Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы « »
№ қаулысына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен
бекітілген
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1-бөлім. Магистратура
1 Жалпы ережелер
1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы
27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының негізінде әзірленді және жоғары
оқу орындарында, оның ішінде әскери, арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі –
ӘАОО) олардың типтеріне, түрлеріне және меншік нысандарына, сондай-ақ
оқыту тіліне қарамастан білім алушылардың білім беру бағдарламаларының
мазмұнына, магистранттардың білім траекториясына, білім беру құрылымы мен
мазмұнына, магистранттардың дайындық деңгейін және дәрежесін бағалауға
қойылатын талаптарды белгілейді.
Стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
терминдер қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен
анықтамалар енгізілген:
1) магистратура – білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша
«магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру;
ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша кемінде 2 жыл нормативті
оқу мерзімімен теориялық оқытудың кемінде 42 кредитін, кәсіптік практиканың
кемінде 6 кредитін және ғылыми-зерттеу жұмысының кемінде 7 кредитін
міндетті түрде меңгерту;
бейіндік бағыт бойынша кемінде 1 жыл нормативтік оқу мерзімімен
теориялық оқытудың кемінде 18 кредитін, практиканың кемінде 2 кредитін
және эксперименттік-зерттеу жұмысының кемінде 4 кредитін міндетті түрде
меңгерту;
2) магистрант – магистратурада білім алушы тұлға;
3) магистрлік диссертация – ғылымның қазіргі заманғы теориялық,
2
әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделіп таңдалған мамандық
саласындағы ӛзекті проблеманың теориялық және/немесе практикалық
әзірлемесін қамтитын ӛзіндік ғылыми зерттеуден тұратын ғылыми-
педагогикалық магистратура магистрантының бітіру жұмысы;
4) магистрлік жоба – таңдалған мамандықтың ӛзекті проблемаларының
қолданбалы міндетін шешуге мүмкіндік беретін теориялық және/немесе
эксперименттік нәтижелерді қамтитын ӛзіндік ғылыми зерттеуден тұратын
бейінді магистратура магистрантының оқу бітіргендегі біліктілік жұмысы;
5) әскери, арнаулы оқу орнындағы магистрлік диссертация – ғылымның
заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық табыстарына негізделген
таңдалған мамандық саласындағы маңызды проблемалардың теориялық
және/немесе практикалық әзірлемелерінен тұратын дербес ғылыми зерттеуді
білдіретін магистранттың бітіру жұмысы;
6) жоғары оқу орны компоненті – мамандықтың білім беру бағдарламасы
шеңберінде игеру үшін дербес әскери, арнаулы оқу орны анықтайтын оқу
пәндерінің тізбесі және кредиттердің тиісті кӛлемі;
7) кәсіптік құзыреттер – құқық қорғау органдары жүйесіндегі және тиісті
лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік
және дағды;
8) біліктілік сипаттамасы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігі жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге
асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағды;
9) біліктілік талаптары – құқық қорғау, ұлттық қауіпсіздік органдары
жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін
қажетті білім, шеберлік және дағды.
2. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары (бұдан әрі – ЖОО)
магистрлер даярлауды:
1) осы стандартқа және магистратура мамандықтарының үлгілік оқу
жоспарларына;
2) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білім мамандықтарының жіктеуішіне;
3) оқу жұмыс жоспарларына;
4) академиялық күнтізбеге;
5) магистранттардың жеке оқу жоспарларына;
6) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына;
7) магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
ӘАОО магистрларды даярлауды:
1) ӘАОО-да іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша
мамандықтар және біліктілік тізбесіне;
2) осы стандартқа;
3) мамандықтардың үлгілік оқу жоспарына;
4) пәндер бойынша үлгілік және жұмыс оқу бағдарламаларына;
5) академиялық күнтізбеге;
6) магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
3
3. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарты:
1) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мазмұны мен оқытуды
анықтайды;
2) магистранттардың оқу жүктемесінің ең жоғары кӛлеміне және даярлық
деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді.
4. Стандарт талаптары:
1) мамандықтардың үлгілік оқу жоспарларын;
2) білім беру бағдарламаларын;
3) оқу жұмыс жоспарларын;
4) магистранттардың жеке оқу жоспарларына;
5) пәндер бойынша оқу бағдарламаларын;
6) магистранттардың жеке жоспарларын әзірлеу кезінде міндетті.
5. Магистратураның білім беру бағдарламаларын ведомостволық
бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан магистратураның тиісті
мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін
лицензиясы бар жоғары оқу орындары жүзеге асырады.
6. «Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар»
оқытудың нәтижелері Дублин дескрипторларының 2-деңгейі (магистратура)
негізінде айқындалады және құзыреттілік арқылы кӛрінеді. Оқыту нәтижелері
бағдарламаның барлық деңгейінде де, модульдің, жеке пәннің деңгейінде де
сиптатталады.
Екінші деңгейдегі дескрипторлар:
1) ғылыми зерттеулер контексiнде идеяларды қолдану немесе ӛзіндік
дамыту үшiн негiз немесе мүмкiндiк болып табылатын жоғары бiлiм деңгейінде
меңгерген дамытылып отыратын бiлiмі мен түсiнігін кӛрсете білу;
2) зерттеп отырған саламен байланысты контекстер мен одан да кеңірек
(немесе пәнаралық) салаларда жаңа немесе белгісіз жағдайлардағы
проблемаларды шешуде бiлiмін, түсінігін және қабілетін қолдана алу;
3) бiлiмдi интеграциялау, қиындықтарды жеңе білу және толық емес
немесе
шектеулі
ақпарат
негізінде
тұжырымдамалар
жасау,
осы
тұжырымдамалар мен білімін этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере
отырып қолдана білу;
4) ӛз қорытындыларын және бiлiмін, олардың негіздемесiн мамандар мен
маман еместерге айқын және ашық хабарлау;
5) білім алуды ӛздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын кӛздейді.
7. «Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар» деген бӛлімде жоғары оқу
орнынан кейінгі білімнің мақсаты мен құндылығы, білім беретін оқу
бағдарламаларын игерудің нормативтік мерзімдері, жоғары оқу орындарында
білім алушылардың міндетті меңгеруін, олардың типіне, түріне және меншік
нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан міндетті түрде меңгеруі тиіс
мазмұнның кӛлемі кӛрсетілген.
8. «Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары кӛлеміне қойылатын
талаптар» деген бӛлімде магистранттың оқу жүктемесінің кӛлемі оның оқу
Достарыңызбен бөлісу: |