Ақпараттық-библиографиялық қызмет секторы Ел жүрегі Астана



жүктеу 3,19 Mb.
бет4/13
Дата23.11.2018
өлшемі3,19 Mb.
#24199
түріБиблиографический указатель
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Тың игеру

Кішкене қаланың тарихында ең елеулі кезеңдерінің бірі ССРО партиясы мен үкіметінің тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылдауымен басталды. Жас адамдар Кеңес Одағының барлық қалаларынан КПСС ОК бас хатшысы Н.Хрущевтің идеяларын өмірге келтіруді бастады. 1954 жылғы 2 наурызда Алматыдан еріктілер мінген бірінші эшелон, ал 5 наурызда — мәскеулік тың  игерушілер эшелоны келді. Деректерге сәйкес 1952-1958 жылдар кезеңінде Ақмола облысына 270 мың адам келеді.

Тың жерлерді игеруге орай Ақмола облысы елдің ең басты астықты аймағына және ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың ірі орталығына айналды. 1953-1956 жылдар ішінде облыста 3,5 млн.га тың жер көтерілді. Қала өркендеп дами бастады және 1960 жылы 26 желтоқсанда Астықты өңірді құру туралы жарлық шықты. Ал 1961 жылдан бастап қала Целиноград атала бастады.



Қазақстанда астанасы Целиноград болатын Астықты өңірді құру сияқты      Н. Хрущевтың тағы бір идеясын орындау мақсатында ССРО Министрлер кеңесінің қаулысы қабылданып қаланы дамытудың бас жоспары, сондай-ақ Оңтүстік — Шығыс бағытта ескі құрылысты қайта жарақтау және жаңа құрылысты дамыту жоспары әзірленді. 1963 жылы 6 қарашада Целиноградта телеорталық жұмыс істей бастады. Ол кезде Латвия архитекторларының жобасы бойынша салынған Тыңгерлер Сарайы ашылды. Ол 2355 орынға есептелген және көлемі мен жабдықтар жүйесі бойынша ол кездегі Кремльдің съездер сарайынан кейінгі ССРО-да екінші саналды.

 

ЖАҢА АСТАНА


1992 жылы Целиноград қайта Ақмола атана бастады. Ал 1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесінің астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулысы қабылданады.

1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдайды. Ол қаланың ел ортасында тиімді геосаяси орналасуымен, ірі көлік жолдарының қиылысында орналасуымен, қажетті көліктік және телекоммуникациялық инфрақұрылымдардың болуымен, астананы дамыту үшін бос жерлердің болуымен негізделді. Қалада ол кезде 319 мың адам болды. Қала аумағы 1997 жылы 258 км.м болды, ал бүгінде Астана 710,2 км.км құрайды.

1998 жылы алтыншы мамырда ҚР Президентінің жарлығына сәйкес Ақмола Астана болып аталатын болды. 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Қазақстан астанасына медаль беріліп «Әлем қаласы» жоғары атағы берілді.



Бүгінгі күні Астана — қазіргі заманның саяси, экономикалық және    әлеуметтік — мәдени проблемалар бойынша түрлі кездесулер өткізілетін, көптеген шетелдік инвестициялар тартылатын, сәулет өнерінің біртуар туындылары көтерілетін және ең батыл идеялар өмірге енетін еуразиялық кеңістік орталығы. Қазақстанның жаңа астанасының келбетінде терең саяси, рухани және философиялық мән жатыр. Бұл жай ғана қазіргі заманғы мегаполис қана емес, біздің мемлекетіміздің қайта тууының, жаңару мен Қазақстан халқының терең де дәл руханилықты иелену белгісі. Астана қазақстандықтардың барлық буынының арманы, үміті мен келешегі байланысқан қала болды.


жүктеу 3,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау