Түйінді сөздер: мейірбике ісі, мейірбикелік үрдіс, дәлелді медицина, мейірбикелік зерттеулер, клиникалық сұрақ
Мәселенің өзектілігі. Мейірбикелік үрдіс – нақты жағдайда науқастың қажеттіліктерін қанағаттандыру мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында ұйымдастырылатын, мейірбикенің дәлелді медицина қағидалары негізінде кезеңдік түрде жүргізілетін тәжірибелік күтімнің
ғылыми тәсілі.
Мейірбикелік үрдіс мейірбикенің техникалық түрдегі дайындығын ғана емес, науқасты жеке тұлға ретінде қабылдауды қамтамасыз етеді.
Мейірбикелік үрдіс негізгі 5 кезеңнен (Sharon Niggemeier, K. Burger, Monika Habermann L.R.) тұрады: мәселелерді анықтау, диагноз қою,
жоспарлау, енгізу мен бағалау.
Бірінші кезеңде мейірбике науқас туралы толық мәлімет жинаумен қатар, зерттеу әдістері арқылы мәселені бағалайды. Бұл кезеңде
науқастың нағыз және жасырын мәселелері айқындалады. Соған байланысты науқас күтімінде қажеттілік ұғымына үлкен мән беріледі.
Отандық және шетел әдебиет көздерінде мейірбикелік үрдісті жүзеге асыруда А. Маслоудың (Maslow, 1943, p. 370) ұсынған адамның
негізгі қажеттіліктері келтірілген.
Екінші кезең мейірбикелік диагностика. Мейірбикелік диагностика – мейірбике тексеру жүргізу нәтижесінің негізінде айқындалған
науқастың денсаулық жағдайы. Диагностика тек науқастың ауыр халін көрсетіп қоймай, ауруды тудырған басқа да мәселелерді анықтайды:
қорқыныш, дұрыс тамақтанбау, отбасындағы шиеленістер. Сонымен қатар, мейірбике диагнозы дәрігер диагнозынан ерекшеленеді,
мейірбике диагнозы денсаулық пен сырқатқа бағытталса, дәрігердің - ауруларды анықтайды. Тәуелсіз мейірбике тәжірибесі шеңберіндегі
науқастың мәселелері мейірбикелермен емделеді, дәрігер диагнозында мәселелер біріншілік емдеуге бағытталады. Мейірбике диагнозы
күннен күнге өзгеруі мүмкін, ал дәрігер диагнозы өзгеріске ұшырамайды.
Бағалау мен диагностика нәтижесінде мейірбике науқасқа қысқа және ұзақ мерзімді қолжетуге болатын, өлшемді мақсаттарды белгілейді,
науқастың қажеттілігін қанағаттандыратын көмекті мейірбике жоспарлайды – бұл үшінші кезең. Мейірбикелік күтімді жоспарлауға,
науқасты төсектен орындыққа күніне үш рет ауыстырып отыру, шиеленісті - кеңес беру арқылы шешу, тиімді ем арқылы ауыру сезімін
азайту, науқасқа, туыстарына психологиялық демеуді қамтамасыз ету.
Науқас күтімі тиісті жоспар бойынша жүзеге асырылады, сондықтан госпитализация кезінде науқастар үшін емнің үздіксіз жүргізілуі толық
қамтамасыз етілуі керек. Мейірбикелік күтім жоспарына қатысушылардың қызметі науқас жағдайын өзгерту немесе жақсартуға
бағытталуымен қатар, науқас мониторингісі - төртінші кезеңді құрайды.
Бесінші кезеңде мейірбике қолжеткен мақсаттардың нәтижелерін бағалайды, науқастың мүмкін болған ақырын анықтайды және оны
мейірбикелік сырқатнамаға немесе бақылау картасына тіркейді: науқас жағдайының жақсаруы, қалпына келуі, немесе науқас
жағдайының нашарлауы, қайтыс болуы. Соңғы жағдайда, яғни сауықтыру мақсаттарына қол жеткізілмесе, мейірбикелік үрдіс қайтадан
қайталанады.
Мейірбикелік іс анықтамасы мейірбике тәжірибесінің шекара аймағын айқындайды. Соған байланысты мейірбикелердің халықаралық
кеңесінің [1] негізгі анықтамасы бойынша мейірбике және тәжірибе – бұл мүмкіндігенше нақты берілген жағдайдайғы жоғарғы
стандарттарға сәйкес мейірбикенің көрсететін күтімі.
Дәлелдерге негізделген медицинадағы мейірбикелік үрдіс Торонто қаласының Мак Мастер университеті Канада ғалымдарымен 1990
жылы ұсынылған дәлелді медицина концепциясынан бастау алған [2].
Дәлелдерге негізделген мейірбикелік тәжірибе кең ұғымда қолданылады. Бұл жағдайда науқастардың қажеттіліктерін ескере отырып,
шешім қабылдауда ең үздік нәтижелерді жеке тәжірибемен қолданған жағдайда ғана, дәлелдерге негізделген мейірбикелік тәжірибе деп
атауға болады. Дәлелдерге негізделген мейірбике тәжірибесі келесі алгоритм тізбегінен тұрады:
науқастың белгілі бір жағдайдағы немесе мәселелеріне қатысты сұрақты құрастыру;
берілген сұраққа жауап табуға болатын ғылыми зерттеулер нәтижелеріне жүйелі іздеу жүргізу;
науқас мәселесінің шешіміне әсер ететін, берілген зерттеулердің дәлелдерін, басқа ақпараттардың нәтижелерімен салыстыру;
дәлелдерге негізделген мейірбикелік кӛмек кӛрсетуге қатысты шешім қабылдау;
қабылданған шешімдердің нәтижелерін бағалау.
Мейірбике тәжірибесінде науқас денсаулық жағдайына қатысты мәселелер дәлелдерге негізделіп, шешім қабылдағанда кӛптеген
кедергілерге кездеседі: мейірбикелердің медициналық ақпараттар кӛзін, интернет желісін қолданудағы білімі мен қабілетінің аздығы,
мәліметтердің электрондық кӛзінің қолжетімділігінің болмауы, мәліметтерді баспаға шығарудағы тілдік кедергілер [3,4].
Ғылыми зерттеулердің нәтижелігі зерттеу сұрағының қаншалықты сапалы құрылғанына байланысты, сондықтан бұл сұрақ мейірбикеге
берілген мәселе бойынша ӛзекті тақырыптағы әдебиеттерді табуға және талдауға, зерттеулерде қандай әдістер арқылы мәліметтердің
жиналатынын және талданатынын кӛрсетеді. Зерттеу сұрағы – бұл қазіргі уақытта сұрақ түрінде құрастырылған, жауабы мейірбикеге
клиникалық мәселені шешуге кӛмектеседі. Сұрақ мәселені айқындайтын қысқа әрі нақты болуы тиіс. Сұрақтың құрылуы зерттеу үрдісі
кезінде мейірбике қандай мәліметтер жинайтынына және қандай зерттеу сапалық не сандық түрін қолдануға мүмкіндік береді. Зерттеу
сұрағының негізгі ақпараттар кӛзіне медициналық кӛмек кӛрсетудегі мейірбикелердің клиникалық тәжірибесі, мейірбикелердің басқа
медицина қызметкерлерімен қарым-қатынасы кезінде анықталатын мәселелері, баспаға шыққан әдебиеттер мен сыртқы кӛздерден
алынған ұсыныстар жатады. Зерттеу сұрағының құрылуы келесі кезеңдерден тұрады:
1. Науқастар тобының ерекшелігіне байланысты мәселе аймағын анықтау;
2. Мәселеге байланысты бірнеше сұрақтарды тіркеу;
3. Сұрақты айқындау және ондағы мәселелерді іріктеу;
4. Мейірбике қызметіндегі қойылған сұрақтың маңыздылығын айқындау;
5. Ӛзінің емдеу мекемесі шегінде сұраққа жауап табуға болатын мәліметтерді айқындау;
6. Сұрақты тексеру мүмкіндігі [5].
Қазіргі кездегі ақпараттар ағымының кӛбеюі, ӛз кезегінде электрондық ақпараттар жүйесінің қорын құруға септігін тигізеді. Соған
байланысты мейірбике ісіне арналған ақпараттар қорларының саны артуда.
Мейірбике ісі бойынша ақпараттарды біріншілік (жеке зерттеулер мәліметтері) және екіншілік (жалпы сын пікір түріндегі жүйелі шолулар,
сапасы жоғары зерттеулердің нәтижелері) ақпараттар қоры деп қарастырады. Біріншілік негізгі ақпараттар қорына CINAHL, MEDLINE,
EMBASE кӛздері жатса, екіншілікке - Evidence-Based Nursing, Кокрандық кітапхана (The Cochrane Library), Clinical Evidence кӛздері жатады.
Дәлелдерге негізделген мейірбикелік үрдіс бойынша ақпараттық іздеу жүйелік әдісті, шетел тілін білуді, тиісті ақпарат қорын таңдауды
талап етеді [6].
Достарыңызбен бөлісу: |