45
жағдайы туралы нақты алғашқы ақпаратты алу. Осыған байланысты, ФШД
негізгі параметрлеріне қойылатын сапалық талаптарды және оған жету
жолдарын қалыптастырамыз:
1. ФШД номенклатурасы қоршаған ортаның негізгі факторларын өлшеу
үшін жеткілікті болуы керек, мысалы, сел қауіптілігінің мониторингі үшін:
теңіз-өзен және су қоймаларындағы су деңгейі, ауа және қар жабындысы, ауа
мен топырақ ылғалдылығы, су, ауа және қар жабындысының температурасы,
тау алқаптарындағы су шығыны, су қоймаларындағы судың қысымы және т.б.
Көрсетілген талаптарды мониторигтену жүйесінің тікелей өзіне немесе
жанына тарату үшін келесі ФШД орнату ұсынылады:
- Атмосфералық
қысымның
- Ауа
температурасының
- Ауа
ылғалдылығына қатысты
- Жауын-шашынның санына
- су температурасының
- су деңгейінің
- су шығыны
- қар биіктігі
- су лайлығы
- қар қабатының температурасы
- қар бетінің температурасы,
- қар қабатының биіктігі.
- Сейсмодатчиктер
Осы көрсетілген және басқада ФШД қойылатын нақты техникалық
талаптар келесі бөлімдерде баяндалған.
Мониториг нысандары мен мониторинг орталығының ФШД желілері
арасындағы ақпарат алмасу радиоарна арқылы жүргізіледі, сонымен қатар
пилотсыз ұшу аппаратын (ПҰА) да қолданады. Аппарат мониторинг аймағында
ұшу кезінде датчиктер жинаған ақпаратты сканерлеп және еске сақтайды. Бұл
нұсқа көбінесе таулы аймақтарда қолданылады, себебі бұл мониторинг
аймағында радиосигналдар өте әлсіз болады және тез өшеді.
Мониторинг нысанының жағдайының ақпараттығын және нақтылығын
арттыру мақсатында пилотсыз ұшу аппаратын көбінесе вэб–камералармен
жабдықталады, ол нақты уақыт ішінде мониторинг нысанында бейне жүргізеді,
онда түсірілім уақыты мен жүргізілген жердің координатасы көрсетіледі [31].
Екінші интерфейстік деңгей
Мониторингтеу орталығына ФШД деректерін тасымалдау ортасы ретінде
жоғары жиілікті радио модем байланыс линиясын қолдану тиімді болады. Бұл
тасымалданатын ақпараттың көлемінің үлкендігіне, әсіресе бейнежазбалық
ақпарат көлемінің үлкендігіне байланысты болады.
Төтенше оқиғалар
пайда болуы туралы хабарлама жасайтын дауыс
күшейткіштер мен сигналды басқару үшін радио байланыс ультра қысқа
толқынды қолданылады, яғни олар аз шығынсыз болып табылады. Сонымен
қатар төтенше оқиғалар мониторингі
құрылымында тасымалданатын ультра