Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Еңбек социологиясы зертханасының (бюро) бастығы



жүктеу 7,88 Mb.
бет30/126
Дата14.05.2018
өлшемі7,88 Mb.
#12931
түріАнықтамалық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   126

Еңбек социологиясы зертханасының (бюро) бастығы



Лауазымдық міндеттері. Әлеуметтік процестерді басқару және еңбектің физиологиясы, психологиясы мен әлеуметтану саласында зерттеулер жүргізуді, ұйымның әлеуметтік дамуы және олардың орындалуы үшін ұсыныстар дайындау мақсатында нормативтік әдістемелік және ақпараттық зерттеу базаларын жасау мен қолдауды ұйымдастырады. Ұйымда әлеуметтік процестерді модельдеу мен әлеуметтік болжамдарды жасауда зертхананың (бюро) қатысуын ұйымдастырады. Әлеуметтік және психофизиологиялық зерттеулерді, сондай-ақ ұйымның әлеуметтік дамуын басқаруды жетілдіру бағыттары бойынша әлеуметтік талаптар мен нормативтерге сәйкес шараларды жасауды басқарады. Еңбек қатынастарын ұжымдық шарттық реттеу шегінде ұйым қызметкерлерінің әлеуметтік қорғанысын қамсыздандыру бойынша ұсыныстарды жасауға қатысады. Экономикалық қызметпен бірлесе отырып, материалдық және моральдық ынталандырудың қолданыстағы нысандарының тиімділігіне талдау жасауды ұйымдастырады. Қызметтердің әлеуметтік құрылымының, қызметкерлердің кәсіптік, біліктілік және демографиялық құрамының өзгеруіне талдау ұйымдастырады, басшылар резервтерін жасау, кадрларға қажеттілікті болжау, кәсіптік бағдарлау, кәсіптік іріктеу, қызметкерлерді орналастыру және бейімдеу, қызметкерлерді және олардың еңбек нәтижелерін бағалау жүйесін әзірлеу жұмыстарына қатысады. Жаңа техника мен прогрессивті технологияның енгізілуін әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, еңбектегі өзгерістерді талдау және олардың жеке тұлғаның және еңбек ұжымдарының дамуына тигізетін ықпалын талдау жұмыстарын жүргізеді. Еңбек ұжымы мен тұлғаның еңбекпен қанағаттанушылығын арттыруға, мамандықтың беделінің көтерілуін қамтамасыз етуге, еңбектің шығармашылық сипатын күшейтуге бағытталған жағдайларды жасау бойынша шараларды жасауға қатысады. Ұйымның әлеуметтік дамуын басқаруда отандық және шетелдік тәжірибені қорыту және зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады. әңгімелесу, зерттеу (анкета, сұрақ қағаздар, т.б.) жүргізу кезінде қызметкерлерді басқару, жабдықтар жасаудың әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық әдістерін жұмыс тәжірибесіне енгізу бойынша ұйым бөлімшелеріне әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді. Зертхана жұмысында заманауи ақпараттық технологиялар мен есептеуіш техника, коммуникация, байланыс құралдарын қолдану негізінде әлеуметтік ақпаратты өңдеуді қамтамасыз етеді. Зертхана (бюро) қызметкерлеріне басшылық етеді.

Білуге тиіс: әлеуметтік даму мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де құқықтық нормативтік актілері, әдістемелік және басқа материалдары; ұйымның мақсаттары мен стратегиясы, кадр саясаты; ұйым құрылымының ерекшеліктері мен мамандануы, бейіні; еңбектің психофизиологиясы мен социологиясы; психологиялық тестілеудің әдістері; социологиялық зерттеулер жүргізудің, қоғамдық пікірді, кәсіптік бағдарды және бейімдеуді зерттеудің әдістері мен нысандары; ұйымның әлеуметтік даму жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеудің тәртібі мен әдістері; ұйымның әлеуметтік дамуын басқаруды ұйымдастыру; әлеуметтік нормативтер; инженерлік және әлеуметтік психология; әлеуметтік бағдарламалардың орындалуына талдау жүргізу, олардың экономикалық тиімділігін айқындау әдістері; еңбекақы төлеу және материалдық және моральдық ынталандыру жүйесі мен нысандары; әлеуметтік процестерді басқарудың отандық және шетелдік озық тәжірибесі; еңбек, басқару мен өндірістің ұйымдастырылуы және экономика негіздері, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; коммуникация, байланыс және есептеу техникасы құралдары; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және тиісті мамандық бойынша қызметкерлерді басқару жөніндегі және басшы лауазымдарда жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.




Техникалық-экономикалық зерттеулер зертханасының

(бюросының) бастығы



Лауазымдық міндеттері. Нарықтың конъюктурасын ескере отырып, жаңа технологиялардың енгізілуін, өнімдердің түр-түрінің ауыстырылуын негіздеу мақсатында ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметіне экономикалық зерттеулер жүргізуге, ұйымды басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және өндірілетін өнімдердің, жұмыстың (қызметтердің) бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін бар ресурстарды анықтау және тиімді пайдалану және пайда табу мақсатында басшылықты жүзеге асырылады. Зертхананың (бюроның) маркетингтік зерттеулер жүргізуге, ұйымның даму перспективасын белгілеуге, бизнес-жоспарды құру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысуын қамтамасыз етеді. Ұйымның және оның бөлімшелерінің сондай-ақ ұқсас өнімдерді шығаратын мекемелердің өндірістік-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін сипаттайтын статистикалық ақпараттарды зерттеу және жүйелеу, жинақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Өнімдердің, жұмыстардың (қызметтердің) бәсекеге қабілеттілігін көтеру мүмкіндігін белгілейтін, нарықтың талаптарын есепке ала отырып, өндірістің көлемін реттеу мақсатымен осы көрсеткіштерге талдау жүргізеді. Ұйымның және оның бөлімшелерінің барлық өндірістік-шаруашылық қызметіне кешендік экономикалық талдау жүргізеді және сапалы нормативтік әдістемелік жоспарлау қорын құруды қамтамасыз етеді және оның уақытында жаңартылуын қадағалайды. Өндірістің көлемі мен өнім сапасы (сонымен қатар оның негізгі түрлері бойынша), еңбек өнімділігі, негізгі және айналым қаражатты пайдалану тиімділігі, өндірістің ырғақтылығы, өнімнің өз құнының өзгеру (өткен кезеңмен және бекітілген нормативтермен салыстырғанда) және тағы басқалар бойынша өндірістік бағдарламаның орындалуына талдау жүргізуді басқарады. Ұйым қызметін талдау нәтижесінің негізінде оның тиімділігін арттырудың ішкі шаруашылық резервтерін пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастырады. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерін жоспар барысында орындалатын тапсырмаларға жедел экономикалық талдау жүргізу, өндіріс резервтерінің пайдалану жолдарын анықтау және белгілеу бойынша әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді. Озық ақпараттық технологиялар мен есептеу құралдарын қолдану негізінде экономикалық зерттеулерді жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Зертхана (бюро) қызметкерлеріне басшылық етеді.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де құқықтық нормативтік актілері, ұйымның қаржы-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметін регламенттейтін әдістемелік және басқа материалдар; ұйымның мақсаттары мен стратегиясы; ұйым құрылымының ерекшеліктері мен мамандануы, бейіні; экономикалық қызмет түрінің, өнімді, жұмыстарды (қызметтерді) өткізу нарықтарының, жай-күйі мен даму перспективасы; экономикалық стандарттар мен ұйым көрсеткіштерінің жүйесі; ұйымның және оның бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық қызметін есепке алу және талдау әдістері және ұйымдастыру нысандары;ұйымның жұмыс нәтижесін ұқсас өнім шығаратын ұйымдардың көрсеткіштерімен салыстырмалы талдау әдістері; экономикалық жұмысты ұйымдастыру; жаңа техника мен технологияны енгізудің экономикалық тиімділігін айқындаудың әдістері, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, еңбекті ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар; нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметті тиімді ұйымдастырудың отандық және шетелдік тәжірибесі; еңбек, басқару мен өндірісті ұйымдастыру мен экономика негіздері;маркетинг, өндіріс технологиясының негіздері; статистикалық есепті ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарының негізі; коммуникация, байланыс және есептеу техникасы құралдары; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және тиісті мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.





жүктеу 7,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау