Аккад патшалығы



жүктеу 29,69 Kb.
Дата09.05.2020
өлшемі29,69 Kb.
#30274
Сүндетқали Аккад мәдениеті.docx


Аккад патшалығы

Аккад патшалығы — семиттердің көне заманда Месопотамияда құрған алғашқы мемлекеті. Негізін біздің заманымыздан бұрын 2330 жылдар шамасында Аккад қаласының билеушісі Саргон І қалаған. Әуелі ол Киштің билеушісін талқандап, Аккад княздігін құрды. Одан кейін Умма патшасы Лугальзагесиге соққы беріп, Оңтүстік Месопотамияны жаулап алды.

Саргон І-нің және оның ұрпақтарының тұсында семиттер билеген алғашқы мемлекет аумағы солтүстік және батыс (Жерорта теңізі) бағыттарында кеңи түсті. Аккад патшалығы құрылған кезден бастап шумер тілін аккад тілі ығыстырып шығарды. Халықтың дүниетанымында да біраз өзгерістер орын алды. Шумерліктер мен аккадтықтардың табынатын құдайлары “араласып” кетті. Бірақ мемлекет ұзақ өмір сүре алмады.



Саргон І-нің кезінде-ақ жаулап алынған халықтар бірнеше рет көтеріліс жасады. Оның немересі Нарамсиннің тұсында (б.з.б. 2250 ж. ш.) ыдырай бастаған Аккад империясы көп ұзамай ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетті. Біздің заманымыздан бұрын 2220 жылы Аккад қаласын гутилер басып алғаннан кейін, Оңтүстік Месопотамияның басты орталығы Вавилон болды.

Тарихы

Нарамсин мүсіні

Б.з.б. XXIV ғасырда Қосөзенде орталығы Аккад қаласы болған ірі мемлекет құрылды. Оның Шаруккин (Саргон) есімді патшасы Шумер жерін қосты. Сөйтіп, Шумер – Аккад патшалығын құрды. Қосөзен жері енді өзара қырқысу соғыстарын тоқтатып, бейбіт өмір сүруге мүмкіндік алды.

Бұрын шағын мемлекеттердің әрқайсысы өздеріне лайық қажетті каналдарды өздері қазатын. Енді әрі үлкен, әрі ұзын каналдар жасалды. Бұл жер шаруашылығын кеңейтіп, одан көп өнім алуға көмектесті. Енді адамдардың көпшілігі егіншілікпен айналысты. Бұрын шағын қала мемлекеттер кезінде саудагерлердің бір қаладан екінші қалаға баруы қиын болса, енді олар бүкіл елді еркін аралай алды. Сөйтіп, сауда дамыды. Шаруккин біріккен Қосөзен халықтарынан қуатты әскери күш жасақтады.



Сол күшпен Батыста «Күміс таулар» деп аталған Сирия жеріндегі тауларға дейін жорық жасады. Ол мықты патшалық билік орнатты. Оны, тіпті «әлемнің төр құбыласының билеушісі» деп те атады. Қосөзендегі ірі Аккад мемлекетінің гүлденуі Нарамсин атты билеушінің тұсында болды. Оның билігінің алғашқы жылында бірнеше қала- мемлекеттер көтеріліске шықты. Ол көтерілістерді басқан соң Нарамсин жаңа жерлерді жаулап алуға кірісті.

Батыстағы Сирия жерін басып алып, Жерорта теңізіне дейін жетті. Солтүстікте Урарту жеріне дейін әскерін бастап алып барып, Тигрдың бойын тұтастай бағындырды. Оңтүстікке де жорықтар жасап, алыстағы Египетке жол ашты. Ол жақтан асыл тастар мен алтын алдырып тұрды. Шығысындағы Эламжеріне шабуылға шығып, оның билеушісімен келісімшарт жасады. Осылайша елдің төрт құбылысындағы ірі елдері өзіне бағынышты етті. Оның бұл әрекеті ел ішіндегі және көрші елдердегі беделін арттырды. Сыртқы елдермен сауда байланыстары күшейе түсті.
жүктеу 29,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау