6-модуль кеңесік қазақсанды қайа қҰру әрекеттері 1-Бөлім. Қазақстандағы қайта құру саясаты



жүктеу 440,26 Kb.
Pdf просмотр
бет20/25
Дата12.05.2020
өлшемі440,26 Kb.
#30350
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
6-модуль

марапаттала бастады. 

 

4.  Соғыс  шығыны.  Ауған  соғысынан  қайтып  оралмаған  жалпы  адам 

шығыны – 14453-ке жетті. Осы соғыста қазақстандықтардың адам шығынына 

байланысты  ТМД  Естелік  кітабындағы  деректерге  жүгінсек  біздің 

жерлестеріміздің  арасынан  22  мың  адам  Ауған  соғысында  болып  қайтты. 

Олардың 1000-ға жуығы осы соғыста құрбан болды және Қазақстан жерінде 

жерленді,  20  адам  із-түзсіз  жоғалды.  Ал  жалпы  шығынның  362-сі  қазақ 

ұлтының өкілі екендігі анықталды.     Біздіңше бұл көрсеткіште нақты емес. 

Майданда шейіт болған ұлты қазақ азаматтарының саны өсуі де мүмкін. 

Ауған  соғысында  жалпы  417  адам  із-түзсіз  жоғалды,  олардың  119-ы 

тұтқыннан босатылды, 97 адам еліне қайтарылды, ал 22-сі басқа елдерде жүр. 

Ауған соғысында тұтқынға түскен немесе із-түзсіз жоғалғандардың жиырмасы 

Қазақстан  азаматы.  Беймәлім  кеткен  20  қазақстандықдың    арасынан  2 

жауынгердің,    Зуев  Алексей  мен    Ергешов  Абдулхакимнің  мәйіті  араға  30 

жылдай  уақыт  салып  елге  жеткізілді,  қалған  18  жауынгердің  тағдыры  әлі 

беймәлім.     

Ауған  соғысындағы  қазақстандықтардың  әр  жылғы  адам  шығыны  аз 

емес. Қазіргі таңда республика астанасы мен облыс орталықтарында және ірі 

қалаларда  Ауған  соғысына  қатысушы  жауынгер  ардагерлердің  одағы, 

қоғамдары  және  ұйымдары  жұмыс  істейді.  Елімізде  Ауған  соғысында  қаза 

болған жауынгерлердің атында 24 мектеп, 164 көше аттары бар. Қаза болған 

жауынгерлерге арналып мектептерге қойылған «Ескерткіш тақталар» саны 79 



болса,  оның  66-сы  шейіт  кеткен  жауынгерлер  оқыған  мектептерге,  10-ы 

тұрғын үйлерге, 2-уі поезға, 1-і депоға қойылған.   

Соғыста  құрбан  болған  боздақтарға  арнап  әр  облыс  бойынша  «Естелік 

кітаптары» жазылды. 2000 ж. Елордамыз Астана қаласында Ауған соғысында 

құрбан  болған  боздақтарға  арналған  «Мемориаль  Ескерткіш»  ашылды. 

Кейіннен мұндай «Ескерткіштер» саны ҚР бойынша әрбір қалалар мен облыс 

орталықтарында бой көтерді.   

Кеңес Одағы тарқап, республикамыз тәуелсіздік алған жылдардан бастап 

қазақстандық  жауынгерлердің  Ауған  соғысына  қатысуы  мен  олардың 

шығыны,  тарихи  тағылымы  жайлы  еңбектер  жарық  көре  бастады.  Ауған 

соғысы туралы зерттеу жұмыстары қолға алынып, қазақстандық жауынгерлер 

жайында мемуарлар мен естеліктер жазыла бастады. Соғыстың аяқталғанына 

10,15,20,25  және  30  жыл  толуына  орай  ғылыми  конференциялар  мен 

кездесулер ұйымдастырылды. Ауған соғысы ардагерлері бас қосқан жиындар 

келешек ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеуде құндылықтарын көрсетіп жүр. 

Жалпы,  Ауған  соғысы  КСРО-ның  ғана  емес,  Ауған  елінің  де  тұрмыс-

тіршілігін  құлдыратып,  айтарлықтай  зиянын  тигізді.  Ауыл  шаруашылығы  – 

2,8  миллиард  доллар,  өнеркәсіп  –  274  миллион  доллар,  энергетика  –  350 

миллион  доллар,  коммуникация  –  6  миллиард  доллар,  қалалар  мен 

ауылдардағы өмір сүру қоры 3,4 миллиард доллар, мектептер мен ауруханалар 

–  252  миллион  долларға  зиян  шекті.  Соғыс  салдарынан  миллионнан  астам 

ауғандықтар  қаза  тапты,  елден  6  миллионға  тарта  адам  ел  ішіндегі 

босқындарға айналды. Елдің тарихи және мәдени байлықтарына да орасан зор 

шығын  келді.  Соғыс  салдарынан  Ауғанстан  жалпы  20  миллиард  доллар 

шығынға батты. 

Қорыта  айтқанда,  Ауған  соғысы  саясат  биігінде  отырғандардың 

шешімімен басталды. Мұндай халықаралық саяси шешімді қабылдаған КСРО 

жетекшілері Ауған соғысының аяғына дейін өмір сүрмеді. Олар АДР-ға әскер 

енгізу мәселесінің қалай шешілгені туралы құпияларды өздерімен бірге ала  

кетті.  Бұл  соғыс  КСРО-ның  халықаралық  позициясын  әлсіретіп,  әлемдік 

аренада оның беделін төмендетті. Бәрібір КСРО-ға бұл соғысты  1989 жылы 

тастап шығуға тура келді. Осылайша өткен ғасырдың еншісінде қалған Ауған 

соғысы тарихқа енді.  


жүктеу 440,26 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау