9 СӨж тапсырмалары: М. Жаманбалиновтың «Ақын бала»



жүктеу 20,54 Kb.
бет2/3
Дата13.05.2022
өлшемі20,54 Kb.
#38519
түріПоэма
1   2   3
СОЖ 9

Мұзафар Әлімбаевтың балалар поэзиясында орны ерекше. Ол кісі 1923 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды селосында дүниеге келеді. Ұлы Отан Соғысына қатысқан. Армиядан оралған соң, С.М.Киров атындағы Қазақ университетін бітіреді. «Пионер» журналының бөлім бастығы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторының орынбасары қызметін атқарып, КПСС мүшесі болған. Оның «Менің ойыншақтарым» (1953), «Орақ - олақ» 1962, «Шынықсаң шымыр боласың» (1969), «Балдаурен, шіркін,  балалық» (1973), «Ақсерек те көксерек» (1977) , «Аспандағы әпке» (1982) , «Екі тақтай бір көпір» (1992) «Қоянның құлағы неге ұзын?» (1996),  сияқты т.б. жинақтары кішкентай оқырмандардың сүйікті кітаптарына , ұстаздардың, тәрбиешілердің балалар тәрбиесінде, олардың ой- өрісін дамытудағы көмекшісіне айналды. 1984 жылы «Аспандағы әпке» жинағы үшін М. Әлімбаев Абай атындағы мемлекеттік сыйлық иегері атанды.

М. Әлімбаев жинақтарының оқырмандарын тез тауып, сүіктісіне айналуында, сөз жоқ, дарын мен ізденімпаздықтың нәтижесі, балалар психологиясымен жете таныс болуы жатыр. Бұл жөнінде автордың өзі : «Ақындықтың негізгі сыры, басты құпиясы, біздіңше, қиял ұшқырлығында, талант құдіреттілігінде... шын ақын өрнектеп ойлайды, өлеңмен толғайды. Шын ақынға қара сөзден гөрі өлең жақын», -деп шынайы дарын иесінің ішкі жан дүниесін сипаттайды. Өзінің шығармашылық жолында М. Әлімбаев әрқашан «өрнектеп ойлап, өлеңмен толғайды». Ақын шығармашылығы жөнінде ақын- жазушыларымыз, әдебиетші ғалымдарымыз көптеген құнды пікірлер айтқан.

Белгілі әдебиетші – ғалым, сыншы, профессор Н.Ғабдуллин : «...М. Әлімбаев – қазақ балалар поэзиясының өркендеп дамуына үлкен еңбек сіңіріп келе жатыр. Ақынның балалар поэзиясының мазмұны мен түрін байытуға қосқан көп сапалық жаңалықтары, көркемдік үлгілері бар», - деп ақынның балаларға арналған шығармаларын жоғары бағалаған.

Әрине, балалар ақыны болуы үшін, жоғарыда айтып өткеніміздей, бүлдіршіннің  жан - дүниесін білуі қажет. Біліп, ұғып қана қоймай, ол білгенін өлеңмен өрнектей білу керектігі осы сәтте туындайды. Ақын өз ізденімпаздылығы мен еңбекқорлығын осы арада да танытады. М. Әлімбаевтың кішкентай оқырмандары оның кейіпкерлерінен өздерін таниды, себебі ақын кейіпкері «жанды», әр қырынан көрінеді. Ал, М. Әлімбаев өз кейіпкерлеріне  «түсіністікпен қарап , олармен бірге қуанып, ренжиді де». Кейде өзінің кішкене кейіпкерлерінің балалық қылықтарына суйсінеді, зілсіз мысқылмен қағытып қояды, әзілдеп қояды, енді бірде пәк бала көңілін жағымсыз мінездермен  сақтандырады, адамдық қасиеттерге шақырады. Алайда ақын бүлдіршіндерді жақсы қасиеттерге шақырса да, жағымсыз қылықтан сақтандырса да, ол мақсаттарын құрғақ уағыз негізінде емес, жанды бейнелер арқылы танытады, оқырмандарына ой салады, қорытынды жасатады, ойландырады.

Автордың балаларға арналған өлеңдері қысқа болғанмен, белгілі сюжетке тартымды ойға, терең пікірге құрылған. Ақын балалардың қызығып та қуанып оқуын көбірек ойланады. Сондықтан да Мұзафар өмірдің кішкене көріністеріне үлкен мән беріп, түйінді ойлар айтуды өзіне зор мақсаи етіп қояды.

    


жүктеу 20,54 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау