5В050800 «есеп және аудит»


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар



жүктеу 2,36 Mb.
бет10/27
Дата21.11.2018
өлшемі2,36 Mb.
#23344
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. Ақша қаражаттары қандай шоттарда есептеледі?

2. Есеп құжаттары қалай қалыптасады?

3. Ұйымның ақша қаражаттарын шотта көрсету қалай жүргізіледі?

4. Қосымша ақпаратты тіркеу қалай жүргізіледі?
Тақырып 7.Сауда операцияларының есебі

Дәріс сұрақтары

1. 1С:Кәсіпорын жүйесінің тұжырымдамасы

2. Жүйе (объекті) түсінігінің қысқаша сипаттамасы

3. Бағдарламаның объектілерімен жұмыс істеу дәйектілігі

1С:Кәсіпорын жүйесінің тұжырымдамасы

1С:Кәсіпорын кәсіпорынның қызметінің автоматизацияланған жан-жақты жүйесі болып табылады. Өзінің жан-жақтылығына байланысты «1С:Кәсіпорын» жүйесі қоймадағы қорларды есепке алудың әртүрлі схемаларына, өзара есептесулерге, есеп айырысу шотындағы және кассадағы қаражаттарға, несиелерге, консигнацияларға және тағы басқаларға келтірілуі мүмкін. Бағдарламаны қосқаннан кейін жұмыс істейтін аймақтың терезесінен Windows операциялық жүйесінде жұмыс істейтін, кез-келген бағдарламаның терезесінде бар элементтерді көруге болады.

1. Бағдарламаның тақырыбы – Конфигуратор режимінде анықталатын ақпараттық базаның атауын көрсететді.

2. Бас менюдің пункттері – командалар тобы болып табылады, ал олардың әрқайсысы әрекетке немесе объектіге сәйкес келеді.

3. Стандартты құрал-саймандар панелі – файлдармен жұмыс істеу құралдарын және жүйенің объектілерін құрайды.

4. Бухгалтерия командасының құрал-саймандар панелі – бухгалтерлік есепте жиі қолданылатын құралдарды шақыратын құралдар жиыны.

5. Жұмыс столы – бағдарламаның объектілерінің терезелерімен жұмыс жасалып жатқан кеңістік.

6. Терезелер панелі – жұмыс негізінде ашық тұрған терезелердің атын көрсетеді.

7. Жолдың қалпы – бағдарламамен жасалынатын әректтердің ағымдағы ақпараттарды бейнелейді.
Жүйе (объекті) түсінігінің қысқаша сипаттамасы.

Константтар. Жүйеде ақпараттың тұрақты және шартты-тұрақты жұмыс істеуіне «Константа» типіндегі объектілер қолданылады. Әдетте мынандай константалар енгізіледі, олар: «Кәсіпорынның аты», «ҚҚС ставкасы», «Бас бухгалтердің аты-жөні», минималды еңбек ақының мөлшері және т.б.

Жүйеде константаның шексіз мөлшері сипатталуы мүмкін.



Анықтамалар. Бір типті объектілердің мәліметтерін сақтауға арналған, ал олар құжаттарды толтыру мен аналитикалық есепті жүргізу барысында қолданылады. Әдетте анықтамалар болып негізгі құралдардың, материалдардың, мекемелердің, валюталардың, әріптестердің және басқалардың тізімі табылады.

Құжаттар. Кәсіпорында болып жатқан кез-келген оқиғаларды көрсетеді, сонымен қатар есептеуді және мәліметтерді басқаруға құжаттар қолданылады. Негізінде құжаттардың келесідей түрлерін енгізеді, олар: «Төлем үшін шот», «Шығындық тіркеме қағаз», «Ішкі орын ауыстырудың тіркеме қағазы» және т.б. Әрбір құжат визуалды түрде көрініс табады және де тақырыптың және бөлімнің көп жолды реквизиттерді шексіз көлемінен тұруы мүмкін. Сонымен қатар, құжат әдетте баспалы қалыпта иеленеді, ал ол «қағаздай баламада» болып келеді. Барлық құжаттар нөмірмен, мерзіммен және уақытпен сипатталады. Құжаттың қасиеті болып, оның бухгалтерлік операцияны автоматты түрде қалыптастыру мүмкіндігі табылады. Бұндай операция құжатқа жатады.

