22
Әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттері:
Оқушылардың жеке психо-медициналық және педагогикалық ерекшеліктерін
зерттейді.
Баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу, жеке тұлға ретінде дамыту.
Оқушының микроорталығын, өмір сүру жағдайларыны зерттейді.
Оқушының қажеттілігі мен қызығушылығын байқайды, баланың жеке және
әлеуметтік қиыншылығын анықтау және өз құзырлығы бойынша шешу.
Оқушының қиындығы мен проблемаларына, тәртібіндегі ауытқулары кезеңінде тез
арада әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді, құқық бұзушылығы бойнша алдын -
алу жұмыстарын жүргізеді;
әлеуметтік –педагогикалық диогностика, әдістемесін анықтайды;
Патронат бойынша тұрғын үй, зейнет ақы беру, жетім балалар мен ата-ана
қамқорлығынсыз қалған баланың мүліктік және мүліктік емес құқы бойынша
жұмыс жүргізеді;
Сабақтан тыс уақытта оқушының физикалық және дарындылық талантын
дамытуға жағдайлар жасайды;
Баланың мемлекетпен, қоғаммен, ұжыммен және әлеуметтік қызметкермен
байланысын ұйымдастыру;
Мұғалімдермен, ата-аналар мен немесе оларды ауыстыратын адамдармен бірлесіп,
тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды;
Білім беру ұйымдарынаң білім бағдарламаларын құрастыруға, бекітуге, оны жүзеге
асыруға қатысады және өзінің құзіреттілігі бойынша олардың орындалуына жауап
береді;
Оқушы тұлғасын әлеуметтендіруге мектептің әлеуметтік педагогы мен педагог-
психологының бірлескен жұмыстары.
Бүгінгі мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтардың алдында үлкен де, күрделі
міндеттер тұр, оны шешу үшін кәсіби білім мен шеберлікті меңгеру керек. Өкінішке орай,
қазіргі уақытта мектеп психологы мен әлеуметтік педагогтың оқыту мен тәрбие процесі
барысында кездесетін қиыншылықтары да баршылық. Оқушыларды оқыту мен
тәрбиелеудегі мектеп психологы, әлеуметтік педагогтың рөлі еркше деп атауға болады.
Өйткені олардың бірігіп атқарған жұмысының нәтижесінде болашақ жеке адамның дұрыс,
жан-жақты жетік қалыптасуына кең жол ашылады. Баланың интелектуалдық,
шығармашылық, әлеуметтік қалыптасуына негіз беріледі.Білім беру мекемелерінде
педагог-психолог келесі бағыттағы жұмыстарды қамтуы тиіс:
Психодиагностика-тұлға туралы жан-жақты ақпарат жинау;
Психопрофилактика-дезадаптация, белгілі бір жағдайда бейімделудің алдын алу
немесе жағымды психологиялық жағдайды жасау, баланың психологиялық
23
жұмысбастылық деңгейін төмендету мен оның алдын-алу жұмыстарын жүзеге
асыру.
Психокоррекция – баланың психикасына мақсатты түрде әсер ету, оның негізгі
деңгейге, әрі жастық ерекшелігіне сәйкес теңестірушілік жұмыстарын жүзеге
асыру.
Психологиялық кеңестер ұстаздарға, ата-аналарға, оқушыларға қажетті
психологиялық ақпараттар бере отырып, өмірінде кездесетін қиыншылықтарды,
өтпелі кезеңдерді( жастық дағдарысты) жеңуге, әрі сапалы нәтижеге жетуіне ықпал
ету.
Психотерапия- тұлғаның сапалы тұрғыдан өзгеруіне байланысты мәселелерді
жүзеге ауысуға бағытталады, тек адамның психикалық ауытқушылығы болмаған
жағдайда. Бұл жұмыстарды оқу тәрбие процесі барысында мектеп психологі
оқушылармен, ұстаздармен, ата-аналармен біріге отырып жүзеге асырады. Жалпы
барлық жоспарға сәйкес жүзеге асырылған жұмыстар оқушылар, ата-аналар мен
мектеп ұстаздары назарына ұсынылып, талқыланып отырылуы қажет.
Әлеуметтік педагог келесі бағыттағы жұмыстарды қамту тиіс:
Диагностикалық қызметі;
Өз құзырлығы шеңберінде көмекті қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау;
Кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастру;
«Ерекше назарлығы» оқушылармен, ата-аналармен жеке жұмыс;
Сынып жетекшілері, медицина қызыметкерлері, мектептің басқа да
қызыметкерлерімен, ата-аналар комитетімен, құқық бұзушылықтың алдын алу
кеңесімен, оқушылардың өзін-өзі басқару органымен, кәмелетке толмағандардың
құқығын қорғау жөніндегі комиссиямен, қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-
қатынасты үйлестіру.
Осыған орай мектептің психологы мен әлеуметтік педагогы оқушылар, ұстаздар, ата-
аналар арасында төмендегідей біріккен жұмыстарды атқаруына болады:
Әлеуметтік педагог пен психологтың біріккен жұмыстары:
1. Әлеуметтік-психологиялық ағарту шаралары. Дәріс, семинар түрлеріндегі
ақпараттық іс-шаралар. Дәріс мазмұны нақты мысалдарды бейнелейтін көрнекіліктермен,
осы заманғы озық техника мүмкіндіктерін пайдаланумен байытылып отыруы керек,
тақырыптық қана дәріс оқылмай, ата-аналардың ынта-ықыласын тудыратындай, тәрбие
мәселесін барынша жауапкершілікпен қарауын қалыптастыратындай бірнеше шаралардан
тұрғаны жөн. Дәріс тақырыптарын ата-аналардың сұраныстарына қарай таңдап,
мәселелерді бір-бірімен байланыстырып, тізбектік сипатта берген дұрыс,
2. Психологиялық кеңестер жеке сипат алуы керек. Нақты мәселе бойынша берілер
кеңестер аса биязы, алдындағы адамның жүрегін жараламайтындай, көңіліне қаяу
салмайтындай, мәселенің шешілуіне сендіре білдіру, үміт отын жағу арқылы кәсіби білікті
түрде жүзеге асырылуы тиіс. Психологиялық кеңестің сенімді райда өтуі оң нәтиже береді.