Әдістемелік нұсқама
Бұл тақырыпты оқу үшін оның субъектілерінің ұғымын, түрлерін және
олардың әрқайсысының құқықтық мәртебесін білуіміз қажет.
Еңбек құқығының субъектісі дегініміз бұл еңбек қатынастарымен
реттелетін, еңбек құқықтары мен сәйкесінше заңды міндеттерді иемденетін
қоғамдық қатынастардың қатысушылары.
Еңбек құқығының субъектілері болып: еңбекке қабілетті азаматтар,
жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар, әр деңгейдегі әлеуметтік әріптестіктер
және мемлекеттік органдар танылады.
Тақырыпты толық меңгеру үшін міндетті түрде ең алдымен Қазақстан
Республикасының еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының еңбек
кодексінің түсініктемесін және Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар
туралы» заңын басшылыққа алуыңыз қажет.
Әдебиет:
1; 45-68 б.; 2, 118-134 б.; 3; 4; 13; 14; 15; 18
Достарыңызбен бөлісу: |