3 егеуќЎйрыќтардаєы фетальдік гепатоциттердіѕ асептикалыќ Ќабыну ошаєында шаќыратын тамырлыќ ЖЈне жасушалыќ серпілістері


Фетальді жасушалар жүзіндісін іш қуысына енгізгендегі асептикалық қабыну кезіндегі дәнекер тіннің реактивтік элементтерінің өзгерістері



жүктеу 277,5 Kb.
бет3/3
Дата19.11.2018
өлшемі277,5 Kb.
#21659
түріДиссертация
1   2   3

Фетальді жасушалар жүзіндісін іш қуысына енгізгендегі асептикалық қабыну кезіндегі дәнекер тіннің реактивтік элементтерінің өзгерістері

Асептикалық қабынуды үлгілеп, сол мезетте, фетальді жасушалар жүзіндісін дене салмағына 2 мл/кг дозасында (негізгі доза) іш қуысына енгіздік.

Қабыну үдерісінің бастапқы кезеңдерінде 3, 6-шы сағаттарда бақылау және фетальді гепатоциттер жүзіндісін алған топтарда қантолым тамырларының қиылу ауданы 525,0±37,5 - 670,0±42,3 мкм2 аралығында, 1 мм2 аудандағы тамыр саны 370,0±27,2 - 356,0±25,3 аралығында болды. Сенімді айырмашылық жоқ.

Қабыну басталуының 12 сағатында күшті лейкоциттік тосқауыл пайда болды, ол негізінен гранулоциттік лейкоциттерден тұрады. Осы сериядағы лейкоциттік тосқауыл көлемі бақылау тобындағы көлемнен әлдеқайда үлкен (р<0,05). Бақылау тобында тамырлар арнасы серпілісіне негізінен қылтамырлар (тамырдың қиылу ауданы S=700±65 мкм2) қатысады, қантолым тамырлар саны бақылау топтағы егеуқұйрықтарда - 389±37,3 (1 мм2). Тәжірибелік топта 12 сағаттық қабыну үдерісі барлық калибрлі микротамырлардың қанға толуымен сипатталды (S=650±63 мкм2 р<0,05). Бұл айырмашылық фетальді гепатоциттерді пайдаланғанда қабыну ошағының микроциркуляциялық арнасының ұзаққа созылмайтын, ерте жүретін, қарқынды серпілісімен түсіндіріледі. Оның себебі, қабыну ошағындағы некроз айналасына мес жасушалардың көп жиналуы және олардың белсенділігінің күшеюі. Қабыну кезінде мес жасушалары түйіршіксізденіп, вазобелсенді заттар (гистамин, серотонин, кининдер) бөліп шығарады. Мес жасушалар саны қабынудың басталуының 12 сағатында (7,1±0,69) азайған және бақылау тобы деңгейіне (5,0±0,4) дейін төмендеген. Қабыну үрдісінің 1,3,7-ші бақылану тәуліктері мерзімінде олардың саны сәйкесінше жоғарылады: 1 мм2 - ауданда 15,0±1,4; 27,1±2,6; 37,5±3,6 (р<0,01). Сонымен қатар, мес жасушалардың белсенділігі жоғарылады. Мес жасушалардың белсенділігі, бақылау топтағы егеуқұйрықтарға қарағанда, тәжірибелік топта сенімді жоғары (р<0,05) болды.

Тәжірибелік топта қабыну аймағының шеткері аумағындағы инфильтратта лейкоциттер саны көбейді, 12 сағаттық кезеңде 5000 мкм2 ауданда макрофагтар саны 61,7±5,8%; нейтрофильдер - 20,7±1,9% тең болды; бақылау тобында - сәйкесінше 22,2±1,7%; 11,3±1,7% (р<0,002).

Қабынудың макрофагтық фазасындағы лейкоциттік тосқауылы нейтрофильдердің мөлшері тәжірибелік топта, бақылау топ жануарлары көрсеткіштерімен салыстырғанда, айтарлықтай басым (61,7±5,8%) және 2,78 есе жоғары.

