2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



жүктеу 3,39 Mb.
Pdf просмотр
бет98/181
Дата20.09.2022
өлшемі3,39 Mb.
#39332
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   181
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

оқу 
мақсаттарын
кіріктіру қажет.
Бастауыш мектепте «Цифрлық сауаттылық»
 
пәнін оқытуда білім 
алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқытудың белсенді формалары 
мен әдістері қолданылады. Ұғымдарды жақсы түсіну үшін өмірде жиі кездесетін 
нақты мысалдармен байланыстыру ұсынылады.
5-9 сыныптарда «Информатика»
пәнін оқыту ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 
шілдедегі №334 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 
кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» («Жалпы 
білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау 
курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту 
туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына) бұйрығымен 
бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған 
Информатика пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы» (№9 қосымша) бойынша 
жүзеге асырылады. 
10-11 сыныптарда «Информатика»
оқу пәні «Жалпы білім беру 
ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және 
факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 
бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына 


171 
өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен 
бекітілген үлгілік оқу бағдарламасымен қоғамдық-гуманитарлық бағытта 15-
қосымшаға және жаратылыстану-математикалық бағытта 14-қосымшаға сәйкес 
оқытылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
10-11-сыныптарда «Информатика» 
пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды компьютерлік жүйелерді,
ақпараттық объектілерді, ақпараттық процестер мен жүйелерді құру және өңдеу, 
қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану, жаңа 
қосымшалар әзірлеу үшін қажет базалық біліммен, дағдылармен қамтамасыз ету 
болып табылады. 
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мазмұны веб-жобалау, сайт құру, 
мобильді қосымшалар әзірлеуге қажет білім мен дағдыларды меңгеруге 
бағытталған. Қосымшалар дайындауда конструкторлық программалық 
жабдықтар қолданылады. 
Жаратылыстану-математикалық 
бағыттағы
10-11-сыныптарда 
«Информатика» оқу пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды аппараттық 
және бағдарламалық қамтамасыз ету саласында терең біліммен, іскерлікпен және 
дағдылармен қамтамасыз ету, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды 
практикада тиімді пайдалану үшін деректерді, ақпараттық процестер мен 
жүйелерді ұсыну, ақпараттық объектілерді, компьютерлік желілер мен 
ақпараттық қауіпсіздікті құру және өңдеу болып табылады. 
Жаратылыстану-математикалық бағыт мазмұны компьютерлік техника 
мен ақпараттық технологияларды программалар дайындау үшін қолдануға 
қажет білім мен дағдыларды меңгеруге арналған. Веб-жобалау, сайт құру, 
мобильді қосымшалар әзірлеу программалау ортасында жүргізіледі.
10-11-сынып білім алушыларының оқу-ақпараттық құзыреттілігін дамытуда 
жеке немесе топтық зерттеу-жобалық жұмыстар жүргізіледі. Жобамен жұмыс 
істейтін білім алушылар жұмысты жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, 
гипотезаны ұсыну, дәлелдеу, эксперимент жүргізу, атқарылған жұмыс бойынша 
нәтижелерді ұсыну, талдау және бағалау жұмыстарын орындайды, сондай-ақ өз 
жобасын қорғайды. 
Ұзақ мерзімді жоспарда бөлімшелер мен тақырыптар тоқсандарға бөлініп 
көрсетілген

Тақырыптар мен бөлімшелерді меңгеруге бөлінетін сағат сандары 
көрсетілмеген. Бөлімшелер арасында сағат санын бөлу практик-педагогтердің 
еркінде, бірақ материал көрсетілген тоқсанда толық оқытылуы тиіс. 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптарына 
сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны 
Бастауыш мектепте «Цифрлық сауаттылық» пәнінен бөлімдер мен тоқсан 
бойынша жиынтық бағалаулар жүргізілмейді. Жартыжылдықтар соңында 
«Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша «есептелді» («есептелмеді») қойылады. 
Білім алушы оқыту мақсаттары бойынша практикалық тапсырмаларды 
орындаған жағдайда «есептелді» қойылады. 
Пәннің оқу бағдарламасы бойынша 6, 7, 8, 9-сыныптарда 3-тоқсанда бір 
ғана «Phyton программалау тілінде программалау» бөлімі оқытылады. Білім 


172 
алушылардың бөлім бойынша оқу мақсаттарын игеру деңгейлерін нақты 
анықтау үшін аталған бөлім бойынша екі жиынтық бағалау өткізу ұсынылады. 
Аталған ұсынысты ескере отырып оқу жылының тоқсандары бойынша 
жиынтық бағалау саны 12.1-кестеде берілген. 
12.1-кесте. «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны»
Сынып 
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 
1 тоқсан 
2 тоқсан 
3 тоқсан 
4 тоқсан 
5 сынып 




6 сынып 




7 сынып 




8 сынып 




9 сынып 




10 сынып ҚГБ




11 сынып ҚГБ 




10 сынып ЖМБ 




11 сынып ЖМБ 




ҚР БҒМ «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық 
және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 2008 
жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 
бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) төмендегі тармақ 
енгізілген:
11. Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болған жағдайда БЖБ бөлімдерді 
біріктіре отырып, бір тоқсанда екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға 
жарты жылда қойылады.
Осы тармаққа сәйкес:

5-9 сыныптағы «Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша 
жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты 
жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді; 

10-11 
сыныптағы 
қоғамдық-гуманитарлық 
бағыттағы 
«Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі 
және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан 
бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді;

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Информатика» пәнінен 
бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау 
жүргізіледі.
Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні бойынша 
жүргізілетін элективтік курстардың тақырыптары 
Білім 
алушыларды 
робототехника, 
программалау, 
3D-модельдеу 
қызықтырады. Осы қызығушылықтарды жүзеге асыру үшін неғұрлым күрделі 
дағдылар мен құзыреттіліктер қажет. Озық технологияларды меңгеру, топта жұмыс 


173 
істеуді үйрену және «Информатика» пәнінен алған дағдыларын дамыту, жобалық 
жұмыстарды жүргізу үшін үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонент есебінен: 
- 4, 5-11 - сыныптары үшін «Робототехника»; 
- 8, 9 – сыныптары үшін «3D-модельдеу»; 
- 6, 8-11 сыныптары үшін «Python тілінде программалау» элективті 
курстарын жүргізу ұсынылады. 
 Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын 
әдістемелік тақырыптар 
Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде «Информатика» пәні 
бойынша қарастыру үшін ұсынылатын өзекті мәселелер мен тақырыптар: 

Информатика пәні бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі 
мониторинг жүргізу; 

«Информатика» пәні бойынша білім алушылардың біліміндегі 
олқылықтарды толықтыру;

Информатиканы оқыту әдістері мен ұйымдастыру формаларын 
жетілдіру; 

Информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану. 
 Оқу пәні бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу 
құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде 
электрондық тасымалдау құралдары тізбесі
«Цифрлық сауаттылық», «Информатика» пәндері бойынша оқулықтар 
тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 10 
маусымдағы «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке 
дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік 
кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 
мамырдағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» № 286 бұйрығымен 
бекітілген. 

жүктеу 3,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   181




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау