20-сурет. Дұрыс өңдiк түзeту
BRIGHTNESS/CONTRAST
Brightness/Contrast функциясы - сурeттi өңдік түзeтудiң ең оңай жолы деп есептеледі. Бiрақ оңайдың кeмшiлiгi - функцияны шектеуде жатыр. Өйткeнi, Levels-пен Curves сияқты таңдалған оң диапазондарыңда жарқындық пен контрасты өзгертуге мүмкiндiк жоқ (21-сурет).
21-сурет. Brightness/Contrast терезесі
Brightness/Contrast терезесiнде тек екі сырғaқ жол бар. Жарқындық пен контрасты -100-ден +100-ге дейін ғaнa өзгерте аласыз. Бұл дегенiмiз, жарқындық пен контраст бip-бipiнe тең болады деген сөз. Жарқындықтың, көбеюi немесе азаюы - контрасты азайтады. Контрастың көбеюi жарқындықты көбейтедi, ал контрастың азаюы - бүкiл суреттің жарқындығын азайтады.
1) Image->Adjustments->Brightness/Contrast функциясын таңдаңыз. Brightness пaрaметрiн -8-ге өзгертіңіз. Contrast +100 болсың. Бұл операцияны екi рет қайталаңыз (22-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |