АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет55/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   274

А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



122

123


салыстырғанда бұл резонатордың меншікті жиілігі едәуір сирек болады. Ашық 

резонаторлар оптикалық, миллиметрлік және субмиллиметрлік диапазондардағы 

толқын ұзындықты аспаптарда сенімділігі жоғары резонанстық жүйелері ретінде 

қолданылады.



АЭРОДИНАМИКА  (грекше  «аер  –  ауа»  +  «диномис  –  күш»)  –  гидро- 

аэромеханиканың ауаның (немесе басқа газдың), денелердің бетінде оларға қа- 

тысты пайда болатын қозғалысты және күшті зерттейтін саласы. Аэродинами- 

када дыбыс жылдамдығына дейінгі жылдамдық, яғни 340 м/сек (1200 км/сағ) 

қозғалыс жылдамдығы қарастырылады. 

Аэродинамика ХХ ғасырдың басында авиацияның мұқтаждығына байланы-

сты дербес ғылым ретінде пайда болды. Аэродинамиканың негізгі мәселелерінің 

бірі – ұшу аппараттарына әсер ететін аэродинамикалық күштерді анықтау болды. 

Ұшақтардың аэродинамикасында тұтас ұшаққа және оның бөліктеріне – қанатына, 

фюзеляжіне, тірек бөліктеріне әсер ететін аэродинамикалық күштер мен момент- 

терді анықтаудың аэродинамикалық есеп-қисабы жасалады. Ұшақтың аэроди- 

намикасына әдетте орнықтылықтың есеп-қисабы және ұшақтың басқарылымды- 

лығы, сонымен қатар ауа винттерінің теориясы жатады. Ұшу аппараттарының 

орнықсыз қозғалысына байланысты мәселелер ұшу динамикасында қарастырылады.

Аэродинамиканың теориялық мәселесі гидроаэромеханиканың теңдеулеріне 

негізделген. Ұқсастық теориясы негізінде аппараттың кіші масштабты моделін сы-

най отырып, іс жүзіндегі ұшу аппаратының аэродинамикалық күштері анықталады. 



АЭРОДИНАМИКАЛЫҚ КЕДЕРГІ, маңдаулық кедергі  – кедергі – ауа-

да немесе өзге газдарда қозғалатын денеге әсер ететін күш; бұл күш дененің 

қозғалу бағытына қарама-қарсы бағытталады және күш аэродинамикалық күш- 

тің құраушыларының бірі болып табылады. Аэродинамикалық кедергі – дене- 

нің  кинетикалық  энергиясының  бір  бөлігінің  жылуға  қайтымсыз  ауысуының 

нәтижесі.  Бұл  кедергі  дененің  пішініне  және  өлшеміне,  оның  жылдамдық 

бағытына  қатысты  бағдарлануына  және  ортаның  күйіне  тәуелді.  Нақты  ор-

таларда:  шекаралық  қабаттағы  дененің  беті  мен  ортаның  арасындағы 

тұтқырлық  кедергі,  асқындыбыстық  жылдамдыққа  жуық  қозғалыс  кезін- 

дегі соққы толқынын тудыру шығыны және 



құйынды түзілістер орын алады.

АЭРОДИНАМИКАЛЫҚ  ҚҰБЫР  –  ғылыми  тәжірибе  жүзінде  денелерді 

орағытып ағу кезінде туатын құбылыстарды зерттеу үшін ауа немесе өзгедей газ 

ағынын тудыруға арналған қондырғы. Аэродинамикалық құбырда ұшақтарға және 

тік ұшақтарға, ракеталарға және ғарыштық кемелерге олардың ұшу кезінде, сүңгуір 

кемелердің су астындағы қозғалысында, олардың орнықтылығы мен басқарылуын; 



А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



124

125


ұшақтардың,  ракеталардың,  ға- 

рыштық  және  сүңгуір  кемелердің, 

сонымен  бірге  автокөліктер  мен 

пойыздардың  тиімді  пішіндерін  та-

буда;  жел  тудыратын  қысымдарды, 

сондай-ақ  ғимараттарға  әсер  ететін 

жарылыс  (қопарылыс)  толқындар 

тудыратын  қысымдарды,  әсер 

ететін күштерді анықтауға арналған 

ғылыми  тәжірибелер  жүргізіледі. 

Арнайы  аэродинамикалық  құбырда 

ракеталардың, ғарыштық кемелердің, 

дыбыс  жылдамдығынан  шапшаң 

ұшатын  ұшақтардың  қызып  кетуі 

және жылудан қорғау мәселелері зерттеледі. 

Аэродинамикалық құбырдағы тәжірибелер денелердің ауаға немесе сұйыққа 

қатысты  қозғалысын  –  тыныш  тұрған  денелерді  орағытып  ағатын  ауаның 

қозғалысымен  алмастыру  принципіне  негізделген.  Осы  принцип  негізінде 

зертханалық жағдайдағы модельдер үшін алынған нәтижелерді нақты өлшемді 

нақты нысандарға  жалпылауға болады. Модельді және нақты нысанды орағытып 

ағатын өлшемсіз сипаттамалар бірдей болу үшін геометриялық ұқсастықпен қатар 

аэродинамикалық құбырда Мах саны мен Рейнольдс санының мәндерінің нағыз 

ұшу жағдайындағы мәндерімен тепе-тең (бірдей) болуы қажет. 

Аэродинамикалық құбырлар дыбыстық жылдамдыққа дейінгі және дыбыстың 

жылдамдығын  артық  асқынжылдамдықтарға  арналған  құбырлар  болып  екі- 

ге ажыратылған. Дыбыстық жылдамдыққа дейінгі зерттеулерге арналған аэро- 

динамикалық құбырдың жалпылама құрылысы сұлбада бейнеленген. 

АЭРОДИНАМИКАЛЫҚ ҚЫЗДЫРЫЛУ – ауада немесе өзге газда үлкен 

жылдамдықпен  қозғалатын  денелердің  аэродинамикалық  кедергі  салдарынан 

қызуға  ұшырауы.  Аэродинамикалық  қыздырылу  –  денеге  соқтығысатын  ауа 

молекулаларының дененің бетіне жуық аралықта тежелуінің нәтижесі болып та-

былады. Егер дене асқынжылдамдықпен ұшатын болса, онда тежелу ең алдымен 

дененің тұмсық жағында пайда болады. Молекулалардың әрі қарай тежелуі тікелей 

дененің бетінде – шекаралық қабатта жүзеге асырылады. Ауа молекулаларының 

ағыны  тежелген  кезде  оның  ретсіз  қозғалысының  энергиясы  артады,  яғни 

қозғалатын дененің бетіне жақын аралықта газ температурасы жоғарылайды. Ды-

Дыбыс  жылдамдығына  дейінгі  жылдамдық- 

тағы аэродинамикалық құбырдың жалпылама 

сұлбасы: 1 – жұмыстық бөлік (көлденең қима- 

сы  дөңгелек  немесе  тіктөртбұрыш  пішінді); 

2 – зерттелетін модель; 3 – аэродинамикалық 

таразы;  4  –  сопло;  5  –  диффузор;  6  –  жыл- 

дамдық  өрісін  теңестіргіш;  7  –  компрессор 

(желдеткіш); 8 – бағыттау қалақшалары; 9 – 

кері арна; 10 – радиатор; 11 – клапан.



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау