1) Қоғам филиалдарында есепте тұрған, жұмыс істемейтін зейнеткерлерге:
а) Қазақстан Республикасының заңнамаларында бекітілген тізбеге сәйкес әлеуметтік маңызы бар аурумен науқастанған жағдайда 10 еселенген АЕК көлемінде;
б) жұмыс істемейтін зейнеткер-теміржолшы қайтыс болған кезде оның отбасына немесе оны жерлейтін тұлғаға 15 еселенген АЕК көлемінде;
в) жыл сайын Көлік қызметкерлері күніне орай жұмыс істемейтін, теміржол көлігінде 10 жылдан кем емес еңбек өтілі бар және зейнеткерлікке жасына байланысты теміржол көлігі ұйымынан шыққан зейнеткерге 2 АЕК көлемінде;
г) жұмыс істемейтін, Ұлы Отан соғысына, Жол қатынастары халықтық комиссариатының арнайы құрылуына қатысушыларға Жеңіс күнін мерекелеуге орай, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдары тылда жұмыс істегендерге 30 АЕК көлемінде;
д) мерейтойлық жасқа толуларына байланысты әйелдерге – 60, 70, 80, 90 және 100 жас, еркектерге – 70, 80, 90 және 100 жас, 10 еселенген АЕК көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетуге:
2) теміржол көлігіндегі кем дегенде әйелдер - 20 жыл, еркектер 25 және одан көп жұмыс өтілі бар жұмыс істемейтін зейнеткерлерге тістерін протездеуге (қымбат металдарды қоспағанда) жиырма төрт айда бір рет төлем жасауға;
Материалдық көмек тістерді протездеу бойынша қызмет көрсету фактісін растайтын құжаттар (шот фактуралар, атқарылған жұмыстар актісі және фискалды чек) негізінде, бірақ 20 еселенген АЕК-тен артық емес;
3) «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған жұмыс істемейтін зейнеткерлерге Қазақстан Республикасының аумағы бойынша және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрамындағы мемлекеттерінің темір жол көлігіне жолаушылар/жүрдек пойыздардың, сондай-ақ «Бизнес» класты «Тальго» вагондарынан құралған пойыздарының купелік вагондарында тура бағыт бойынша (екі бағытқа да, сонымен қатар, жөнелту станциясынан жолда жүру құжатын (билетті) сатып алу мүмкіндігі болмаған жағдайда жолақысын сол жол бойынша басқа станциялардан сатып алынған жолда жүру құжаты (билетті) негізінде жүзеге асыруға болады) біржолғы билетпен жылына бір рет жол жүру ақысын төлеуге;
4) Қоғам филиалдарының есебінде тұрған жұмыс істемейтін зейнеткерлер мен мүгедектерді жұмыс берушінің актілеріне сәйкес ынталандыруға;
5) әлеуметтік сипаттағы жалпышаруашылық баптары бойынша шығындарды тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберінде қаржыландыруға;
6) Қоғамның өндірістік қаржылық көрсеткіштері нашарлаған жағдайда Қоғамның қызметкерлеріне арналған әлеуметтік жеңілдіктердің шығыстар сметасын қарай қайта қарауға міндетті.
ІХ тарау. Кәсіподақтың міндеттері
15. Кәсіподақ:
1) өзінің өкілеттігі шеңберінде әлеуметтік-еңбек дауларының алдын алу бойынша шараларды қабылдауға;
2) кәсіподақ мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген, ереуілдерді, бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді ұйымдастыру және өткізу тәртібін сақтауды қамтамасыз етуге;
3) Кәсіподақ мүшелеріне олардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы негізінде келіссөздер жүргізуді дамыту және еңбек дауларында пәтуаға келу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге;
4) қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібінің және атқарушылық тәртіп қағидаларын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын сақтауға көмек көрсетуге;
5) кәсіподақ мүшелеріне Жарғыда белгіленген жағдайлар мен тәртіпте келіп түскен және жұмсалған ақшалай қаражат туралы ақпарат беруге;
6) кәсіподақ мүшесі емес, бірақ кәсіподақ мүшелеріне арналған жағдайлар туралы келісімшартқа қосылған қызметкерлердің мүдделерін қорғауға;
7) Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін:
олардың өмір сүру деңгейін көтеру;
жұмыстан босату және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
жұмыс уақыты және демалыс уақыты режімін сақтау мәселелері бойынша қорғауға;
8) саламатты өмір салтын насихаттау жөнінде жұмыс жүргізуге, балалардың демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыруға атсалысуға, сонымен қатар әлеуметтік әділеттілік пен Қоғамның барлық өңірін тең дәрежеде қамту қағидаттарын сақтауға;
9) өндірісте қауіпсіз және саламатты еңбек жағдайларының жасалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруге, оларды болдырмау жөніндегі шараларды әзірлеуге атсалысуға;
10) зардап шеккен қызметкерлерге және өндірісте қаза болғандардың отбасыларына ақысыз консультациялар мен Жұмыс берушілердің қызметкердің мертігуіне немесе оның еңбек міндеттемелерін орындауына байланысты денсаулығына келтірілген зиянды дер кезінде және толық өтеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біржолғы жәрдемақы төлеу мәселелерін шешуде құқықтық көмек көрсетуге;
11) Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін ұсынуға және қорғауға, сондай-ақ мемкелеттік органдармен, жұмыс берушілермен, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен (қауымдастыртармен, одақтармен), өзге де қоғамдық ұйымдармен өзіне берілген өкілеттіктер шегінде өзара әрекеттесу кезінде қызметкерлердің өкілдері болуға;
Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау кезінде сотқа шағымдануға, медиация өткізу кезінде, сотта, еңбек арбитражында немесе арбитражда, мемлекеттік органдарда олардың мүдделерін қорғауға, оларға өзге де құқықтық көмек көрсетуге;
12) Кәсіподақ мүшелеріне ұйымдастырушылық, консультативтік, құқықтық және материалдық көмек көрсетуге;
13) мемлекеттік органдарға теміржолшыларды экономикалық және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
14) еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария мәселелері бойынша актілерді, қызметкерлердің еңбегін, өндірістік-тұрмыстық жағдайлары мен денсаулығын қорғау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге атсалысуға;
15) Кәсіподақ мүшелерінің жұмыс орындарына осы Шарттың орындалуын бақылау үшін баруға;
16) осы Шарттың жағдайлары орындалған кезде еңбек дауларының орын алуына және жұмыстың тоқтатылуына жол бермеуге;
17) әлеуметтік серіктестік шеңберінде:
Қоғам қызметкерлерінің балаларын демалыстың өткізілетін орнына және кері алып жүруді ұйымдастыруға;
Жұмыс беруші мен Кәсіподақ арасында жасалған жеке келісімшартта белгіленген шарттарға сәйкес мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының уақтылы және сапалы өткізіуін қамтамасыз етуге міндетті.
Х тарау. Кәсіподақ қызметі үшін жағдай жасау және кепілдіктер
16. Жұмыс беруші:
1) Кәсіподақтың құқықтарын сақтауға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіподақ құрылымдарының қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдай жасауға;
2) кәсіподақ органдарына олардың қызметі үшін қажетті бөлмелер мен байланыс құралдарын, жиһаз бен ұйымдастыру техникасын пайдалануға ақысыз беруге;
3) Кәсіподақ және оның филиалдары шақыратын кәсіподақ съездеріне, конференцияларына, кеңестеріне жіберілген және өндірістік жұмыстан босатылмаған, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелеріне купелік вагонда жол жүру құжаттарына төлем жасалуын қамтамасыз етуге және іссапарға байланысты шығыстарын өтеуге;
Шығындарды өтеу Қоғам қызметкерлерін іссапарларға жіберу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
4) Кәсіподақ мүшелерінің жазбаша келісімі бойынша қызметкерлерге еңбекақы берумен бір мезгілде олардың еңбекақысынан мүшелік жарналарды ұстауға және Кәсіподақтың есеп шотына аударуға;
5) Кәсіподақтың негізгі жұмысынан босатылмай өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруге және еңбекті қорғау жағдайына, оны жақсарту жөніндегі іс-шаралардың орындалуын тексеруге қатысатын өкіліне теміржол көлігінің шығындарын өтеуге;
6) негізгі қызметінен босатылмаған, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері болып табылатын қызметкерлерді орташа еңбекақысын сақтай отырып:
Кәсіподақтың бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес олардың қоғамдық міндеттерін орындағандары үшін (айына 8 сағатқа дейін);
Кәсіподақ және оның филиалдары шақыратын съездерге, конференцияларға, сондай-ақ олардың кеңестерінің жұмысына делегаттар ретінде қатысу үшін еңбек міндеттерін орындаудан босатуға;
7) Жұмыс берушінің осы Шартта көзделген міндеттерін орындауы туралы Кәсіподаққа қажетті ақпарат беруге;
8) сайланбалы кәсіподақ органдарына сайлануына байланысты өндірістік жұмыстан босатылған қызметкерлерге олардың сайланбалы өкілеттіктері аяқталған соң бұрынғы жұмысын (лауазымын), ал ол болмаған жағдайда – сол немесе қызметкердің келісімі бойынша басқа ұйымда соған тең жұмыс (лауазым) беруге;
9) егер Қоғам филиалдарындағы сайланбалы кәсіподақ органдарынан зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер бұрын Қоғам филиалдарында жұмыс істесе, олардың Қоғамға бекітілуін қамтамасыз етуге міндетті.
ХІ тарау. Тараптардың қабылданған міндеттемелерді
орындамағандары үшін жауапкершіліктері
17. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді бұзған және орындамаған кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте жауапты болады.
ХІІ тарау. Шарттың орындалуын бақылау
18. Осы Шарттың орындалуын бақылауды Жұмыс беруші мен Кәсіподақтың өкілдері жүзеге асырады.
19. Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде туындаған дауларды реттеуді Жұмыс беруші мен Кәсіподақ өкілдерінен жер-жерлерде құрылған комиссиялар жүзеге асырады.
18. Осы Шарттың орындалу қорытындыларын Жұмыс беруші мен Кәсіподақ жылына екі рет қарайды.
19. Шарт талаптарының бұзылуы анықталған кезде бұзушылықтарды анықтаған Тарап екінші Тарапқа аталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша түрде ұсыныс жолдайды. Тараптар 10 күннен кешіктірмей өзара кеңестер жүргізуге және Тараптар үшін орындауға міндетті болып табылатын жазбаша түрдегі шешім қабылдауға міндетті.
20. Шарттың мәтіні салалық газетке жарияланады және Қоғамның корпоративтік сайтына орналастырылады.
«Әскерилендірілген
темір жол күзеті»
акционерлік қоғамы
|
«Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көліктері қызметкерлерінің кәсіби одағы»
қоғамдық бірлестігінің
«Әскерилендірілген теміржол күзеті» филиалының
|
Басқармасының төрағасы
|
төрағасы
|
|
|
___________________М. Тұрарбеков
|
______________________ Т. Ескенов
|
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2018 – 2020 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың
1-қосымшасы
Кәсіби одаққа мүше емес қызметкерлердің
Ұжымдық шартқа қосылу
тәртібі
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамының «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көліктері қызметкерлерінің кәсіби одағы»
қоғамдық бірлестігінің «Әскерилендірілген теміржол күзеті» филиалына (бұдан әрі –Кәсіподақ) мүше емес, бірақ «Әскерилендірілген темір жолы күзеті» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасында жасалған Ұжымдық келісімшарт талаптарының оларға да қолданылуына ниет білдірген қызметкері жазбаша өтініш негізінде Ұжымдық шартқа қосылуға құқылы.
Қоғамның Ұжымдық шартқа қосылуға ниет білдірген қызметкері Қоғамның орталық аппаратының/филиалының кадр қызметіне Жұмыс беруші мен Кәсіподақ төрағасына тиісті өтінішті жазады (осы Тәртіптің қосымшасына сәйкес жазбаша түрде).
Өтініш Қоғамның орталық аппаратының/филиалының кадр қызметінде тіркеледі де Жұмыс беруші мен Кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен өтетін бірлескен отырыста қарастырылады, бұл ретте өтінішті қарау мерзімі өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) айдан аспауы керек.
Егер қызметкерлер басқа қызметкерлердің Ұжымдық шартқа қосылуына қарсы болса, Жұмыс беруші еңбек келісімшартына қосымша жеңілдіктер мен өтемақыларды қарастыратын толықтырулар енгізуіне болады.
Кәсіподақ Қоғамның кәсіподаққа мүше емес, жазбаша өтініш негізінде Ұжымдық шартқа қосылған қызметкерлерінің тізімін жасайды да Қоғамның орталық аппаратының/филиалының кадр қызметіне және Кәсіподақ филиалдарына ұсынады.
Кәсіби одаққа мүше емес
қызметкерлердің Ұжымдық шартқа қосылу тәртібінің
қосымшасы
ҮЛГІ
Филиал директоры
___________________
Кәсіподақ комитетінің
төрағасы
___________________
_ (кімнен?) __________
Өтініш
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2018 – 2020 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың әрекетін кәсіподақ мүшелеріне арналған шарттарда маған да қолдануыңызды сұраймын.
Қолы күні аты-жөні
|
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2018 – 2020 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың
2-қосымшасы
|
Достарыңызбен бөлісу: |