Айына 4 рет шығады
2009 жылғы 5 желтоқсаннан
шыға бастады
Редакция телефоны 8-72-251-2-58-11
Нөмірдің
тақырыптары
№ 20 (345) 9 маусым, 2017 жыл,
Курчатов қаласы
2 бет - Мемлекеттік
рәміздерге 25 жыл
3 бет - Сот кабинеті
4 бет - Лаңкестікке
қарсы
Республика жаңалықтары
24.kz сайтынан
Елбасы төрағалығы-
мен
ЭКСПО-2017
көрмесін өткізу мәселеле-
ріне қатысты кеңес өтті.
Оған
Президент
әкімшілігінің басшысы,
қауіпсіздік кеңесінің хат-
шысы, еліміздің Бас про-
куроры, мемлекеттік күзет
қызметінің директоры,
қорғаныс және ішкі істер
министрлері, «Сырбар»
сыртқы барлау қызметінің
директоры, Астана қаласы-
ның әкімі мен Астана ЭК-
СПО-2017 Ұлттық компа-
ниясының басқарма төра-
ғасы қатысты. Басқосуда
Халықаралық көрмені ұйымдастыруға қатысты жалпы тәртіп пен азаматтардың, қала
қонақтарының қауіпсіздік мәселесі қаралды.
Президент атқарылған жұмыстар көлемінің үлкендігі мен шараны өткізу сапасына
көңіл бөлді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- ЭКСПО-ның ашылуына аз күн қалды. Көп дайындық жасадық, көп шаруа жасадық.
Енді соңғы рет дайындықты бүгін пысықтаймыз. Дұрыстап өткізу мәселесін талқылай-
мыз. Ең бірінші, қауіпсіздік мәселесі. Дүние жүзіндегі жағдайды білеміз, атқарылып
жатқан жұмыс аз емес. ЭКСПО-ның өз жағынан да, құқық қорғау органдары жағынан да
қандай тапсырмалар беру керек екенін нақтылаймыз. Біз барлық жағынан күмәнсіз
болуымыз керек.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы көрме кезінде тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіздігін
тек Астанада емес, бүкіл аймақта қамтамасыз ету керектігіне мән берді. Сөз соңында
Нұрсұлтан Назарбаев кеңес мүшелеріне бірнеше нақты тапсырмалар берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Подготовка прошла, мы вплотную подошли к открытию, к приезду гостей. И прове-
дение мероприятия, прием большого количества гостей в городе и на ЭКСПО. Сегодня
объявлено, что 1 миллион 200 билетов продано для посещения, это больше, чем ожи-
далось. То есть скопление будет большое, ответственность на всех на вас ложится пер-
сональная.
Елбасы төрағалығымен «ЭКСПО-2017»
халықаралық көрмесін өткізу барысы жөнінде
кеңес өтті
Бүгін біз мектеп оқушыларының өміріндегі үлкен мереке – мектеп бітіру кешіне жи-
налып отырмыз. Бұл мереке түлектер мен ата-аналар және ұстаздар үшін айшықты да,
айдынды, мерекелі де мерейлі, табысты да толғамды күнге айналып отыр. Бұл мереке
– қызығы мен қиындығына мол үлкен өмірге жолдама.
Құрметті достар, сіздер Курчатов қаласының дамуына өз үлестеріңізді қостыңыздар:
мектеп өміріне белсенді қатысып, пәндік олимпиадалардағы жетістіктерге жеттіңіздер,
шығармашылық және спорттық қабілеттеріңізді де көрсетіп, биік шыңдардан
көріндіңіздер.
Алдағы уақытта, Біріңғай ұлттық тестілеуден сүрінбей өтіп, қалаған оқу орнына түсіп,
Қазақстанның үлгі тұтар азаматтары болуларыңызға тілектеспін. Еш уақытта ұстаздар
бойларыңызға сіңірген адамгершілік, мейірімділік пен адалдық сезімдерін жоғалтпа-
ңыздар.
Ақ жол, сіздерге түлектер!
Құрметті мектеп бітіруші түлектер!
1 маусым күні «Нұр Отан» партиясы қала-
лық бөлімшесінің қоғамдық қабылдауында Кур-
чатов қаласы әкімінің азаматтарды жеке қабыл-
дауы өтті. Қабылдауға қала әкімінің орынбаса-
ры А.Глазинский, ТҮКШ бөлімінің басшысы А.
Токпаков, экономика және қаржы бөлімінің бас-
шысы А.Аралов қатысты.
Тұрғындар арасында өзекті мәселелердің
бірі - мемлекеттік қордан жалға алу немесе са-
тып алу негізінде баспанамен қамтамасыз ету
мәселесі. Сондай-ақ, тұрғындар шағын бизнесті
ашу үшін жер бөлуге жәрдемдесу бойынша
өтініштерін білдірді.
Әр мәселелі сұраққа Алмас Аманқолұлы аса назар аударып, атқарушы органдардың
қызметкерлеріне осы мәселелерді шешу бойынша тапсырмалар берді.
1 маусым күні «Нұр Отан» партиясы қалалық бөлімшесінің
қоғамдық қабылдауында Курчатов қаласы әкімінің
азаматтарды жеке қабылдауы өтті
Қала жаңалықтары
Қала әкімінің баспасөз қызметі
Құрметпен,
қала әкімі А. ОҢДАҚАНОВ
2017 жылдың 8 маусымында
Достық үйі Аналар кеңесін өткізді.
Аналар кеңесі консультативтік-
кеңесші орган болып табылады.
Кеңестің негізгі міндеті – отбасы және
ана институттарын нығайту арқылы
қоғамдық келісім мен ел бірлігін қам-
тамасыз етудегі Қазақстан халқы
Ассамблеясы мақсаттарын іске
асыруға жәрдемдесу, сондай-ақ
отбасылық құндылықтарды тарату
жөнінде шараларды жүзеге асыру
болып табылады.
Аналар кеңесінің құрамында
қаланың мемлекеттік мекемелерінің
басшылары мен мамандары, көп
балалы аналар, жеке кәсіпкерлер
бар.
Кездесу барысында отбасының, әйелдер мен балалардың құқықтары мен мүдде-
лерін қорғау бойынша мәселелер қаралды.
Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімінің маманы Гендерлік саясат туралы
баяндама оқыды.
Кездесу соңында Аналар кеңесінің мүшелері Кеңес жұмысы туралы бұқаралық
ақпарат құралдарында жариялау, әйелдер арасында құқықтық сауаттылығын арттыру
мақсатында консультациялық-ақпараттық жұмыс жүргізу керектігін, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелерін қарастыру қажеттілігі туралы шешім
қабылдады.
Аналар кеңесі
Достық үйі
Қала жаңалықтары
2
Редакция телефоны 8-722-51-2-58-11
№ 20 (345) 9 маусым, 2017 жыл
Курчатов қаласының жастар ресурстық орталығы ішкі саясат
бөлімімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің
25-жылдығына арналған авто және велошеру ұйымдастырды.
Ұйымдастырушылар іс-шараға мұқият дайындалды: МАИ қызмет-
керлерімен бірлесіп шерудің бағытын әзірледі. Шеруде МАИ қызмет-
керлерінің автокөлігі еріп жүрді. Автокөліктер келесі бағытта жүріп өтті:
Абай көшесіндегі «Дачная» аялдамасы –«Дегелең» станциясы – Кур-
чатов көшесі, «Қалалық әкімдік» - Тәуелсіздік көшесі - «Тәуелсіздік
алаңы».
Автошерумен қатар, қаланың жас спортшыларынан құралған вело-
шеру өтті. Велошеру барысында қатысушылар қала тұрғындарына ақпа-
раттық жадынамалар таратты.
Автошерудің аялдамалары болып – қаланың мекемелері болды.
Әр мекеме қатысушыларды жалаушалармен, әуе шарларымен және
мерекелік көңіл-күймен қарсы алды.
Аталған іс-шаралардың мақсаты – жастардың Қазақстанның мем-
лекеттік рәміздеріне құрмет көрсетуін және ұлжандылықты тәрбиелеу.
Рәміздер күніне арналған
автошеру
Жастар ресурстық орталығы
Мемлекеттік рәміздерге 25 жыл
Елбасы Жарлығымен 4 маусым күні мемлекеттік маңызы бар
айтулы мерекелер қатарына қосылып, тәуелсіздігіміздің арқасында
Республикамыздың көк байрағы әлем елдерінің төрінде желбіреп,
елімізді төрткүл дүние танып, мойындауда.
Рәміздер біздің ұлттығымыздың, елдігіміздің белгісі екеніне
ешкімнің таласы жоқ. Бұны әрбір елжанды азамат тек өзі ғана түсініп
қоймай, өскелең ұрпақты да рәміздерді аяқ асты етпеуге және
құрметтеуге тәрбиелеу керек.
Осы орайда, 4- маусым Қазақстан Республикасы рәміздері күні
«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалы –
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Курчатов
қаласы бөлімі қызметкерлері арасында мемлекеттік рәміздерді
ұлықтау мақсатында сынақ сабағы өтті. Аталған сабақ қызметкерлердің
өз елін, мемлекетін қаншалықты құрметтейтінін, ардақтайтынының нәти-
жесін көрсетті. Осындай іс-шаралар әркез өз жалғасын тапса екен
дейміз.
Тәуелсіздік нышаны
«Азаматтарға арналған үкімет» МК»
КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалы –
«Халыққа қызмет көрсету орталығы»
департаментінің Курчатов қаласы бөлімі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріннің 25- жылдығын мерекелеу шеңберінде 2017
жылдың 2 маусым күні Курчатов қаласының Тәуелсіздік алаңында қолдарында Мемлекеттік Ту
желбіреген автошеру қатысушыларымен салтанатты іс-шара өтті. Қалалық сахнада патриоттық әндер
айтылды.
Концерттің барысында балаларға арналған асфальтта сурет салу және боди-арт мерекелік
ойын-сауық іс-шарасы өткізілді. Достық үйі балаларға арнап ұйымдастырып, жылдамдығы мен ептілігі
үшін балаларға сыйлықтар берілді. Күннің ыстығына қарамастан барлық бала ойыннан күш қуат пен
жақсы әсер алды.
Ойын бағдарламасы
Мемлекеттік рәміздерге 25 жыл
Достық үйі
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде
«Ақ бөбек» балабақшасының ашылу салтанаты өтті. Кур-
чатов қаласының әкімі А.Ондақанов жас ата-аналарды
және балабақшанын ұжымын құттықтап, жас ұрпақты
тәрбиелеудегі жұмысында сәттілік, ал қатысушы қонақ-
тарға мықты денсаулық пен амандық тіледі.
Өз сөзінде, қала әкімі жаңа балабақша орналасқан
ғимаратты өтеусіз қолданысқа бергені үшін «Ядролық тех-
нологиялар паркі» Акционерлік қоғамдастығына алғы-
сын айтты. Қазіргі таңда кезекте 325 бала тұр. Жаңа ба-
лабақшаның ашылуы мектепке дейінгі тәрбиелеу орын-
дарындағы орын жетіспеушілік проблемасын ішінара
шешті.
Жаңа балабақшаның ашылуы
Курчатов қаласы әкімінің баспасөз қызметі
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі
Осы жылдың 1 шілдесінен бастап
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыру жүйесі енгізіледі. Барлық жұмыс
берушілер, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен
жеке нотариустер өздері үшін және өз қызмет-
керлері үшін аударымдар мен жарналарды
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
қорына аударатын болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемле-
кеттік корпорациясы жеке сәйкестендіру
нөмірлері базасында аударымдар мен жар-
наларды есептеу және оларды Міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына
аударатын операторы болып белгіленді.
Жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін,
төлеушілерге міндетті аударымдар мен жарна-
лар бойынша төлем тапсырмаларын қалып-
тастыруға көмектесін «Міндетті әлеуметтік ауда-
рымдар мен зейнетақы жарналарын есептеу» автоматтандырылған арнайы жүйесі әзірленді. Оны https:/
/gov4c.kz/programmnye-produkty сілтемесі бойынша өтіп, тегін орнатуға болады.
Сондай-ақ ұйымдар, кәсіпорындар және басқа да төлеушілер 1 шілдеден бастапміндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды келесі деректемелер бойын-
ша тұрақты түрде аударулары тиіс ағымдағы шоттың ашылғанын хабарлаймыз:
Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес
акционерлік қоғамы;
Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық
емес акционерлік қоғамы;
БСК: GCVPKZ2A
ЖСК: KZ92009MEDS368609103
БСН: 160440007161
Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен
жарналарды аудару кезінде төлемдерді тағайындаудың келесі кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырыл-
ған:
121- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;
122-Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар;
123 - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдың уақытылы аударылмағаны үшін
өсімақы;
124- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың уақытылы аударылмағаны үшін
өсімақы.
МӘМС шеңберінде аударымдар мен жарналарды қабылдау
үшін ағымдағы шот ашылды
3
№ 20 (345) 9 маусым, 2017 жыл
Пилоттық жоба іске қосылған сәттен
бастап «Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы Қазақстан-
ның перзентханалары мен перинатал-
дық орталықтарында баланың туылуы
бойынша 260 мынан аса мемлекеттік
қызметтерді көрсеткен. Олардың ішінде
шамамен 122 мың қызмет - бала тууды
тіркеу бойынша, шамамен 50 мыңы -
бала туу және оның күтімі бойынша
жәрдемақы тағайындау, 21 мыңнан ас-
тамы - әлеуметтік тәуекелдер жағдайла-
рына, атап айтқанда баланың бір жасқа
дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік төлем-
дерді тағайындау, сондай-ақ 67 мыңнан
астам жаңа туылған нәрестелер балабақ-
шаға кезекке қойылды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төраға-
сының орынбасары Ғалым Нұрғазиевтің айтуынша, қазіргі уақытта пилоттық жобаға 206
перзентхана мен перинаталды орталықтар қамтылған, ол жерлерде қызметтерді мемле-
кеттік корпорацияның 309 жұмыскері көрсетеді. «Пилоттық жоба дегеніміз перзентхана-
да ХҚКО инспекторларының бірден 4 қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдауын білдіреді
– ол бала тууды тіркеу, бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, бір
жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау және балабақшаға
кезекке қою. Бұл жас аналар үшін өте ыңғайлы, себебі барлық қажетті құжаттарды ресім-
деуге ХҚКО-ға бару үшін жаңа туылған нәрестені кіммен қалдыруды ойланудың қажеті
жоқ» - деді ол.
Нұрғазиев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп жұмыс
істеудің нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап бала тууға байланысты
жәрдемақыны бір облыс шегінде, тіркелген жеріне қарамастан ресімдеуге болатынын да
атап өтті. Мысалы, әйелдің тұрғылықты тіркелімі Семейде, ал баланы Риддерде босанса,
онда ол барлық қажетті құжаттарды Риддердегі перинаталдық орталықта ресімдей ала-
ды.
Осы 4 қызметті ресімдеу үшін қазақстандықтар ата-аналарының жеке басын куәлан-
дыратын құжатты, неке қию туралы куәлік пен оның көшірмесін (ҚР аумағында 2008 жыл-
дан кейін некені тіркеген тұлғалар куәліктің көшірмесін ұсынбайды), баланың туылуы
туралы медициналық куәлікті (перзентханада беріледі), туу туралы куәлікті немесе бар-
лық балаларға туу туралы акт жазбаларынан көшірме үзіндіні, банк шотының нөмірі тура-
лы құжатты ұсынуы тиіс.
Қазақстанның перзентханаларында баланың туылуы
бойынша миллион композиттік қызметтердің төрттен
бір бөлігінен астамы көрсетілді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметі
Үстіміздегі жылдың 16 маусымында сағ. 11.00 - де "Қазмедиаорталығы" ғимара-
тында (Астана қ., Д.Қонаев көш., 4) Қазақсан Республикасы Дін істері және азаматтық
қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың халықпен есептік кездесуі өтеді.
Министрліктің қызметіне қатысты сұрақтарыңызды diakm_rk@mail.ru электронды
мекен-жайына жоласаңыз немесе 74-18-31, 74-18-32 телефон нөмірлері арқылы ха-
барлассаңыз болады. Аймақтардағы тұрғындар үшін видеоконференц байланыс ор-
натылады.
Министрдің халықпен есептік кездесуі www.bnews.kz ақпараттық порталында
көрсетіледі.
Сөздің ұлысы - тарих. Ал тарихты жасайтын тұлғалар, батырлар мен көшбасшылар.
Қазақ тарихында тұлғалар аз болмаған. Халық даналығы: «Тұлғасын қастерлемеген ел
тұлғаға жарымайды» деп бекер айтпаса керек.
Өз сөзінде Президент: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды,
қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім, ол бүгінгі шекара-
сындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасын-
дағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ, бұлай деп сол кезеңдегі басқа да бар-
лық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қалан-
ды. Біз – бабаларымыздың ұлы істерін жалғастырушыларымыз» – деген болатын.
Басшысы болмаса ел – жетім. Бүгінде Назарбаевтың есімі әлемнің көрнекті мем-
лекеттік қайраткерлерімен бірге аталады. Әлем таныған саяси тұлға Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың тағдырымен Еуразияның күретамыры болған, Ұлы Жібек жо-
лын қайта жандандырып, мәдениеттер мен өркениеттерді жақындастырған
Қазақстанның тағдыры біртұтас екені даусыз.
Төртеуді түгендедік. Төркініне бара алмағанымыз қаншама. Жоғарыда аталған
тәуелсіздік, ел бірлігі, туған тіл және ұлт көшбасшысы мұның бәрі мәңгілік ел болудың
берік іргетастары.
Мұратымыз – Мәңгілік Ел! Тәуелсіз мемлекетіміз Еуразияның осынау алып
кеңістігінде мәңгілік өмір сүретін болады.
Бүгінгі қаланған әрбір кірпіш, әрбір қабылданған шешім – келешекке аманат.
Тарих толғатып тудырған тұлға
Жұмағазы Дидар Жұмағазықызы
№ 1 жалпы орта білім беретін мектептің
биология пәнінің мұғалімі
Хабарлама
Қазақстанда 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін жаңа форматтағы атаулы
әлеуметтік көмек жәрдемақы тағайындау рәсімін едәуір жеңілдетіп, оны алушыларды
барынша қамтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан
Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеу-
меттік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлады.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) қазіргі қолданыстағы жәрдемақы-
лардың үш түрін алмастырады, осылайша жәрдемақыны алуға қажетті құжаттардың са-
нын айтарлықтай қысқартады. АӘК шартсыз және шартты ақшалай көмекке бөлінген.
Шартсыз көмек еңбекке жарамды мүшелері жоқ барлық отбасыларға (мысалы, мүге-
дектер немесе зейнеткерлер отбасыларына) немесе еңбекке жарамды мүшелері дәлелді
себептер бойынша жұмысқа араласа алмайтын отбасыларға (мысалға, мектепке дейінгі
жастағы балалары бар жалғыз басты аналарға) беріледі. Осындай отбасыларға
жәрдемақыны алу үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етіл-
мейді.
Шартты ақшалай көмек отбасында кем дегенде бір еңбекке жарамды мүшесі бар
отбасыларға әлеуметтік келісімшартқа қол қойып, отбасының еңбекке жарамды барлық
мүшесі жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан кезде беріледі.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, әлеу-
меттік көмек жүйесіндегі реформа нәтижесінде жаңа форматтағы АӘК-тің әрбір алушы-
сы үшін жәрдемақы сомасы 2018 жылы орташа есеппен 25 пайызға ұлғайтылады.
Әлеуметтік көмек алу ережелеріне енгізілген өзгерістерге халықты дайындау үшін
еліміздің үш өңірінде 2014 жылдан бастап пилоттық режимде «Өрлеу» жобасы іске асы-
рылған. Бағдарламаға шамамен 79 мың азамат қатысқан, олардың 19 мыңға жуығы еңбек-
пен қамтылған.
Өңірлерде пилоттық жобаны жүзеге асыру мен жұмыспен қамту шаралары туралы
Ақмола және Жамбыл облыстарының әкімдері М. Мырзалин мен К. Көкірекбаев баянда-
ды.
Келесі жылдан бастап елімізде атаулы әлеуметтік
көмек көрсетудің жаңа тәртібі енгізіледі
24.kz сайтынан
Курчатов қалалық сотында «сот актілерінің орындалмауы» тақырыбы бойынша
дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге Курчатов қалалық сотының төрағасы м.а А.К. Сыздыков, судья
Э.З. Рауясова, прокурордың көмекшісі Е.К. Базарбеков, мемлекеттік сот орындаушы-
сы Д.Х. Хайбуллин, Курчатов қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы
М.М. Мамадилов және сот мамандары қатысты.
Өз сөзінде сот төрағасының м.а, А.К. Сыздыковтың айтуынша сот жүйесінің беделі,
азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары қаншалықты сотпен қорғалғанына ғана
тәуелді емес, сонымен қатар сот актілерін уақтылы орындаулына байланысты.
Сот актісі уақытында орындалмаса өз сапасын жоғалтады, осыған байланысты
сотпен үнемі бақылау іс-шаралары өтікізіліп отырады, ескерту хаттар жолданады, сот
орындаушыларымен салыстыру актілері жасалады.
Дөңгелек үстел өткізу барысында, сондай-ақ азаматтық істер бойынша сот
актілерінің орындалмағаны үшін мемлекеттік бажды мемлекет пайдасына өндіріп
алу, қылмыстық істері туралы сот шығындарының мәселелері қозғалды.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар бір-бірімен пікір алмасып, осы бағыттағы
жұмысты күшейту қажеттілігі туралы қорытындыға келді.
Курчатов қалалық сотында дөңгелек
үстел өтті
Сот кабинеті
Курчатов қалалық сотының баспасөз қызметі
Айына 4 рет шығады. Көлемі 1 баспа табақ. Меншік иесі «Газета«Спектр»
ЖШС баспа Орталығында басылды. Типография мекенжайы:
071446, ШҚО, Семей қаласы, Шугаев көшесі, 30 -үй.
Редакцияның мекен-жайы: Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4- үй,
тел/факс: 2-58-11
Редакцияның пікірі автордың пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін. Қажетті ақпараттар,
суреттер ресми сайттардан алынды. Қолжазбалар мен фотосуреттер қайтарылмайды.
Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы №10516-Г куәлікті 2009 жылғы
30 қарашада Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігі берген.
4
Таралым 1000 дана.
Курчатов қаласының аумағында таралады.
Редактор: А.Р. ЖУМАБЕКОВА, А.Р. АЛТАЕВА
Фото: И. Олжаева
№ 20 (345) 9 маусым, 2017 жыл
Алматы, Қазақстан. 2017
жылдың 4 айы ішінде
зейнетақы жинақтарының
таза инвестициялық табысы
92,2 млрд теңгені құрады
2017 жылғы 1 мамырдағы
жағдай бойынша зейнетақы
жинақтарының
жалпы
сомасы 6,93 трлн. теңге бол-
ды және өткен жылмен
салыстырғанда (2017 жыл-
дың 1 қаңтарындағы жағдай
бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 6,69 трлн теңге болған) 240 млрд
теңгеге өсті.
2017 жылғы 1 мамырда шарттардың барлық түрлері бойынша салымшы-
лардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,05 млн.
бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,58 млн.
бірлік болды.
2017 жылғы 1 мамырда міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ)
бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 428 мың бірлік, ал ерікті зейнетақы
жарналары (ЕЗЖ) бойынша 39 мың бірлік болды. Ал ағымдағы жылдың
1 қаңтарында бұл көрсеткіштер сәйкесінше 420 мың және 39 мың бірлікті
құраған болатын.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР
Заңына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының,
мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының, инфляция деңгейiн ескере
отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына мемлекет тарапынан
кепілдік берілген.
2017 жылдың 4 айы ішінде түсімдердің жалпы сомасы 240 млрд теңгені
құрады. Осы кезеңде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы 91,3 млрд
теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 8,03 млрд
теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, 2016 жылдың осы кезеңінде
түсімдердің жалпы сомасы 219,7 млрд теңге, ал төлемдер 73,23 млрд теңге
болған еді.
2017 жылдан бастап зейнеткерлер мен 1 және 2 топтағы мүгедектерге
БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері артып жатыр.
Егер 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнеткерлер мен 1 және 2
топтағы мүгедектерге төленетін зейнетақы төлемдерінің жылдық мөлшері
шамамен 844 мың теңгені құраса, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап оның
мөлшері 937 мың теңгені құрайды, яғни 11 пайызға өсіп отыр.
Салымшы (алушы) өзінің ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының жай-
күйі туралы (оның ішінде есептелген инвестициялық табыс туралы) ақпарат-
ты БЖЗҚ-ның 231 дербес қызмет көрсету орталықтарының бірінен, сондай-
ақ пошта байланысы, электрондық пошта, БЖЗҚ сайты немесе ұялы қосым-
ша арқылы ала алады.
2017 жылдың 4 айы ішінде БЖЗҚ-ның дербес қызмет көрсету орталықта-
рында 1,9 млн. операция, оның ішінде МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ бойынша ЖЗШ
ашу үшін шамамен 107 мың шарт жасалды, 300 мыңнан астам үзінді-көшірме
берілді және басқа да операциялар жүзеге асырылды.
Соңғы уақытта адамдар ұтқырлығы, ыңғайлығы және уақытты үнемдеуге
мүмкіндік беретіндігінің арқасында көбінесе зейнетақы жинақтарының
жай-күйі туралы ақпарат алудың электрондық тәсілін таңдап жатыр. Мысалы,
3,4 миллионға жуық адам зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу
тәсілі ретінде электрондық хабарлау тәсілін таңдаған. 193 мыңға жуық адам
өздерінің электрондық мекенжайына үзінді-көшірмелер алады, ал 3,2 мил-
лион адам бұл үшін Қордың ресми сайтын немесе әртүрлі операциялық жүйе-
лерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF»
ұялы қосымшасын пайдаланады.
2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ұялы қосымшаны жүктеп алу
саны 743,6 мың болды. Осылайша, жыл басынан бері жүктеп алу саны 234
мыңға дерлік көбейді немесе 46 пайызға артты.
Одан басқа, 2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша «Бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшысының (алушысының) зейнетақы
жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы
ақпарат беру» қызметі арқылы электрондық үкімет порталы арқылы салым-
шылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 395 мың үзінді-
көшірме берілген. Салыстыратын болса, осы портал арқылы ағымдағы жыл-
дың басындағы жағдай бойынша 352 мың үзінді-көшірме берілген еді.
Салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзі келіп, не болмаса 1418 тегін нөміріне
қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтік желілер, сондай-ақ қашық-
тықтан: Қордың корпоративтік сайтындағы «Кері байланыс» нысаны,
«онлайн-чат», «Төрайымның Блогы» және «Қоғамдық қабылдау» арқылы құпия
ақпараттан басқа барлық өзін қызықтырған мәселелер бойынша кеңес ала
алады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ
құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ
арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін
сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге
асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару
тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республи-
касының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.
Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тар-
туды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке
есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтары-
ның жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
2017 жылғы 1 мамырдағы БЖЗҚ негізгі
көрсеткіштеріне қысқаша шолу
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы БАҚ үшін байланыстар
Біліңіздер: заттардың сыртқы көрінісі оның
расында неге арналғанын жасыруы мүмкін.
Жарылғыш заттар үшін камуфляж есебінде
әдеттегі тұрмыстық заттар қолданылады:
сумка, пакет, түйіншек, қорап, ойыншық және
т.б.
Табылған заттардың жарылу қаупін куәлан-
дыратын, белгілері:
1)
көлік маңында, баспалдақта, пәтерде
және т.б. орындарда белгісіз түйіншектің
немесе басқада бір заттардың болуы;
2)
бөтен сумка, портфель, қорап, басқада
заттың: кіреберісте, пәтер есігінің, көліктің
маңында өзгеше орналасуы;
3)
табылған күдікті заттан шудың шығуы
(сағат механизміне, жиілігі төмен дыбысқа тән).
Егер де сіз күдік тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактіні назардан тыс қалдырмаңыз:
1)
қоғамдық көлікте:
- заттың (сөмкенің және т.б.) кімдікі екенін немесе кім қалдырып кетуі мүмкін екенін қасыңыз-
дағы адамдардан сұраңыз;
- егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргізушіге немесе кондукторға хабарла-
ңыз.
2)
үйіңіздің кіре берісінде:
- көршілерден сұраңыз, мүмкін ол зат соларға тиесілі шығар. Егер иесі анықталмаса, табылған
зат туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз (тел. 102, 112).
3) көшеде, саябақта және т. б.:
- айналаңызға қараңыз, егер мүмкіндік болса, заттың иесін анықтауға тырысыңыз. Егер ол
анықталмаса, құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлаңыз (тел.102, 112);
- затты бөгде адамдардан оқшаулауға немесе алыс арадан затқа бөтендерді жібермеуге тыры-
сыңыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері келген бойда зат табылған уақыт туралы
ақпарат беріңіз.
4) мекемелерде, ұйымдарда:
- тауып алған зат туралы объект күзетшісіне немесе әкімшілігіне дереу хабарлаңыз.
Табылған затпен немесе күдік тудыратын заттармен жеке іс-қимыл жасауға тырыспаңыз,
олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуі
мүмкін.
Үзілді-кесілді тыйым салынады:
- табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға, бір жерден екінші жерге апаруға, қолға
алуға;
- табылған затты қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;
- жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;
- заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдарды үзіп тастауға немесе тартуға, оларды
залалсыздандыруға тырысуға;
- табылған заңсыз затты пайдалануға;
- оған жақын аралықта радио- және электрлі - аппараттарын, ұялы телефондарды
пайдалануға.
Күдікті зат тауып алған кездегі тұрғындарға
арналған жаднама
Лаңкестікке қарсы
Курчатов қаласы бойынша төтенше жағдайлар бөлімі
Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру
Достарыңызбен бөлісу: |