Жанасқан кезде денелердщ электрленуі; үйкеліс кезінде денелердің жанасу бетінің ұлғаюы; үйкеліс кезінде екі дененің де электрленуі; жанасу кезінде бір денеден екінші денеге электр зарядының берілуі;
Зарядталған денелердің өзара әсерлесуі.
Аттас зарадталған денелердің бір-бірінен тебілуі; әр аттас зарядталған денелердің бір - біріне тартылуы.
Зарядтардың екі тегі, оң және теріс зарядтар, зарядтардың таңбасы оң (+) және теріс (-).
Электр зарядының сақталу заңы.
Тұйықталған жұйедегі денелердің электрленуінін барлык құбылыстарында злектр зарядтарының қосындысы сақталады: q1+ q2+ … qn=const
Электроскоптың құрылысы мен жұмыс істеу принципі. Электроскоптың жапырақшаларының берілген зарядқа тәуелділігі. Электроскоптың басқа түрі. Зарядталған денеге (электроскопқа) қол тигізгенде зарядының жоғалтуы. Осы фактіні біздің денеміз аркылы электр зарядының жерге берілуі арқылы түсіндіру.
Электр өткізгіштер және электр тогын өткізбейтіндер.
Электр зарядын өткізу қабілеттеріне карай заттар электр өткізгіштер және өткізбейтіндер болып екіге белінеді. Ендi жiпке iлiнген электрленген эбонит таяқшаға, жiбекке үйкелген шыны таяқшаны жақындатайық. Бiз олардың бiр-бiрiне тартылғанын көремiз. Егер шыны таяқшадағы заряд эбонит таяқшадағы зарядпен бiр тектес болса олар бiр-бiрiнен тебiлер едi. Ал бiз олардың тартылуын байқадық. Бұл жiбекке үйкелген шыныдағы заряд терiге үйкелген эбониттегi зарядтан өзге тектi екендiгiн көрсетедi. 5-суретте көрсетiлген тәжiрибе зарядтары әр тектес денелер бiр-бiрiне тартылатындығын көрсетедi.
Жiпке iлiнген электрленген эбонит таяқшаға зарядталған резина, плексиглас, пластмасса, капрон және т.б. заттарды жақындатқанда оларға эбониттiң бiрде тартылатынын, ал бiрде тебiлетiнiн көремiз. Осы тәжiрибелер табиғатта электр зарядының екi тегi болатындығын көрсетедi.
Жiбекке үйкелген шыныда пайда болған заряд тегi оң (+) деп, ал жүнге үйкелген янтарьда пайда болған зарядты терiс (–) деп атаған. Ал әрқайсысына q 2 оң заряд берілгенде жіптер вертикальдан α2 ауытқиды (в-сурет). q1 және q 2 зарядтың қайсысы үлкен? Осы тәжiрибелер табиғатта электр зарядының екi тегi болатындығын көрсетедiЗаттардың электрленуiн бақылау үшiн жүргiзiлген тәжiрибелер нәтижесiнде барлық заттардың электрлену тегіне қарай қатарларға қоюға болатындығы анықталды. Мұндай қатарда бiрiншi дене екiншiсiне үйкелгенде оң, ал екiншiсi терiс зарядталады. Мысалы, сондай қатарлардың бiрi мынадай: қоян терiсi, шыны, кварц, жүн, жiбек, мақта, ағаш, янтарь, каучук.
Достарыңызбен бөлісу: |