«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша


Курстың/пәннің/юниттің атауы



жүктеу 11,18 Mb.
бет7/68
Дата24.12.2017
өлшемі11,18 Mb.
#5821
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Математика І-ІІ

Пәннің коды: Mat1201

Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1-2

Кредит саны: 6 KZ кредиті

Дәріс беруші: Әбжанов Е. -ф-м.ғ.к, аға оқытушы;

Курстың мақсаты: Математика пәнін жаңа әдіспен оқыту процесінің негізгі мақсаты:

- инженерлік салада математикалық аппараттарды жүйелі түрде пайдаланып, студенттердің мамандығына деген қызығушылығын арттырып, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту;

- математикалық білім берудің мақсаты мен міндеттерін іске асыруға бағытталған математиканы пайдалану арқылы шешілетін есептерді кең қолдану;

- білім бере отырып, студенттерді тәрбиелеу, оларды әр түрлі ақпаратттар ағынына өзіндік талдау жасауға үйрету;

- математикалық білім деңгейлерін көтеріп, қажетті ой сапаларын қалыптастыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Математика, алгебра, геометрия

Курстың/пәннің мазмұны: Сызықтық алгебра мен аналитикалық геометрияның элементтері. Анализге кіріспе. Бір айнымалы функцияларының дифференциалдық есетеулері және олардың қолданылулары. Бір айнымалы функцияларының интегралдық есептеулері және олардың қолданылулары.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Әубәкір С.Б. Жоғары математика. Алматы, 2000. 1,2-бөлім.



  1. Минорский В.П. Сборник задач по высшей математике.М.: Наука, 1978.

  2. Данко П.Е., Попов А.Г. Высшая математика в упражнениях и задачах. Ч. 1 и 2, М.:ВШ, 1974.

  3. Пискунов Н.С. Дифференциальное и интегральное исчисления. М.: Наука, 1978.

  4. Шипачев В.С. Высшая математика. М.: ВШ, 1985.

  5. Қазешев А.Қ. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. А.: Ғылым, 2005.

  6. Бектаев Қ. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Алматы, 1991.


Сабақ беру әдістері: оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ,орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интерактивті такта, кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК- Республикалық ЖОО аралық электронды кітапханалар).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Физика 1

Пәннің коды: Fiz1202

Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Сапарходжаев П.-ф-м.ғ.к.,доцент

Курстың мақсаты: Негiзгi физикалық құбылыстармен идеяларды оқып-үйрену; қазiргi және классикалық физика теориясы мен заңдарын, қалыптасқан түсiнiктердi, сондай-ақ физикалық зерттеу әдiстерiн бiлу; ғылыми көзқарас пен қазiргi физикалық ойлауды қалыптастыру; физиканың әртүрлi облыстары бойынша нақты есептердi шығару әдiстерi мен жолдарын үйрену; қазiргi ғылыми аппаратуралармен танысу, физикалық эксперименттер жүргiзуге iскерлiктi қалыптастыр; болашақ мамандығы бойынша қолданбалы есептердi физикалық моделдеуге қалыптасу.

Деректемелері/Пререквизиттері: физика, математика

Курстың/пәннің мазмұны: Механика. Кинематика. Материалық нүктенің және қатты дененің динамикасы. Сақталу заңдары. Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Тұтас орталар механикасының элементтері. Тербелістер мен толқындар. Молекулалық физика және термодинамика. Статистикалық физика және термодинамика. Статистикалық үлестірілу. Термодинамика негіздері. Тасымалдау құбылысы. Реал газдар. Электр және магнетизм. Электрстатика. Тұрақты электр тогы. Магниттік өріс. Заттағы магниттік өріс. Электрмагниттік индукция құбылысы. Максвелл теңдеулері. Электрмагниттік индукция құбылысы. Максвелл теңдеулері. Электрмагниттік тербелістер.
Ұсынылатын әдебиет:

1. Қожанов Т.С., Рысменде С.С. Физика курсы. 1 том. Механика. Молекулалық физика. Термодинамика. Алматы, 2001.-173 бет.



  1. Қожанов Т.С., Рысменде С.С. Физика курсы. 2 том. Электр және магнетизм. Оптика. Атом және ядролық физика. Алматы, 2003.-197 бет.

  2. Фриш С.Э., Тиморева А.В. Жалпы физика курсы. І том. Механиканың физикалық негiздерi. Молекулалық физика. Тербелiстер және толқындар.-Орыс тiлiнде 10-басылуына сәйкес қазақша 2-басылуы.-“Мектеп“ баспасы, Алматы, 1971.-500 бет

  3. Фриш С.Э., Тиморева А.В. Жалпы физика курсы. І І том. Электрлiк және электромагниттiк құбылыстар.-Орыс тiлiнде 9-басылуынан аударылды.-“Мектеп“ баспасы, Алматы.-1970.-500 бет.

  4. Полатбеков П. Оптика. Педагогикалық институттардың физика-математика факультеттерiне арналған оқулық.-“Мектеп“ баспасы, Алматы, 1967.-275 бет.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интерактивті такта, кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Инженерлік графика

Пәннің коды: IG1204

Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Жапақова Д.Ө., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Кеңістік туралы түсініктер мен болжамдарды, конструкторлы ойлау қабілетін дамыту; кеңістік пішіндері мен құбылыстарды талдау және оларды жинақтап, қорытынды жасай білу; түрлі геометриялы пішіндерді жасаудың тәсілдерін үйрету; геометриялы денелердің кеңістік пішіндерін графикалық модельдері болып табылатын сызбаларын салу тәсілдерімен танысу және оны игеру; конструкторлық құжаттаманы орындау мен безендіру ережелерін үйрету

Деректемелері/Пререквизиттері: математика, гометрия, сызу

Курстың/пәннің мазмұны: Нүкте, түзу, жазықтық; геометриялық элементтердің өзара орналасуы; эпюрлерді түрлендіру; беттер, беттердің өзара қиылысуы; проекциялық сызу; бұрандалы қосылыстар; заттарды эскиздеу; құрастырылған бұйымдар; құрылыс сызбалары; темірден істелінген құрылымдар; темірбетоннан жасалған құрылымдар; ағаштан істелінген құрылымдар.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Есмұханов Ж.М, Қонақбаев К.Қ. Сызба геометрия Мектеп 19б8ж.

  2. Ақпанбек Ғ. Сызба геометрия. Алматы 1992ж.

  3. Виноградов В.Н. Начертателъная геометрия. Москва1984г.

  4. Брилинг. Задания по черчению.

  5. Х.А. Арустамов Сборник задач по начертательной геометрий Москва 1978г.


Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интерактивті такта, кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Химия

Пәннің коды: Him 1201

Пәннің типі: Базалық, таңдау компоненті

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Файзуллаева М.Ф., х.ғ.к., акад.доцент

Курстың мақсаты: Химия пәнінің мақсаты жоғары деңгейдегі маман дайындау үшін химиялық негіздерін және процестердің химизмі туралы кеңейтілген білім жүйесін қалыптастыру; химиялық процестермен байланысты арнайы пәнді игеруге дайындау.

Деректемелері/Пререквизиттері: химия

Курстың/пәннің мазмұны: Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары. Атом құрылысы және периодтық заң. Химиялық байланыс. Заттың құрылысы. Химиялық термодинамика. Химиялық реакциялар энергетикасы. Өздігінен жүретін процестердің өту шарттары. Химиялық және фазалық тепе-теңдіктер. Хмиялық кинетика. Реакция жылдамдығы және оны реттеу әдістері. Катализаторлар және каталитикалық жүйелер. Ерітінділер. Тотығу-тотықсыздандыру реакциялары және электр химиялық процестер. Металдар коррозиясы.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Бірімжанов Б.А.Жалпы химия, Алматы, 1991 ж

2. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия, Алматы 1994 ж

3. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Мұратбеков М.Б.

4. Анорганикалық қосылыстардың құрылысына теориялық кіріспе. Алматы 1978

5. Глинка Н.Л. Задачи и уупражнения по общей химии л. 1986

6. Гольбрайх З.Е. Практикум по неорганической химии. М. Высшая школа , 1986

7. Лучинский Г.П.Курс химии М. Выша школа 1985

8. курс общей химии /под редакцией Коровина/ М. Высшая школа 1990

9. Глинка Н.Л. Общая химия Л Химия 1986: 1988 гг



10. Князев Н.Л. Смарыгин С.Н.Неорганическая химия М. Высшая школа 1990 г.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интерактивті такта, кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары.ЖОО аралық электронды кітапхана.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Химиялық талдау

Пәннің коды: HT1207

Пәннің типі: Базалық, таңдау компоненті

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Балықбаева Г.Т., х.ғ.к, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Химия табиғат заңдарын ашуда, материяны түсiнуде, заттар айналымын ұғынуда маңызды. Өнеркәсiптегi технологиялық процестер – химиялық реакциялардың түрлi заңдылықтарымен байланысты жүзеге асырылады. Химия заңдарын түсiну, химиялық реакциялар механизмiн ұғыну қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн шешуде қолданылады. Химиялық талдау курсында негiзгi назар талдаудың химиялық және физико-химиялық әдiсiн зерделеуге аударылады. Қазiргi кезде жоғары квалификациялы маман-инженерлердi дайындау мақсатында химиялық талдау курсында аналитикалық химияның теориялық негiзi, қосылыстар мен өнiмдердiң химиялық құрамын зерттейтiн сапалық және сандық талдау әдiстерi, әр түрлi технологиялық, өндiрiстiк және табиғи процестердi бақылауда химиялық талдау әдiстерiнiң қолданылуы т.б. тақырыптар қарастырылады.

Деректемелері/Пререквизиттері: Химия

Курстың/пәннің мазмұны: Аналитикалық химия негіздері, қосылыстар мен өнімдердің химиялық құрамын зерттеудің сапалы және сандық әдістері; өнеркәсіп пен қоршаған ортаның құрауыштары мен объектілерін және техногенді қызмет өнімдерін талдаудың химиялық әдістері; әр түрлі технологиялық, өндірістік және табиғи процестерді бақылау үшін химиялық талдау әдістерін қолдану.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Пилипенко А.Т., Пятницкий И.В. Аналитическая химия, часть 1,2. М Химия, 1990

  2. Крешков В.И. Основы аналитической химии. М, Госхимиздат, 1987

  3. Васильев В.П. Аналитическая химия. М: Высшая школа, 1989

  4. Посыпайко В.И. Химические методы анализа. М: Высшая школа, 1989

  5. Кулажанов К.С. Аналитикалык химия. Алматы: Білім, 1994

  6. Логинов Н.А., Воскресенский А.Г., Солодкин И.С. Аналитическая химия. Москва: Про-свещение, 1979

  7. Цитович И.К. Курс аналитической химии. М: Высшая школа, 1977

  8. Алексеев В.Н. Количественный анализ. М. Химия, 1972

  9. Ярославцев А.А. Сборник задач и упражнений по аналитической химии. М. Высшая школа 1973

10. Под. ред. В.Д Пономарева. Практикум по аналитической химии. М Высшая школа, 1983

11. Под. ред. В.Д. Петрухина. Практикум по физико–химическим методам анализа. М: Выс шая школа, 1983



Сабақ беру әдістері: интерактивті Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интерактивті такта, кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Жеке пәндерді сипаттау
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экономикалық теория негіздері

Пәннің коды: Ektn 2109

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: Жүсіпов А., аға оқытушы

Курстың мақсаты: «Экономикалық теория негіздері» пәнінің мақсаты- студенттердің заман талабына сай экономикалық ой-өрісін кеңейту болып табылады. Ол қазіргі демократиялық қоғам идеясымен жаңа қағидаларға сүйеніп, ұлттық және әлемдік экономикалық ойларға бағытталуы қажет.

Қазақстан Республикасындағы экономика жаңа қатынастардың сапалы экономикалық, рыноктік ой қорларының мол болуын қамтиды. Пәнді оқытудың негізгі міндеттері: экономикалық ілімнің пайда болуы мен дамуы туралы мәселелерді; студенттерге адамзат қоғамының даму сатыларындағы материалдық, рухани игіліктерді өндіру жолдарын айқындауды; өндірістің негізгі факторларын; нарық қызметтерімен инфрақұрылымын; әлеуметтік - экономикалық жағдайларды талдау; қазіргі қоғамды дамыту мүмкіндіктерін түсіндіру және оқып үйрету.



Деректемелері/Пререквизиттері: Математика, әлеуметтану

Курстың/пәннің мазмұны: Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Экономиканың негізгі мәселелері. Экономикалық категориялар және заңдар, экономикалық үрдістерді оқу әдістері, ерекшеліктері. Меншік қатынастары және экономикалық жүйелер типтері. Нарықтың қалыптасу заңдары және посткеңестік елдердегі нарықтың құрылу ерекшеліктері; нарықтың негізгі заңдары мен категориялары; жеке ұдайы өндірістің қағидалары, шығындардың қалыптасу ерекшеліктері мен түрлері, өндірістік факторлар нарығының, олардың бағасы мен табысының ерекшеліктері. Микро және макродеңгейдегі экономика мәселелерінің өзара байланысы, макро-экономиканың қызмет ету заңдылықтары; экономикалық өсу және оның түрлері; экономикалық цикл және әлеуметтік-экономикалық циклдылық мәселелері. Қазіргі экономикалық жүйедегі мемлекет. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі ақша- несие және қаржы саясатының ролі. Әлеуметтік саясаттың негізгі заңдылықтары. Халықаралық экономикалық қатынастар және олардың негізгі формалары.

Ұсынылатын әдебиет: Экономикалық теория негіздері. Оқулық- Алматы, Санат 1998, Экономикалық теория. Оқу құралы- Алматы, 1999, Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Редактор жетекшісі Шеденов Ө.Қ. Алматы-Ақтөбе 2002, Экономикалық теория негіздері. Оқу- көрнекілік құрал. Л.М. Куликов- М, 1993, Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері,- Алматы 2002

Сабақ беру әдістері: интерактивті Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интерактивті такта, кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Шетел тілі

Пәннің коды: Sht2107

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Дәріс беруші аға оқытушылар: Оспанова Б.Ж.,Танибергенова С.С.

Пререквизиттер: Жоғары оқу орнына дейінгі білім алушылардың шет тілі курсынан мектеп бағдарламасы аясында меңгерген біліктіліктерін және ауыз екі тіліндегі сөйлесім, жазылым, оқылым, тыңдалым дағдыларын ескеру.

Курстың мақсаты: Студенттерді күнделікті өмірде, тұрмыста кездесетін формалар, ауызекі сөйлесу тілі және белгілі бір мамандық саласында күнделікті, өмірде, кәсіби қарым-қатынас жасағанда шет ел тілін белсенді қолдана білуге үйрету. Сонымен қатар оқу бағдарламасында белгіленген шектеулі сағат көлемінде студенттерге мамандығы бойынша шет ел тілінде кәсіптік бағдарда білім берумен қатар этномәдени, рухани тақырыптардан ақпарат беріп, соның нәтижесінде жаратылыстану және гуманитарлық саладағы болашақ мамандарды оқытуды гуманизациялауды іске асыру.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Шет ел тілі курсын меңгеру барысында студент төмендегі талаптарды меңгеруі тиіс:фонетика: дыбыстардың оқылу ережелері және алфавиттегі әріптерді сөз тіркесінде, әріп тіркестерінде, сөйленімдерде, дұрыс айту; орфография: белгілі бір дыбыстарға сәйкес келетін әріптер мен әріп тіркесін жаза білу, негізгі тілдік қолданыста жиі кездесетін белгілерінің орфография жағынан дұрыстығы, сәйкестігі; лексика: сөзжасам үлгілері, көп мағыналы сөздердің контекстегі мағынасы, оқылатын мамандыққа байланысты терминдер мен лексикалық құрылымдар; грамматика: негізгі жаратылыстану-гуманитарлық мамандықтары саласында жиі кездесетін грамматикалық құбылыстар.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Inside out Grammar companion (Elementary), 2007

  2. А.С. Восковская, Г.А.Карпова Английский язык для вузов Ростов-на –Дону «Феникс» 2005

  3. К.Жаңабаева. Basic English. Практическое пособие по изучению основ английского языка. Алматы, 2003

  4. Liz and John Soars. New Headway. Elementary. Student’s book. Oxford. 2000

  5. Liz and John Soars. New Headway. Elementary. Work book. Oxford. 2000

  6. Дудкина г.А., Павлова М.В. Учебник английского языка для делового общения М, 1996.


Сабақ беру әдістері: Проблемалық, ізденушілік, ауызша баяндау әдістері, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: Баллдық-рейтинг жүйесі (ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан)..

Оқу тілі: қазақ тілі,орыс тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу-әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Құқық негіздері

Пәннің коды: KN 2110

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: Жусупбекова М.Қ.-з.ғ.к.,доцент;

Курстың мақсаты: Заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет пен құқық теориясының, мораль ұғымының басты түсінігін студенттердің білуі; ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру; Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру;

Қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси- құқықтық жолдарын анықтау; Студенттердің ҚР конституциялық құрылымын, мемлекеттік билік жүйесін және олардың басқа қоғамдық- саяси институттармен өзара қатынасын білуі; Студенттердің адам және азаматтық құқықтық жағдайын негіздерін білуі;



Студенттердің егеменді Қазақстанның құқық салаларын білуі (азаматтық, отбасы, еңбек, әкімшілік, қаржы, қылмыстық т.б.)

Деректемелер/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мемлекет және құқық тарихы, Экономикалық теория

Курстың/пәннің мазмұны: «Құқық негіздері» курсы әлеуметтік-гуманитарлық цикл пәндерінің бірі ретінде жоғары білімді мамандар даярлауда үлкен маңызға ие. Қазіргі уақытты алғышарттардың бірі болып құқықтық тәрбие, заңдық білімдерді нақтылау сияқты мәселелер қарастырылуда. Осыған байланысты аталмыш курс бағдарламасында демократиялық, құқықтық мемлекет құру, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының негізгі қағидалары, заң және оның түрлері сияқты ұғымдар тереңірек қарастырылады. Мемлекет пен құқық негізі ұғымдары мен түсініктері. Құқықтық қатынастар. Заңды мінезқұлық және құ-қық бұзушылық. Заңды жауапкершілік. Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының негіздері. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық негіздері. Қазақстан Республикасының отбасы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылуы негіздері. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы негіздері. Қазақстан Республика-сының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері. Халықаралық құқық негіздері т.б.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Қазақтың ата заңы 1,2,3,4,5,6,7,8,9,

  2. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық негіздері Алматы, 1999ж.

  3. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, Жеті жарғы, 2006ж.

  4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Оқулық. Ерекше бөлім, Алматы, 2000 ж.

  5. Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997ж.

  6. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы, 1997ж,

  7. Төлеуғалиев Г.И. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. А., 2001ж.

  8. Баққұлов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2001ж.

  9. Дулатбеков, Амандықова, Турлаев. Қазіргі Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004ж.

  10. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Алматы, «Жеті Жарғы» 2006 ж.



Курстың/пәннің/юниттің атауы: Философия

Пәннің коды: Fil 1106

Пәннің типі: Жалпы білім беру, мміндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

жүктеу 11,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау