ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ
Берілген пән адам және компьютердің өзара әрекеттестігінің,
қолданушының графикалық интерфейстеріндегі, теориясы мен практикасына
кіріспе болып табылады. Курс адамның қабылдауы, қолданушы
интерфейстерінің жобалау және прототиптеу принциптерін, оларды
бағалаудың техникалары мен методологияларын, адам мен компьютердің
өзара қатынасына баса назар аудара отырып, үрдістерін қарастырады.
Сонымен қатар қолданушының графикалық интерфейстерінің іске
асырылуын саралайды. Курстың практикалық бөлігі, алынған теориялық
білімдер бойынша, тапсырмаларды орындаудан және кейбір графикалық
интерфейстерді іске асыратын қысқа бағдарламаларды жазудан тұрады.
Кейін оларды адамның компьютермен өзара әрекеттестігі тұрғысынан
талдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |