АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет42/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   274

А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



94

95

1967  ж.  импульстік  радиосәуле  – 



пульсарлар  ашылды.  Пульсарлардың 

импульстар  аралығының  өте  жоғары  тұрақтылығы  әртүрлі  жиіліктердегі 

радиоимпульстердің  кешігіп  келу  эффектілерін  зерттеуге  мүмкіндік  ашты. 

Ғарыштық  рентген  сәулелердің  табиғатын  зерттеу  кезіндегі  нейтрондық 

жұлдыздардың маңызы белгілі болды. Рентген сәулелерінің импульстік көздері – 

рентгендік 



барстерлер ашылды. Барстерлер осы кездегі түсінік бойынша аралары 

өте жақын қосарланған нейтрондық жұлдыздардағы заттардың құлап түсуінің 

(аккрециясының) себебі болып табылды.

Жұлдыздардың магнит өрісіндегі және жұлдызаралық ортадағы ғарыштық 



плазманың тәртібі ХХ ғасырдың ортасында тез дамытылған электрдинамиканың 

зерттеу  пәніне  айналды.  Плазмадағы  электрмагниттік  үрдістер  Күн  тәжінің 

құрылымын протуберанцтердің пішінін, Күннің активтілігінің циклдігін тек Күн 

үшін ғана емес, Күн жүйесіндегі ең қуатты тұрақсыз үрдістер – Күндегі оталу үшін 

де анықталды. Осы оталулар әзірше Ғаламдағы ғарыштық сәуленің тууын тікелей 

зерттеуге арналған жалғыз үрдіс болып табылады.

Осы  замандағы  астрофизиканың  бөлімдеріне:  жоғары  энергиялар  және 

ғарыштық  сәулелер,  ядролық  және  нейтрондық,  релятивтік  және  кванттық 

релятивтік астрофизика жатқызылған.

АТ КҮШІ (а.к., немісше – PS, французша – CV, ағылшынша – HP) – қуаттың 

жүйеден тыс, ескірген бірлігі: 1 а.к. = 75 кг күш. м/сек = 735,5 Вт, 1 НР = 550 фут· 

фунт/сек = 746 Вт.

Қуаттың  бұл  бірлігін  ғылымға  алғаш  рет  енгізген  шотланд  өнертапқышы 

Джеймс 

Уатт (1736 – 1819) болды. 

АТМОСФЕРА (атм. Atm)– қысымның жүйеден тыс бірлігі. 1) Ф и з и к а- 

л ы қ атмосфера (атм) – қалыпты атмосфералық қысымға тең қысым бірлігі: 

1 атм = 101 325 Па. 2) Т е х н и к а л ы қ атмосфера (aт, at). 1 aт = 1 кг күш/см

2

.  



1 атм = 1,0332 ат = 760 мм сынап бағаны = 10 332 мм су бағаны.

АТМОСФЕРА (грекше «атмос – бу» + «сфера – шар»), Ж е р  а т м о с ф е- 

р а с ы – Жердің айналасындағы газды орта, ол Жермен бірге айналады. Атмосфера 

массасы жуық шамамен 5·15

15

 тонна. Жер бетіне жақын аймақтағы атмосфераның 



құрамы: 78,1% азот, 21% оттек, 0,9% аргон, шамалы ғана көмірқышқыл газ, сутек, 

гелий, неон т.б. газдар. Негізгі газдардың пайыздық қатынасы жуық шамамен 100 

км биіктікке дейін (гомосферада) аз ғана өзгеріске ұшырайды. 20 – 25 км биіктікте 

Жердегі тіршілік иелерін залалды қысқа толқынды сәулелерден қорғайтын озон 

қабаты орналасқан. 20 км биіктіктен төменгі атмосферада: жер бетінде – 3%-дан, 

тропиктік аймақта – Антарктида 2∙10

-5

%-ге дейін су буы болады. 




А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



96

97

100  км  биіктіктен  жоғары  (гетерос-



ферада) ауаның құрамы биіктеген сай-

ын  жеңіл  газдардың  үлесі  артады,  өте 

жоғары биіктікте гелий мен сутек көбірек 

болады; газдардың молекулаларының бір 

бөлігі атомдар мен иондарға жіктеледі, 

бұдан ионосфера түзіледі.

Атмосферадағы  ауаның  қысымы 

мен тығыздығы биіктікке көтерілгенде 

кемиді.  Температура  биіктікке  көте- 

рілген  сайын  күрделі  өзгереді.  Ат-

мосфера  температураның  өзгерісіне 

орай 


тропосфераға,  стратосфераға, 

мезосфераға, термосфераға, экзосфе- 

раға ажыратылған. Атмосферада күннің 

және  жердің  радиациялары  шашы-

райды  әрі  жұтылады,  осыларға  қоса 

атмосфераның өзі инфрақызыл сәуленің 

көзі  болады.  Жер  бетімен  атмосфера 

аралығында  жылу  мен  ылғал  алмаса-

ды, осыдан 

бұлттар түзіліп әрі жауын-шашын болып судың тұрақты айналысы 

қалыптасады. Атмосферада электр өрісі болады, оған қоса атмосферада әртүрлі 

электрлік, оптикалық және акустикалық құбылыстар байқалады. Атмосферадағы 

ауа үздіксіз қозғалыста болады. Атмосфераның бірқалыпты қызбау себебінен 

оның ортақ айнылысы (циркуляциясы) туады, осы жайт 

ауа райы мен климатқа 

әсерін тигізеді.



АТМОСФЕРАЛЫҚ ҚЫСЫМ – атмосфера ауасының жер бетіне және ондағы 

барлық заттарға түсіретін қысымы. Табаны бір бірлікке тең жазықтықтың үстіндегі 

ауа бағанының массасымен өлшенеді. Теңіз бетінде атмосфералық қысымның 

орташа шамасы (қалыпты қысымы) 1013 мб (миллибар) (760 мм сынап бағаны). 

Атмосфералық қысымның Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ) өлшемі па-

скаль (Па). 1Па = 0,01 мб. 

Атмосфералық  қысымның  болатынын  алғаш  рет  1643  ж.  итальян  физигі 

Эванджелиста 



Торричелли (1608 – 1647) ашқан. 1646 ж. француз математигі 

әрі  физигі  Блез 



Паскаль (1623 – 1662) Торричеллидің тәжірибесін қайталап 

жасап, атмосфералық қысымның болатынына көз жеткізген. Паскаль атмосфе-

ра қысымының жоғары көтерілген сайын кемитіндігі туралы болжам айтқан.  

Атмосфера  қабатының  орташа  тәуліктік 

температура өзгерісіне сәйкес келетін құры- 

лымы



А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



96

97

1647  ж.  Паскальдың  осы  болжамы  тәжірибе  жүзінде  расталған.  Тау  басында 



түтіктегі сынап бағанының, таудың етегінде байқалған сынап бағанының төмен 

болатыны анықталған. 1654 ж. неміс физигі Отто 



Герике (1602 – 1686) «магде-

бург жарты шарлары» деп аталған тәжірибе бойынша ауа қысымының болатынын 

тәжірибе жүзінде дәлелдеген. 

АТМОСФЕРАЛЫҚ ОПТИКА – атмосфера физикасының атмосферадағы 

ультракүлгін, көрінетін және инфрақызыл сәулелердің шашыратылу, жұтылу, сыну, 

шағыстырылу мен дифракцияларын тудыратын құбылыстарын зерттейтін бө- 

лімі. Атмосфералық оптиканың зерттейтін негізгі құбылыстары таң шапағы (таң 

сәрісі), ымырт түсуі, кемпірқосақ, сағым, Күннің (немесе Айдың) құлақтануы, 

тәждер, глория және аспанның түсі, аспан жарығының полярлануы т.б. 

Т а ң  ш а п а ғ ы – Күннің шығар (таң рауаны) және батар (ымырт) кездерінде 

атмосферада пайда болатын жарық құбылыстарының жиынтығы. Таң шапағы 

құбылысы атмосфераның күйімен анықталады; атмосфераның бұлдырлығының 

әсері күшті; атмосферадағы шаң-тозаңдар және су буы тамшылары ірі болған са- 

йын таң шапағының бояуы да қанық болады. К е м п і р қ о с а қ – аспанда күннің 

жарық сәулесінің, жаңбырдың тамшыларынан спектрлік құраушыларға жіктелуінің 

нәтижесінде пайда болатын түрлі түсті доға. 

К ү н н і ң  ( н е м е с е  А й д ы ң)  қ ұ л а қ т а н у ы – көбінесе күннің жарық 

сәулесінің  шарбы  бұлттардағы  мұз  кристалдарынан  шағылысу  және  сынуы 

нәтижесінде Күннің (немесе Айдың) төңірегінде пайда болатын жарық – жалған 

Күн (немесе жалған Ай), доғалар, бағандар, дақтар. Т ә ж д е р – жарық сәуленің 

ауадағы қалқыма тамшылардағы немесе мұз кристалдарындағы дифракциясынан 

Күннің (немесе Айдың) айналасында пайда болатын түрлі түсті жарық сақиналар. 

Г л о р и я (латынша – әшекей) – әдетте тауда бақылаушының көлеңкесінің ай-

наласында немесе ұшақтың бұлтқа түскен көлеңкесінің айналасынан байқалатын 

түрлі-түсті сақиналар. 

Жарық  сәуленің  атмосферадағы  сыну  құбылысы  (рефракциясы)  аспан 

шырақтарының  көрінерлік  қалпының  ығысып  көрінуін  тудырады,  көрінерлік 

көкжиекті қысыңқылап немесе кеңейтіп көрсетеді, әртүрлі сағымдардың көрінуіне 

әкеліп соғады. Жарық сәуле бұлардан басқа жұлдыздардың жыпылықтап көрінуі, 

кездейсоқ рефракцияны, жарық шоғырының дақты (шұбар ала) құрылымын ту-

дырады. 


Атмосфералық оптикада 

Күн сәулесінің шашырауы мен жұтылуы көптеген 

құбылыстарды тудырады. Жарықтың таза ауадағы шашырауын молекулалық 

шашырау деп атайды. Ағылшын физигі Джон Рэлейдің (Стретт) (1842 – 1919) 


жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау