2.2 AutoCAD-тың пайдаланушылық интерфейсі
AutoCAD бағдарламасын іске қосқанда үнсіздік бойынша сурет салудың меню және инструменттер панелімен қоршалған бос терезесі ашылады (сурет 2.3), - Жұмыс үстелі.
AutoCAD жұмыс үстелінде Windows үшін:
Меню облысы – мұнда 4 жол кіреді: 1 – бағдарлама терезесінің атауы; 2 – құлайтын меню жолы; 3 - Standard (Стандартная-Стандартты) панелдер және Styles (Стили-Стильдер); 4 –Layers (Слои-Қабаттар) панелдер және Properties (Свойства-Қасиеттер);
Графиқалық аймақ – экранның центрлік облысы, жұмыс аумағы;
Командалық жолдар терезесі;
Ағымдағы жағдай (строка состояния) қосылған.
AutoCAD жұмыс үстелінің барлық төрт облысын ретімен қарастырамыз.
2.2.1 Меню облысы
Бағдарлама терезесінің атауы – AutoCAD пакетінің белгісінен, бағдарлама атауынан, сызба файлының сақталу жолынан, ағымдағы сызба аты және терезені басқару пернелерінен тұрады.
Меню жолы – AutoCAD командаларының экранда мәтін арқылы көрінуі. Меню жолында құлайтын менюлер де көрсетіледі. Меню жолы үнсіздік бойынша мынадай пункттерден тұрады:
File (Файл) – файлдармен жұмыс істеу командалары: құру, ашу, сақтау, басып шығару және т.б.;
Edit (Правка-Түзету) – бағдарлама жұмыс үстелінің графикалық аумағы бөліктерін редакциялау инструменттері, алмастыру буферімен жұмыс;
View (Вид-Түр) – экранды басқару командалары, панорамалау, көру нүктесін орнату, бояу, көрінбейтін сызықтарды алып тастау, дисплей параметрлерін басқару; қажетті инструменттер панелін орнату;
Сурет 2.3 – Графикалық редактор терезесі (жұмыс үстелі)
Insert (Вставка-Қою) – блоктар, сыртқы объектілер, басқа қосымшалардың объектілерін қою командалары;
Format (Формат) – қабаттармен, сызық түсімен, типтерімен жұмыс істеу командалары; мәтін стилін, өлшемін, нүкте маркерінің түрін, мультисызық стилін басқару; өлшем бірліктерін, сызба шекарасын орнату;
Tools (Сервис) – жүйе, экранды пайдаланушы басқару құралдары; сұхбаттық терезелер көмегімен сызба параметрлерін байлауыштарды орнату; пайдаланушылық координаталар жүйесімен жұмыстар;
Draw (Черчение-Сызу)– сурет салу командалары;
Dimension (Размеры-Өлшемдер) – өлшемдерді қою командалары және өлшем параметрлерін басқару;
Modify (Изменить-Өзгерту) – сызба элементтерін редакциялау командалары;
Window (Окно-Терезе) –сызбалармен жұмыс істеудің көптерезелі режимі;
Help (Справка-Анықтама) – гипермәтіндік көмекшілерді жүйе экранына шығару.
Панель Standard (Стандартная-Стандартты) мынадай инструменттерден тұрады:
Qnew – суреттің жаңа файлын жасау;
Open – бар файлды қосу;
Save – ағымдағы файлды сақтау;
Plot –плоттер, принтерге суретті шығару;
Print Preview – сызбаны басып шығару алдында, қағаз бетінде орналасуын көруге мүмкіндік беретін алдын-ала көру;
Publish –
Достарыңызбен бөлісу: |