Журналдар. Құжаттарды қарау үшін жүйеде журналдар механизмі қарастырылған. Құжаттың әрбір түрі белгілі бір журналға жатқызылуы мүмкін. Журналдың негізгі белгіленуі-бұл құжаттардың тізімінің бірнеше түрлерін көру болып табылады. Мысалы, «ТМЦ-ны сатып алу» журналы шығуы мүмкін, ал онда ТМЦ-ның түсуі бойынша құжаттар бар.

Бухгалтерлік шоттар. Бухгалтерлік шоттар бухгалтерлік есептің шоттар жоспарын сақтауға арналған, яғни кәсіпорынның қаражатының синтетикалық есебінің объектісі. Конфигурацияның базалық үлгісіне кіретін бухгалтерлік шоттардың қасиеттері қолданушымен өзгертілмейді. Қолданушы сонымен қатар шоттар жоспарына қосымша шоттар енгізе алады.

Субконто. Субконто термині бухгалтерлік шоттар бойынша аналитикалық есепті жүргізу үшін енгізілген. Субконто ретінде кәсіпорында аналитикалық есеп жүргізілетін объектілер шығады, олар: негізгі құралдар, мекемелер, тауарлар және т.б. Субконтоның әрбір түрі өзінің анықтамасына ие, мысалы, «негізгі құралдар» Субконто түрі «Негізгі құралдар» анықтама типін алады.

Операциялар және өткізгіштер. Бухгалтерлік есептегі қаражаттардың қозғалысы операциялар және өткізгіштер түрінде жазылады. Операция бухгалтерлік есептегі кәсіпорында болған шаруашылық операциялардың толық бейнесі болып табылады. Ол бірнеше өткізгіштерден тұруы мүмкін. Өткізгіштер операциялардан бөлек қолданылмайды.

Әрбір өткізгіш бір және тек қана бір операцияға жатады. Мысалы, түскен аванстың операциясы екі өткізгіштен тұрады-есеп айырысу шотына қаражаттардың есептелуі және түскен аванс бойынша ҚҚС-н есептелуі.



Өткізгіштер және операциялар журналы. Барлық бухгалтерлік операциялардың тізімін көруге операция журналы қолданылады.

Өткізгіштер журналы жалпы тізім түрінде бар операциялардың өткізгішін көруге мүмкіндік береді.



Қорытындыны есептеу кезеңін орнату

Қорытындыны есептеу кезеңі – бұл уақыт кезеңі, оған әдетте кәсіпорынның қызметі жөнінде мәліметтер беру қажет. Жұмыс кезеңі бағдарламада «Сервис», «Бухгалтерлік қорытындыларды басқару» менюі арқылы орнатылады. Кварталды таңдап алу керек, оған есепке алудың белгілі бір уақыты жатады, содан соң «Есеп айырысуды орнату» батырмасын басу керек.

Жұмыстың уақытын орнату «Сервис», «Параметрлер», «Жалпы» менюінде орнатылады. Қалдықтарды енгізу уақыты бастапқы есепке алудың уақытынан аз болуы керек.

Есеп берулер және өңдеулер. Есеп берулер әртүрлі ақпараттарды алуға қолданылады. Есеп берулер бухгалтерлік қорытындылардың талдауы мен қаражаттардың қозғалуында (айналым-қалдықтық ведомосі, журнал-ордер және т.б.), сонымен қатар салықтық инспекцияларға және басқа да инстанциялардың мәліметтерін қалыптастыруда қолданылады (баланс, салықтық есеп беру).

Өңдеулер әртүрлі сервистік немесе регламенттік әрекетін орындалуы үшін қолданылады.


Бағдарламаның объектілерімен жұмыс істеу дәйектілігі.

Бағдарламадағы жұмыстың негізгі кезеңдері:

1) Константаны толтыру. Константа тізімі бағдарламадағы қолданылатын және айқын барлық константадан тұрады. Тізімнен әрбір константаға үш параметр анықталады.

- константаның коды;

- константаға түсінік болып табылатын, константаның аты;

- қалыптасқан үлгі бойынша константаның мағынасы ( жол, сан, уақыт және т.б.)

2) Қалдықтарды есептеу және кіргізілген қалдықтардың енгізілген мерзімдегі кезеңін орнату.

3) Кәсіпорынның шаруашылық есебінің шоттары бойынша бастапқы қалдықтардың енгізілуі.

Осы кезеңде Операциялар Журналы қолданылады. Қалдықтарды енгізуде 000 жалған шоты қолданылады.

4) Ағымдағы есеп айырысу кезеңіндегі шаруашылық операцияларды енгізу. Ол үшін Операциялар журналы, Типтік операция және Құжат сияқты бағдарламалардың обьектілері қолданылады.

5) Есеп берудің көмегімен қорытынды ақпаратты алу.
Мекеме жайлы мәліметтерді толтыру.

Мекеме жайлы мәліметтерге оның атауы, мекен жайы, телефоны, жауапты тұлғалардың тегі кіреді. Бұл реквизиттер ары қарай жұмыс атқаруға маңызды болып келеді.

Бағдарламаны қосқаннан кейін экранда мекеменің мәліметтерін қамтитын терезе пайда болады. Оны сонымен қатар Сервис, Мекеме жайлы мәліметтер менюін қолдана отырып, экранға шығаруға болады. Осы терезеде 5 жарлықтары бар, олар: Мекеме, Кодтар, Банк және т.б., олар ақпараттың бес беттерімен байланысты. Басқа бетке ауысу үшін – жарлықты басамыз.

Бастапқы қалдықты енгізу.

Бастапқы қалдық еркін операция көмегімен енгізіледі. Әрбір шоттың қалдығына осы шоттың корреспонденциясына 00 «Көмекші» шотымен бір өткізгіштен енгізіледі. Қалдық есептеудің ең аз обьектілерімен енгізіледі, яғни аналитикалық шоттар бойынша, егер олар болмаса, онда субшоттар бойынша, егер бұлар да болмаса, онда синтетикалық шоттар қолданылады.

Өткізгіштің уақыты есептік кезеңнің бірінші күнінен ерте болуы керек. Мысалы, егер 01.01.2007 жылы калдық енгізілсе, онда өткізгіштің уақыты бұл саннан ерте болуы керек, яғни, 31.12.2006 ж.

Активті енгізу кезінде баланстың 000 шоты кредитте болады, пассивті енгізу кезінде – дебетте.

Сальдо толығымен кіргізілген кезде, кезең ішінде 000 шоты бойынша айналым қорытындысы есеп беруге тең болуы керек, яғни сальдо да 000 шоты бойынша 0 тең болады. Бұл есеп беруде тексеріледі.
Кәсіпорынның іскер серіктестері туралы мағлұматтар толтырыу.

1.Кәсіпорынның контрагент тізімін ашыңыз. Бұл үшін “контрагенттер” менюінен “негізгі қызмет” пунктін таңдаңыз.



“Контрагенттер” тізімінде “Жабдықтаушылар” және “Сатып алушылар” контрагент тобын құрыңыз. “Жабдықтаушылар” тобын қосу үшін форма тізіміндегі командалық тақтасындағы батырмасын басыңыз (немесе менюдан “Действия” – “жаңа топ” таңдаңыз). “Жабдықтаушылар” тобының атын суретте көрсетілгендей енгізіңіз.


жүктеу 2,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау