қарастырайық :
1) Мекемені басқарудың теориясы өте кең пән ретінде қарастырылады, сондықтан үнемі оқып үйрену мен дамытуды талап етеді. Бәсекелестіктің өсуіне байланыстыкомпания жетекшілеріне нарықты өздерінің бар болуын сақтап қалатын жаңа әдістерді іздеуге мәжбүрлейді . Сол себептен қазіргі замандық ақпараттық жүйелер менеджмент теориясы мен практикасындағы жаңа кірістірулермен қатар жүру к/к;
2) Компютерлік жүйелердің қуаттылығы мен өнімділігі прогресі, желілік технологиялар мен мәліметтерді жіберу жүйесінің дамуы, компютерлік техниканың әртүрлі жабдықтармен интеграциясының кең мүмкіндіктері қпараттық жүйелердің өнімділігі мен қызметін үнемі дамытып отыруды талап етеді.
3) Ақпараттық жүйелердің аппараттық бөлігінің дамуы мен бірге соңғы жылдары ақпараттық жүйелердің бағдарламалық – технологиялық жүзеге асырылуының жаңа, неғұрлым ыңғайлы және әмбебап әдістерін іздеу тұрақты жүріп жатыр. Соңғы уақытта ақпараттық жүйелердің дамуына үлкен әсер еткен маңызды жаңалықтар мыналар болды:
1) Бағдарламалаудың жаңа тәсілі , яғни объектілі – бағдарлы бағдарламалау тілінің пайда болуы.
2) Желілік технологиялардың дамуына байланысты локальді ақпараттық жүйелер клиент – серверлік және көп деңгейлі ақпараттық жүйелермен ауыстырулыда.
3) Интернеттің дамуы қашықта орналасқан бөлімшелермен жұмыс жасау мүмкіндігін берді. Интернет арқылы сатып алушыларға қызмет көрсете отырып, электронды комерцияның келешегін ашып берді. Мекеменің ішкі желісінде интернет технологияларында ,яғни интернет - технологияларды қолдану жетістіктерін берді.
Корпоративті ақпараттық жүйелердің негізгі құраушылары :
Мекеменің компютерлік нфрақұрылымы. Ол желілік, телекомуникациялық, бағдарламалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық инфрақұрылымдар жиынтығы.
Мекеменің компютерлік инфрақұрылымын корпоротивті желі деп те атайды.
2) Өзара байланысқан қызметтесішкі жүйелер:Бұл мекеменің есептерін шешуді және мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді.
Ақпараттық жүйені жобалауды тиімді əдістер мен жабдықтарды қолдану сапалы жүйені құруға мүмкіндік береді жəне шығындарды аз жұмсауға болады. Ақпараттық жүйені жобалау əдістері бұл жобалаудың сəйкес жабдығын қолдану арқылы ақпараттық жүйені құрудың əдістері.
Жобалау жабдықтарына мыналар жатады:
1)типтік жобалау;
2)қолданбалы программ алар пакеті;
3)ақпараттық жүйенің типтік жобасы;
4)жобалаудың құрал'жабдықтары.
Оптимизациялау дəрежесі бойынша жобалаудың барлық əдістері:
1)ерекше
2)типтік
3)автоматизациялау
Достарыңызбен бөлісу: |