Г
107
∑
ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ
224
225
ядролық реактор. Қоспа ядролық отын мен баяулатқыштың сұйық ерітіндісі не-
месе нейтрондардың еркін жолының ұзындығымен салыстырғанда жеткілікті
мөлшердегі кіші өлшемді бөлшектердің қалқымалы ортасы түрінде болады. Бұл
реакторда арнайы жылу тасығыштар пайдаланылмайды. Бұл реактор негізінен
физикалық зерттеулерде қолданылады. Гомогенді реактор жасаудың техникалық
күрделілігі оның кеңінен тарауына кедергі болуына қарамастан арзанға түсетін-
дігі, активті зонасын тазалаудың оңайлығы және пайдалы әсер коэффициентінің
жоғарылығы гомогенді реактордың пайдалануын жеңілдеткен.
ГРАВИТАЦИЯ (латынша «гравитас – ауырлық») –
тартылыс дегенмен
ұғымдас атау.
ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ КОЛЛАПС (латынша «коллапсус – құлап түскен») –
ғарыштық нысанның (объектінің) өлшемдерін едәуір кішірейтуге әкеп соғатын
әлгі нысанның меншікті тартылыс күшінің әсерінен гидродинамикалық сығым-
далуы. Гравитациялық коллапстың дамуы үшін қысым күштері не мүлдем бол-
мауы, немесе ,ең болмағанда гравитациялық күштерге қарсыласуға жеткіліксіз
болуы қажет. Гравитациялық коллапс жұлдыздардың екі шекті эволюциялық
(даму) кезеңінде пайда болады. Біріншіден, жұлдыздардың тууы олардың пайда
болатын гравитациялық коллапсты газ–тозаң бұлттардан басталған, екіншіден,
кейбір жұлдыздар гравитациялық коллапс арқылы нейтрондық жұлдыз күйіне
немесе қара апанға ауысып өздерінің соңғы эволюциясын аяқтайды.
Нейтрондық жұлдыздар мен қара апандардың пайда болуы кезіндегі гра-
витациялық коллапстың басталуына атомдық ядроларын оларды құраушы
нуклондарға диссоциялаудың және (немесе) электрондық нейтриноны шығару
тәсілімен энергияны қарқынды шығындаумен қабаттасу салдарынан жұлдыздар-
дың тепе-теңдік орнықтылығының жоғалтылуы түрткі болған.
Гравитациялық коллапс жұлдыздар эволюциясының басталуы және аяқталуы
туралы сигнал беретін күрделі үрдіс (процесс) болып табылады.
ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ҚАРМАУ, т а р т ы л ы с т ы ң р е л я т и в т і к
т е о р и я с ы н д а ғ ы – таза гравитациялық эффектілер бойынша шексіздіктен
ұшып келетін бөлшектерді тарту орталықтарының қармау құбылысы.
Ньютондық тартылыс теориясында екі дененің таза гравитациялық қармалу
мәселесі мүмкін емес. Шексіздіктен ұшып келетін бөлшектің толық энергиясы
теріс емес болатындықтан, тартушы орталыққа қатысты парабола немесе гипер-
бола бойынша қозғалады да, қайтадан шексіздікке ұшып кетеді.
Жалпы, салыстырмалық теориясында егер тартушы орталық қара апан болса,
гравитациялық қармау мүмкін болады. Осы жағдайда, егер бөлшектің траекто-
225
ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ
224
225
Г
107
∑
риясы қара апанға жеткілікті жақын келетін болса, бөлшек гравитациялық қар-
мауға шалдығады да қара апанға құлап түседі.
ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ МАССА, а у ы р м а с с а – дене қасиеттерін тартылыс
көзі ретінде сипаттайтын физикалық шама; инертті (әрекетсіз) массаға тең.
ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ӨЗАРАӘСЕРЛЕСУ, қ а р а п а й ы м б ө л ш е к т е р д і ң –
барлық белгілі іргелі өзараәсерлесулердің ең әлсізі. Бұл өзараәсерлесудің
білінуі оның қашықтан әсер ету сипатына және макроскоптық масштаб-
тарда гравитациялық эффектілердің когерентті күшейтілуіне байланысты.
Макроүрдістердегі (макропроцесстердегі) гравитациялық өзараәсерлесу
эффектісі гравитациялық тұрақты шамамен – G≈6,67·10
–8
см
3
г
–1
с
–2
сипатталады.
Релятивтік емес (салыстырмалы емес) жағдайда екі бөлшектің гравитациялық
өзараәсерлесуінің потенциалдық энергиясы (U) олардың массаларымен (m
1
және
m
2
) және бұлардың арақашықтығымен (r) Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс
заңы бойынша анықталады: U = G m
1
m
2
/r. Қарапайым бөлшектердің гравитация-
лық өзара әсерлесуін анықтау үшін осы заңды қолданатын болсақ, мысалы,
арақашықтығы r=10
–13
см екі протонның гравитациялық өзараәсерлесуі үшін
U ≈ 1,7·10
–42
эрг ≈ 10
–36
МэВ, бұл шама әлгі екі қарапайым бөлшектің электрстатика-
лық (кулондық) өзараәсерлесуінен 10 еседей аз. Сондықтан қарапайым бөлшек-
тер үшін гравитациялық өзараәсерлесу тәжірибелерде ескерілмейді. Гравитация-
лық өзараәсерлесудің релятивтік классикалық теориясы
Эйнштейннің жалпы
салыстырмалық теориясы болып
табылады, әлсіз
гравитациялық өріс шегінде
(релятивтік емес жағдайда) Ньютонның тартылыс теориясына ауысады. Өте
күшті гравитациялық өрісте күшті электрмагниттік өрістердегідей жұптардың
пайда болу үрдістеріне (процестеріне) ұқсас бөлшектердің пайда болу кванттық
үрдісінің жүзеге асырылуы мүмкін. Осы үрдістердің теориялық сипатталуы
жалпы салыстырмалық теория негізінде қарастырылады.
ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ СӘУЛЕ – кеңістікте жарық жылдамдығымен тара-
латын толқын түріндегі электрмагниттік сәулеге ұқсас еркін (өзін тудыратын
көзбен байланыспаған) гравитациялық өріс. Бұл сәуле массалардың (денелердің)
бірқалыпты емес (бірқалыпсыз) қозғалысы кезінде пайда болады. Гравитация-
лық толқындардың болуы Эйнштейннің жалпы салыстырмалық теориясынан
туындайды. Гравитациялық сәуле ғылыми тәжірибе жүзінде анықталмаған, оған
заттармен өзара әсерлесуі барынша әлсіз болуы себеп болған.
ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ СӘУЛЕ ШЫҒАРУ – айнымалы үдемелі қозғалатын
денелердің (массалы) гравитациялық толқындар шығаруы. 1916 жылы Аль-
берт
Эйнштейн (1879 – 1955) тұжырымдаған жалпы салыстырмалық теориясы