Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау
саласындағы Үйлестіру кеңесі мәселесінің
ХАТТАМАСЫ
Алматы қаласы
2018 жылғы 22 мамыр
Төрағалық етті: Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.А. Дәрібаев
Қатысты: Алматы қаласының әкімдігі жанынадағы Мүгедектерді әлеуметтік қорғау
саласындағы Үйлестіру кеңесі комиссияның мүшелері.
1. Мүгедектерге бұқаралық спорттың және спорттық іс-шаралардың қажеттілігі
(М.Б. Отыншиев, Л.М. Қалтаева, А.М. Маханбетияров, Н.А. Жуковская, А.Ө. Ерғалиева)
Дене шынықтыру және спорт басқармасы аудандар әкімдерімен бірлесе отырып:
- ҮЕҰ-мен бірлесе отырып, мүгедектер үшін бұқаралық спортты дамыту жөніндегі іс-
шаралар жоспарын әзірлесін (мерзімі – 2018 жылғы 1 шілдеге дейін);
- Мүгедектердің спортпен шұғылдануы үшін әрбір ауданда 2 объектіден спорт
секцияларын және мәдени ойын – сауық іс – шараларға бару үшін қолжетімділікті
қамтамасыз етсін (мерзімі – 2018 жылғы 1 қыркүйекке дейін);
-
мүгедектігі бар мамандарды спорт секцияларынамүмкіндігінше жұмысқа
орналастырудың мүмкіндігін қарастырсын
(мерзімі – 2018 жылғы 1 қыркүйекке дейін);
-
Алматы
қаласының
атынан
қатысатын
командаларды
мүмкіндігінше
қаржыландыруды қарастырсын (бірыңғай униформа, қолжетімді көлік, жарысқа
қатысушыларды қолжетімді жағдайда орналастыру) (мерзімі – 2018 жылғы 1 қыркүйекке
дейін);
- «Алматы» спорт клубының жұмысына мүгедектердің қатысуымен спортпен
айналысатындарға хабарлау үшін медиа-жоспарды әзірлеу (мерзімі – тұрақты).
1.2 Алматы қаласы әкімінің мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және
өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері жөніндегі кеңесшісі В.Ю Алаевкқа (келісім
бойынша):
- Алматы қаласының әкімі 2018 жылға бекіткен кестеге сәйкес Алматы қаласы
Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен мүгедектердің ҮЕҰ қатысуымен кездесуін
ұйымдастырсын.
1.3 «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы», қоғамдық бірлестігінің
төрайымы Л.М. Қалтаева (келісім бойынша):
- спорттық ғимараттарға мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Алматы
қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының жұмысы туралы мәслихат және қала
алаңында депутаттық тыңдау ұйымдастыруды ұсынсын.
2.
Алматы қаласы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында әзірленген
мүгедектерге арналған әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне
қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды қарастыру
( М.Б. Отыншиев, А.Ж. Нарматов, Ұ.Ә. Іңкәрбеков, Ғ.Ғ. Тобатаева, Н.А. Жуковская, С.Т.
Махашев)
2.1 Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы:
мүгедектердің ҮЕҰ бірлесе отырып, Алматы қаласының бейімделген әлеуметтік
инфрақұрылымы нысандарына қорытынды беретін және бағалау бойынша
сарапшы топты құру мүмкіндігін қарастырсын (мерзімі – 2018 жылғы 1 шілдеге
дейін);
мүгедектер үшін қолжетімді ортаны сақтаудың көлік инфрақұрылымына және
әлеуметтік нысандарға мониторинг жүргізуге қатысты Алматы қалалық Жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы туралы Ережеге тиісті өзгерістер
енгізсін (мерзімі – 2018 жылғы 1 шілдесіне дейін);
сурдо-онлайн аудару қызметінің қажеттілігіне талдау жүргізу үшін жұмыс тобын
құрсын, сонымен қатар аталған қызметтің қажеттілігін анықтасын. Жұмыс тобы
құрамына Үйлестіру кеңесінің мүшелері А.Ө. Ергалиева мен Н.А. Жуковскаяны
қоссын (мерзімі – 2018 жылғы 1 қыркүйегіне дейін).
3. 2017 жылғы 30 маусымдағы Алматы қаласының әкімі Б. Байбектің
төралығымен өткен Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік
қорғау саласында Үйлестіру кеңесінің хаттамасының орындалуы
(М.Б. Отыншиев, Ж.Б. Кенжебаева, В.Ю. Алаев, Л.М. Қалтаева, Е.М. Әділов, А.Т.
Ахтанова, П.А. Юсупжанов, Қ.Қоңырбаева)
3.1 Алматы қаласы әкімінің мүгедектердің Құқықтарын қамтамасыз ету және өмір
сүру сапасын арттыру мәселесі жөніндегі кеңесшісі В.Ю. Алаевтың ақпараты назарға
алынсын.
3.2 Жетісу, Наурызбай және Түрксіб аудан әкімдеріне:
Алматы қаласы әкімінің инклюзивті балалар алаңын жасау бойынша
тапсырмасының орындалуын жеке бақылауға алып, орындалуын қамтамасыз етсін
(мерзімі – 2018 жылғы 1 шілдеге дейін);
3.3 Алматы қаласы Жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасы:
- барлық аялдамаларда өтетін автобустардың нөмірі, жүру аралығы, маршруттың жұмыс
уақытының басталуы мен аяқталуы, автобустарда жарияланған аялдаманың жарық
таблосын орнатсын (мерзімі – 2018 жылдың 15 шілдеге дейін);
- Метрополитенде мүгедектерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін мобильді және
стационарлық типтегі көтергіштердің саны мен қажеттілігін анықтау мақсатында
мүгедектердің ҮЕҰ-ның мониторингтік тобын құрсын (мерзімі – 2018 жылдың 15
маусымына дейін) (мерзімі – 2018 жылдың 15 маусымға дейін);
- мониторингтік топ Алматы қаласының «Метрополитен» КМК – мен бірлесе отырып,
Алматы қаласы метросының әрбір станциясы бойынша нәтижелер туралы қорытынды
әзірлесін (мерзімі – 2018 жылдың 15 маусымға дейін).
3.4 Алматы қаласы әкімінің мүгедектердің Құқықтарын қамтамасыз ету
және өмір сүру сапасын арттыру мәселесі жөніндегі кеңесшісі В.Ю. Алаев:
- Алматы қаласы әкімінің 2018 жылға бекіткен кестесіне сәйкес Алматы қаласы
Жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасы мен мүгедектердің ҮЕҰ кездесуін
ұйымдастырсын.
4. Осы хаттаманың орындалуын бақылау Алматы қалалық Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының М.Б. Отыншиевке жүктелсін.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары
М. Дәрібаев
Хатшы
В. Алаев