Абильдаева Бану Сабитовна



жүктеу 384 Kb.
Pdf просмотр
Дата10.11.2018
өлшемі384 Kb.
#18903


Абильдаева Бану Сабитовна 

Бастауыш сынып мұғалімі 

Абай атындағы гимназия мектебі  

Қазақстан, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы 

Бастауыш сынып оқушыларына математика пәнінде өз 

бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту 

 

Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін 



шыңдау,  кез-келген  ортада  өзін  еркін  ұстауға,  Қазақстан  Республикасының 

азаматы  деген  атқа  лайық  болатындай  етіп  тәрбиелеу  –  біздің  міндетіміз 

болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс.  

Бастауыш  сыныптан  бастап  оқушының  өзіндік  әрекетін  ұйымдастыра 

білу дағдысын қалыптастыру ісі бүгінгі күннің білім беру мазмұнын жаңғырту 

процесіндегі мұғалімнің іс-тәжірибесінде ерекше орын алады. 

Бастауыш  мектепте  өзбетімен  жұмысты  тиімді  ұйымдастыруға  жол 

ашатын қолайлы жағдай- бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік 

ерекшеліктері.  Өйткені  бұл  жастағы  балалардың  ойлау  қабілеті  жоғары  және 

қиялдау,  елестеу,  шығармашылық,  жұмысқа  талпынысы  басым  болады.  Сол 

себепті  де  тиімді  түрде  ұйымдастыра  білген  мұғалімге  оның  берерлік  маңызы 

зор. 


Өз  бетімен  жұмыс  түрлеріне  қатысты  материалдарды  саралау  және 

шығармашылық 

жұмысқа 

баулып, 


олардың 

белсенділіктерін, 

қызығушылықтарын  арттыра  түсетін  өз  бетімен  жұмыс  түрлеріне  төмендегі 

негізгі үш жұмыс түрлерін атауға болады: 

1.  Логикалық  дамытушы  ойындар  мен  берілген  тапсырмалар 

(құрастырмалы ойындар, ребус, сөз жұмбақ) өз бетімен жұмыс түрлері. 

2.  Берілген  тапсырманы  түрлендіру  бағытындағы  жұмыс  түрлері  (  кері 

есеп құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу, т.б.) 




3.  Жаңа  форматтағы  оқытудың  әдістері.  Яғни,  қазіргі  таңдағы  педагог 

кадрларының  біліктілігін  арттырудың  деңгейлі  бағдарламаларының  үшінші 

деңгей бағдарламасы оқушының өзбетімен білім алуына бағыттайды. 

Оқушылардың  өзіндік  жұмысы  –  мұғалімнің  қажетті  нұсқаулары 

бойынша  оқушының  оқу  жұмысының  жеке  дара  және  ұжымдық  түрі.  Өзіндік 

тапсырмаларды  орындау  барысында  оқушылардан  белсенді  ойлау,  әр-түрлі 

танымдық  есептерді  шешу  талап  етіледі.  Осының  нәтижесінде  оқушылар 

өздігінен  бақылауды  үйренеді,  оларды  тапсырылған  істі  орындаудағы 

жауапкершілік  сезім  еңбексүйгіштік,  табандылық,  ұйымшылдық,  бір-біріне 

деген жолдастық көмек қалыптасады. 

Өз  бетімен  жұмыстың  негізгі  ерекшелігі  –  оқушының  берілген 

тапсырманы  мұғалімнің  көмегінсіз  орындау.  Тапсырманы  орындауда  жақсы 

нәтижеге  жету  үшін,мұғалім  оқушының  іскерлік  дағдысын,  бақылау,  білу 

қабілетін, ойлауын есепті шешу жолдарын дұрыс таңдай білуін байқап көреді. 

Егер  тапсырманы  орындауда  қателер  жіберілсе,  онда  мұғалім  сол  қателерді 

оқушылардың  өздері  жөндеуіне  мүмкіндік  беріп,  оқушының  іс-әрекетін  дұрыс 

жолға бағыттағаны жөн. 

Баланың ақыл-ой әрекеті, оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік 

сияқты  т.б.  Оқушының  өздігінен  оқуы  тиісті  болуы  үшін  ақыл-ой  еңбегінің 

дағдыларын қалыптастыру керек. Баланың ақыл ой-еңбегін белгілі бір жүйемен 

жасауға,  оның  жалпы  мәдениетін  арттырып  отыруға  көңіл  аударған  жөн.  Ең 

алдымен  баланың  өз  жұмысының  мақсат-міндеттерін  анықтауға  үйрету  керек. 

Ең  алдымен  баланың  өз  жұмысын  (тапсырмасын)  не  үшін,  қандай  мақсатпен 

жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің 

саналылығы  артады.  Оқу  жұмысының  мақсат-міндеттеріне  сай  баланы  өз 

бетімен  жұмысын  жоспарлай  біліуге,  уақытты  дұрыс  пайдалануға,  өз  әрекетін 

қадағалауға, бағалауға, қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың 

маңызы зор. 

Қорыта  айтқанда,  бастауыш  сынып  оқушыларының  тілін  дамытуда, 

функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруда,  өз  бетінше  жұмыс  жасаудың, 




білімді  өз  бетімен  игерудің  маңызды  екеніне  көзіміз  жетеді.  Бастауыш  сынып 

оқушылары  жаңа  жүйелі  оқу  әдістері  арқылы  ізденгіш,  зерттегіш, 

шығармашыл,  проблеммаларды  өздігінен  шеше  алатын,  қиын  жағдайларда 

тығырықтан шығу жолдарын таба білетін, функционалды сауатты тұлға ретінде 

қалыптасалы.  Сонымен  қатар,  өздігінен  ана  тілді  оқу  барысында  оқу 

материалының  жүйелі  түрде  менгерту,  граматикалық  схеманы  шешу,  іздену, 

салыстыру,  зерттеу,  әртүрлі  шығармашылық  жұмыстарды  өз  бетінше  жұмыс 

орындау  барысында  менгереді.  Сонымен  өзіндік  жұмысты  ұйымдастыруға 

қойылатын талаптар мыналар: 

–  жұмыстың  көлемін  шамадан  айырмай,  оның  санасын  арттыруға  көңіл 

аудару; 

– өзіндік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлері мен дұрыс ұштастыра 

білу; 

–  оқушының  дербестігін  арттырып,  өзіндік  білім  алу  қабілетін  жүйелі 



түрде дамыту; 

–  өзіндік  жұмыстың  мазмұнына  күнделікті  өмірден  алынған 

материалдарды, хабарларды енгізу; 

– оқушыларды алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; 

–  оқушыларды  оқу  жұмысына  шығармашылық  тұрғыдан  қарауға, 

белсенді әрекет жасауға баулу; 

– оқушыда өздігінен жұмыс істеу, еңбек ету дағдысына қалыптастыру. 

Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету кезінде екі міндетті ескерген дұрыс. Бұл 

міндеттердің  біріншісі  -  оқушылардың  танымдық  қызметіндегі  дербестікті 

дамыту,  оларды  білімді  өздігінен  игеруге,  дүниеге  көзқарастарын 

қалыптастыруға  үйрету;  екіншісі  –оқушылардың  алған  білімін  іс  жүзінде 

қолдана білуге баулу. 

Өз бетімен жұмыс істей алатын оқушы, тек білім білік дағдысы ғана емес, 

сонымен бірге ойлау қабілеті, еркін сөйлеу мәдениеті, саяси сауаттылығы өзіне 

деген сенімділігі, пәнге деген қызығушылығы, шығармашалық қабілеті оянады. 

Сондықтан  өз  бетімен  жұмыстың  мақсаты  айқын,  оқушыға  түсінікті  болуы 




қажет. Өз бетімен жұмыс тапсырылғанда оның ауыр – жеңілділігі, қанша уақыт 

орындалатынына назар аударған жөн.  



жүктеу 384 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау