ВАВИЛОВ ЗАҢЫ, фотолюминесценцияның шығымының (шығуының)
қоздырушы жарықтың толқын ұзындығына тәуелділігін айғақтайды. Бұл заң бойын-
ша қоздырушы жарықтың ұзын толқынның кең аймағында фотолюминесценцияның
кванттық шығымы тұрақты болады және люминесценцияның максимум спектрі
(антистокстық қоздыру) байқалатын кездегіден кенет азаятын (төмендейтін) бола-
ды. Жарықтың кванттық табиғатымен байланысқан Эйнштейннің фотохимиялық
реакциясының кванттық шығымы туралы заңына ұқсас. Бұл заңды 1927 ж. кеңестік
физик Сергей
Вавилов (1891–1951) ашқан.
ВАКАНСИОН – туннельдік тәсілмен
қозғала алатын қасиеті болатын кристал-
да вакансияның қозғалысын сипаттайтын
квазибөлшек (Туннельдік эффект мақаласын
қараңыз) (сызбаға қараңыз).
Вакансиялы түйін (х
0
) маңайындағы атомның
(қара дөңгелекпен белгіленген) потенциалдық
энергиясы. Атом тордың бос түйініне орналасуы
үшін потенциалдық тосқауыл арқылы өтуі қажет.
ВАКАНСИЯ (латынша «ваканс – бос, бостық») – кристалдық тордың
түйініндегі атомның немесе ионның болмауы (жоқтығы). Вакансия кристалдық
тормен термодинамикалық тепе-теңдікте болады, атомдардың жылулық
қозғалыстары нәтижесінде пайда болады және жойылады. Вакансия кристалда
ретсіз орын ауыстырады, көршілес атомдармен орын ауыстырады. Вакансияның
қозғалысы кристалдағы атомдар диффузиясының басты себепшісі болып табыла-
ды. Әрбір температураға вакансияның белгілі бір тепе-теңдік шоғырлануы (кон-
центрация) сәйкес
б о л а д ы . Б а л қ у
температурасының
маңайындағы ме-
164
165
талдар кристалдарындағы ва-
кансиялар мөлшері атомдар
санының 1–2% болады. Вакан-
сия кристалдардың физикалық
қасиеттеріне ықпал етеді: оның
т ы ғ ы зд ы ғ ы н т ө м е н д е т ед і ,
электрөткізгіштікті арттырады.
ВАКУУМ (латынша – бос
кеңістік) – газдың атмосфералық қысымнан төмен кезіндегі күйі. Вакуум ұғымы
әдетте шектелген көлемді толтыратын газға байланысты айтылады, кейде
бұл ұғым бос кеңістіктегі, мысалы, ғарыштық газға да қолданылады. Вакуум
құрылғыларындағы газ жағдайы молекуланың (немесе атомның) еркін жол
ұзындығы (λ) мен аспапқа немесе үрдіске тән өлшемнің (d) қатынасы бойын-
ша анықталады. Мұндай өлшемдер қатарына вакуумдық көлемді шектейтін
қабырғалардың арақашықтығы, вакуум құбырының диаметрі, электрвакуумдық
аспаптар электродтарының арақашықтығы, т.б. жатады. λ мен d қатынастарына
сәйкес вакуум
төменгі вакуум (λ<<d), орташа вакуум (λ~d) және жоғары вакуум
(λ>>d) деп бөлінеді.
Төменгі вакуумдағы газ қасиеті молекулалардың бір-бірімен жиі соқтығысулары
нәтижесінде пайда болатын энергия алмасу дәрежесіне сәйкес анықталады. Мұндай
газда
ішкі үйкеліс (тұтқырлық) болады және ол газ ағыны аэродинамикалық
заңдарға бағынады. Төменгі вакуумда электр және жылуөткізгіштік, ішкі үйкеліс,
диффузия құбылыстары біртіндеп өзгереді. Мысалы, төменгі вакуумдағы ыссы
және салқын қабырғалар арасындағы кеңістіктегі газ температурасы осылай
өзгереді. Бұл қысымда алмасатын жылу шамасы (жылуөткізгіштік) мен зат
мөлшері (диффузия) қысымға тәуелсіз болады. Төменгі вакуумда ток өткен кезде
газ молекулаларының иондалуы шешуші әсер етеді.
Жоғары вакуумдағы газ қасиеті тек молекулалардың қабырғаларға соқ-
тығысуымен ғана анықталады. Молекулалардың өзара соқтығысулары өте си-
рек болатындықтан шешуші маңызы шамалы болады. Молекулалар қабырғалар
аралығында түзу сызық бойынша қозғалады.
Тасымалдау құбылысы шекарада
секірісті өтеді. Мысалы, ыстық және салқын қабырғалар арасындағы кеңістіктегі
молекулалардың жартысына жуығының жылдамдығы салқын қабырғаның темпе-
ратурасына сәйкес, ал қалған бөлігінің жылдамдығы ыстық қабырғаның темпе-
ратурасына сәйкес келеді. Бүкіл көлемдегі газдың орташа температурасы бірдей,
бірақ ол ыстық және салқын қабырғалардың температураларынан өзгеше болады.
Тасымалданатын жылу мен зат мөлшері газдың қысымына тура пропорционал.
В
43
∑
ВАВИЛОВ ЗАҢЫ - ВОЛЬТМЕТР
164
165
В
43
∑
ВАВИЛОВ ЗАҢЫ - ВОЛЬТМЕТР
Жоғары вакуумдағы ток тек электродтар бөліп шығаратын (эмиссия) электрондар
мен иондарға ғана тәуелді.
Орташа вакуумдағы газ қасиеті төменгі және жоғары вакуумдағы газ
қасиеттерінің аралығында болады. Аса жоғары вакуумның ерекшелігі газ
молекулаларының соқтығысуларына тәуелді емес, вакуумдағы қатты дене бетіндегі
үрдістерге (процестерге) байланысты.
ВАКУУМ, ф и з и к а л ы қ – өрістердің кванттық теориясында – қандай да
бір нақты бөлшектердің болмайтындығымен сипатталатын кванттық өрістердің
төменгі энергетикалық күйі. Бұл вакуумның барлық кванттық сандары (импульсі,
электр заряды, т.б.) нөлге тең. Бірақ та бұл вакуумдағы виртуалдық үрдістердің
(процестердің) мүмкіндігі нақты (реал) бөлшектердің вакууммен өзара әсерлесуі
кезінде бірқатар айрықша эффектілер (деңгейлердің ығысуын, т.б.) туындатады.
«Физикалық вакуум» бүкіл өзгедей күйлердің қасиеттерін анықтайтын негізгі
мағынадағы ортақ ұғым болып табылады, себебі, әлгі күйлердің кез келгені
бөлшектер туындайтын операторлардың вакуумдық әсерлерінен алынуы мүмкін.
Бірқатар жағдайларда, мысалы, симметрияның өз еркімен бұзылуы кезінде,
вакуумдық күй жалғыз ғана күй болмайды – бір-бірінен
голдстоундық бозондар
саны деп аталатын сандармен өзгешеленетін осындай күйлердің үздіксіз түрлері
болады.
«ВАКУУМ» – Әбу Насыр әл-Фарабидің (870–950) іргелі еңбектерінің (трак-
тат) бірі. Бұл еңбектің арабша нұсқасы түрікше және ағылшынша аудармаларымен
бірге 1951 ж. Түркияда басылып шықты. әл-Фараби бұл еңбегінде вакуумның
жоқ екендігін ежелгі гректерде кездесетін тәсілмен (яғни ғылыми тәжірибелік
зерттеулер негізінде) және физика ғылымының сол кезеңдегі жетістіктер бойынша
жасалған логикалық қорытындыға сүйене отырып дәлелдеуге ұмтылған. Ол бұл
трактатында вакуум жөнінде бірін-бірі жоққа шығармайтын екі пікір ұсынды:
бірінші пікірінде материяда мүлдем бос кеңістік, яғни абсолют бостық жоқ, бірақ
ол материяның жаратылысы бізге белгісіз десе, екінші пікірінде әл-Фараби салы-
стырмалы түрде бостықтың болуы мүмкін екенін аңғартып, бірақ ол шын мәніндегі
абсолют бостық емес, ауасы сиретілген кеңістік деген.
ВАКУУММЕТР (латынша «вакуум» + грекше «метрео – өлшеймін») –
газдардың атмосфералық қысымнан төменгі 760-тан 10
–13
мм сынап бағанына
дейінгі (10
5
–10
–11
Па) алқаптағы қысымды өлшеуге арналған аспап. Аталған
алқаптағы қысымды өлшеуге арналған әмбебап өлшеу әдісі жоқ; сондықтан әрқилы
газбен тікелей немесе жанама байланысқан физикалық заңдылықтар пайдаланы-