29
туралы Заңдардан, сондай-ақ «Орнықты даму үшін қоршаған ортаны қорғаудың
ұлттық әрекет жоспары» сияқты экологиялық мәселелерге арналған
мемлекеттік құжаттардан көруге болады.
Жалпы орта білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие
берудің тұжырымдамасы мен оны тәжірибеге енгізу жолдары ғалым
Ә.Бейсенованың жетекшілігімен әзірленген. Тұжырымдамада адамның
әлеуметтік қатынас жүйесіндегі табиғатқа деген жауапкершілік рөлінің өсуі;
табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынас жасауды экологиялық білім мен
тәрбие берудің мақсаты мен нәтижесі; экологиялық білім беруге мемлекеттік
мәртебенің берілуі; халыққа экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесін құру;
орта жалпы білім беретін мектептерде жеке пәндерді оқыту, пәнаралық
байланыс, тереңдетілген және саралап оқыту процесі арқылы экологиялық
білім мен тәрбие беру қарастырылған [9].
«География» пәні оқулықтарының авторы Т.О.Увалиев ұсынған
«Дүниежүзінің табиғат ресурстары географиясы» курсы оқушылардың
біліктілігін жетілдіруде өзіндік маңызды орны бар.
«Дүниежүзінің табиғат ресурстары географиясын» оқытудың жалпы
білімдік мақсаты – оқушылардың бойында табиғат ресурстарының алуан
түрлілігі мен байлығы және оларды пайдаланудан туындайтын проблемалар
туралы білім мен түсініктер қалыптастыру болып табылады. Ол қоршаған
табиғи ортаның біртұтас көрінісі туралы жан-жақты ғылыми түсінік береді.
«Табиғат ресурстары географиясының» білімдік маңызы – табиғат ресурстары
мен қоршаған ортаны қорғау және қалпына келтірудің географиялық
аспектілерін, адамзаттың ресурспен қамтамасыз етілу проблемаларын зерттеуге
байланысты арта түсуде.
Осы еңбекте табиғат ресурстарын оқытудың келесі міндеттері көрсетілген:
- оқушыларды
«Табиғат
ресурстары
географиясының»
география
ғылымдары жүйесіндегі және оның проблемаларын шешудегі рөлімен,
аумақтар табиғатының құрамдас бөліктерінің ерекшеліктерімен таныстыру;
- жер
шарында адамзаттың қалыпты өмір сүруі үшін табиғат
ресурстарының қажеттілігі мен құндылығы туралы білімді қалыптастыру;
- білімдерді өз беттерінше іздестіру және меңгеру қабілетін дамыту,
гуманистік бағдар қалыптастыру;
адамның
шаруашылық
іс-әрекетінің
қоршаған
табиғи
ортадағы
өзгерістермен өзара байланыстылығы туралы, өз іс-әрекетіне, қабылдаған
шешіміне, таңдауын жүзеге асырудағы жауапкершіліктері жайлы түсініктер
қалыптастыру [10].
География пәнін оқыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдану
оқушының білім жетістігін жетілдіруде өзіндік орны бар. Мысалы, 11-сыныпқа
арналған «Экономикалық және әлеуметтік география» курсына ғана қысқаша
тоқталамыз. Электрондық мектеп оқулығының алғашқы бетінде анықтамалық
бөлімнің жеке тармақтары бойынша тұтынушыға арналған нұсқаулар
(әдебиеттерді көру, оқулықты ашып-жабу, жиыру, дыбысты қосу-тоқтату,
модульге кіру тәрізді) берілген. Бұл курста «Дүние жүзіне аймақтар бойынша
30
экономикалық-географиялық шолу» жасалады. Бұл электрондық мектеп
оқулығының (ЭМО) құрылымы модульдік технологияға бағытталып
құрастырылған. Ол – ғаламшардың жеке құрылықтары және «Адамзаттың
ғаламдық проблемалары» атауларымен аталған 7 модульден тұрады, олар
бірнеше тақырыптарды қамтиды (авторлары: Увалиев Т.О., Аблеева А.Г. т.б.).
Әлем елдеріне саяхатты модуль құрылымының мазмұны берілген (44 дана)
файлдарға тоқталу арқылы жасауға болады. Жалпы ЭМО мазмұны нақты
өмірдің формасына сәйкес келеді. Түрлі-түсті бейнелер мен анимациялар
арқылы әзірленген оқу материалдары пән мұғалімінің тақырыпты жан-жақты
түсіндіруіне мүмкіндік береді. Анимация арқылы түсіндіруге арналған 59
түсініктемелер дайындалған. Оқушы алған білімін 78 интерактивті және үй
тапсырмаларын орындау арқылы бекіте алады, сонымен бірге 525 тест сұрағы
оқушылардың білімін тексеруге мүмкіндік береді. Ал оның «Функционалды
сауаттылық» бөлімінде күнделікті өмірде қолдануға негізделген тапсырмалар
берілген. Берілген нұсқаулар оқушының нақты жобалармен жұмыс жасауына
және шығармашылдықпен айналысуларына мүмкіндік жасайды. «Жобалық іс-
әрекет» бөлімінде оқушыны мектептен ғылыми жобаға бейімдейтін жұмыстар
мен оның түрлері, мақсат-міндеттері мен кезеңдеріне қойылатын талаптар,
жобаны безендендіруі туралы анықтамалық мәліметтер берілген. Соңында
глоссарий берілген. Оқушы тізімнен өзіне қажетті терминді іріктеп, оның мән-
мағынасын тереңірек білуіне болады [11].
Құрлықтардың немесе ірі аумақтардың, сондай-ақ бір елдің табиғаты,
халқы, шаруашылығы, мәдениеті, саяси-экономикалық-әлеуметтік құрылымы
туралы мәліметтерді жинақтап, зерттеп, жүйеге келтіретін география пәнінің
бір саласы – Елтану пәні. Осы салада мұғалімдерге көмек ретінде келесі
құралды ұсынуға болады:
Саипов
А.А.,
Айткенова
А.Е.,
Даулетбаева
Г.К.
Елордатану
(Астанаведение) – мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. – Астана, 2013. –
105 б.
Бұл оқу-әдістемелік құралда Астана қаласының құрылу және даму
жолдары, астананың сәулеті және мәдениеті туралы материал берілген.
Географ
ғалым
А.А.Саиповтың
«Қазақстанның
индустриалды-
инновациялық
даму
географиясы»
әдістемілік
құралы
әлеуметтік-
экономикалық инфрақұрылымның жаңа географиясы құрылуы мен дамуына,
Қазақстан шаруашылығы салаларының индустриалды-инновациялық дамуына,
еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңіне, дүниежүзілік
геоэкономикалық кеңістікте жаһандануына сәйкес, мектеп оқушыларына
географиялық білім беруге арналған. Бұл әдістемелік құралды «Өрлеу»
Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы
«Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру
институты» мұғалімдерге география пәнін оқытуда көмекші құрал ретінде
ұсынады.
Оқытудың педагогикалық технологияларының тиімді әдіс-тәсілдері мен
жаңа жолдарын іздестіру үздіксіз жүргізілетін үдеріс. Үздіксіз географиялық
Достарыңызбен бөлісу: |