3-модуль. АКТ құралдары
8
•
Хабарламалар жазуға, барлық немесе таңдап алынған бір
қатысушыға файлдар жіберуге арналған чат бар. Чатты автоматты түрде
сақтауға немесе әр конференция сайын қолмен сақтау күйіне теңшеп
қоюға болады (Чат→Толығырақ→Чатты сақтау).
•
Сабақты компьютерге де, «бұлтқа» да жазып алуға болады.
Жазбаны автоматты түрде қосуды, сонымен бірге оны кідіріске қоюды
теңшеу мүмкіндігі ыңғайлы.
•
Конференция кезінде серіктес ұйымдастырушы тағайындауға
болады, оның да ұйымдастырушы сияқты: жекелеген студенттердің
микрофонын қосу немесе өшіру, атауын өзгерту және сессия залдарына
(бөлмелер, мини-конференциялар) бөлу мүмкіндіктері болады.
•
Сессия залдарына бөлу – бұл оқушыларды офлайн сабақтардағыдай
бөлу және жеке тапсырмалар беру. Оқушыларды жұптарға және топтарға
бөліп, жекелеген бөлмелерге таратып жіберуге болады, олар онда тек бір-
бірімен ғана сөйлесе алады, қалғандары оларды көре де, ести де алмайды.
Бөлмелер санын мұғалім белгілейді, қатысушыларды автоматты түрде
немесе қолмен бөлуге болады. Ұйымдастырушыда бөлмелерді аралап,
онда не болып жатқанын тексеру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар
қатысушыларды бір бөлмеден екінші бөлмеге ауыстыруға болады.
•
Онлайн-сабақта жақсы атмосфера қалыптастыру үшін виртуалды
фондар қосу. Әртүрлі қызықты фондармен қатысушыларды таң
қалдырып, сол арқылы олардың назарын өзіңізге аудартуға болады.
•
Экранды көрсету кезінде «Пікір қалдыру» (Co-annotation) құралы
арқылы сурет салуға, белгілеуге, өшіруге және т.б. болады. Мұны мұғалім
де, оқушылар да істей алады, бірақ қажеттілікке қарай теңшеулерде
аталған функцияны оқушыларда өшіріп қоюға болады.
•
Қатысушылар виртуалды тақтаға сурет сала алады, бірақ ештеңені
қозғай алмайды. Дегенмен оқытушы өз экранын көрсетуді қосып, өз
тышқанын басқаруды өзгеге бере алады, яғни оқушы өз тарапынан
оқытушының тышқанын қозғай отырып, оның компьютерінде талап
етілгенді істей алады (таныстырылымдағы карточканы айналдыру, басу,
картинкаларды қосу және т.б.), сондай-ақ пернетақтаны басқаруды да
басқаға беруге болады. Веб-конференция кезінде қатысушы өз экранын
көрсетіп отырған адамнан басқару құқығын беруді сұрайды. Көрсетушіде
растауға сұраныс шығады. Егер растаса, екеуі де тышқанмен және
клавиатурамен жұмыс істей алады, басымдық көрсетушіде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |