33
бейімділіктері
әр
түрлі
балалардың
қажеттіліктерін
адамгершілік
құндылықтарға тәрбиелей отырып қанағаттандыру себептеріне байланысты
Сингапурлық білім беру саясаты әлемдегі ең тиімді болып аталды. Бұл елде
1993 жылдан бері инновациялық идеялар мен дағдыларды, жаңашылдықты
және жоғары оқу орындарының және басқа да ұйымдардың жетекші-
тәлімгерлерімен өзара байланысу арқылы ғылыми жобаларды дайындауда
оқушылардың білімін практикада қолдануды дамытудың тамаша мүмкіндігін
ұсынатын инновациялық бағдарлама ендірілген. Инновациялық бағдарлама
(ИБ) жаратылыстану пәндерін оқып-үйренуде оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін келесі іс-шаралар арқылы дамытуға бағытталған:
«Старт» ИБ. Старт – бұл оқушылардың инновацияларда шабыттануына
және өз жобаларын қалай бастау керектігі туралы кейбір идеяларды ұсынуына
арналған платформаныбілдіретін жартыкүндік іс-шара.
«Сабақтар» ИБ. Оқу процесінде оқушылар идеяларымен бөлісетін
сабақтарды топтардағыжетекші-тәлімгерлер жүргізеді.
«Сессия жобасы». Бірінші жартыжылдықта қатысушылар жетекші-
тәлімгерлердің жетекшілігімен таңдаған жобасы бойынша өздігінен белсенді
жұмыс істейді және оны аяқтағанда өз жобаларын ұсынады.
«Семинар» ИБ. Біркүндік семинар Сингапурдың Ұлттық университетінде 5-
ші және 8-ші сынып оқушылары үшін шамамен мамыр/маусымда
ұйымдастырылады. Бұл семинар оқушылар мен тәлімгерлерге, сарапшыларға
оқушылардың жұмысын бағалауға мүмкіндік береді.
Финляндияда 5-сыныптың географиясын оқытуда технология түсінігін
оқып-үйренеді. Оқыту технологиясы деп оқыту тиімділігін арттырудың
тәсілдерін және нақты берілген алгоритм мен материалға ие жобалаушы
процесті түсінеді.8-сынып практикасына «Жер – адамзат үйі ретінде» деген
түсінік, физикалық картаның анықтамалары, оның талдауы енгізіледі. Сонымен
қатар, білім беру мазмұны Жердегі және құрнлықтардағы оқиғаларды, табиғат
жағдайларын салыстыруды, адамның іс-әрекетін және мәдени ерекшеліктерін
қамтиды. Географияны оқытудың мақсаты табиғи, техногендік және әлеуметтік
ортаны, сонымен қатар жергілікті деңгейден жаһандық деңгейге дейінгі
адамдар мен қоршаған орта арасындағы әрекеттесу үдерісін оқып үйренуде
оқушылардың дағдыларын дамыту болып табылады[6].
Қазақстанның география бойынша оқу бағдарламасының тақырыптарын
және TIMSS-2011 (8-сынып) бағалау құрылымдарын салыстыру негізгі
бөлімдер бойынша сәйкестік бар екендігін көрсетті (12-кесте).
12-кесте – Қазақстанның география бойынша оқу бағдарламасының
тақырыптарын және TIMSS-2011 (8-сынып) бағалау құрылымдарын салыстыру
TIMSS-2011 бағалау
құрылымдары
ҚР география бойынша оқу
құрылымдары
Ескерту
Жердің
құрылымы
және
физикалық сипаттамалары.
1. Жер қыртысының, қабығының
және
ядросының
құрылымы
Литосфера.
Жер
құрылысы.
Географиялық қабық.түсінігі және
оның заңдылықтары. Жердің табиғи
кешені.
Сәйкес келеді.