2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



жүктеу 3,39 Mb.
Pdf просмотр
бет109/181
Дата20.09.2022
өлшемі3,39 Mb.
#39332
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   181
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

5.
 
Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына 
сәйкес зертханалық, практикалық және модельдеу жұмыстардың саны
Практикалық дағдылар биологиялық білім беру мазмұнының маңызды 
бөлігі болып табылады. 
Сабақта үлкейткіш құралдарды қолдану, аспаптармен және препараттық 
инемен жұмыс, уақытша микропрепараттар дайындау, оларды микроскоппен 
қарап, анықтау сияқты іс-әрекеттер де тәжірибелік дағдыларға жатады.


194 
«Биология» пәнін оқыту зияткерлік немесе ақыл-ой дағдыларын дамытуды 
қамтиды. Мысалы, таным процесін жетілдіруге бағытталған атау, сипаттау, 
негіздеу, анықтау, салыстыру, жалпылау және т. б. сипаттамалар бар.
Білім алушылар тәжірибе жұмыстарын орындау кезінде алған деректердің 
негізінде жаңалықтар ашады, табиғаттағы заңдылықтарды өз бетімен табады, 
деректерді өңдеу, нәтижелерді талқылау, жоспарлау мен өз зерттеу сұрағына 
жауап іздеу үшін өзінің зерттеу жұмысын жүргізу жұмыстарын үйренеді.
Зертханалық және практикалық жұмыстардың саны төмендегі кестеде 
берілген. 
16.4-кесте. 7-11 – сыныптарға «Биология» пәні бойынша модельдеу және 
зертханалық жұмыстар саны
Сыныптар
Зертханалық 
жұмыстар 
Моделдеу 
Зертханалық 
жұмыстар 
Моделдеу 
Жаңартылған мазмұн бойынша 
Төмендетілген оқу жүктемесімен 

14 

12 


14 








10 ЖМБ 




10 ҚГБ 




11 ЖМБ 
13 



11 ҚГБ 




Нәтижесінде білім алушылар биология сабақтарында практикалық 
тапсырмаларды шешу үшін білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған 
қоршаған ортаны дербес зерттейді. 
6.
 
Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні бойынша
жүргізілетін элективтік курстар
Үлгілік оқу жоспарына (төмендетілген оқу жүктемесімен) сәйкес, 10-11 –
сыныптарға (қоғамдық-гуманитарлық және
жаратылыстану-математикалық 
бағыттағы) вариативтік компонентке 8 сағат бөлінген, оның ішінде 
инварианттық компоненттен таңдау пәндеріне 4 сағат, элективті курстарға 3 
сағат берілген (
1 сағат спорттық ойындар
). Осыған байланысты «Биология» 
пәнінен де вариативтік компонент есебінен курс жүргізуге болады. Курс 
бағдарламасын пән мұғалімі өзі әзірлейді. Әрі қарай «Биология» пәнінен 
элективті курстарға ұсыныс ретінде бірқатар тақырыптар тізімі беріледі. 
Қолданбалы курстарға немесе таңдау курстарына ұсынылатын 
тақырыптар:

Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер; 

Дұрыс тамақтанудың денсаулықты сақтаудағы ролі; 

Экологиялық этика; 

Биологиялық белсенді қоспалар және олардың денсаулыққа әсері; 

Үй іргесіндегі телім; 

Денсаулықты күту және нығайтудың негізгі аспектілері; 


195 

Нанотехнология жетістіктері т.б.
7. Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын бүгінгі 
күнде өзекті әдістемелік тақырыптар
«Биология» пәні бойынша әдістемелік бірлестікте қарастыру үшін 
ұсынылатын өзекті мәселелер мен тақырыптар: 

Медициналық оқу орнына даярлау сапасын арттыру тәсілдері; 

Биологияны оқытудың отандық әдістемелері; 

Республикалық және Халықаралық олимпиадаларға дайындау 
жұмыстарын ұйымдастыру; 

«Биология» пәнін оқыту процесінде тәрбие аспектілерін қамту әдістері; 

Шығармашылықты талап ететін тапсырмалар арқылы жеке 
қабілеттерін дамыту. 
8.
 
Пән мазмұнының және оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру
«Биология» пәнінің мазмұны тірі табиғат туралы білім берумен қатар, 
бойында адамгершілік құндылықтарға негізделген тәрбие аспектілерін де 
қамтиды. Биологиялық білім беру білім алушыларды табиғатты сүюге, қоршаған 
ортаны қорғауға тәрбиелеп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға 
бағытталған. 
«Биология» пәнінің мазмұны қамтитын тәрбие элементтері: 
адамгершілік тәрбие,экологиялық тәрбие, дене тәрбиесі, гигиеналық 
тәрбие, патриоттық тәрбие. 
Экологиялық тәрбиенің жаңа құндылықтар жүйесі: 

табиғаттың моральдық-этикалық бағалауының өзгеруі; 

экологиялық білім мен дағдыларды қалыптастыру; 

экологиялық білімді, экологиялық ойлауды қалыптастыру; 

табиғатты тұрақты құндылық ретінде түсіну; 

адамды табиғаттың органикалық бөлігі ретінде түсіну. 
Экологиялық білім мен тәрбие беру «Биосфера, экожүйе, популяция», 
«Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері» бөлімшелерінде қарастырылған. 
Экожүйеге жағымсыз әсер ететін адамзаттың іс-әркеттері,
биологиялық 
әртүрлілікті сақтаудың маңызы, озон қабатының бұзылуының себептері мен 
салдарын түсіндіру арқылы білім алушының табиғатқа деген жанашырлық 
сезімін оятып, қоршаған ортаны қорғауға баулу басты міндеттердің бірі болып 
есептеледі. 
Дене тәрбиесіне қатысты оқу мақсаттары «Тірі организмдердің көп 
түрлілігі, құрылымы мен қызметтері» бөлімінде берілген. Мысалы, «Қоректену»
бөлімшесінде ас қорыту жолы ауруларының алдын алуға, «Заттардың 
тасымалдануы» бөлімшесінде дене жаттығуларының денсаулыққа әсері, 
аурулардың алдын алуындағы вакцинаның ролі қалыпты жағдайдағы және 
дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың айырмашылығы туралы, 
тыныс алу мүшелері ауруларының себептері мен олардың алдын алу жолдарын 
түсіндіру арқылы зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелейді. 


196 
«Қозғалыс» 
бөлімшесінде 
сымбаттың 
бұзылуы 
мен 
жалпақтабандылықтың алдын алуда спортпен айналысудың пайдасы зор екенін 
саналарына сіңіру қажет. 
Патриоттық тәрбие «Биология» пәнінде «Адам қызметінің қоршаған 
ортаға әсері» бөлімшесінің Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын 
табиғи аумақтардың өсімдіктері, Қазақстан аумағындағы экологиялық 
проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіру 
тақырыптарында көрініс табады.
«Микробиология және биотехнология» бөлімшесіндегі ірімшік және 
йогурт өндірісін зерттеу тақырыптары арқылы құрт, ірімшік, айран секілді
қазақтың ұлттық тағамдарын дәріптеп, ұлтқа деген сүйіспеншілікті арттыруға 
көңіл бөлген дұрыс болады. 
Гигиеналық тәрбие мәселесі де пән мазмұнында оқу мақсаттарымен 
берілген. Мысалы, бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларының алдын алу, 
жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы, сифилис, гонорея сияқты 
жыныстық жолмен берілетін аурулардың алу үшін салауатты өмір салтын 
ұстануға баулумен қатар, білім алушылардың бойында адамгершілік 
құндылықтарын дарытуды мақсат ету керек. 

жүктеу 3,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   181




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау