Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында «Қырық мысал» деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан «Маса» атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан-ашық жария етті. Бұл жылдары ол қазақ тілі мен әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазып, баспа беттерінде жариялады. Ахмет жинаған фольклорлық үлгілер негізінде Мәскеу қаласында 1923 жылы «Ер Сайын» жыры, 1926 жылы «23 жоқтау» кітаптары жарық көрді.
Достарыңызбен бөлісу: |