1. Еңбек қорғау.
Тақырыбы, құрама бөлімдері, ғылыми-әдістемелік принциптері, маңызы,
еңбек қорғаудағы терминдер мен анықтамалар. Кәсіпорындағы еңбек қорғау
жағдайын бақылау және қадағалау қызметін ұйымдастыру; еңбек қорғау
бойынша заңды және нормативтік актілер; жұмыс істеушілерді еңбек қорғау
бойынша үйрету; еңбек қорғау нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік,
жарақаттану және кәсіби аурулар туралы ұғым. Өндірістік ортаның
метеорологиялық жағдайлары. Өндірістік ортаның метеорологиялық
жағдайлары. Өндірістік жарықтандыру, нормалау, есептеу. Өндірістік шу,
діріл, адамға әсер етуі, қорғау шаралары. Электр қауіпсіздік.
2. Химиялық және биологиялық қауіпсіздік негіздері.
Химиялық және биологиялық улардың жіктелуі, олардың адам
организміне және қоршаған ортаға әсер ету механизмі. Орындалу барысында
зиянды химиялық немесе биологиялық заттар түзілетін немесе
пайдаланылатын технологиялық процестерді таңдау. Зиянды химиялық
немесе биологиялық заттардың табиғи көздерін талдау. Зиянды химиялық
және биологиялық заттарды бейтараптандыру ұсыныстары, шаралары,
әдістері мен тәсілдері; олардың қоршаған ортаға және өндірістік аймаққа
түсуін болдырмау.
3. Радиациалық қауіпсіздік негіздері.
Жұмыс аймағының және қоршаған ортаның электрмагниттік сәуле
шығарумен ластануының қазіргі жағдайы; радиоактивті заттардың
рентгендік және гамма-сәуле шығаруы; ғарыштық радиация; табиғи және
жасанды текті радиоактивті изотоптардың сәуле шығаруы; иондаушы сәуле
шығару түрлері мен әсерлері; тірі организмдерге әсер етуі; радиоактивті
қалдықтар, оларды көму проблемасы; электрмагниттік сәуле шығарудың
өлшем бірліктері; радиацияның қауіпсіз дозалары және табиғи аясы;
қоршаған ортаның және жұмыс аймағының радиоактивті жағдайын
бақылауды ұйымдастыру; жеке қорғау әдістері мен құралдары; радиациялық
жағдайды бақылау аспаптары мен аппараттары.
4. Өндірістік санитария.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағын таңдауға және жоспарлауға,
өндірістік үймереттердің, ғимараттардың, жайлардың және қоршаған
аумақтың орналасуына қойылатын санитариялық талаптра. Жұмыс орындары
микроклиматының параметрлері, олардың организмге әсер етуі, қолайлы
метеожағдайлар жасау әдістері. Ауадағы зиянды заттардан қорғау. Шудан,
дірілден және ультрадыбыстан қорғау. Өндірістік жарықтандыру – нормалау,
есептеу, жарық беру аспаптары, жұмыс орындарының жарықталғандығын
бақылау.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Тіршілік қауіпсіздігі: Оқу құралы.1,2- кітап /Мемлекеттік тілге аударған
Н.Ә. Жүнісбаев., Алматы: ТЖ
және АҚ республикалық курстары, 2005.
2. Канарев Ф.М. “Охрана труда”.
3. Әлібеков Е.К.т.б. Азаматтық қорғаныс бүкіл халықтық іс, Алматы, 1988
4. Хакімжанов Т.Е. Еңбек қорғау. Жоғарғы оқу орындары үшін оқу құралы,
Алматы, 2008ж. «Ұйымдардағы ТЖ және АҚ бойынша сабақтарға
арналған». Оқу құралы, Алматы,2003.
5. Шаруашылық нысандарында АҚ енгізу және жағдайын тексеру бойынша
оқулық. Алматы, 2008.