ҚИМАЛАРЫ ДӨҢГЕЛЕК ЕМЕС СТЕРЖЕНЬДЕРДІҢ БҰРАЛУЫ
Қималары дөңгелек емес бұралып деформацияланған стерженьдер практикада өте жиі кездеседі. Олардың беріктіктері мен деформациялары "Серпімділік теориясы" ғылымында терең зерттеліп, "Материалдар кедергісі" ғылымында негізгі түсініктері ғана беріледі.
Теориялық және тәжірибе жүзіндегі зерттеулердің нәтижелеріне қарағаңда қималары дөңгелек емес стерженьдер бұралып деформацияланғаннан кейін олардың қималары жазық күйінде қалмайды. Қима нүктелері кеңістікте әр түрлі шамаларға орын ауыстырып, жанама кернеулері қималарының контурларына жанай әсер етеді. Жанама кернеу мен бұралу бұрышы келесі формулалармен анықталады
VII.17
Достарыңызбен бөлісу: |