Қабыну басталуының 3-ші тәулігінде лейкоциттік тосқауыл кенет кішірейді. Некроз аймағында және одан қашық жерлерде белсенді макрофагтық серпіліс байқалды. Фибробласттар некроз айналасында макрофагтардан кейін орналасты. Ісіну бар жерлерде фибробласттар қозғалуы қиындағаны байқалады. Фибробласттық қабат жасалуы 7-ші тәулікте: бақылау тобында - 9-10 қабат болса, тәжірибелік егеуқұйрықтарда - 11-12-ге жетті; 10-шы және 14-ші тәуліктерде бақылау топтағы қабат саны азая бастады, ал тәжірибелік топта қабаттар саны өзгермеді (11,5±0,8, р>0,05).

Тәжірибелік жануарларда қалыптасқан қаптамадағы барлық жасушалар түріне шаққанда макрофагтар концентрациясы (26,7±1,8%) бақылау тобы жануарларының көрсеткіштерімен (31,4±2,11%) салыстырғанда төмен (р<0,05) болды.

Иммунитеттің бейспецификалық реактивтілік жүйесін зерттегенде, бақылау тобына қарағанда жалпы лейкоциттердің мөлшері 31%-ға артып, нейтрофильдер 2 есе жоғарылады. Лимфоциттердің пайыздық мөлшері - 1,5 есе, моноциттердің салыстырмалы деңгейі - 1,3 есе, эозинофильдердің пайыздық шамасы - 1,5 есе азайғаны анықталды. Лимфоциттер және моноциттер мөлшерінің төмендеуі есебінен лейкоциттердің ығысу индексі айқын жоғарылады, (1,5 есеге). Уыттанудың лейкоциттік индексі 1,5 еседен көбейді, бұл организмдегі уыттану дамуының төмендегені сипаттайды. Иммунитеттің фагоциттік буынын зерттеу, нейтрофильдердің фагоцитарлық белсенділігінің 2,7 есе артқанын, ынталандыру индексі 1,4 есе айқын жоғарылағанын және бұл гуморальдық жүйенің фетальді жасушалар жүзіндісінің әсерінен ынталандырылатынын көрсетті. Лизоцим титрі, бақылау топтағы жануарлармен салыстырғанда, тәжірибелік жануарлардың қан сарысуында айқын жоғарылады. Комплементтік белсенділігі фетальді жасушаларды іш қуысына жібергенде бақылау топ жануарлары артық болды, гетерогемагглютининдер бақылау тобы жануарларында 0,015±0,001 мл, тәжірибелік жануарлардың 0,01±0,001 мл, яғни гемагглютининдер деңгейі 2,1 есе көбейді (2 сурет). *

%

300 -



-
*

200 -


-

- *


-

100 -


- *

-


-

- -


Лейкоциттер нейтрофильдер лимфоциттер Фагоцитоз Комплемент
2 сурет – Фетальдік гепатоциттерді іш қуысына енгізгенде иммунитеттің бейспецификалық жүйесінің өзгерістері
Осылайша, фетальді гепатоциттерді асептикалық қабыну үрдісін түзетуге пайдаланғанда организмнің иммундық белсенділігі жоғарылады; иммундық реактивтіліктің артуы жалпы лейкоцитоз, салыстырмалы лейкопения, фагоцитоз және лизоцим, комплемент, гетерогемагглютининдер белсенділігінің көбеюімен сипатталды, яғни иммунитет репрессиясы дамиды.

Сонымен, фетальдік жасушалар жүзіндісін жануарлардың іш қуысына енгізгенде лейкоциттер эмиграциясы қарқынды жүріп, үлкен лейкоциттік тосқауыл жасалауына қарамастан макрофагтық серпіліс әлсіз болды және лейкоциттік тосқауыл өте баяу жойылды. Фибробласттық серпіліс - фибробласттардың қарқынды бөлінуі 1-ші тәулікте байқалды, бірақ қабыну ошағы аймағында олардың қозғалуы қиындап, бақылау тобына қарағанда, дәнекер тіндік қаптама жасалуы кеш жүрді.


Біздің жүргізген зерттеу жұмысымыздың нәтижелерін жинақтай келе, келесідей қорытынды ұсынамыз:
1. Фетальдік гепатоциттер жүзіндісін дене салмағына 2 мл/кг дозада қабыну аймағына енгізгенде қабынуға қарсы ықпал көрсетті: тамырлық және жасушалық серпілістерін белсендендірді, тамырлық серпілісті ерте тұрақтандырды, лейкоциттік тосқауыл жасалуын жылдамдатты. Жетілген фибробластық қаптаманы 7-8 тәулікте (р<0,05) қалыптастырды, бақылау тобында - 10-14 тәулікте түзілді.

2. Фетальдік жасушаларды дене салмағына 2 мл/кг дозада қабыну үдерісінің лейкоциттік фазасынан бастап қолданғанда (2 тәуліктен) қабынуға қарсы әсері сақталды: қабыну ағымын жылдамдатып, микроциркуляциялық бұзылыстарды қалпына келтіріп, нейтрофильдерді және макрофагтарды ынталандырды. Фибробластардың саралануы жоғары деңгейде болып, фибробласттық қаптама 9-10 тәулікте қалыптасты (р<0,05).

3. Фетальдік гепатоциттерді дене салмағына 4 мл/кг (еселенген) мөлшерде енгізгенде қабыну үдерісінің бірінші фазасының қарқыны артты, макрофагтардың фагоцитоздық белсенділігін жоғарылатты. Фибробласттық серпіліс мардымсыз болып, фетальдік гептатоциттерді дене салмағына 2 мл/кг дозадағы енгізілгендегі алынған нәтижелерден деңгейі жоғары болмады (р<0,05) және эозинофилия (р<0,05) айқын байқалды.

4. Фетальдік жасушалар жүзіндісін дене салмағына 2 мл/кг дозада іш қуысына енгізгенде лейкоциттер эмиграциясының қарқынды жүруі мен лейкоциттік тосқауыл жасалуына қарамастан макрофагтық серпіліс әлсіз болып, лейкоциттік тосқауыл өте баяу жойылды. Фибробласттық серпіліс - фибробласттардың қарқынды бөлінуі 24-ші сағатта байқалса да, олардың қабыну аймағында қозғалуы қиындады, фибробласттық қаптаманың түзілуі кешеуілдеп, 10-12 тәулікте (р<0,05) қалыптасты.

5. Болбыр дәнекер тініндегі асептикалық қабыну кезінде фетальдік гепатоциттерді дене салмағына 2 мл/кг мөлшерде енгізгенде организмнің иммундық бейспецификалық резистенттілігі артты (иммуностимуляциялаушы әсері): жалпы лейкоцитоз (9.7± 0,8 х 109 /л, р<0,05), нейтрофильдердің фагоцитоздық белсенділігі - 78,0+ 5,7% (2,6 есе), лизоцим, гетерогемагглютинин белсенділіктерінің сәйкесінше 35,6±2,9 мг% (р<0,05), 8,5+0,76 (р<0,05) өсуімен сипатталды.
Практикалық ұсыныстар

Тәжірибелік зерттеу нәтижесінде алынған деректер, асептикалық қабыну үдерісін кешенді емдеу шараларын ұйымдастыруда, фетальдік гепатоциттерді қолдануға ұсыныс жасауға мүмкіндік береді. Жүргізілген тәжірибелік зерттеулерде фетальдік гепатоциттер (жасушалары) қабынуға қарсы және иммунитеттің бейспецификалық жүйесін ынталандырушы қасиеттер көрсетті. Сондықтан, фетальдік жасушаларды бейспецификалық иммундық реактивтіліктің ынталандырушысы ретінде клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер жүргізгеннен соң иммунитеттің бейспецификалық резистенттілігін стимулдауға қолдануға болады.


