«Аќпараттандыру туралы» 2007 жылєы 11 ќаѕтардаєы №217-iii ќазаќстан Республикасыныѕ Заѕы


Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен



жүктеу 284 Kb.
бет2/5
Дата14.11.2018
өлшемі284 Kb.
#20203
1   2   3   4   5
Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

 

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ақпараттандыру саласындағы құзыреті



Қазақстан Республикасы Үкіметінің ақпараттандыру саласындағы құзыретіне:

1) басым дамудың, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу, салалық (секторлық) бағдарламаларды бекіту;

2) халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету;

3) ақпараттық жұмыстардың және электрондық қызметтер көрсетудің нарығын қалыптастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

4) «электрондық үкіметті» қалыптастыру мен оның жұмыс істеу, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды және мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру мен дамыту және олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігінде өзара іс-қимыл жасау жағдайларын қамтамасыз ету;

5) мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының жүйесін дамытуға, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдануға жағдай жасау;

6) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану жөніндегі шараларды әзірлеу мен жүзеге асыру, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерге мемлекеттік және жеке меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету;

7) ақпараттандыру саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;

8) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ережені және оның құрамын бекіту;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді



9) ақпараттандыру саласындағы операторды, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторын және мемлекеттік органдардың бiрыңғай көлiк ортасының операторын айқындау;

10) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту;



11) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар міндетті түрде беретін құжатталған ақпарат пен электрондық құжаттардың тізбесін бекіту;

12) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесін бекіту;

2011.21.07. № 468-ІV ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды

12-1) халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесінің мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу тәртібін бекіту;

13) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің және депозитарийдің мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережелерін бекіту;

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу тәртібін бекіту;

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

15) мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру тәртібін айқындау;



2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды; 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

16) 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 17), 18), 19) және 20) тармақшалармен толықтырылды

17) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18) мемлекеттік органдардың өз құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету мерзімдерін белгілеу;

19) электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетудің үлгілік регламентін бекіту;



2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

19-1) бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлiк жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту;



2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.

 

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 468-ІV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



6-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті органның құзыретіне:

1) ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

3) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу;

4) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастыру, ақпараттандыру саласын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және жұмыс істеуінің орнықтылығын арттыру;

5) ақпараттандыру саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;

6) электрондық қызметтер көрсету нарығының жұмыс істеуі үшін жағдай жасау;

7) «электрондық үкіметті» қалыптастыру және мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігін және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

8) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

9) ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібін, ақпараттық жүйелерге, ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларға және бағдарламаларға аудит жүргізу тәртібін, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;



10) инвестициялар тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді және іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру;

11) ақпараттандыру саласындағы және «электрондық үкіметті» қалыптастыру кезінде қызметті салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

12) ақпараттандыру саласында және «электрондық үкіметті» қалыптастыру кезінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

13) Қазақстан Республикасының электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін тіркеу;

14) жеке және заңды тұлғалардың ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері жөніндегі, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері жөніндегі өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау;

15) бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды, депозитарийдегі нормативтік-техникалық құжаттаманы сынақтан өткізу, тіркеу, беру, сақтау, депозитарийге берілуінің толықтығын қамтамасыз ету және оларды тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін бекіту;

16) мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

17) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

18) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;



19) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын мемлекеттік ақпараттық жүйелердің, аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық құжаттама (техникалық тапсырма, техникалық-экономикалық негіздеме, техникалық ерекшелік) талаптарына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру;

20) орталық мемлекеттік органдар және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің интернет-ресурстарының жұмыс істеуін, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеуін және мемлекеттік қызметтер көрсетудің автоматтандырылуын бақылауды жүзеге асыру;

21) мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік ақпараттық және мемлекеттік емес жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау;

22) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалануға (өнеркәсіптік пайдалануға) қабылдау жөніндегі іс-шараларға қатысу;

23) ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналатын шығындар нормативтерін әзірлеу және бекіту;



24) электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетудің үлгілік регламентін әзірлеу;

25) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, оның ішінде оларға енгізілетін өзгерістердің техникалық-экономикалық негіздемесіне, техникалық ерекшелігіне және техникалық тапсырмасына сараптама жүргізу;

26) Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеуді айқындау, оны тіркеу, пайдалану және тарату тәртібін әзірлеу және бекіту;



27) ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді «электрондық үкімет» инфрақұрылымына интеграциялау үшін оларды пайдалануда бірыңғай технологиялық стандарттардың талаптарын орындау және компьютерлік инциденттерге ден қою жөніндегі қызметті үйлестіру;

28) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

29) мемлекеттік органдардың өз құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету мерзімдері жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

30) ақпаратты алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, жою немесе бұғаттау бойынша заңсыз іс-әрекеттерді болғызбауды қоса алғанда, ақпараттық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілер мен электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелеріне, иемденушілері мен пайдаланушыларына жәрдем көрсету;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

30-1) бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлiк жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру қағидаларын әзірлеу;

30-1) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін «жалғыз терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру;

30-2) халыққа қызмет көрсету орталықтарының және мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерінің өзара іс-қимылын үйлестіру;

30-3) халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің мәселелері бойынша әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

31) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

 

7-бап. Орталық атқарушы органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыреті



Орталық атқарушы органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыретіне:

1) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстармен өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану тәртібін, сондай-ақ осы ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсету тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша айқындау;

2) ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және уәкілетті органмен келісу;

3) орталық атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жасау тәртібін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп айқындау;

4) «электрондық үкіметті» қалыптастыру, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамыту, олардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

5) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қол жеткізуін ұйымдастыру;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелердің есепке алынуы мен тіркелуін, сондай-ақ депозитке берілуін қамтамасыз ету;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

 

8-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ақпараттандыру саласындағы құзыреті



1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ақпараттандыру саласындағы құзыретіне:

1) жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарымен өзара іс-қимыл жасайтын ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану тәртібін, сондай-ақ осы ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсету тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша айқындау;

2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте іске асырылатын «электрондық үкімет» және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және уәкілетті органмен келісу;

3) «электрондық әкімдікті» қалыптастыру және жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

4) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қол жеткізуін, оның ішінде осы қол жеткізуді ұйымдастыру үшін адамдар тұрмайтын үй-жайлар бөлу арқылы ұйымдастыру;

5) мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелердің есепке алынуы мен тіркелуін, сондай-ақ депозитке берілуін қамтамасыз ету жатады.

2. Төмен тұрған әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте электрондық қызметтер көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді.



 

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді  (бұр.ред.қара)




жүктеу 284 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау