Жоғары деңгей. Географиялық және химиялық ұғымдарды меңгеруге қызығушылығы жоғары. Оқушының географиялық, химиялық ұғымдар нәтижесінде меңгерген білімдері нақты. Берген жауаптарын дәлелдей алады. Тәжірибе, бақылау әдістерін білім алу барысында қолдана алады. Олардың нәтижесін қорытып айтуға мүмкіндігі бар. Табиғат заттары мен құбылыстарын бақылау, жер сұлбасымен, географиялық картаның түрлерімен жұмыс жасау, шартты белгілерді дұрыс оқи білуі, судың, ауаның, топырақтың, пайдалы қазбалардың түрлерін ажырату және қасиетін анықтауда өзіндік белсенділігі жоғары.
Орта деңгей. Географиялық және химиялық ұғымдарды меңгеруге қызығушылығы бар. Оқушының географиялық, химиялық ұғымдары болғанмен, меңгерген білімдері нақты емес. Берген жауаптарын нақты дәлелдей алмайды. Тәжірибе, бақылауды мұғалімнің көмегімен ғана қолданады және оның нәтижесін қорыту деңгейі орташа. Табиғат заттары мен құбылыстарын бақылау, жер сұлбасымен, географиялық картаның түрлерімен жұмыс жасау, шартты белгілерді оқу барысында мұғалімнің көмегін қажет етеді. Судың, ауаның, топырақтың, пайдалы қазбалардың түрлерін ажырату және қасиетін анықтауда мұғалімнің нұсқауы мен көмегін керек етеді.
Төменгі деңгей. Географиялық және химиялық ұғымдарды меңгеруге қызығушылығы төмен. Оқушының географиялық, химиялық ұғымдары төмен. Берген жауаптарын дәлелдей алмайды. Тәжірибе, бақылауды мұғалімнің көмегімен қолданғанмен, оның нәтижесін қорыту деңгейі төмен. Табиғат заттары мен құбылыстарын бақылау, жер сұлбасымен, географиялық картаның түрлерімен жұмыс жасау, шартты белгілерді дұрыс оқи алмайды. Судың, ауаның, топырақтың, пайдалы қазбалардың түрлерін және қасиетін ажырата алмайды.
Зерттеу жұмысының міндеттеріне сәйкес тәжірибелік – эксперимент жұмысы Алматы қаласы Алатау ауданы №136 мектеп-гимназиясында, М.Әуезов атындағы №128 орта мектебінде, Алматы облысы Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылының Қожбанбет би атындағы орта мектептерде 2005-2009 аралығында жүргізілді.. Эксперимент жұмысы анықтау, қалыптастыру, бекіту кезеңдері бойынша ұйымдастырылды. Алдымен бастауыш сынып оқушыларының географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастыруға арналған тәжірибелік – экспериментке материалар дайындалып, белгіленген тірек мектептерінде семинар – кеңестер ұйымдастырылып, эксперимент және бақылау сыныптары белгіленді.
Анықтау эксперимент кезеңінде оқушыларға сұрақтар қойып, әңгімелесу, сарамандық жұмыстар орындату арқылы олардың ұғым меңгеру деңгейін байқауға тырыстық.
Оқушылармен әңгімелесу кезіндегі сұрақтарға берген жауаптарынан географиялық және химиялық ұғымдарға қызығушылқтарының әртүрлілігі байқалды. Мәселен, 1-2 сынып оқушыларында қоршаған ортаға деген қызығушылық басым, бірақ соған байланысты берілген ұғымдарды ашуға келгенде шорқақтық көрсетеді. Әңгіме барысында қойылған сұрақтарға оқушылардың қайтарған жауаптарында жүйеліліктің жоқтығы, нақты ұғымдар деңгейінің төмендігі, жауапты «иә», «жоқ» түрінде дәлелсіз қысқа ғана қайтаратындығы, бір- бірінің жауабын қайталайтындығы, ой қорыту дәрежесінің жетіспейтіндігі байқалды.
Сонымен қатар, географиялық ұғымдарға жататын ауа райы, климат, табиғат құбылыстары т.б. туралы анықтамаларды ажыратып айта алмады. Дүниетану сабақтарына керекті көрнекі және оқу құралдарының толық пайдаланылмайтындығын, ғылыми ұғымдардың жеткілікті түрде сараланбайтындығын, оқушылардың географиялық картамен жұмыс түрлерімен жаттықпағандығын, оқушылардың сөйлеу дағдысына да аз көңіл бөлінетіндігін көрсетті.
Тест тапсырмаларын орындаудың нәтижесінде мына жағдайлар байқалды:
- оқушылардың бұрынғы оқып өткен ұғымдарды ойда сақтау дәрежесінің төмендігі;
- табиғи заттардың басты қасиеттерін нақты ажырата алмайтындығы;
- табиғат құбылыстарының себеп-салдарын ғылыми тұрғыдан түсінбейтіндігі.
- сарамандық және бақылау жұмыстарының жүйелі жүргізілмейтіндігі тәжірибе жасау, географиялық картаны пайдалану, шартты белгілерді дұрыс оқи білуінің төмендігі;
-пайдалы қазбалардың, топырақтың түрлерін бір-бірінен ажырату, судың, ауаның қасиетін анықтау деңгейінің төмендігі байқалды.
Осы жоғарыда көрсетілген жағдайларды ескере отырып, бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымдарын қалыптастыруда мынадай жұмыстар жүргізілді:
- географиялық, химиялық ұғымдардың мазмұны мен жүйесі сараланды;
- географиялық, химиялық ұғымдарды қалыптастыру формасы мен әдістері берілді;
- мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың бағдарламасы жасалды;
- табиғат аясында өткізілетін топ серуен жоспары берілді;
-«Жас табиғат қорғаушылар» үйірмесінің жұмыс жоспары, қызықты
географиялық ойындар, өлкетану бұрышы, жасалды;
- географиялық, химиялық ұғымдарға байланысты тест тапсырмаларының
үлгісі құрастырылды;
- «Дүниетану анықтамалығы (1-4 сынып)» мұғалімдерге арналған көмекші құрал.
Бақылау және эксперименттік топтарында оқушылардың географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастыруда байқалған жағдай: оқушылардың табиғат нысандарын және құбылыстарын бейнелі-көрнекілік деңгейде қабылдап, біртіндеп абстрактілі деңгейге көшетіні байқалды. Себебі, бастауыш мектеп жасындағы оқушылар әдетте өте сезімтал және еліктегіш келіп, айқын табиғи бейнелер мен көріністерді және нысандарды, құбылыстарды сезім мүшелерінің көмегі арқылы нақты қабылдауға тырысады.
Келесі сатыда бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілген қалыптастыру экспериментінің мақсаты мен міндеті анықталды:
анықтау эксперименті кезінде сараланған географиялық және химиялық ұғымдар мазмұнын, жүйесін қалыптастыру эксперименті кезінде сабақта, сабақтан тыс іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру барысында және топсаяхат кездерінде қолданып, оны оқушыларға меңгертудің жолдарын іздестіру;
оқушылардың географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастыруға байланысты дайындалған теориялық модельді іс-жүзінде қолдана отырып, зерттеу мақсатын жүзеге асыру;
зерттеу тақырыбына байланысты өзіміз ұсынған ұғым қалыптастыру барысында қолданылатын білім беру әдістерінің тиімділігін эксперимент арқылы анықтау;
мұғалімдердің теориялық және әдістемелік деңгейлерін көтеру мақсатымен, ұғым қалыптастыру мәселесіне байланысты семинар өткізу;
жоғарыда көрсетілген жұмыстар нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастырудың әдістемесін мектептің іс-тәжірибесіне ұсыну.
Эксперимент кезінде әрбір сынып бойынша сабақтардың мақсатын, құрылымы мен түрлерін, берілетін географиялық және химиялық ұғымдардың мазмұндық құрамын анықтау, оқытудың әдіс-тәсілдері мен қолданылатын құралдарды іріктеу, таңдау, сабақ барысында оқушылардың орындайтын өзіндік іс-әрекеттерін белгілеу мәселелері үнемі назарда ұсталып, мұғалімдерге дайын сабақ жоспарларымен бірге әдістемелік кеңестер беріліп отырды.
Қалыптастыру эксперименті кезінде сабақ түрлерін өзгертіп отыру арқылы оқушылардың өзгермелі жағдайда ұғымдарын қолдану икемдіктерін көтеруге мәселесі ескерілді. Сонымен қатар, олардың әр сынып бойынша алған ұғымдарын кіріктіре отырып ұғымдардың саналы меңгерілуіне көңіл бөлінді. Себебі, бастауыш сыныптарда білім спиралды жүйемен белілу арқылы қайталана отырып кеңейтіледі. Өйткені, бұл сыныптағы оқушылардың жас еркшелігіне байланысты білімді сызықты жүйемен беру олардың тез ұмытуына әкеліп соғуы мүмкін болғандықтан, бастауыш сыныптарда сызықты жүйемен беру қолданылмайды. Білім мазмұны қайталана отырып, кеңею арқылы оқушылардың бұрын алған білімдері тірек білімнің рөлін атқарып және ол ұғымдар әрбір кезеңде жаңа мазмұнмен толықтырылып, байытылып отырады.
Қалыптастыру эксперименті кезінде оқытудың негізгі әдісі оқушылардың алдына олардың жас ерекшелігіне сай келетін мәселелерді қойып, оны шешуге өздеріні белсенді қатыстыру арқылы ұғым беру мақсаты үнемі назарда болды. Оқыту кезінде қойылған мәселелер оқушылардың оқу әрекеттері жүйесі арқылы шешіліп отырды. Олардың бірінішісі – қойылған мәселелерді қабылдауға байланысты әрекеттер, ал екіншісі – осы мәселелерді шешуге байланысты әрекеттер. Оқу әрекеттері бойынша пәндік мазмұнға байланысты негізгі ұғымдарды меңгеріп және олардың арасындағы байланыстарды іздеу, оның жауабын табу. Оқу әрекеттерінің көмегімен оқушылар өз жауаптарын талдайды, оқулықтағы мәтінді пайдаланып практикалық жұмыстар атқарады, қортындысында тиісті жауапты табуға үйренеді.
Дүниетану пәні негізінен жаратылыстану ғылымдарының кіріккен мазмұнынан тұратын болғандықтан, ұғым қалыптастыру кезінде осы ғылым саласына тән әдістер қолданылды. Бұларға тәжірибе, бақылау, талдау, анықтау, салыстыру, қортындылау, іздену т.б., әдістер тобы жатады. Бұл әдістер арқылы оқушының іздеу қабілетін, табиғатты бақылауға, бақылау кезінде басты құбылыстар мен ерекшеліктерді байқау икемдіктерін, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап табу қабілетін дамыту тұстарына баса көңіл бөлінді. Осылардың негізінде оқушыларға нақтылы құбылыстар, деректер мен ерекше белгілерді, заттардың қасиеттерін білдіретін теориялық және практикалық ұғымдар меңгеру мақсаты жүзеге асты.
Оқушылар қалыптастыру экспериментінің нәтижесінде табиғат туралы кез-келген сұраққа саналы түрде жауап қайтаруға, оқулық бойынша, өздігінен бақылау және практикалық жұмыстар орындау нәтижесінде, дұрыс жауап таба білуге, өзін- өзі тексеруге жаттықты. Мәселен, 2- сыныпта оқушылар көкжиек тұстарымен танысады. Оған байланысты тұстардың атын, оны қалай анықтау жоларын біледі. Енді олардың осы ұғымдарын бекіту мақсаты практикалық жұмыстар орындату арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін мұғалім әр оқушының өз үйінің мектептен қай бағытта орналасқандығын анықтап, мектепке келетін жолындағы кездесетін заттарды әр қайсысын өз бағытында орналастырылып, шартты белгілер арқылы қағазға түсіріп, мектепке келетін жолының сызбасын жасау үйге тапсырады. Бұл жағдайда оқушылардың осы мәселені қалай шешуді, оны жүзеге асыру үшін не істеу керектігін білуі қажет. Бұл жұмыстарының нәтижесін оқушылар бүкіл сынып бойынша бірігіп талқылайды. Бір – бірінің қатесін шығарады. Жұмысты орындау барысында оқушылар әр түрлі шартты белгілерді қолдануға жаттығады. Жұмыс нәтижесін талдау кезінде оқушылар көптеген жаңа сөздерді (дүкен, жол қиылысы, базар, автокөлік, аялдама, саябақ т.б.) қолданады. Шартты белгілерді дұрыс қолдану, негізгі көкжиек тұстарын дұрыс көрсету, әр нысанда өз бағытында орналастыру бұл келешекте 3-4 сыныптарда картамен жұмыс істеуге дайындайды.
Мұғалімнің оқыту және оқушылардың оқу әрекеттерінің байланыстылығын қамтамасыз ете отырып, оқушылардың белсенділігін арттыратын әдістерді қолдану арқылы бастауыш сыныпта географиялық, химиялық ұғым қалыптастыруға болатындығына көз жеткіздік.
Эксперимент нәтижесін қортындылау кезінде әр сыныпқа бақылау сұрақтары мен тапсырмалар беріліп, соған қайтарған жауаптар мен орындаған сарамандық жұмыстардың нәтижесі қортылды. Бақылау сыныптары мен эксперименттік сынып оқушыларының білім деңгейі, сарамандық жұмыс орындаудағы біліктіліктері және алған ұғымдарын қолдану құзіреттілігі де сараланды.
Сұрақтар мен тапсырмаларды орындатумен қатар белгілі бір тарау бойынша оқушылардың бір- біріне сұрақтар қойғызып, өз ойларын айтқызу арқылы да, алған ұғымдарын қолдана алу деңгейін де байқауға тырыстық. Бұл жұмысты қортындылау кезінде мына мәселелерге көңіл аударылды:
Бақылау сыныбы мен эксперименттік сынып оқушыларының қойған сұрақтарының тақырыпқа сәйкестігі;
Әр сынып бойынша сұрақ қоюға оқушылардың белсенділік деңгейі;
Оқушылардың сұрақтарға қайтарған жауаптардың сапасы;
Тәжірибе әдістерін қолдануға байланысты қойылған сұрақтар;
Практикалық әдістерді қолдануға байланысты қойылған сұрақтар;
Бақылау әдістерін қолдануға байланысты қойылған сұрақтар.
Сұрақ қою барысында оқушылардың ұғымдарды қолдану деңгейлері т.б.
Осы жұмыстар барысында алынған мәліметтер эксперименттік топта табиғатқа байланысты ұғымдардың қалыптасқандағын байқатты. Оқушылар өздері қойған сұрақтары мен тапсырмаларында географиялық атауларды, құбылыстарды, заттардың қасиетін, шартты белгілерді, т.б. ой қорытуға қажетті ұғымдарды қолдана алды. Бақылау сыныбындағы оқушылардың сұрақты жүйелі қоюға және ойларын тұжырымдап айтуға шорқақтығын байқатты. Сұрақ қоюға ұмтылмаған оқушылар да кездесті. Ал кейбір оқушылар сұрақ қоюға ұялып, өздеріне сенімсіздік көрсетті. Көптеген сұрақтардың құрылымы мен мағынасы дұрыс болмады. Бақылау сыныбындағы оқушылардан неге сұрақ қоймайсыңдар? - деп сұрағанда, олардың жауаптар әр түрлі болды. Мысалы: «… мен не істеу керектігін мүлдем түсінген жоқпын», «менде қояр сұрақ жоқ», «Сұраққа қажетті сөздерді тауып, айту қиын», т.б.
Эксперименттік сыныптардың оқушылары географиялық және химиялық ұғымдарды қолдана отырып сұрақтары мен тапсырмаларды көп қойып, оларды өздері біріге отырып шешті. Қойған сұрақтардың географиялық және химиялық ұғымдарға тікелей қатыстылығы байқалды. Бұл эксперименттік сынып оқушыларының өздігінен жұмыс жасауға, ойларын тұжырымдап айтуға, ұғымдарын іс жүзінде қолдануға жаттыққандығын көрсетті.
Біз тәжірибелік–сынақ жұмыстарымызды қорытындылаған кезде қойылған сұрақтар мен оған қайтарылған жауаптардың дұрыстығын бағалаумен қатар, оқушының ойлау әрекетінің деңгейін, ұғымдарды қолдану біліктіліктерін байқауға тырыстық. Эксперименттік сынып оқушыларының сұрақ шешімдерін іздеу әдістері, өз әрекеттерін бағалау, ой қорыту қабілеттілігі байқалды.
Эксперименттік сынып оқушылары сабақ барысында мұғалімге әр түрлі сұрақтар қоюмен қатар, тапсырманы орындау әдістерін түсіндіруді талап ететін деңгейге көтерілді. Бақылау сыныбының оқушылары шартты белгілерді қиналды және дұрыс белгілей алмады. Бұл оқушылардың сабақ барысында көбінесе тыңдаушы мен көрермен ретінде болғандығын байқатты. Ал, эксперименттік сынып оқушылары өздігінен әрекет жасап, белсенділік көрсетуге, осының нәтижесінде білімді саналы қабылдауға дайын, ойлау мен елестету, іздену қабілеттерінің басымдығын байқатты.
Тәжірибелік-эксперименттің бекіту кезеңі бойынша бастауыш сынып оқушыларының географиялық және химиялық ұғымдарды меңгеру деңгейінің көрсеткіштері төмендегі кестеде (2-кесте) және суретте (3-суретте) берілді.
2 – кесте. Бастауыш сынып оқушыларының географиялық және химиялық ұғымдарды меңгеру деңгейінің көрсеткіштері деңгейлерінің салыстырмалы көрсеткіштері
Өлшемдері
|
Бақылау тобы (134 оқушы)
|
Эксперименттік топ (136 оқушы)
|
Экспериментке дейін
|
Эксперименттен кейін
|
Экспериментке дейін
|
Эксперименттен кейін
|
Ж
|
О
|
Т
|
Ж
|
О
|
Т
|
Ж
|
О
|
Т
|
Ж
|
О
|
Т
|
Географиялық және химиялық ұғымға қызығушылығы
|
36
|
59
|
39
|
37
|
60
|
37
|
39
|
64
|
33
|
49
|
75
|
12
|
27%
|
44%
|
29%
|
28%
|
45%
|
27%
|
29%
|
47%
|
24%
|
36%
|
55%
|
9%
|
Географиялық және химиялық ұғымдарының болуы
|
35
|
58
|
42
|
35
|
60
|
39
|
37
|
61
|
38
|
52
|
76
|
8
|
25%
|
43%
|
32%
|
26%
|
45%
|
29%
|
27%
|
45%
|
28%
|
38%
|
56%
|
6%
|
Географиялық және химиялық ұғымдарды қолданудағы іс-әрекеттері
|
25
|
62
|
37
|
44
|
76
|
14
|
38
|
64
|
34
|
53
|
78
|
5
|
26%
|
46%
|
28%
|
33%
|
57%
|
10%
|
28%
|
47%
|
25%
|
39%
|
57%
|
4%
|
Орташа көрсеткіш
|
26%
|
44%
|
30%
|
29%
|
49%
|
22%
|
28%
|
46%
|
26%
|
38%
|
56%
|
6%
|
3 – сурет. Бастауыш сынып оқушыларының географиялық және химиялық ұғымдарды меңгеру деңгейінің көрсеткіштері деңгейінің салыстырмалы нәтижесі
Анықтау және қалыптастыру эксперименттеріндегі көрсеткіштерді салыстыра келе, соңғы бекіту кезеңінің нәтижесі шығарылды. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың салыстырмалы нәтижесі төмендегі суретте көрсетілді
Қорыта келгенде, бастауыш сынып оқушыларына географиялық және химиялық ұғым қалыптастыру ісі жаңа технологияларды қолданып, оқушылардың ізденушілігін дамыта отырып, сабақта және сабақтан тыс жұмыстарды байланыстыра жүргізу нәтижесінде ұсынған әдістеме тәжірибелік эксперимент жағдайында ғылыми болжамның дұрыстығын дәлелдеді.
Тәжірибелік-сынақ жұмыстары барысында педагогикалық іс-тәжірибесіне байланысты географиялық және ұғымдарды қалыптастыру үрдісін белсендіруде мұғалімдер тарапынан кездесетін кемшіліктер де анықталды. Бұл біріншіден, ұғым қалыптастыруға байланысты мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдың жоқтығы. Екіншіден, мұғалімдердің ұғым қалыптас тыруды жүзеге асыру барысында қолданылатын белсенді әдістерді іріктеп сабақ барысында және сабақтан тыс жұмыстар барысында пайдалану шеберліктерінің төмендігі. Үшіншіден, дүниетану сабақтарының жаратылыс тану ғылымдарына сәйкес әдістермен оқытылмай, гуманитарлық пәндерге тән әдістермен оқытылатындығы. Төртіншіден, сабақ барысында оқушылардың белсенділігін арттыруға аз көңіл бөлінетіндігі және оқушының дербес өзіндік әрекетін ұйымдастырудың жеткіліксіздігі. Бесіншіден, практикалық жұмыстар орындату жағына аз көңіл бөлінетіндігі. Алтыншыдан, бақылауды ұйымдастырып, оның нәтижесін сабақта пайдалану тұстарының төмендігі.
Қорытынды
Бастауыш сыныптарға қойылатын талаптарының бірі - баланың жекебастық дамуымен, өмірге деген дұрыс көзқарасының қалыптасуына деген дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда қоршаған дүниедегі үздіксіз болып тұратын өзгерістерді байқап, бақылай алатын оны терең түсінген оқушы ғана даму мүмкіндігіне ие болады. Олай болса оқушыларға қоршаған табиғи және әлеуметтік ортадағы заттар мен құбылыстарды зерттеп тануға ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары пәндерінде берілетін ғылыми ұғымдарды бастауыш сынып оқушыларында қалыптастырылуы олардың білімді саналы меңгеруімен білімінің көбеюіне үлкен рөл атқарады. Осы тұрғыдағы зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, және педагогикалық талдаулар барысында бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымын қалыптастыру теориялық тұрғыда негізделіп, бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымын мазмұны, жүйесі, көлемі айқындалды.
2. Географиялық білімнің мазмұны мен құрылымы ғылыми түсініктерді, атауларды, табиғи заңдар мен құбылыстарды, географиялық деректерді географиялық нысандар туралы ұғымдармен байланысты жүзеге асады.
3. Бастауыш сыныптарда дүниетану пәні бойынша оқушыларда химиялық ұғым қалыптастыру географиялық ұғымдардың негізі химиялық элементтер жиынтығы екендігін ескеріп, ондағы заттардың химиялық құрамын ерекшелей отырып химияның элементарлы ұғымдарын қалыптастырудың білімі мен білігін игеруге ықпал ету деп тұжырымдалды.
4. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәнінен географиялық және химиялық ұғымдарды қалыптастырудың мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттеріне сәйкес өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері айқындалып, құрылымдық-мазмұндық моделі құрылды.
5. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәнінен географиялық және химиялық ұғымдарды қалыптастырудың қазіргі жағдайына талдау жасау оны сабақта және сабақтан тыс кезеңдерде жүзеге асырудың формалары мен әдіс-тәсілдерін анықтауға себеп болды.
6. Бастауыш сыныпта оқушылардың дүниетану пәнінен географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастыру бағдарламасы мен әдістемесінің тиімділігі тәжірибелік-эксперимент барысында тексеріліп, ғылыми болжамның дұрыстығына көз жеткізілді.
Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты мен болжамына сәйкес белгіленген міндеттер орындалып, оң нәтиже алынды. Теориялық қағидалар мен тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижесінде төмендегідей ұсыныстар жасалынды:
– бастауыш сыныпта оқушылардың дүниетану пәнінен географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастырудың әдістемесі мен ғылыми ұсыныстарын бастауыш мектептің тәжірибесіне енгізу;
– бастауыш сыныпта оқушылардың дүниетану пәнінен географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастыру бағдарламасын аудандық, қалалық, облыстық, республикалық білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру институттарының іс-тәжірибесіне енгізуге ұсыну, бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға пайдалану;
– ұсынылған әдістемені 12 жылдық білім берудің оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге ұсыну.
Бастауыш сыныпта оқушылардың дүниетану пәнінен географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастыру күрделі мәселесі болғандықтан, оны толығымен қарастырып, бір ғана зерттеу проблемасының аясына сыйғызу мүмкін емес. Зерттеу барысында алынған нәтижелер оны шешудің бір ғана жолы болғандықтан, бұл бағыттағы ізденістер болашақта арнайы, дербес зерттеуді қажет етеді.
Диссертацияның негізгі мазмұны келесі басылымдарда жарық көрді:
1. Бастауыш сынып оқушыларына туған өлке табиғатын қорғау барысында оқыту мен тәрбие беру бағыттары // Қазіргі таңдағы мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің психологиялық-педагогикалық негіздері: Халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары. -Алматы, 2003. –Б. 56-60.
Бастауыш сыныптарда оқушыларға географиялық ұғым беру/ХХІ ғасырдағы қазақ мектебі: даму болашағы: Республикалық ғылыми практикалық конференция материалдары. –Алматы, 2006. –Б. 416-423
Бастауышта өлкетану курсын оқытуда географиялық ұғымдарды қалыптастыру // Мировая образовательная политика в контексте трансформации системы образования: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция. – Алматы-Москва, 2006. – Б. 21-25
Географиялық атауларды (объектілерді) қорғауға байланысты қазақ халқының асыл дәстүрлері // Бүгінгі түркітану және оның даму бағыттары: Халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары. –Алматы, 2006. –Б. 181-189.
Бастауыш сынып оқушыларын туған өлке табиғатын қорғауға тәрбиелу//Әлемдік рухани құндылықтар және қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері: Халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары. –Алматы, 2007. –Б. 610-615.
Бастауыш сынып оқушыларының географиялық ұғымдарын қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері // Мектепке дейінгі және бастауыш білім: қазіргі жағдайы, даму тенденциялары және мәселелері: Халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары. –Алматы, 2007. –Б. 54-59.
Бастауыш сыныптарда географиялық алғашқы түсініктерді қалыптастыруда «Қызықты география» қосымша бағдарламасын оқытудың маңызы // Бастауыш мектеп, Алматы 2007жыл № 4
Формирование географических представлений и понятий в начальных классах. // Педагогика тағылым, Ташкент, 2008. –№4. –Б. 42-44.
Бастауыш сыныптарда «Дүниетану» пәнінен берілетін алғашқы географиялық түсініктердің маңызы//«Педагогикалық білімді модернизациялау: түйткілдер және болашағы»: Халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары. –Алматы, 2008. –Б. 199-204.
Географиялық түсініктерді бастауыш мектепте қалыптастыруда жаңа технологияны қолдану // География , Алматы 2008. жыл № 3
Географияны оқытуда оқушылардың ақыл ойының дамуы. // Вестник КазГНУ, Алматы, № (6) 2008 ж
Бастауыш сыныптарда географиялық алғашқы түсініктерді қалыптастыруда нақтылы ұғымдардың маңызы. // Бастауыш мектеп, Алматы 2008жыл № 4
Географиялық түсініктерді бастауыш мектепте қалыптасуының тарихи жайы. // Вестник КазГНУ, Алматы, № (11) 2009 ж
Дүниетану: Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныбына арналған анықтама - оқу құралы.–Астана: «Арман-ПВ» баспасы 2009. -144 бет. (Аймағамбетова Қ.А. авторлық бірлестікте)
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәнінен географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал. Алматы, 2010.
РЕЗЮМЕ
АЛЬДИБЕКОВА ШОЛПАН НУРСАПАЕВНА
«Методика формирования географических и химических понятий у учащихся начальных классов в процессе «Познания мира»».
13.00.02 – Теория и методика обучения и воспитания (география),
13.00.02 – Теория и методика обучения и воспитания (химия),
Актуальность темы. Одним из основных требований, предъявляемых к современной системе обучения в начальной школе, является развитие личности младшего школьника, формирование его мировоззрения. Это возможно при условии, если у учащихся будут сформированы научные понятия об окружающем мире в процессе изучения естествознания. Имеющиеся данные свидетельствуют о недостаточной разработанности проблемы формирования у учащихся начальных классов географических и химических понятий. Для решения данной проблемы необходимо теоретически обосновать и разработать методику формирования географических и химических понятий у младших школьников. Педагогическая востребованность и практическая значимость этой проблемы обусловили выбор темы диссертационного исследования – «Методика формирования географических и химических понятий у учащихся начальных классов в процессе «Познания мира»».
Цель исследования: теоретическое обоснование и практическая разработка методики формирования географических и химических понятий у учащихся начальных классов.
Объект исследования: учебно-воспитательный процесс в начальной школе.
Предмет исследования: формирование географических и химических понятий у младших школьников на основе изучения предмета «Познание мира».
Задачи исследования:
Раскрыть теоретические основы формирования географических и химических понятий
у учащихся начальных классов.
Уточнить содержание, структуру, объем формирования географических и химических
понятий у учащихся начальных классов.
Разработать структурно-содержательную модель формирования географических и
химических понятий у учащихся начальных классов.
4. Разработать и экспериментально проверить методику формирования географических и химических понятий у учащихся начальных классов на основе изучения предмета «Познание мира».
Методы исследования: теоретические (теоретический анализ философской, психолого-педагогической, специальной литературы; законодательных, нормативных документов, обобщение, сравнение); эмпирические (анализ школьной документации, анкетирование, интервьюирование, беседа, наблюдение, тестирование, педагогических эксперимент, обобщение передового педагогического опыта); статистические (математическая и статистическая обработка результатов, полученных в ходе исследования).
Научная новизна и теоретическая значимость исследования:
- определены теоретические основы формирования географических и химических понятий у учащихся начальных классов;
- уточнены содержание, структура, объем формирования географических и химических понятий у учащихся начальных классов;
- разработана структурно-содержательная модель формирования географических и химических понятий на основе предмета «Познание мира».
Практическая значимость исследования:
- разработана и экспериментально доказана эффективность дошкольной программы по формированию у учащихся географических и химических понятий;
- экспериментально проверена и доказана эффективность методики формирования географических и химических понятий у учащихся начальных классов;
- разработан справочник географических и химических понятий для учащихся начальных классов;
- разработано учебно-методическое пособие «Занимательная география»;
- результаты исследования могут быть использованы в практике учителей начальных классов, в системе подготовки будущих учителей, в институтах повышения квалификации научно-педагогических и руководящих кадров в системе образования.
На защиту вносятся следующие положения:
Определение теоретических основ формирования географических и химических понятий у учащихся начальных классов на основе предмета «Познание мира».
Содержание, структура, объем формирования географических и химических понятий у учащихся начальных классов.
Структурно-содержательную модель формирования географических и химических понятий у учащихся.
Методика формирования географических и химических понятий у учащихся начальных классов.
Результаты экспериментальной работы по формированию географических и химических понятий у учащихся начальных классов.
В перспективе исследование может иметь дальнейшее развитие в аспекте изучения проблемы формирования у учащихся начальных классов географических и химических понятий на основе естественнонаучных предметов.
SUMMARY
Aldibekova Sholpan Nursapaevna
Methodology of geographical and chemical conception formation on primary school pupils during process of study “World cognition”
13.00.02- Theory and methods of teaching and training (geography)
13.00.02- Theory and methods of teaching and training (chemistry)
Relevance of theme. One of the basic requirements lodged to modern system of teaching in primary school is personality development of pupil and forming of his world-view. It is possible provided that pupils have basic scientific knowledge over the world around during the nature science study. Available data testify insufficient development of problem of forming geographical and chemical knowledge on pupils. It is necessary for the resolving of this problem theoretically support and develop the method of geographical and chemical knowledge forming on pupils. Pedagogic important and practical significance of this problem called forth the choice of dissertation research theme – “Methodology of geographical and chemical conception formation of primary school pupils during process” .
Aim of research: Theoretical support and practical development of methods of geographical and chemical knowledge forming on pupils.
Object of research: Educational process in primary school.
Subject of research: Forming of geographical and chemical knowledge on pupils on the base of “World cognition” discipline study.
Tasks of research:
To reveal theoretical basics of forming of geographical and chemical knowledge on pupils.
To specify the content, structure, volume of geographical and chemical knowledge forming on pupils.
To develop structural and conceptual model of geographical and chemical knowledge forming on pupils.
To develop and experimentally testify the method of geographical and chemical knowledge forming on pupils on the base of “World cognition” discipline study.
Methods of research: theoretical (theoretical analysis of philosophical, psychological – pedagogic, special literature; legal, regulation documents, generalization, comparison); empirical (analysis of school documentation, questioning, interview, conversation, observation, testing, pedagogic experiment, generalization of advanced pedagogic experience); statistics (mathematical and statistical results processing received during research).
Scientific novelty and theoretical significance of research:
Theoretical basics of forming of geographical and chemical knowledge on pupils has been defined;
Content, structure, volume of geographical and chemical knowledge forming on pupils has been specified;
Structural and conceptual model of geographical and chemical knowledge on the base of “World cognition” discipline study has been developed.
Practical significance of research:
The effectiveness of preschool program under the forming geographical and chemical knowledge on pupils have been developed and experimentally proved .
The effectiveness of method of geographical and chemical knowledge forming on pupils experimentally testified and proved .
Educational aid “Recreational geography” has been developed;
Results of research can be used in practice of school teachers, in system of future teachers training, in institutes of qualification advancement of scientific – pedagogic and managing staff in Educational System.
Following provisions must be defended:
Definition of theoretical basics of geographical and chemical knowledge forming on the base of “World cognition” discipline study.
Content, structure, volume of geographical and chemical knowledge forming on pupils.
Structural and conceptual model of geographical and chemical knowledge forming on pupils.
Method of forming of geographical and chemical knowledge on pupils.
Results of experimental work of forming of geographical and chemical knowledge on pupils.
In perspective this research can has further development in aspect of problem study of geographical and chemical knowledge forming on pupils on the base of natural scientific objects.
Достарыңызбен бөлісу: |