Басылымға шығарылған жұмыстар тізімі

1. Омарова К.П., Сундетов Ж.С., Жексенова А.Н. Морфологическая картина асептического воспаления при введении фетального материала в эксперименте // Сборник материалов научной конференции ЗКГМА им. М.Оспанова «Актуальные вопросы теоретической и клинической медицины» – Актобе, 2002. – С. 116 – 119.

2. Исаев Г.И., Адилова Г.А., Сундетов Ж.С., Жексенова А.Н. Протекторное воздействие фетальных гепатоцитов в зоне асептического воспаления на стадии пролиферации в эксперименте // Всемирный Конгресс по астме, IX Международный Конгресс по клинической патологии в Бангкоке, Таиланд. International Journal on Immunorehabilitation Выпуск «Физиология и патология иммунной системы». - Москва, 2004. – Т. 6, № 1. – С. 335.

3. Омарова К.П., Сундетов Ж.С., Исаев Г.И., Жексенова А.Н. Течение асептического воспаления у крыс при введении фетальной ткани печени // XI Российский национальный Конгресс «Человек и лекарство». – Москва, 2004. – С. – 888-889.

4. Жексенова А.Н. Морфофункциональная реакция тучных клеток соединительной ткани лопаточной области крыс при асептическом воспалении на фоне воздействия фетальными эмбриональными гепатоцитами // Труды Международной научной конференции «Наука и образование – ведущий фактор стратегии «Казахстан – 2030». Выпуск 1. Караганда, 2005. – С. – 500-502.

5. Омарова К.П., Сундетов Ж.С., Жексенова А.Н., Насыров И.Н., Исаева Б.Ш. Асептикалық қабыну аймағындағы патоморфологиялық өзгерістер // Батыс Қазақстан медицина журналы. – 2006. - № 4 (12). – С. – 21-22.

6. Омарова К.П., Сундетов Ж.С., Жексенова А.Н., Таскожина Г.Е. Сосудистые и клеточные реакции в очаге асептического воспаления у крыс при введении фетальной ткани печени // Медицинский журнал Западного Казахстана. – 2008. - № 4 (20). – С. – 27-29.

7. Жексенова А.Н. Фетальді гепатоциттердің экспериментте асептикалық қабыну ошағында шақыратын тамырлық және жасушалық серпілістері // Батыс Қазақстан медицина журналы. – 2010. - № 3(27). – С. 162-166.

8. Жексенова А.Н. Асептикалық қабыну серпілісін фетальді гепатоциттермен коррекциялау барысында репаративтік кезең ерекшеліктері // Батыс Қазақстан медицина журналы. – 2010. - № 3(27). – С. 167-170.

Резюме
Жексенова Ажар Николаевна
Влияние фетальных гепатоцитов на асептический воспалительный процесс в рыхлой соединительной ткани

(экспериментальное исследование)
14.00.16. – патологическая физиология
В настоящее время метод клеточной терапии является одним из самых перспективных и современных способов лечения различных форм патологии организма. По мнению многих авторов (В.С. Репин, Г.Т. Сухих, 1998; К.К. Жолмухамедов, 2002; Н.А. Онищенко, 2004; Р.К. Стикеева, 2007), трансплантация взвесей клеток, полученных из фетальных тканей вызывает активацию множественных резервных возможностей организма, и применение любых видов фетально-клеточной терапии способно неспецифически и дистантно усиливать проявления защитных, компенсаторных и восстановительных реакций организма. Однако, в литературе мы не встретили данных по использованию фетально-клеточной терапии при асептическом воспалении в рыхлой соединительной ткани.

Цель исследования - изучение влияния фетальных гепатоцитов на сосудистые и клеточные элементы соединительной ткани и на неспецифические факторы иммунитета при асептическом воспалении.

Эксперименты выполнены на 360 белых беспородных, половозрелых крысах-самцах с массой тела 180-220 г.. Асептическое воспаление вызывали по методу Селье (Г.Селье 1961). Фетальных гепатоцитов вводили очаг воспаления - однократно в дозе 2 мл и 4 мл/кг массы тела, через сутки от начала воспалительного процесса - 2 мл/кг и внутрибрюшинно - 2 мл/ кг массы тела животного.

Результаты, полученные в ходе настоящего исследования, позволили установить, что введение фетальных гепатоцитов в очаг является наиболее оптимальной, фибробластическая капсула формируется на 7-8 сутки, а у контрольных крыс (без коррекции) на 10-14 сутки (р<0,05). При введении фетальной клетки печени на 2 сутки от начала воспаления, отмечаетя ускорение лейкоцитарной фазы, стимуляция макрофагов, усиление пролиферации фибробластов, и ранее формирование фибробластической капсулы по сравнению с контрольной. Введение в дозе 4 мл/кг массы фетальной ткани активизирует эмиграцию лейкоцитов, фагоцитарную активность макрофагов. Однако фибробластическая реакция вялая, показатели не превышали эффекты основной дозы (2 мл/кг) фетальных гепатоцитов, а также наблюдается эозинофилия во всех сроках наблюдения. При введении фетальных гепатоцитов внутрибрюшинно также усиливается эмиграция лейкоцитов, при этом макрофагальная реакция слабая, рассасывания лейкоцитарного вала замедлена. Применение фетальных гепатоцитов в дозе 2 мл/кг массы тела повышает показателей неспецифических факторов иммунитета.

Таким образом, проведенные исследования позволили установить, что использование фетально-клеточной ткани печени оказывает противовоспалительное и иммуностимулирующее действие на организм.

Summary


Zheksenova Azhar N.

Effect of fetal hepatocytes on aseptic inflammatory process in the loose connective tissue


 (
experimental study)

14.00.16. – Pathological physiology

Tly at present, the method of cell therapy is one of the most advanced and modern methods of treating various pathologies of the body. According to many authors, the transplantation of suspensions of cells derived from fetal tissues causes the activation of multiple reserve capacity of the organism and of applying all kinds of fetal-cell therapy is able to nonspecifically enhance the manifestation of distant and defensive, compensatory and restorative responses of the body. However the literature does not come across data on the use of fetal-cell therapy in aseptic inflammation in the loose connective tissue.

Purpose of the research was to study the effect of fetal hepatocytes in vascular and cellular elements of connective tissue in the dynamics, as well as nonspecific immunity factors in aseptic inflammation.  The experiments were performed on 360 white mongrel, adult rats weighing 180-220 grams. Aseptic inflammation was caused turpen by the method of Selye (Selye, H. 1961). Fetal hepatocytes were injected into the inflammatory focus in the single dose of 0.2 ml and 0.4 ml per 100 g weight; intraperitoneal injection FG - 0.2 ml, per weight.


The results obtained during the present investigation allowed us to determine that the introduction of fetal hepatocytes into the focus is the most optimal;fibroblast capsule is being formed on the 7th – 8th day and in control rats (without correction) – on the 10th – 14th day (p<0.05). On introduction of fetal hepatic cell on the 2 nd day from the day of inflammation the increase of leucocyte phase, macrophages stimulation, the increase of fibroblast proliferation are noted and also early formation of fibroblast capsule comparing with control one. Introduction in the dose of 4 ml (kg of fetal tissue weight activates leucocytes emigration and phagocytes activity of macrophages. But fibroblast reaction is weak, reparative process is slow. The use of fetal hepatocytes in the dose of 2 ml/kg increases the indices of nonspecific factors of immunity.



Thus carried out investigations allowed to establish that the use of fetal – cellular tissue of the liver produces anti inflammatory effect and immune stimulating influence on the organism.



жүктеу 277,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау