«АЛМЭКС ПЛЮС» фирмасы» ЖШС келісім шарттық аумағында іздестіру жұмыстарының Жобасына №2 толықтыру және оған алдын ала қоршаған ортаға әсерін бағалау» жоба бойынша қоғамдық тыңдау
хаттамасы
Өткізу күні: 2016 жылдың 10 тамызы сағат 15:00.
Өткізу орны:Құлсары қаласы, Ұ.Абдрахманов көшесі, «Мұнайшылар» клубы.
Қоғамдық тыңдалымды «АЛМЭКС ПЛЮС» фирмасы» ЖШС ұйымдастырды.
Қоғамдық тыңдалымдар өткізу туралы ақпарат 22 шілде 2016 жылы шыққан «Құлсары» апталық газет арқылы хабарланды.
Қатысқандар:
Жылыой ауданы әкімінің орынбасары– Ахметов Ж.Б.
Жылыой ауданы бойынша Кәсіпкерлер Палатасы филиалының заңгері - Балжигитова Г.К.
Жылыой ауданы әкімі аппараты мемлекеттік - құқықтық бөлімі бас маманының м.а. - Айшуақова Г.А.
«АЛМЭКС ПЛЮС» фирмасы» ЖШС директорының орынбасары - Ескожа Б.А.
«АЛМЭКС ПЛЮС» фирмасы» ЖШС инженері - Мустафиев Б.Ж.
Жобалық құжаттарды дайындаушы «OPTIMUM» Жобалау институты» ЖШС-нен – Амандык Г.М, Бекешова Ж.Б.
Қатысқандардың толық тізімі қосымшада берілген.
Қоғамдық тыңдалымды Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Ахметов Ж.Б. ашты.
Қоғамдық тыңдалымды өткізу үшін көпшілік дауыспен төраға мен хатшы сайланып, сонымен қатар күн тәртібі мен регламент белгіленді.
Бірауыздан қоғамдық тыңдалымның төрағасы Жылыой ауданы бойынша Кәсіпкерлер Палатасы филиалының заңгері - Балжигитова Г.К., Жылыой ауданы мемлекеттік - құқықтық бөлімі бас маманының м:а: - Айшуақова Г.А. хатшысы болып сайланды.
Тыңдалымның күн тәртібі:
Тыңдалым төрағасы мен хатшысын тағайындау – 5 мин
Мекемелердің, тұрғындардың сөйлеуі – 25 мин
Қорытынды сөз және қабылданған шешім – 10 мин
Негізгі технологиялық деректер бойынша «OPTIMUM» Жобалау институты» ЖШС-нің өкілі Бекешова Ж. сөз сөйледі:
«АЛМЭКС Плюс» Фирмасы» ЖШС-нің келісім шарттық аумағы Қазақстан Республикасының Атырау және Маңғыстау облыстарының жапсарында орналасқан
Карастырылып отырған келісім шарттық аумағында көмірсутек шикізатын барлау құқығы «АЛМЭКС Плюс » Фирмасы» ЖШС-не берілген, 24.02.2014 жылдан №4001-УВС жер қойнауын пайдалану келісім шартына және №1 толықтамаға сәйкес.
ҚР энергетика министірлігімен берілген іздеу жұмыстары үшін барлау кезеңі 24.02.2014-24.02.2020 жылға дейін.
2014 -2015 ж.ж. аралығында «Гео Энерджи Групп» ЖШС Максат, Пионерская, Огай, Пустынная және Тажигали құрылымдарында көлемі 700 шаршы шақырым 3Д сейсмикалық барлау жумыстарын жүргізілді.
Сейсмобарлау интерпретациясы нәтижесінде айтылып кеткен құрылымдардың геологиялық құрылысы және VI , П1, П2, П2’, П2д, П3 айқындағыш қабаттарының құрылым карталары тұрғызылды.
«АЛМЭКС ПЛЮС» фирмасы» ЖШС-нің барлау жұмыстарының көлемінің өзгеруіне және жұмыс бағдарламасына түзетулер еңгізуіне байланысты «АЛМЭКС ПЛЮС» фирмасы» ЖШС келісім шарттық аумағында іздестіру жұмыстарының Жобасына №2 толықтыруы» дайындалуы қажеттілігі туындады.
«АЛМЭКС ПЛЮС» фирмасы» ЖШС келісім шарттық аумағында іздестіру жұмыстарының Жобасына №2 толықтыруы» бойынша:
-Терең Прорва және Солтүстік Култук құрылымындарында көлемі 380 шаршы км құрайтын 3Д сейсмобарлау жұмыстарын жүргізу;
-Ансаган құрылымында жоба тереңдігі 6500 м құрайтын 1 тәуелді Ансаган -4 іздеу ұңғымасын бұрғылау;
- Пустынная құрылымында жоба тереңдігі 6500 м құрайтын 1 тәуелсіз Пустынная-101іздеу ұңғымасын бұрғылау;
- Максат құрылымында жоба тереңдігі 7000 м құрайтын 1 тәуелсіз Максат-1 іздеу ұңғымасын бұрғылау;
Жобаланған технологиялық деректердің қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша «OPTIMUM» Жобалау институты» ЖШС-нің өкілі Г.Амандық сөз сөйледі.
Мұнай және газ өндірісінің көлемін ұлғайтқан кезде, мұнай өнеркәсіп-орындары орналасқан жерлерде, қоршаған ортаны қорғау маңызды экологиялық және әлеуметтік міндет болып табылады.
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – жобаны жүзеге асыру барысында, қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін, барлық факторларды алдын ала бағалап, әсерлерді жою немесе төмендету үшін ұсыныстар әзірлеу.
Ұңғымалардың құрылысы кезінде, атмосфералық ауа, негізі келесі жұмыстар нәтижесінде ластануы мүмкін:
автокөліктердің түтіндері.
құрылыс-монтаждау жұмыстары кезіндегі шаң (орлар қазу, жанар-жағармай алаңдарына топырақ үю, шаңытатын материалдарды тасымалдау, түсіру және т.б.);
технологиялық жабдықтардан көмір-сутегілерінің жеңіл фракциялары (жанар-жағармайын сақтайтын ыдыстар, сорғылар)
дизельді қондырғылардың іштен жанатын қозғалтқыштарының жұмысы кезіндегі пайдаланылған газдар;
Сондай-ақ ұңғымалардың құрылысы барысында дәнекерлеу жұмыстары жүзеге асырылатын болады.
Атмосфералық ауаға шаруашылық қызмет әсерiнiң деңгейiн азайту мақсатында арнайы іс-шаралар кешені қарастырылған.
Арнаулы техника және автокөліктің жұмысы, топырақ жамылғысымен өсімдік және жануарлар әлеміне механикалық іс-қимыл себептері, ал жанар-жағармай материалдарына арналған сыйымдылықтар және технологияның бұзылуы, апаттық төгілулер, яғни химиялық ластану болып саналады.
Өсімдік топырақ жамылғысының бұзылымын болдырмау мақсатында, жобаланған жұмыстарды жүргізу кезінде жануарлардың алуан түрлерін сақтауға, тiршiлiк ету ортасын, көбею жағдайларын және өрiс аудару жолдарын, табиғи қауымдастықтардың тұтастығын қолдауға бағытталған іс-шаралар кешені көзделген.
Жергілікті флораның өтемақылық мүмкіндіктерін ескере отырып, көзделген іс-шараларды сақтаган кезде, зиянды заттардың шығарылуы өсімдіктердің жағдайына айтарлықтай әсер етпейді деген қорытынды жасауға болады.
Ұңғымалардың құрылысы барысында жер асты суларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар жобалық шешімдер қабылданған.
Жоспарланған жұмыстар кезінде: қолданылған бұрғылау ерітіндісі, майлықтар (май сіңген ескі-құсқы маталар), бұрғылау қалдықтары, өңделген майлар, металлолом, пайдаланылған ыдыстар, дәнекерлеу кезінде қолданылған электродтар, коммуналдық қалдықтар пайда болады.
Қоршаған ортаға тиетін кері әсерді азайтуға бағытталған санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық нормаларды, және төменде қарастырылған шараларды сақтаған жағдайда өндіріс және тұтыну қалдықтарының табиғи ортаға әсері барынша аз болады.
Қалдықтардың қоршаған орта тіршілік процестеріне тигізер әсерін барынша азайту үшін осы саладағы барлық заманауи құралдарды және технологияларды ескере отырып, өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинаудың, сақтаудың, көмудің және пайдаға асырудың (қалдықтарды тапсыру кезінде кері өнімге жарататын мекемелерді таңдап), нақты іс жүзінде жұмыс жасайтын схемасы қолданылуы тиіс.
Осылайша, табиғатты қорғау талаптарын сақтаған жағдайда, арнайы үш негізгі: (кеңістіктік және уақытша ауқымы, әсер мәні) көрсеткіштерінің қосындысының нәтижесінде, жобаланған барлау жұмыстарының жүргізілуінің әсерін алдын ала былай деп қабылдауға болады:
Жалпы алғанда атмосфералық ауа мен өсімдік жамылғысы, топырақ қабатының жай-күйiне әсер ету мәні орташа, қоршаған ортаға елеулі әсер етпейді, қоршаған орта ешкімнің көмегінсіз өздігінен бір, екі немесе бірнеше жылдың ішінде толықтай қалпына келеді.
Жер асты суларына және қалдықтардың тигізер, әсер ету мәні төмен болған кезде қоршаған орта ешкімнің көмегінсіз келесі жылы қалпына келеді.
Қоғамдық өкілдерінің ұсыныстары мен ескерту мәселелері:
Сұрақ: Көзделген жұмыстар қай жылдары жоспарлануда?
Жауап: Ескожа.Б.А. - 2016-2020 жылдары.
Сұрақ: Геологиялык бөлудің ауданы қанша шаршы км құрайды? Әр облысқа канша пайыздан келеді?
Жауап: Бекешова Ж.Б.
Геологиялык бөлудің ауданы – 1460,1 ш.км
Соның ішінде Атырау облысы бойынша 843,5 ш.км 57,7%
Маңғыстау облысы бойынша 616,6 ш.км 42,3%.
Сұрақ:Тыңдаушы өзінің қазіргі таңда жұмыссыз екендігін айтты және 3 ұңғыма бұрғыланатын болса халықты қызметпен қамтамасыз ете ма деген сұрақтар қойды.
Жауап: Ескожа.Б.А. - Жүргізілген жұмыстар аясында жаксы нәтиже күтілуде. Жаңа кен орындары ашылған кезде, жаңа жұмыс орындары пайда болатынына және аудандық жұмыспен қамту бөлімі арқылы жүргізетін болады. Аудан экономикасының ныгаюына септігін тигізетінін айтты.
«АЛМЭКС ПЛЮС» фирмасы» ЖШС - нің геология және барлау жұмыстары жөніндегі директор орынбасары Ескожа Б.А.:
Екі жылғы барлау жұмыстарының нәтижесінде тиянақты деректер алынды. Тұзасты қабаттарының құрылымы айқындалып, 6000 метр тереңдіктегі жоғарғы девон шөгінділерінде мұнай, газ және конденсат бар екендігі дәлелденуде. 6200 метр тереңдікте қазылып біткен Аңсаған - 2 ұңғысында сынақ жұмыстары басталды. Сонымен қатар, биыл Терең Прорва және Солтүстік Қолтық алаңдарында кең көлемді 3Д сейсмикалық жұмыстары белгіленді. Осы болжамдар айқындалған жағдайда, бұл өңірдің мұнай мен газға бай екендігі дәлелденеді. Геологиялық барлау жұмыстарының көлемі ұлғаюына байланысты жоба қайта қаралып отыр. Көңіл бөліп, қолдау көрсеткендеріңізге рахмет.
Талқылау қорытындысы бойынша негізгі тұжырымдар.
Қоғамдық тыңдау нәтижесі: «АЛМЭКС ПЛЮС» фирмасы» ЖШС келісім шарттық аумағында іздестіру жұмыстарының Жобасына №2 толықтыру және оған алдын ала қоршаған ортаға әсерін бағалау» жоба бойынша қоғамдық тыңдау материалдарын талқылау қорытындысы жалпы түрде мақұлданды.
Қоғамдық тындауға қатысушылар «АЛМЭКС ПЛЮС» фирмасы» ЖШС ауқымды жұмыстарына сәттілік білдірді.
Тыңдалым төрағасы Балжигитова Г.К.
Тыңдалым хатшысы Айшуақова Г.А.
Достарыңызбен бөлісу: |