Коваленттік байланыс. Молекулалардың атомдардан электрондар жұбы арқылы (бір, екі, үш) түзілуін ковалентті байланысдеп атайды. Бұл байланыс екі түрлі механизм бойынша түзіледі:
Алмасу механизмі – әр элемент байланысқа өзінің электронын береді, мысалы, сутегі молекуласы түзілуі: Н×+ ×Н → Н : Н;
Донорлы-акцепторлық механизм – бір атомның электрон жұбы (донор) ортақ болады, ал екінші атомнан бос (□)орбиталь (акцептор) болады: □Н++:NH3→ NH+4.
Түзілген молекуланың ішінде ортақ электрон жұбының орналасу симметриясына байланысты ковалентті байланыстың екі түрі: полярлы (полюсті) және полярсыз (полюссіз), яғни таза ковалентті байланыс болады. Полярсыз молекулаларда электрон жұптары ядролар арасында симметриялы орналасады: Н:Н, СІ:СІ, ал полярлы молекулаларда ядроаралық электрондық тығыздық электртерістігі жоғарырақ атомға қарай ығысады: Н :СІ, Н :О:Н.
Достарыңызбен бөлісу: |