А
79
∑
АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА
68
69
АҚ ЖАРЫҚ – спектрлік құрамы күрделі электрмагниттік сәулелердің
жиынтығы. Мұндай сәулені адамның көзі бейтарап қалыпты жарық сәуле ре-
тінде түйсініп қабылдайды. Күннің шашыранды сәулесі, ақ жарық болып есеп-
теледі. Сондай-ақ мөлдір емес қатты және сұйық денелер өте жоғары температу-
раға дейін қыздырылғанда да ақ жарық сәуле таралады. Ақ жарықты екі қо-
сымша түстерді немесе үш
монохроматты сәулені белгілі бір қатынаста ара-
ластыру арқылы да шығаруға болады.
АҚҚЫШТЫҚ – денелердің кернеулер әсерінен пластикалық немесе тұт-
қырлық деформациялану қасиеті; тұтқырлыққа кері шамамен сипатталады. Тұт-
қыр денелерде (газдарда, сұйықтарда) аққыштық кез келген кернеуде туындай-
тын болса, пластикалық қатты денелерде – тек аққыштықтың шегінен асатын
жоғары кернеулерде ғана пайда болады. Әртүрлі денелердің аққыштықтарын
анықтайтын денелердің пластикалық немесе тұтқырлық кедергілерінің тетігі
әрқилы. Газдардың аққыштығы импульстерді газ молекулаларының қозғалыста-
ры басым қабаттардан ағын қозғалысы кем қабаттарға қарай тасуға байланысты
туындайды.
Сұйықтардағы аққыштық диффузияның кернеулер басым әсер ететін бағытқа
қарай өтуіне байланысты туындайды. Сонымен қатар энергетикалық тосқауыл
арқылы өтуде қабаттас жүретін молекулалардың немесе молекулалар жұптары-
ның немесе макромолекулалар тізбектерінің (жоғары молекулалы заттарда)
секірісті орын ауыстыруы қарапайым актілер болып табылады. Кристалдық қатты
заттардың аққыштығы әртүрлі кристалдық ақауларға: нүктелік (вакансияларға),
сызықтық (дислокацияларға) және көлемдік [краудиондарға (нығыздалуға)] бай-
ланысты болады.
АЛМАСУЛЫҚ ӨЗАРАӘСЕРЛЕСУ – бөлшектер координаттарының орын
ауыстыруына қатысты жүйенің толқындық функциясының симметриялық
қасиеттерімен байланысты кванттық жүйелердің құрамына енетін бірдей (тепе-
тең) бөлшектердің ерекше өзара ықпалы. Алмасулық өзараәсерлесудің классика-
лық физикада аналогы жоқ. Бірдей бөлшектердің (тепе-теңдік принцип) бірінен-
бірінің айырмашылығының болмау принципі салдарынан әлгіндей екі бөлшек-
тің орын ауыстыруына, яғни олардың координаттарын және спиндерінің проек-
цияларына қатысты жүйенің толқындық функциясының белгілі бір симметрияға ие
болуы қажет; бүтін спинді бөлшектер – бозондар осындай алмасуда симметриялы
болуы үшін жүйенің толқындық функциясы өзгермейді, ал спині бүтіннің жар-
тысына тең бөлшектер – фермиондар үшін таңбасын өзгертеді (антисиметриялы
болады). Егер бөлшек арасындағы өзараәсерлеу күштері олардың спиндеріне
А
79
∑
АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА
68
69
тәуелсіз болса, онда жүйенің толқындық функциясын екі функцияның көбейтін-
дісі түрінде өрнектеуге болады, бұлардың біреуі тек бөлшектердің координатта-
рына, ал екіншісі – тек олардың спиндеріне ғана тәуелді болады. Осы жағдайда
тепе-теңдік принципінен бөлшектердің кеңістіктегі қозғалысын сипаттайтын
толқындық функцияның координаттық бөлігі бірдей бөлшектердің координат-
тарын алмастыруға қатысты белгілі бір симметрияға ие болуы қажет. Осындай
симметрияның болуы, жүйенің энергиясына (тіптен бөлшектер арасында күштік
өзараәсерлесулер болмайтын жағдайда да) бірдей бөлшектердің қозғалысының
өзара байланыстарының (қатынастарының) белгілі сәйкестіктері болатынын
білдіреді (көрсетеді). Бөлшектердің біріне-бірінің ықпалы олардың арасында
кез келген күштердің әсерінің нәтижесі болып табылады. Бірдей бөлшектердің
өзара ықпалдары тепе-теңдік принципінен туындайды. Бұл жайт алмасулық
өзараәсерлесудің ерекше өзараәсерлесуінің білінуі ретінде қабылданады.
АЛҒЫРЛЫҚ – кейбір физикалық нысанның ерекше қасиетке ие болу сипат-
тамасы.
Диэлектрлік алғырлық – диэлектриктің электр өрісінде полярлану қасиетін
көрсететін сипаттама.
Магниттік алғырлық – магнетиктің магнит өрісінде магниттелу қасиетін
көрсететін сипаттама.
АЛЫСӘСЕР – денелер арасындағы өзараәсерлесу кеңістік арқылы лезде
тікелей жүзеге асырылады делінетін түсінік.
АЛЬБЕДО (латынша – аппақтық) – кез келген дене бетінің өзіне түскен сәу-
лені шағылыстыру (шашырату) қасиетімен сипатталатын шама.
АЛЬФА-БӨЛШЕК, α – бөлшек – 2 протоны және 2 нейтроны болатын гелийдің
(
4
2
Не)
ядросы. Массасы 4,00273 массаның атомдық өлшеу бірлігіне тең – 6,644·10
–24
грамм, спині мен магниттік моменті 0 (нөл).
АЛЬФА-ЫДЫРАУ, α – ыдырау – атом ядросының α – бөлшек шығаруымен
қабаттасып өтетін ыдырауы. Осы ыдырау кезінде ядроның заряды (қарапайым
заряд бірлігімен) 2 бірлікке, ал массалық сан – 4 бірлікке кемиді, мысалы
226
88
Ra→
222
86
Rn+
4
2
He
. Альфа-ыдырау кезінде бөлінетін энергия α-бөлшек пен ядро
арасында бұлардың массаларына кері пропорционал бөлінеді. Егер ең соңғы ядро
қозған күйде пайда болса, онда α-бөлшектің энергиясы осы қозған энергияға
кемитін және керісінше, егер қоздырылған ядро (ұзын еркін жол жүру α-бөлшек-
тері деп аталатын) ыдырайтын болса, онда артатын болады.
Бөлшектердің
потенциалдық бөгеуіл арқылы өтуінің кванттық-механикалық
сипатталуына негізделген альфа-ыдырау теориясын 1928 ж. американ физигі