Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдаланудың тиімділігі а. Уксикбаева



жүктеу 57,69 Kb.
Pdf просмотр
Дата07.12.2017
өлшемі57,69 Kb.
#3363


АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖАҢА 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

А. Уксикбаева  

Кенсуат ЖОББМ 

 

Қазақстан  Республикасының  «білім  туралы»  Заңында  «Білім 



беру  жүйесінің  басты  міндеті  –  ұлттың  және  жалпы  адамзаттың 

құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке 

адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім 

алу 


үшін 

қажетті 


жағдайлар 

жасау, 


оқытудың 

жаңа 


технологияларын 

енгізу, 


білім 

беруді 


ақпараттандыру, 

халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  деп 

білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Шет тілді 

оқытудағы негізгі мақсат – шет тілді коммуникативті қалыптастыру 

және  дамыту,  оны  еркін  игеру.  Шет  тілі  –  қазіргі  заманның 

талабына  сай,  қоғамның  әлеуметтік-экономикалық,  ғылыми-

техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін 

оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары.  

ХХІ  ғасыр  –  озық  технологиялар  ғасыры.  Сондықтан,  білім 

беру  жүйесінде  жаңа  технологияларды  тиімді  пайдалану  заман 

талабы.  

Сөздіктерде «Технология» деген адамдардың нақтылы күрделі 

үрдісті  өзара  байланысқан  жүйелер,  рәсімдер  мен  операцияларға 

жіктеу  арқылы  жүзеге  асыру  тәсілін  айтады.  Бұл  арада  рәсім  деп 

басты  үдеріс  (немесе  оның  бір  кезеңі)  жүзеге  асыратын,  нақтылы 

технологияның  мәнін  білдіретін  әрекеттер  кешенін  айтамыз,  ал 

операция – осы рәсім аясындағы міндеттерді практикалық жағынан 

шешу жолы [2. 151]. 

Білім  берудің  жүйесінің  қай  саласы  болмасын  осы 

технологияларды  кеңінен  қолдануда  көптеген  сапалы  нәтижелерге 

жетуде.  Осы  мақсатта  еліміздің  болашағы  үшін  осы  мүмкіндікті 

қалай  пайдалану,  қоғамды  ақпараттандыруды  қолға  алуда. 

Мақсатқа  жетуде  ғылым  мен  техниканың  қазіргі  замандағы  озық 

үлгілерін  пайдаланып,  әлемдік  ақпараттық  кеңістікте  әр  түрлі 

деңгейдегі ақпараттарды қажетіне жарата білу керек. Білім берудің 

жүйесінің  негізі  –  мектеп  болғандақтан,  мектепте  жаңа 

технологияларды  кеңінен  пайдаланудың  маңызы  ерекше.  Сол 

себепті  еліміздің  барлық  білім  беру  ошақтары  қазіргі  озық 




технологиялармен  жабдықталып,  мультимедиялық  кабинеттер 

ашылды.  Ең  алдымен  технология  туралы  жалпы  мәліметті 

қарастырайық. 

Педагогиканың оқыту тәжірбиесінде ақпараттық технологияны 

қолдану кең өріс тапқан. Д. Ш. Матрос пікірі бойынша, кез келген 

әдіс  пен  технология  ақпараттық  технология  деп  танылады  [3.  42]. 

Бұл  қорытындыға  ол  оқытудың  үнемі  оқытушыдан  білім  алушыға 

ақпарат  берумен  байланысты  болғандығы  үшін  келген.  Сонымен 

қоса,  педагог  үшін  ең  бастысы  білім  алушылардың  қабылдайтын 

ақпаратын  сапалы  меңгеруі  үшін  оны  өңдеу  жолдарын  іздестіру 

болып  табылады.  Осылардың  барлығына  келісе  отырып, 

«оқытудың  ақпаратттық  технологиясы»  термині  педагогика 

ғылымына  енгізу  білім  беруде  компьютерлік  және  ақпараттық 

техникаларды 

(байланыс 

құралдары, 

телекоммуникациялық 

желілері  және  т.б.)  қолдану  екендігін  мойындаймыз.  Біз  оқытушы 

қолданған  дидактикалық  құралдардың  үйлесімділігі  арқылы  кез 

келген  оқыту  технологиясын  ақпараттық  технологияға  жатқызуға 

болады. 

Оқу  процесін  жаңа  ақпараттық  және  бағдарламалық  құралдар 

көмегімен  жандандыру  «компьютерлік  технология»  терминін 

«ақпараттық  технология»  түсінігімен  алмастыруға  әкеп  соқты. 

Сонымен,  оқытудың  ақпараттық  технологиялары  дегенімізді  тұтас 

кешенді  компьютерлік  және  басқа  да  құралдарды  қолданумен 

болатын  дидактикалық    үдеріс  деп  танығанымыз  жөн.Поляк 

педагогы  В.  Оконь  оқыту  құралдарын  мұғалімнің    іс-әрекетін 

ауыстыру  мен  білім  алушылардың  әрекетін  автоматтандыру 

мүмкіндігінің  өсуіне  байланысты  жіктейді.  Осыған  сәйкес,  оқыту 

құралдары  екі  топқа  бөлінеді:  жәй  және  күрделі.  Жәй  құралдар: 

сөздіктер, оқулықтар және басқа да мәтіндер; қарапайым визуалды 

құралдар: нақтылы заттар, модельдер, суреттер. 

Педагогикалық-әдістемелік  оқыту  барысында  оқу  міндеттерін 

шешуге  бағытталған  оқу  бағдарламалық    құралдары  (электронды  

оқулықтар,  электронды  курстар,    дәрістер,  слайд-дәрістер, 

мультимедиялық  презентациялар және т.б.) кеңінен қолданылады. 

Бұл технологияларды әсіресе шетел тілін үйренуде пайдасы өте зор. 

Себебі,  тіл  үйрену  арқылы  адам  бүкіл  бір  ұлттың  мәдениеті  мен 

әлеуеметін  қатар  үйренеді.  Ал  оны  толықтай  меңгеру  үшін 

оқулықтың  аздық  етері  анық.  Адам  көру,  есту  арқылы  тіл 



қолданушылардың  мәдениетін тезірек сезінеді. Яғни, өзінің де сол 

тілді меңгергендердің қатарына қосылуы әбден мүмкін. 

Қазіргі 

таңда 


жаңа 

ақпараттық 

 

технологияларды  



оқушылардың  ағылшын  тіліне  деген  қызығушылығын  арттыру 

құралы  ретінде  қолдану  өте  тиімді.  Жаңа  ақпараттық 

технологияларды  енгізу  және  қолдану,  интеллектуалды  дамыған, 

ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін тұлғаны қалыптастыру 

жолында  пайдалы  болуы  мүмкін  коммуникация  құралдарының 

барлығын пайдаланудың белсенді процесі жүріп жатыр. Өмірдің әр 

алуан  саласына  ақпараттық  процестердің  енуі  жаңа  ақпараттық 

технологияларға  негізделген  білім  беру  жүйесінің  жаңа  моделін 

құруды  талап  етеді.  Бұл  ретте  оқушының    шығармашылық 

қабілетін аша білу үшін жағдай жасау, оның қабілетін дамыту, өзін-

өзі  жетілдіру  және  жауапкершілікке  тәрбиелеу  сөз  болады.  Білім 

және  біліктілік  адам  үшін  маңызды  құндылықтарға  айналады. 

Соған  орай  білім  жүйесі  де  дайын  білімді  игеруге  ғана  емес, 

интеллектуалдылықты  қалыптастыруға,  жеке  танымдық  әрекетті 

қалыптастыруға  бағытталуы  тиіс.  Адам  әрекетінің  әр  түрлі 

саласында  озық  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  өзекті 

болып  барады  .  Тіл  үйрену  барысында  жаңа  технологияларды 

қолдана отырып, педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, 

сөйлеу  дағдыларын  қалыптастыруға  әбден  болады.  Ал  енді 

психологиалық  жағына  келетін  болсақ,  қазіргі  уақыт  ағымындағы 

оқушылардың әрқайсысының үйлерінде әдетте көптеген ойындары 

бар компьютерлер, видеолар мен телевизор бар болғандықтан, олар 

қоршаған  ортаны  осындай  тәсілмен  қабылдауға  үйренген.  Жаңа 

технологиялардың мүмкіндіктері оқушыларға оқу бағдарламаларын 

оқып тіл үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік 

беріп,  шығармашылық  белсенділікті  дамытуға,  пәнге  деген 

қызығушылықты  арттыруға,  тыңдау  мен  сөйлеу  дағдыларын 

үйренуге  ең  жақсы  жағдайларды  жасауға  әсер  етіп,  нәтижесінде 

сапалы білім алуын  қамтамасыз етеді. 

Жаңа 


технологияларды 

ағылшын 


тілі 

сабақтарында 

қолданудың 

негізгі 


мақсаттары: 

тілді 


үйренуге 

деген 


мотивацияларының  артуы;  тілдік  компетенцияны  дамыту,  өзге 

тілдегі  мәтіндерді  түсіне  білу,  сондай-ақ  ақпаратты  байланысқан 

және  дәйектелген  күйінде  бере  білу;  лингвистикалық  білім 

көлемінің  артуы;  тілін  үйреніп  жатқан  елдің  әлеуметтік  мәдени 




құрылымы  туралы  білімнің      толығуы;  ағылшын  тілін  өз  бетімен 

үйренуге даярлық пен қабілеттілікті дамыту. 

Компьютерлік  оқытуда  қолдану  әсіресе  шет  тіліне  үйретуде 

ағылшын тілінен оқу материалдарын дайындау тәсілдерін өзгертті. 

Жаңа  технологиялар  әдістемелік,  дидактикалық,  педагогикалық 

және  психологиялық  принциптердің  тұтас  комплексін  жүзеге 

асыруға  көмектеседі,  таным  процесін  қызықты  және  шығармашыл 

етеді,  әрбір  оқушы  үшін  жеке  дара  жұмыс  қабілетін  ескеруге 

мүмкіндік  береді.  Жаңа  технологияларды  практикада  қолдану 

оқушылардың  танымдық  белсенділігін  арттырудың  жаңа  түрін 

ашады, нәтижесінде жаңа білім ашылады, оқушылардың танымдық 

белсенділігі  дамиды,  білімді  өз  беттерінше  толықтырады, 

ақпараттар  ағымында  іздеу  және  бағдарлауға  үйренеді.  Жаңа 

технологияларды  ағылшын  тілі  сабақтарында  қолдану  тәжірибесін 

талдай  отырып,  мынандай  қорытынды  жасауға  болады:  оқыту 

сапасы  артады,  тұлғаның  үйлесімді  дамуын  қамтамасыз  етеді, 

ақпараттық  кеңістікте  адаспайтын,  ақпарат  мәдениетін  жетік 

білетін тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. 

Ақпараттандырылған  қоғамның  талабына  сай  мұғалім  де, 

оқушыда  жаңаша  көзқарасты,  терең  ойлы  болу  керек.  Сондықтан 

заман  талабына  сай  жас  ұрпақты  көкірегі  ояу,  ізденімпаз,  өзіндік 

шығармашылық  жұмыспен  айналыса  алатын  дәрежеге  жеткізуіміз 

керек.    Қоғамның  басты  бағыттарының  бірі  –  білім  беру  процесін 

ақпараттандыру.  Жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдалану 

білім  беру  үрдісінде  тиімді  және  білім  сапасын  көтеруге  ықпал 

жасайды. 

Оқу  үрдісінде  жаңа  ақпараттық  –  коммуникациялық 

технологияларды  қолдану,  әлемдік  білім  кеңістігіне  толығымен 

еніп,  халықаралық  деңгейге  көтерілуде  білім  беру  үрдісіне 

ақпараттық  –  коммуникация  технологияларының  жетістіктерін 

енгізу  қоғамды  дамытудың  жоғарғы  тиімді  технологияларына 

сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады  

Қазіргі  заман  талабына  сай  мектептерде  инновациялық  озық 

технологиямен  жабдықталған  лингофонды    мультимедиялық 

кабинеттер  ашылды.  Мұндай  инновациялық    құралдарды  оқу 

процесіне 

енгізбес 

бұрын, 


мектеп 

мұғалімдерін 

арнайы 

компьютерлік 



курстарға 

жіберіп, 

инновациялық 

жаңа 


технологиялармен  танысып,    меңгергендігі  жөнінде  сертификат 

алуына жағдай жасалды. 




Осы 

жаңа 


инновациялық 

технологиялардың 

ішіндегі 

ACTIVboard    интерактивті  тақта  революциялық  жабдық  екендігі 

даусыз.  Тақтаны  қолдану  үшін  бар  болғаны  компьютерлік  білімің 

болып, 


инновациялық 

құрал-жабдықтарды 

қолдана 

білу 


шеберлігіңіз  жетіп  жатыр.  Ең  алдымен  интерактивті  тақтамен 

танысып алайық. 

Компьютер  және  интерактивті  құралдар  арқылы  жасалып 

жатқан  оқыту  процесі  оқушының  жаңаша  ойлау  қабілетін 

қалыптастырып,  оларды  жүйелік  байланыстармен  заңдылықтарды 

табуға  итеріп,  нәтижесінде  –  өздерінің  кәсіби  шеберлігінің 

қалыптасуына  жол  ашу  керек.  Бүгінгі  таңдағы  ақпараттық  қоғам 

аймағында,  оқушылардың  ойлау  қабілетін  қалыптастыратын  және 

компьютерлік  оқыту  ісін  дамытатын  жалпы  заңдылықтардан 

тарайтын  педагогикалық  технологияларды  ғана  тиімді  деп  санауға 

болады. 

Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген 

елде  тұрамыз.  Жалпы  білім  берудің  мақсаты  –  терең  білімнің, 

кәсіби  дағдылардың  негізінде  еркін  бағдарлай  білуге,    өзін  –  өзі 

дамытуға 

адамгершілік 

тұрғысынан 

жауапты 


шешімдерді 

қабылдауға  қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  яғни  жеке 

тұлғаны  қалыптастыруға  негізделген,  ақпаратты  технологияны 

терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, 

жаңашыл тұлғаны қалыптастыру [5. 3]. 

Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таң 

қалдырады,  шабыттандырады.  Көптеген  мектептерде  интерактивті 

тақтаның  мүмкіндіктерін  білмегендіктен,  тек  слайд  көрнекіліктер 

көрсетумен  ғана  шектеліп  жүрген  мұғалімдер  бар.  Алайда 

интерактивті тақтаның қолдану  мүмкіншіліктері  өте көп.  Мысалы,  

ActiveBoard    электрондық  тақтасы:  материалды  қызу  талқылауға 

ерекше  бөліп  көрсетуге,  нақтылауға,  қосымша  ақпарат  қосуға, 

электрондық  маркер  арқылы  түсін  және  сызықтың  қалыңдығын 

өзгертуге;  сөздер  мен  сөйлемдердің  бір-бірімен  байланысын 

көрсете  отырып,  тақырыпты  немесе  сөйлемді  толықтай  аударуға; 

flash–анимациаларды  пайдаланып,  өлеңдер  мәтінін  жаттауға, 

суреттермен  слайдтар  жасауға;  ағылшын  тілінде  сөйлеушілердің 

дауысымен  жазылған  видео-роликтер  көруге,  сол  тілде  жазылған 

мәтінді  тыңдауға;  тест  сұрақтарымен  таныстырып,  бір  топ 

оқушыны тесттен өткізуге; суреттерді бір фонға қойып, суреттерді 

қимылдатып  сөйлесу  ситуациясын  ұйымдастыруға;  сөз-жұмбақтар 



шешуге,  әртүрлі  ойындар  ойнатуға  мүмкіндік  береді;  электрондық 

оқулықтарды  экран  бетіне  шығарып  көрсетуге  болады.ActiveBoard 

тақтасының дайын бағдарламасын қолдану маңызды. 

Инновациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты 

білім  алуына,  іскер  әрі  талантты,  шығармашылығы  мол,  еркін 

дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау 

үшін де тигізер пайдасы аса мол. 

 

Әдебиеттер 



 

1. Қазақстан Республикасының Білім туралы   Заңы,  Алматы, 

2007ж. 

2. 

Г. 

Исаева, 

Шет 

тілі 

сабағында 

инновациялық 

технологияларды  қолданудың  кейбір  ерекшеліктері.  «Жаңа 

тұрпатты  мұғалім  дайындаудың  өзекті  мәселелері»  атты 

республикалық 

ғылыми 

 

конференцияның 

материалдары. 

Мектептегі шет тілі, 2011ж. №3 60б. 

 

 

жүктеу 57,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау