Мұстафа Ататүрк Түркияда билікке келген кезде, түрік тілін ғасырлар бойына мықтап орныққан араб,парсы тілдерінің ықпалынан шығару үшін, 1928 жылы Түркияда латын жазуына негізделген жаңа әліппиді енгізді.Оны депутаттарға ,үкімет аппараттарының мүшелеріне ,қысқасы бүкіл сарай қызметкерлеріне қолына таяқша алып ,өзі үйретті. Бұл үшін ол “ұлы оқытушы” атанды.
“ Ұлттық сезім мен тіл арасындағы байланыс өте күшті.Тілдің ұлттық деңгейде және бай болуы -ұлттық сезімнің дамуына әсер ететін басты құбылыс.Түрік тілі-ең бай тілдердің бірі.Оны тек саналы түрде қолданған ләзім.”