«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
АМУ-17
57 беттің
9 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы
3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1. Астана медицина университетінің студенттеріне арналған анықтамалық-жол
көрсеткіш.
3.2. Анықтамалық-жол көрсеткіште Астана медицина университеті, университеттегі
оқу процесін ұйымдастыру, ішкі тәртіп ережелері, білім алушылардың құқықтары мен
міндеттері, пәндер бойынша тіркеу тәртібі, білім алушыларды ағымдық, аралық және
қорытынды бақылауды ұйымдастыру тәртібі, ауыстыру тәртібі, студенттерді қайта қабылдау
және оқудан шығару, студенттердің өздік жұмысы, материалдық және ақпараттық
құралдарды пайдалану тәртібі туралы жалпы мағлұматтар берілген.
3.3
Анықтамалық-жол
көрсеткіш
2007
жылғы
27
шілдедегі
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңы; ҚР МЖМБС 5.04.019-2011 «Жоғары білім беру.
Бакалавриат», ҚР БҒМ «Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және
қорытынды мемлекеттік аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
18.03.2008ж. №125 бұйрығы (2016 жылғы 13 мамырдағы өзгерістер және толықтырулармен);
«Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта
қабылдау қағидаларын бекіту туралы» 20.01.2015ж. №19 бұйрығы, «Білім беру ұйымдарында
білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын бекіту туралы» 18.03.2008ж.
№124 бұйрығы, «Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына
мемлекеттік стипендиялар төлеу ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің №116 қаулысы
(2016 жылғы 03 маусымдағы өзгерістерімен); ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011
жылғы 20 сәуірдегі «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру
қағидаларын бекіту туралы» №152 бұйрығы негізінде әзірленді.
3.4 Жалпы медицина факультетінің деканы алдағы оқу жылының Анықтамалық-жол
көрсеткішін әзірлеуге және «Жалпы медицина» мамандығының студенттерін қамтамасыз
етуге жауапты.
«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
АМУ-17
57 беттің
10 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы
3.1 «Астана медицина университеті» АҚ-тың жетістіктері
«Астана медицина университеті» АҚ тарихы – 50 жыл бойы қалыптасу және даму
жолы.
Қазақстан КП Орталық комитетінің және Қазақ КСР Министрлер кеңесінің 1964
жылғы 26 қазандағы №729 қаулысына сәйкес Целиноград мемлекеттік медицина
институтының негізі қаланды. ЦММИ-дың алғашқы педагогтар құрамы Алматы медицина
институтының түлектері мен оқытушыларынан құралды. ЦММИ «Емдік іс» мамандығы
бойынша мамандар дайындады. Бірінші курсқа 300
студент, екінші курсқа 100 студент қабылданды.
1973 жылы кафедрааралық ғылыми-зерттеу
зертханасы ұйымдастырылды. ЦММИ-дың 10
жылдық мерейтойында институт қызметкерлерінің
15-сі докторлық, 72-сі кандидаттық диссертация
қорғады. 39 кафедрада 226 оқытушы қызмет істеді
және 2400 студент оқып жатты.
1984 жылы педиатрия факультеті ашылды
және балалар аурулары кафедрасы құрылды.
1989 жылы орта буын медицина қызметкерлерін дайындау факультеті ашылды. Осы
кезде 3 факультеттің 34 кафедрасында 2759 студент білім алып жатты. 250 оқытушының 19-ы
доктор және 131-і медицина ғылымдарының кандидаты болды.
1990 жылы кафедрааралық зертхана негізінде орталық ғылыми-зерттеу зертханасы
ашылды, 8 қабаттық жаңа оқу корпусы қолдануға берілді. 1989 оқу жылы қазақ бөлімшесі
ашылды. 1992 жылдан бастап «Патологиялық физиология» мамандығы бойынша
кандидаттық диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес жұмыс істеп келеді.
Медицина институтының негізі қаланғаннан бері басқару жүйесін уақыт талабына сай
реформалау және ұйымдастыру формасы бірнеше өзгерістерге ұшырады. 1997 жылы
институт Қазақ мемлекеттік медицина академиясы болып өзгертілді. Осы уақыт ішінде
академияда 3 диссертациялық кеңес ашылды. Академия негізінде 10 ғылыми орталық пен
ғылыми-зерттеу институттары филиалдарының негізі қаланды. 1997 жылы «Медициналық-
биологиялық іс» факультеті ашылды. Академия республикалық маңызды «Астана
медициналық журналы» және «Валеология» атты ғылыми-практикалық журналдарын алғаш
шығара бастады.
1993 жылдың наурыз айында қала атының өзгертілуіне байланысты институт Ақмола
мемлекеттік медицина институты деп аталды. ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 25 ақпандағы №263
қаулысына сәйкес ЖОО академия болып өзгертілді. ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 14
наурыздағы №249 қаулысына және ҚР ДСМ 2003 жылғы 20 наурыздағы №232 бұйрығына
сәйкес Ақмола мемлекеттік медицина академиясы Қазақ мемлекеттік медицина академиясы
деп аталды.
1999 жылы ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі №1469 қаулысы негізінде
емдеу және педиатрия факультетінің түлектеріне интернатура ұйымдастырылды.
Стоматология факультетіне интернатура 2007 жылы ұйымдастырылды. 2001 жылы
дәрігерлерді жетілдіру факультеті ашылды. 2002 жылы «Фармация», «Стоматология» және
«Шығыс медицинасы» факультеттерінің негізі қаланды. «Хирургия», «Травмотология»,
«ЛОР-аурулары» мамандықтары бойынша докторлық диссертация, «Микробиология», «Сот
медицинасы» мамандықтары бойынша кандидаттық диссертацияларды қорғау жөніндегі
Кеңестер ашылды. 2003 жылы «Медициналық-профилактикалық іс» факультеті өз қызметін
бастады.