Д
100
∑
ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ
266
267
кедергісі нәтижесінде диссипациялық жүйе болады, оның тербелісі (сызбада а
жағдайдағы жүктің тербелісі секілді) өшетін болады. Сырттан ауық-ауық энергия
«ағыны» келетіндіктен (серіппені бұрау немесе гирдің төмен түсуі нәтижесінде)
энергия диссипациясының есесі қайтарылғандықтан маятник
автотербелісін
жалғастыра береді.
ДИССОЦИАЦИЯ (латынша – ажырау) – молекулалардың, радикалдардың,
ионның немесе кешенді (комплексті) қосылыстардың екі немесе бірнеше бөлікке
ыдырауы. Диссоциацияны индукциялайтын факторларға – температураны арт-
тыратын немесе жарық әсерлеріне – тәуелді түрде диссоциациялар
термиялық
немесе
фотохимиялық деп аталған. Диссоциацияның мөлшерлік сипаттамасы –
диссоциация дәрежесі, яғни диссоциацияланатын молекула мөлшерінің берілген
заттың бүкіл молекулаларының мөлшеріне қатынасы болып табылады. Диссоци-
ация энергиясы (химиялық байланыс энергиясы)
электрондық соққы арқылы,
спектрскопиялық және кинетикалық әдістермен анықтала алады. Молекулалардың
ерітіндідегі ыдырауы элект ролиттік дисссоциация деп аталған.
ДИСТИЛЛЯТ (французша «дистиллат», латынша «дистилляция – тамшылап
ағу») – дистилляциялаудан алынған өнім.
ДИСТИЛЛЯЦИЯ (латынша – тамшылап ағу) – сұйық қоспаларды қоспалардың
құраушы бөліктерінің қайнау температураларының немесе олардың булану
жылдамдықтарының әрқалай болуы негізінде бір-бірінен ажырату. Дистилляциялау
үшін қоспаның құраушыларының біреуінің буға айналуына жағдай туғызылады
да соңынан осы бу конденсацияланып сұйыққа айналады.
ДИФРАКЦИЯ (латынша «дифрактус – сынған») – әр текті (жарықтық,
дыбыстық, т.б.) толқындардың таралу бағытында кездесетін тосқауылдарды
орағытып өтуі немесе микробөлшектер (электрондар, атомдар, молекулалар,
т.б.) ағындарын кристалдардың немесе сұйықтар мен газдар молекулаларының
максимумдар мен минимумдар тудырып шашыратуы. Бұл құбылыс механикалық
толқындардың, дыбыстың, жарық толқындарының және микробөлшектердің
өздерінің толқын ұзындығымен шамалас тосқауылдан орағытып өтуі кезінде
байқалады.
Акустика-оптикалық дифракция – біртексіз ортадан ультрадыбыстық
толқындар өткен кезде пайда болатын жарық дифракциясы.
Бөлшектер дифракциясы – микробөлшектердің толқындық қасиеттері болуы
себепті кристалдардың немесе сұйық және газ молекулаларының микробөлшектерді
шашыратуы.
Д
100
∑
ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ
268
269
Жарық дифракциясы – жарықтың мөлдір емес тосқауылдың маңайына тақау
өтуі кезінде жарық толқындарының түзусызықты таралу бағытынан ауытқуы.
Рентген сәулелерінің дифракциясы – кристалдардың немесе сұйықтар мен
газдар молекулаларының рентгендік сәулелерді шашыратуы.
Толқындар дифракциясы – толқындардың тосқауылдардың маңайына тақау
өтуі кезінде осы толқындардың түзусызықты таралу бағытынан ауытқуы.
Фраунгофер дифракциясы – жазық толқындық шебі болатын жарық
толқындарының дифракциясы. Бұл дифракция неміс физигі Йозеф
Фраунгофердің
(1787 – 1826) құрметіне аталған.
Френель дифракциясы – сфералық толқындық шебі болатын жарық
толқындарының дифракциясы. Француз физигі Огюстен
Френельдің (1788 – 1827)
құрметіне аталған.
ДИФРАКЦИЯ, микробөлшектердің – бастапқы бөлшектер шоқтарынан
осы бөлшектердің қосымша ауытқыған шоқтарының пайда болуы кезінде сұйықтар
мен газдардың, кристалдардың немесе молекулалардың электрондар, нейтрондар,
атомдар және басқа микробөлшектерді ша-
шыратуы. Осы ауытқыған шоқтардың бағыты
мен қарқындылығы шашыратқыш нысанның
құрылымына тәуелді.
Микробөлшектердің дифракциясы осы
бөлшектердің толқын ретіндегі
кванттық-
механикалық теория негізінде түсіндіріледі.
Кристалдармен және молекулалармен
өзараәсерлескен кезде бөлшектердің энер-
гиясы өзгереді: оған осы өзараәсерлесудің
потенциалдық энергиясы қосылады, осы-
дан бөлшектердің қозғалысы өзгереді әрі
Жарық дифракциясы
Су бетіндегі дифракция
1-сызба. Электрон шоғының хлорлы ба-
рийдің моногидраты пленкасынан өткен
кездегі дифракциялық суреті
Д
100
∑
ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ
268
269
сәйкес түрде бөлшектердің толқынға
байланысты таралу сипаты да өзгеріске
ұшырайды, осы жағдай бүкіл толқындық
құбылыстарға тән жалпы принциптер-
ге сәйкес өтеді. Микробөлшектердің
кристалдардағы
дифракциялық суреті
анық байқалады. Кристалдардан алы-
натын дифракциялық суреттің түрі
сызбада бейнеленген. Сұйықтардағы,
аморфты денелердегі немесе газ
молекулаларындағы микробөлшектердің,
яғни ретсіз құрылымды нысандардағы
дифракциялық сурет анық болмай,
күңгірттеніп жан-жаққа жайылып кеткен
тәрізді байқалады.
Микробөлшектердің дифракциясын
1927 жылы ғылыми-тәжірибе жүзінде
американ физиктері Клинтон
Дэвиссон
(1881 – 1958) мен Лестер
Джермер (1896
– 1971) байқаған.
Жайпақ шұңғыл емес кең ыдыстағы
суда жүзеге асырылған тәжірибелерден
сызбада бейнеленген дифракциялық
көріністер байқалған. Егер толқынның
таралу жолына өлшемі толқынның
ұзындығынан едәуір есе артық бөгетпен
(экранмен) бөгелетін болса, толқын
кедергінің геометриялық көлеңкесінің
аймағына енбейді (сызбада, а-жағдай).
Бөгеттің өлшемі кішірейтілсе, толқындар
оны орап өте бастайды (б-жағдай). Егер
бөгеттің (экранның) өлшемі толқын
ұзындығына тең болса, онда оның артында ешқандай көлеңке пайда болмайды
(в-жағдай). Сонымен, толқындар әрқашан таралу жолында кездескен бөгеттен
(экраннан) оралып өтетіндігі, оралып өту дәрежесі бөгет өлшемінің толқынның
ұзындығымен салыстырмалы шамасына тәуелділігі анықталды.
Саңылау арқылы өтетін толқындардың
дифракциясы
Достарыңызбен бөлісу: |