21-мәтін. Жезқазған
Жезқазған – бұл Орталық Қазақстандағы 1761 шаршы километр аумақты алып жатқан, 96,7 мың тұрғыны бар, бай өнеркәсіп инфрақұрылымы, көптеген мәдени-ағарту және спорттық мекемелері бар қала. Жезқазған аймағының аумағында 1500-ге жуық тарихи және мәдени ескерткіштер бар, олар әсіресе Сарысу, Сары Кеңгір өзендері жағалауында көптеп кездеседі. Жезқазған қалалық археология мұражайы, Жезқазғанның жерасты байлығын ашқан, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш академигі Қаныш Сәтпаевтың мемориалдық мұражай-үйі біртұтастай мәдени-тарихи кешенге кіреді. Жезқазған тау-кен металлургия комбинатын кенші, геолог, академик Қ.И.Сәтпаевтың перзенті деп атауға болады. Кезінде академик университет ашуды армандаған. Сол асқақ арманы бүгінгі таңда орындалып, О.Байқоңыров атындағы Жезқазған Университеті ашылды. Қалада 20 дан астам мәдениет орындары жұмыс істейді, соның ішінде С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық драма қазақ театры және жасөспірімдер театры. Ұлытау (Ұлы тау) – қазақ халқының тарихи орталығы, далалық өркениет көшпенділері мәдениетінің орталығы. Ұлытау тау тізбегі көптеген шақырымнан көрінеді, ол солтүстіктен оңтүстікке 200 шақырымға созылып жатыр. Ең биік нүктесі – Әулие тау. Таудың көне мәдениетін «Әлемдік тау» бейнесін еске түсіреді. Оның бейнесі Тау бейнесін қорғаушы, әулие орын, сақтаушы бейнесін көрсетеді. Ұлы қорғандар, қорымдар, Беғазы Дәндібай мәдениетінің кесенелері, тастағы таңбалар, петроглифтер, шахталар, мыс, қалайы, күміс, алтын және балқытқан металл қорыту пештері және басқа да көне ескерткіштердің табылуы мен ғалымдардың зерттеулерімен Ұлытау көне заманнан бері Сарыарқаның және барлық даланың орталығы болғанын куәландырады. Ұлытау – бұл біздің ата-бабаларымыздың мыңдаған ғасырлық рухани, аңызына айналған, ақындары жырлаған, сан ғасыр адамдарды баураған қазақ халқының құрметтейтін қасиетті жері. Осы бір көне таудың кереметтігі Қазақстанның ұлттық тарихының маңыздылығымен берілген. Ұлытау көшпенді тайпа хандарының сүйікті орнына айналған. Осы жерде ұлы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханның ордасы орналасқан, осы жерден Батый хан шығысқа бағыттаған өзінің жаугершілік жорығын бастаған. Ұлытауда Жошы хан мен түркі тілдес тайпалардың негізін қалаушылардың бірі Алаша ханға кесенелер көтерілген. Есімдері Алтай, Орал, Қырым, Солтүстік Кавказ және Өзбекстанның халықтық ауыз әдебиетінде мәңгілік сақталған. Алтын Орданың ханы Тоқтамыс, Ордалық ұлы қолбасшы, әмір Едігеде осында жер қойнына берілген. Ұлытаудағы Алтыншоқы тауындағы тас тақтаға 1391 жылы осында болғаны турасында ұлы Ақсақ Темір жазба қалдырған. Ұлытауда сақталған ескерткіштер палеолит пен неолит дәуірлеріне жол бастап тұрғандай. Археолог-ғалымдар баяғы заманғы адамдардың талай мекендерін және олардың еңбек құралдарын тапты. Қаракеңгір өзенінің жағасында палеолит дәуірінің Қазақстандағы ең ірі шеберханасы табылды. Өзендердің бойында көне заманның бай елді мекендері сан қилы көмбелер, сағаналары жерленген көне мәдениеттің байлықтары болғаны белгілі болған. Осы күнге дейін «мұрты бар қорғандардың» құпиясы ашылған жоқ. Бір археологтар бұл мәйіт басына салынған құрылыстар десе, екіншілері көне обсерватория дегенге саяды. Археологиялық қазба жұмыстары мұнда осыдан үш мың жыл бұрын да тау-кен өнеркәсібімен кеңінен айналысқанын және ондағы жергілікті тайпалардың Иракқа, Үндістанға және Грецияға мыс, қалайы, күміс және алтын жөнелтіп отырғандығына куәлік етеді. Ұлытау аумағында ботаникалық және географиялық зерттеулер бойынша 617 өсімдік түрлері белгілі болған, оның ішінде 90 түрінен дәрі-дәрмекке пайдаланылады. Ұлытауды «көлдер мен бұлақтар елі» деп атайды. Ұлытаудың кең бұлақ суларының пайдалы қасиеттері туралы осы өңірден шеткері жерлерде білген.
Есте сақтаңыздар
Сарысу, Сары Кеңгір өзендері, жерасты байлық, асқақ арманы, биік нүктесі, әулие орын, сақтаушы, қорғаушы, түркі тілдес, жаугершілік жорығы, кесенелер, еңбек құралдары, ірі шеберханасы, сан қилы көмбелер, куәлік.
Тапсырмалар
1. Мәтін соңында берілген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыздар.
2. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыздар.
3. Мәтінді ықшамдап мазмұндаңыздар.
4. Тақырып бойынша шағын эссе жазыңыздар.
22-мәтін. Байқоңыр
Байқоңыр – Қазақстан Республикалық маңызы бар қаласы. Байқоңыр қаласы «Байқоңыр космодромы» мен бірге 2050 жылға дейін Ресейге жалға беруліде.
Байқоңыр (1996 жылға дейін Ленинск қаласы) – Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы қала. Төретам темір жол станциясынан батысқа қарай 2 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағалауында, Тұран жазығының қуаң белдемінде орналасқан. Тұрғыны 53 мың адам (1997). Қаланың іргесі 1955 жылы Байқоңыр ғарыш алаңын салуға байланысты қаланған. 1960 жылы қаланың тұрғыны 40 мыңға, ал 1975 жылы 74 мыңға жетті. Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң. Қаңтардың көпжылдық орташа температурасы – 11 ӘС, кейбір күндері – 35 ӘС-қа төмендейді; шілдеде – 26 ӘС, кейбір күндері – 45 ӘС-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 мм шамасында. Байқоңырдың жер қыртысы палеоген кезеңінің құмтасты және тақтатасты жыныстарынан түзілген. Оның бетін Сырдария аңғарының шөгінділері жапқан. Шалғынды-боз және бозғылт құмдақты топырағында баялыш, күйреуік, жусан, сораң шөптесіндер басым. Бірнеше мың га жерді алып жатқан қала ұзақ жылдар бойына “аса құпия” нысан болып саналды. Жергілікті тұрғындар да, әскери мамандар да қаланы “10-алаң” деп атап келген. Ал қалаға іргелес жатқан “Крайний” әуежайы мен көптеген шаруашылық мекемелері және Төретам темір жол станциясы “9-алаңға” кіреді. Қалада Мәскеу авиация институтының филиалы, электр техникалық колледжі, ірі есептеу орталығы, әскери аурухана, емхана, әуежай, электр станциясынан, сыра зауыттары, түрлі мәдениет ошақтары, көптеген сауда, тұрмыс қажетін өтейтін кәсіпорындар жұмыс істейді. Байқоңыр қаласының орталық алаңына бас конструкторлар С.П. Королев пен М.Г. Янгельдің ескерткіштері, сондай-ақ, тұғырға С.П. Королев құрастырған ғарыш кемесі орнатылған. Қаланың демалыс саябағында ракеталарды сынақтан өткізу кезінде қаза болғандардың (200-ден астам) бауырластар зираты, ғарышты зерттеу тарихы музейі бар. Байқоңыр қаласы мен ғарыш алаңына қажетті құрал-жабдық, техника, құрылыс материалдары, т.б. заттар Төретам темір жол станция арқылы жеткізіледі. Қала инфрақұрылымына енетін көптеген кәсіпорындар мен мекемелер Байқоңыр ғарыш алаңымен бірге 1993 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға жалға берілді.
Есте сақтаңыздар
Байқоңыр космодромы, қуаң белдемінде, ғарыш алаңы, көпжылдық, құмтасты және тақтатасты жыныстарынан, шөгінділері, нысан, ірі есептеу орталығы, әскери аурухана, бас конструкторлар, ракеталарды, бауырластар зираты, жалға берілді.
Тапсырмалар
1. Мәтін соңында берілген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыздар.
2. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыздар.
3. Мәтінді ықшамдап мазмұндаңыздар.
4. Тақырып бойынша шағын эссе жазыңыздар.
Сөздік
А
Ағаш діңі – ствол дерева
Ағза – организм
Ағыс – течение
Адыраспан – гармала
Ақбүйрек – чистяк
Ақгүл – жасмин
Ақжелкек (түбіртамыр) –хрен
Ақжелкен – петрушка
Ақ тырна – стерх
Ақуыздар – белки
Ақша шақыратын өсімдік – денежное растение
Алаңсыз – беспечно
Алмастырылады – заменяется
Алмұрт – груша
Алша (тәттішие) – черешня
Анар – гранат
Аң терісі – шкура зверя
Аңыз – легенда
Аптапты ыстық – знойная жара
Арқар – архар
Арна – русло
Арнайы шаралар – специальные мероприятия
Арпа – ячмень
Асбұршақ – горох
Аскөк –укроп
Асқабақ (кәуе) – тыква
Ауаның құрамы – состав воздуха
Ашық әдіспен – открытым способом
Ә
Әктас – известь
Әсемгүл – гиалея
Әтірлер – духи
Б
Бадам – миндаль
Байсат – адокса
Бақ-бақ – одуванчик
Бақытгүл – хризантема
Бал арасы – пчела
Балдыр – водоросль
Балдыркөк – сельдерей
Баршынгүл (қамысгүл, көгенғалдақ) – гладиолус
Баскөкірек – головогрудь
Бастау – исток
Бәден (шөптесін өсімдік) – анис
Бәйшешек – подснежник
Беде – клевер
Беже – айва
Бетеге – овсяница
Бидай – пшеница
Бидайдың дәні – зерно пшеницы
Бидайдың масағы – колосок пшеницы
Бидайық – пырей
Бит – вошь
Болашаққа самғау – парить в будущее
Болжам – предположение
Борша тышқан – бурундук
Бөгет – плотина
Бөріқарақат – барбарис
Бунақденелілер – безпозвоночные
Буынаяқтылар – членистоногие
Бұғы – олень
Бұршақ – боб
Бұрыш – перец
Бүйі – тарантул
Бүлдірген – земляника
Бүргелер – блохи
Бүркіп суару – орашение
Бүркіт – беркут
Г
Гендік құрылымы – генная структура
Гүлдердің күлтелері – лепестки цветов
Гүлзарлар – клумбы
Гүлсауыт – ваза
Ғ
Ғаламшар – планета
Д
Дәмжапырақ – лавр
Дән – зерно
Дәнегі – зерновка
Дәрумендер – витамины
Дәрілік өсімдіктер – лекарственные травы
Дәуіт – богомол
Демалыс бағы – парк отдыха
Демтүтік – трахея
Дерттің шипасы – лечение болезни
Долана (жігірдек) – боярышник
Доңыз – кабан
Дуадақ – дрофа
Е
Егіс далалары – поле
Елеулі жұмыстар – значительные работы
Елеулі зардап шегуде – значительно страдают
Елік – косуля
Емдік мақсатта – на лечебной цели
Емен – дуб
Ем ретінде – в качестве лечения
Ең биік шың – самая высокая вершина
Еңлік,еңлікгүл – эдельвейс
Ерітінді – раствор
Ж
Жабайы өсімдіктер – дикие растения
Жабайы түйе – дикий верблюд
Жазық жер – равнина
Жазықтықта – в равнине
Жалбыз – мята
Жамансары – конюк
Жанартаулар – вулканы
Жануарлар әлемі – мир животных
Жанғыш – сгораемые
Жаңғақ – орех
Жаңтақ – верблюжья колючка
Жапалақ – сова
Жапырағы таспа тәрізді – ленточные листа
Жасаңшөп – толстянка
Жауын-шашын – осадки
Жәндік – насекомые
Жебір – тимьян
Желбезек – жабры
Жер бедері – рельеф земли
Жержаңғақ – арахис
Жер қойнауы – недра земли
Жер шары – планета земля
Жиде – лох
Жолбарыс – тигр
Жомарт табиғат – щедрая природа
Жоңышқа – люцерна
Жөке – липа
Жусан – полынь
Жұқпалы аурулар – вирусные заболевание
Жұмыр – круглый
Жұпаргүл – душица
Жүгері – кукуруза
Жүзжылдық – алоэ
Жүзім – виноград
Жылға – ручей
Жыртқыш аң – хищник
З
Зәйтүн – оливка
Зерделеу – обдумать
Зире (зере) – тмин
Зиянды өзгерістер – вредные изменения
Зығыр – лен
Зімбір – имбирь
И
Инелік – стрекоза
Итмұрын – шиповник
Итошаған – череда
Иір, иіртамыр – аир
К
Картоп (жертүйнек) – картофель
Кәсіпорындардың мұржалары – трубы предприятий
Кебектің қайнатпасы – отвар отруби
Кездейсоқ – случайный
Кен – руда
Кене – клещ
Кең алқап – площадь (полоса)
Кептірілген – сущенный
Көбелек – бабочки
Көгалдандыру – озеленять
Көк қарға – сизоворонка
Көкнәр – мак
Көктерек – осина
Көл – озеро
Көмір қоры – фонд угля
Көмірқышқыл газы – углекислый газ
Көп жылдық – многолетний
Көп таралған – широко распространено
Көртышқан – крот
Күй талғамайтын – неприхатливый
Күнбағыс – подсолнух
Күнделікті – ежедневный
Күн сәулесі – лучи солнца
Күріш – рис
Қ
Қабығы – кора
Қабілеті кемиді – уменьшается способность
Қазтамақ – герань
Қайың – береза
Қалақай – крапива
Қалалар төңірегі – окрестности городов
Қалампыр – гвоздика
Қанатсыздар жәндік – бескрылые насекомые
Қарабидай – ржанка
Қарабүлдірген – ежевика
Қарағай – сосна
Қаражидек – черника
Қарақат – смородина
Қарақұйрық – джейран
Қараөрік – слива
Достарыңызбен бөлісу: |